Просмотр содержимого документа
«Мектеп оқушыларының мазасыздануын болдырмауға арналған кинесиологиялық жаттығулар»
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Сарыкемер мектеп-гимназиясы
Педагог-психолог
Маханбетова Айгерим Жанаевна
Мектеп оқушыларының мазасыздануын болдырмауға арналған кинесиологиялық жаттығулар
Мазасыздану өзге эмоционалды қалып сияқты бастауыш мектеп окушысының мінез-құлқына әсер етеді. Және бұл калып түрлі іс-әрекет түрімен, оның ішінде ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысты.
Жалпы, педагог, ересек, ата-аналар осы жас кезеңінің тұрлі даму ерекшеліктерін қатаң түрде ескеріп, тиісінше психокоррекциялық жаттығуларды әдістемелік тұрғыда дұрыс өткізе білулері тиіс.
Адамның көптеген психикалық кдсиетгерінің негідері нақ осы бастауыш мектеп жасыңда қалыптасады және әдетке айналады. Мектепке келген бойда кездесетін қиындықтар түрлері, мысалы, мектеп режиміне байланысты, әлеуметтік қарым-катынас (мұғалім, сыныптағылар, отбасындағы). Осы қиындықгармен соқтығыса отырып, балалар мазасыздануды бастан кешіріп отырады.
Сондықтан да, мазасыздануды жоюдың бірден-бір тәсілі денеге бағытталған терапия. Бұл бағыттың негізін калаушы вильгельм Райх. Бағыттың негізгі тұжырымдамасы – барлық проблемалар жүзеге аспаған қалау-тілектерден туындайды. Өзіміздің жеке, моральдық, мәдени, әлеуметтік бағдардарымызға орай, біздер өзімізді, қалау-тілектерімізді сыртқы шығарудан қысамыз. Жүзеге аспаған тілек-калауларымызды, мысалы, мазасыздану, қорқыныш, агрессия, тітіркену дегендер "бұлшықтық қабық" дегенді құрайды. Мұндай қысымдардан адамға бой жазу үшін және транс қалпына кіру ұшін жатгығулар көмегімен шешуге болады. Кинестетикалық транска ендірудегі негізгі бір тәсіл – бұл сипап-сезу. "Сипап-сезу – бұлшық ет, нерв, махаббат тілінің бірі. Егер сені қолыңа көтерсе, бұл көмек беру, ал саған жақыңдаса, бұл - контакт".
Нақ осы транс кезінде санадан тыс кезде адам психиканы қайта ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қайтадан транс, калпына кіру қабілетіне ие бола отырып, біздер терең өзгеруге және өмірге бейімделу үшін жеткілікті дәрежеде икемді бола түсеміз. Үлгі үшін бірнеше жатгығуларды ұсынамыз.
1-жатгығу. Адам кеңістікке біршама уақыт қозғала отырып, өзіне ұнайтын орынды табады. Осы нүктеде, көзін жұмып, өз денеңіздегі шекараларды анықтаңыз: яғни өз денеңізді жоғарыдан төменге дейін қарап шығыңыз, өз басыңыз, мойын, иық, кеуде, іш, арқа, қолдарыңызды, шаштың түбінен аяғыңыздың ұшына дейін қарап шығыңыз.
Мақсат - өз денесінің белгілі — бір сипаттарын сезіну. Ұзақгығы - 10 минут.
Күйзеліс, мазасыздануды жоюға ой терапиясының жаттығулары да көмектеседі. Әсіресе, қарым-қатынас кезінде мазасыздануды сезінетін би терапиясы жаттығулары көп көмекші.
2-жаттығу. "Бейне" Топ жұпқа бөлінеді. Біреу жетекші, әр жұп бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көзбен байланыс жасайды. Жетекші жәйлап қолымен түрлі қозғалыстар жасайды. Оның жұптасы, соның барлығын қайталайды. Кейін екі жұп бір-бірімен рөл ауыстырады.
Кейде мазасыздану белгілі-бір дене қимылдарымен қатар көрінеді. Олар: столды саусақпен тықылдату, түймені бұрау, шамадан тыс ішімдік ішу және темекі шегу, кірпік қағу. Мұның барлығы кикiлжің өмірлік ситуциялардан туатын мазасыздану.
Тағы бір мазасызданудың көрінуі — ол мезгілсіз, үздіксіз сөйлеу. Клиент осылайша өзінің мазасыздануын жасырғысы келеді. Клиенттің ұзақ сөйлеуі — оның өзін-өзі қорғау формасы. Келесі бір клиенттің мазасыздануды жою тәсілі — оның кеңес берушіні бөле беруі.
Экзистенциалды бағыттың психологтары клиенттің барлық сөзді айтып болуына рұхсат етуді ұсынады, себебі мазасыз клиент ештеңе естімеуі мұмкін.
Көптеген жаттығулар өзекті адам қалпын сезінуге бағытталған, және олар гештальттерапияда жасалған.
3-жаттығу "Қайта туылу".
