kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мейірімділіктің жолы-жарық күн

Нажмите, чтобы узнать подробности

тақырыбы "Мейірімділіктің жолы-жарық күн 3 сыныпқа арналған тренинг

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мейірімділіктің жолы-жарық күн»



Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі















Мейірімділіктің жолы-жарық күн















3-сынып оқушыларына арналған тренинг













Дайындаған: Асанова М.













Мейірімділіктің жолы - жарық күн.

3-сыныптар
Мақсаты: адамның бойындағы – ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды адамгершілік, кішіпейілділік тазалық, достық жақсылық, ар - ұят, инабаттылық, елін, жерін сүю әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: топтастыру жұмысы, ой бөлісу.
Түрі: тренинг-сабақ
көрнекілік: кітаптар көрмесі, суреттер, слайдтар.
Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, ә) Оқушылардың көңіл күйлеріне назар аудару.
Кіріспе. Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білуі керек.
Қымбатты оқушылар бас назарымызды тақтаға аударайық, адамгершілік, мейірімділік сөзіне ой жүгіртейік. Мейірімділік деген не? Мейірімділік туралы біздің көз қарасымыз қандай?
Мейірімділік қандай қасиеттерден тұрады. Алдымыздағы параққа өз ойымызбен мейірімділік ұғымына жаттататын қасиеттерді толтырайық: постер қорғау.
«Мейірімділік»- адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.
Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді. Бүгін біз сабақта жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.
Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды бәрі жақсы көреді.
Олай болса мына сұрақтар бойынша ойымызды ортаға салайық.
1. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болуы керек?
2. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?
3. Шаттық шеңбері
Балалар, барлығымыз « шаттық шеңберіне» тұрайық, Бір бірімізге мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз.
Ойын «Күннің мейірімді шуағы»
Қазір, оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден ата - аналарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік. Бірақ не тіледік, кімге тіледік ол жөнінде ешкімге айтпайсыңдар.
Қазір мына жүректі бір бірімізге ұсына отырып мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз. Мәселен, мен «Гүлнұр, саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін, жүзіңнен күлкі жүрегіңнен мейірім нұры кетпесін» деймін. Келесі оқушы әрі қарай өз ойымен сабақтайды.
Балалар, тақтадағы қанатты сөздерге назар аударып мәнін ашайық.
Қанатты сөздер
Айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

«Адал жанды өнеге тұт өзіңе». Жүсіп Баласағұни.
Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық. Ғабиден Мұстафин.
Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол. Нұржан шешен.
Үлкенді ізетте,
Кішіні құрметте. Бауыржан Момышұлы.
Мейірімділіктің жолы - жарық күн. Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
Алтын ақыл
Үйде, мектепте, «Сәлем», «Сәлеметсіз бе», «Қайырлы түн» деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа. Жасы кішілер үлкендерге сәлем беріп, ал үлкендер кішілерге қамқор болуы тиіс.
Мұны есте сақта: Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр.
Тыныштық сақтай білуге, нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен.
Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.
Ата - анаңның мейірім шуағын сезініп қадірлей біл.
«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңда ұста.
Қорытынды
Мейірімді, қайырымды сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен мейірімділік жасау адамның ішкі дүниесін байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі мейірімділік арқылы жүзеге асады. Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды. Әрқашан жүрегіміз мейірімділікке толы болсын!



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Мейірімділіктің жолы-жарық күн

Автор: Асанова Марина Сагидоллиевна

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 380073


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства