Мектеп жасына дейінгі балалармен ж?ргізілетін психологиялы? ж?мыстар
Мектеп жасына дейінгі балалармен ж?ргізілетін психологиялы? ж?мыстар
?ашан да болсын, ілгерілеуге апаратын ал?ы шарт- сапалы білім. Мемлекетімізді? болаша?ы болар жас ?рпа?ты? бойында?ы ізденгіштік ?асиетттерін диагностикалау негізінде дамыту, ба?ыт сілтеу ?зекті міндет.
Жеке т?л?аны? жас ерекшеліктерін зерттеуде, ?азіргі заман талабына сай ?ылым мен практиканы? ?штасуы психологиялы? ?ызмет ?ажеттілігін тудырып отыр. Психологиялы? ?ызмет бала дамуы туралы б?тіндей ?ылым.
Кешегі ?йдегі ойын баласы мектеп табалдыры?ын атта?ан к?ннен бастап о?ушы атанады. Мектепке барып, о?ушы атануы - бала ?міріндегі болатын ?лкен ?згеріс, жа?а ?о?ам?а ену, ?зіне жа?а міндеттерді ж?ктеу, жа?а орта?а бейімделу, ?арым-?атынаста болу, я?ни жетілу, даму сатысы болып табылады. Ендеше, бала психикасы да ?згерістерге ене отырып, ішкі эмоциялары ?алыптаса бастайды, т?рлі ?ызы?ушылы?тары оянып, ?зіні? орнын ба?алау?а бейімделеді. Мектепке даярлы? сыныбына келген ?р баланы? психикасы ?р де?гейде болады. ?р баланы? индивидке т?н ?зіндік ?асиеті болады. Оны? психологиясына к??іл б?лу, оны жеке т?л?а ретінде білу аса ма?ызды. О?ушыны? жа?а материалдарды ?абылдауы мен игеруі о?ытуды? сапасын арттыру?а ы?пал етеді. Сонды?тан о?ушыны? іс- ?рекетіне белгілі бір
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балалармен ж?ргізілетін психологиялы? ж?мыстар»
Мектеп жасына дейінгі балалармен
жүргізілетін психологиялық жұмыстар
Қашан да болсын, ілгерілеуге апаратын алғы шарт- сапалы білім. Мемлекетіміздің болашағы болар жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиетттерін диагностикалау негізінде дамыту, бағыт сілтеу өзекті міндет.
Жеке тұлғаның жас ерекшеліктерін зерттеуде, қазіргі заман талабына сай ғылым мен практиканың ұштасуы психологиялық қызмет қажеттілігін тудырып отыр. Психологиялық қызмет бала дамуы туралы бүтіндей ғылым.
Кешегі үйдегі ойын баласы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оқушы атанады. Мектепке барып, оқушы атануы - бала өміріндегі болатын үлкен өзгеріс, жаңа қоғамға ену, өзіне жаңа міндеттерді жүктеу, жаңа ортаға бейімделу, қарым-қатынаста болу, яғни жетілу, даму сатысы болып табылады. Ендеше, бала психикасы да өзгерістерге ене отырып, ішкі эмоциялары қалыптаса бастайды, түрлі қызығушылықтары оянып, өзінің орнын бағалауға бейімделеді. Мектепке даярлық сыныбына келген әр баланың психикасы әр деңгейде болады. Әр баланың индивидке тән өзіндік қасиеті болады. Оның психологиясына көңіл бөлу, оны жеке тұлға ретінде білу аса маңызды. Оқушының жаңа материалдарды қабылдауы мен игеруі оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан оқушының іс- әрекетіне белгілі бір уақыт көлемінде үздіксіз бақылау жасап отыру қажет. Осыған байланысты мектептегі психологиялық қызмет даярлық сыныбындағы әр оқушының мектепке келген сәттегі таным процестерін, яғни зейін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін, қиялдауын, өз ойын жеткізе алу қабілетін, дүние танымын анықтау мақсатында психодиагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық бағдарлы оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшілігі мынада:
- баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;
- балалардың денсаулағына кері әсер ететін факторлардың алдын алу;
- баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету;
- баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау;
Бұл мақсаттарға жету үшін баланың жеке даму деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын Керн- Йерасектің әдістемелері ұсынылады. Керн- Йерасектің әдістемелерін балаларды алғашқы тексеруден өткізу кезінде қолданған өте тиімді. Біріншіден, оны жргізуге көп уақыт кетпейді, екіншіден, жеке балаға да, топқа да қолдануға болады.