Тренер немесе унтаспа көмегімен орындалады. Кілемге отырыңыз, көзді жұмыңыз. Қалай бой жазасыз, соны сезінiңіз, Егер денеңіз алға құласа, солай істеңіз. Егер қолды столға кдйғыңыз келсе, қойыңыз. Ана құрсағындағы нәресте болыңыз? өз тынысыңызды тыңдаңыз. Жәй тыңдаңыз: ауа кіреді, шығады. Сезіңіз бе?
Сіз-кішкентай демек, екі бастау қосындысысыз, әкелік, аналық сізге небары 10 күн сіз жолыңызды бастай аласыз. Сіз біртұтассыз. Бір. Бір, Бір. Бір. Бір. Осы бірлікте сіз өмірдің туылуын сезінесіз. 3 апта өтеді. Бірте-бірте дене, ми, қан, тамырлар дамиды. Бір түтікше — ең маңызды. Ол күшке толады, әрі пульс пайда болады. Алдымен әлсіз, одан кейін сенімді, тағы сенімді. Бұл сіздін жүрегіңіз соғады. 5 апта өтті. Басыңыздың көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Ми дамиды. Денеңіз түзуленіп келеді. Бет,мойын калыптасады 1 минутта мың нейрон. Жас, сау мықты клеткалар 7-ші апта келеді. Сіз енді ішкі қозғалысыңызды сезінуге кабілеттісіз. 12-ші апта: ми жұлыны дамиды. Қан қалыптасады. Сіз қыз немесе ұл екеніңізді сезесіз. Сіз адамға ұқсайсыз. Сүйек, екі ми жартысы, жұту, сору рефлекстері бар. Біздің дамуымыздың 7-ші айы аяқталуда. Сіздің өкпеңіз ауа жұта алады, теріңіз жұмсақ, сіз салмақ жинап келесіз. 9-шы ай келеді. Сіз күшті, белсендісіз. Сіз өмірге дайынсыз. Сіз тез және жәй дамитын боласыз, Сізге жақсы әрі жаман болады. Сіз білесіз, мұның барлығы ұлы құпия. Сіздің болашағыңыз өз қолыңызда. Тағы ойланыңыз: өмірде не керек? Өмірлiк басты мақсаттарыңызды талдап көріңіз: олар қайырымды және маңызды болсын. Енді өзіңізден сұраңыз: "Меңце барлығы бар ма осылардың жүзеге асуына?"
Біздер жақсы бола аламыз? Өзгелерден биік емес, бірақ өзімізден биік.
Терең дем алып, терең дем шығарыңыз, Көзіңізді ашыңыз, жаттығу аякталды.
4-жаттығу "Сурет салу".
Мақсаты: ІПығармашылықты дамыту, сезім, эмоцияны білдіру. Ұзақтығы – 30 минут
Әрбір топ мүшесі қағаз алып, қарыңдашпен өз мазасыздану күйін білдіреді сурет ретінде.
5-жаттығу "Есімнің артында"
Мақсаты: Өзіне өзі баға мен өзіне сенімділіктің артуы.
Ұзақтығы: 10 минут
Әркім өз есімін жазып, оның тұсына сол әріптен басталатын анықтауышты жазады.
6-жаттығу. "Көз фиксоциясы"
Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмеңдету.
Ұзақтығы: 10-15 минут
Бой жазып адам алдына тура қарау керек, үлкен емес затты таңдап алып немесе түсті дақты, зат бір орнында болу керек. Сол затқа назар аударып, оны зерттеу қажет. Тыныс алу ерекше, терең.
Бөтен ойды алып тастау керек, ойлар, проблемаларды ұмыту, ішіңізден "Мен бой жаздым" деп айту керек. "жағымды бой жазу иық, арқаға, одан аяқтарыма тұседі. Мен өзімді керемет сезінемін мазасыздық жайылуда".
7-жаттығу "Белгілі бір эмоционалды қалыпқа бұрылу".
Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмендету.
Өтілу барысы: Ойша толқыған, мазасыз эмоционалды қалыпты бір әуенмен, түспен, пейзажбен, ал тыныш бой жазған қалыпты өзге көрсеткіштермен байланыстыру. Мазасыздану, қалып кезінде алдымен 1-ші қалыпты, кейін екінші, сосын 3-шісіне көшу, осыны бірнеше рет қайталау.
8-жаттығу "Иә".
Мақсаты: Мазасыздану деңгейін тынышталдыру және төмендету.
Ұзақтығы: 15 минут.
Мәтін: Көзді жұмындар, өздеріңді ормандамын деп ойландар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар өнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақында. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қатгылыгын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын есті және орман тыныштығын құстардың әнін. Осының барлығына жаныңды аш: салқынға, тыныштықка, дыбысқа өзіңе ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел. Бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын "Иә" деген сөз барлық әсерге енсін осы сөз бен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз).
Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкі сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңізге күлімдеңіз. Бұл кұлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады.
Өзіңізге айтыңыз "Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын".
Пайдаланған әдебиеттер:
Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию: групповые методы работы. – М: Московский психолого-социальный институт; Воронеж: НПО «МОДЕК», 2000.
Петровский А.В. Популярные беседы о психологии М. 1983.
Помощь родителям в воспитании детей. Пер. с английского / под ред. Пилиповского В.Я. – М., 1992.