Мысалы: «Баланың сыртқы пішінін салу әдістемесі» Балаларға осы тапсырманы орындату барысында мынандай графикалық сызықтарға көңіл бөлу керек:
1) салынған адамның дене сызбасындағы деталдар саны. Суреттегі басы, шашы, құлақтары, көздері, қарашығы, кірпіктері, қастары, мұрны, аузы, иегі, қолдары, саусақтары, аяқтары;
2) денедегі киім суретін сала отырып, оны бояуына;
Егер баланың жасы 5 жастан жоғары болса, суретте кейбір детальдарды қалдырып кетуі мүмкін. Бұл оның қарым- қатынаста қиындық туғызатын жағдайларын көрсетеді. Суреттің детальдарын толық салған сайын баланың психикалық даму деңгейі жоғары болып есептеледі.
К. Йерасектің әдістемесінің ауызша сұрақтарын жүргізу арқылы баланың мектепке дайындығын, ой- өрісінің дамуын, танымын анықтауға болады.
Мысалы: - Жануарлардың қайсысы үлкен- жылқы ма, ит пе?
Жылқы- 0 ұпай, қате жауап 5 ұпай.
- Күндіз жарық ал, түнде...
Қараңғы- 0 ұпай, қате жауап 4 ұпай.
- Аспан көк, шөп...
Жасыл- 0 ұпай, қате жауап 4 ұпай.
- Шие, алмұрт, өрік, алма- бұл не?
Жемістер- 1ұпай, қате жауап- 1 ұпай
- Кішкентай сиыр- ол бұзау, кішкентай ит- ол ....., кішкентай қой- ол ....?
Ит тауыққа ұқсай ма, әлде мысыққа ұқсас па? Олар несімен ұқсайды?
Дұрыс жауап- 0 ұпай, қате жауап- 3 ұпай.
Осы тапсырмаларды балаларға орындату барысында, олардың сұраққа қаншалықты дұрыс жауап беретіндерін анықтай отырып, балалардың ой- өрісінің дамуын, қызығушылықтарын анықтауға болады.
Сондай- ақ, балалардың ой- өріс дамуының деңгейін анықтау мақсатында «Төртінші артық» әдістемесін қолданған өте тиімді. Осы әдістемеге сүйене отырып, балалардың ақыл- ойының артта қалуын анықтауға болады. Тәжірибе жеке жүргізіледі. Балаларға ортақ үш заттың суреті бар, ал төртіншісі артық сурет салынған карточка таратылады. Мысалы:
1. Бәтеңке, аяқ, етік. туфли
2. Қайшы, ұстара, қалам, пышақ
3. Қолшатыр, әскери бас киім, мылтық, барабан.
4. Шана, шаңғы, коньки, жылқы
5. Кесе, стакан, тарелка, доп. т. б.
Экспериментті жүргізбес бұрын балаларға түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық және образды ойлаудың элементтерін дамытудың диагностикасы баланың анализ, синтез жасау қабілеттерін, зейін мен түсті, түр- сипатын қабылдаудың ерекшеліктерін бақылайды. Бұл мақсатта: «Сыңарын тап», «Еркін жіктеу» әдістемесі қолданылады. Егер бала осы тапсырмаларды орындау барысында қиналса, жіктей, таба алмаса балаға басқа карточка көрсетіледі. Мұндай жағдайда баланың ой дамуы өз деңгейіне сәйкес келмейді деген қорытындыға келеміз. Екі тапсырма бойынша да жоғары нәтижеге жету логикалық образды ойлаудың, зейіннің еркіндігі мен түсті, форманы, көлемді қабылдауының жақсы дамығандығын көрсетеді. Сондай- ақ баланың оқу әрекетіне даярлығын, оның алғы шарттарының негізін қалыптастырып, анықтау мақсатында Д.Т. Эльконинаның «Графикалық диктант» әдістемесі жүргізіледі. Бұл әдіс баланың дербес әрекет ету білігін, берілген өрнекті параққа дұрыс көшіре алуын, үлкендер берген тапсырманы бұлжытпай орындауын анықтауға бағытталған. Нәтижесінде орындалған жаттығу өрнегінің нәтижесі бағаланбайды, диктанттың орындалуы мен өрнекті өз бетінше әрі қарай жалғастыруы бағаланады.
Баланың еркін зейін дамуының деңгейін анықтауда «Үй» әдістемесі бойынша үйді көшіріп салу тапсырмасы беріледі. Тапсырма баланың үлгіге сәйкес сурет салып, оны көшіре білуіне, еркін зейін дамуының деңгейін, қабылдау түйсігінің ауқымдылығын, саусақтың жұқа бөлшек еттерінің жылдамдығын анықтауға бағытталған. «Үй» әдістемесінің нәтижесін шығаруда қателердің саны есептелінеді. Қате ретінде дұрыс бейнеленбеген бөлшек 1 ұпай болып есептелінеді.
Баланың мектепке психологиялық дайындығының маңызды бір бөлігі эмоционалдық ерік- жігерін зерттеу болып табылады. Ерік- жігер баланың бойындағы екі қарама- қарсы қызығушылықтың бір сәтте келген кезінде анық байқалады. Мұндай сәттерде тез өкпелеп қалу, бірбеткейлік, жылау, мазасыздық сияқты теріс пиғылдағы баланың эмоционалдық күйзелісі пайда болады. Оларды шартты түрде үш топқа бөліп қарастырамыз.
Ызақор балалар. Педагог- психолог баланың ызықорлық реакциясының деңгейінің ұзақтығына баса мән беруі керек.
Эмоционалдық қалпын ашық көрсететін балалар. Бұл түрге жататын балалар тым әсерленгіш. Ренжігенін, қуанғанын жасыра алмайды.
Ұялшақ, жанына тым жақын қабылдайтын, өкпешіл, жасқаншақ, мазасыз балалардың табиғаты. Олар өздерінің ойларын қатты айтып жеткізуге батылдары бармайды, өздерінің проблемаларын ешкіммен бөліспейді, өзіне көңіл аударудан қорқақтайды. Осы кезеңде психолог бақылау әдістемесін қолдана отырып, баланың ата- анасымен, мұғалімдерімен әңгіме өткізеді. Балаларға жобалау әдісін қолданады. «Отбасы» суреті бойынша, аяқталмаған сөйлем, аяқталмаған әңгіме, тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құратады. Осындай диагностикалық тәсілдер психологке баланың ішкі жан- дүниесіндегі проблемаларды анықтауына көмектеседі. Баланың ерік- жігеріне байланысты проблемалар бұл жұмыстармен шектелмейді, жалғаса береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтауларын диагностикалау екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Оқушылардың көру арқылы: Тақтаға әртүрлі фигуралар салынған плакат ілініп, оқушылар назарына көрсетіліп, 1 минут шамасынан кейін алынып тасталады. Балаларға парақ таратылып, сол фигураларды салуға тапсырылады. Есту арқылы есте сақтауларын диагностикалауда шағын әңгіме оқып беріп, қайта айтқызу, бірнеше сөз тобын қайталатуы сияқты психодиагностикалық жұмыстар жүргізіледі. Сондай- ақ балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға ойынның маңызы зор. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Мысалы:
«Төрт құбылыс» ойыны. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
«Көңілді шеңбер» ойыны. Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
«Орныңды тап» ойыны.Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
«Ойыншықты сипатта» ойыны. Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Сөзді есіңде сақта» ойыны. Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
көктем – жаңбыр
жаз – күн шықты
аспан – бұлт
жер – шөп
Нәтижесінде оқушылар жұмысы өңделіп, қорытынды жасалады. Мұндай әдістер мен ойындар оқушының есте сақтау қабілетін есту, көру арқылы дамытуға игі ықпалын тигізеді.
Қорыта келгенде мектепке дейінгі балалармен жан- жақты, тереңірек жүргізілген психологиялық жұмыстардың нәтижесінде баланың мектепке дайындығы үш көрсеткіш арқылы айқындалады:
1. Арнайы білім қоры 1сыныпта оқитын материалдар көлеміне жету керек.
2. Баланың сөздік қоры молайып, оқу әрекетіне қарапайым дағды қалыптасады.
3. Мектеп оқушыларына тән мінез- құлық ерекшеліктерін меңгереді.
Графикалық дағдысының деңгейі:
саусақ икемділіктерінің дамуы;
қолдары мен саусақтарының бұлшық етттеріне күш түсіру және