kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп оқушыларының қарым - қатынасындағы әлеуметтік - психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектептегі орта буын оқушыларының қарым - қатынасындағы маңызды мәселелерді анықтау мақсатында  5  сынып оқушыларының арасында психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп оқушыларының қарым - қатынасындағы әлеуметтік - психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру»



Мектеп оқушыларының қарым - қатынасындағы әлеуметтік - психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру

«Қарым – қатынас» ұғымы бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдарының бірі - қарым - қатынас. Қарым - қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қарым - қатынас мәселелерін зерттейтің психология ғылымының бір саласы. Бұл ғылыми сала адамдардың белгілі бір кезеңде ұйымдасқан топтар мен кездейсоқ топтар арасындағы қарым - қатынастағы психологиялық құбылыстардың ерекшеліктері мен даму кезеңдерін зерттейді. Әлеуметтік психология саласында қарым - қатынас мәселесін отандық және шетелдік ғалымдар ғылыми еңбектерінде зерттеген.

Мәселен, қарым - қатынас туралы В.Н.Мясищевтің еңбектерінде көп кездеседі: «адамдар қоршаған ортамен байланысқа түседі. Адам үшін бұл байланыс қарым - қатынас болып табылады. Қатынаста адам субьект, басқарушы ретінде болғандықтан әлеммен байланысты обьект болып табылады. Әлеммен байланыста адамдардың қатынасқа түсуі әртүрлі: әрі индивид қатынасқа, түрлі қатынаста субьект болады».

Мектеп оқушыларының оқу процесі барысында, жеке тұлғалық даму кезеңінде, іс- әрекеті мен қарым - қатынасында ерекше психологиялық жолмен шешуді қажет ететін мәселелер аз болмайтындығы белгілі. Оқушылардың арасындағы қарым - қатынаста пайда болатын мәселелер әртүрлі факторлардың әсерінен туындайды. Мәселен, әлеуметтік факторлар: оқушылардың отбасындағы әлеуметтік тұрмыс жағдайының әртүрлі деңгейде болуы, сынып көшбасшыларының санының көп болуы және т.б. Психологиялық факторларға: оқушы бойындағы өзіне деген сенімділіктің төмендігі, мінез - құлқындағы ерекшеліктер (тұйықтық, ұяңдық),темперамент типінің еркешеліктері. Биологиялық факторлар: тумысынан пайда болған медециналық созылмалы аурулардың кері әсері ( кекештік, тұтығу) т.б.. Аталған факторлар оқушыларға әсер еткен жағдайда психологиялық оқшаулану, стресс, депрессия, фрустрция және т.б. жағымсыз әрекеттер көрініс береді.

Мектептегі орта буын оқушыларының қарым - қатынасындағы маңызды мәселелерді анықтау мақсатында 5 сынып оқушыларының арасында психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізілді. Зерттеу жұмысына 138 оқушы қатысты. Зерттеу барысында тұлғааралық диагностиканың негізгі әдісіне жататын Д.Ж. Моренаның «Социометрия» әдісін пайдаланылды. Әдістеменің мақсаты: балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу мен бағалау.

Зерттеу жұмысының барысы: топтағы әрбір оқушыға 3 ашық сұрақтан тұратын зерттеу парағы ұсынылады. Оқушы сол сұрақтарға жауап береді. Зерттеудің қорытындысы бойынша оқушылар 4 топқа жіктеледі:

  • «көшбасшылар» (6- дан көп таңдау алғандар);

  • «халық қалаулылары» ( 3-5 таңдау алғандар );

  • «жақсы қарым - қатынастағылар» ( 1-3 аралығы );

  • «оқшауланғандар» ( таңдалынбағандар).

Осы аталған критерийлер бойынша сынып оқушылары арасында «көшбасшылар» - 31 оқушы, «халық қалаулылары» - 68, «жақсы қарым - қатынастағылар» - 28 оқушы, «оқшауланғандар» - 11 оқушы.

Зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша оқушылар арасындағы қарым - қатынаста «оқшауланған» оқушылармен түзету - дамыту жұмыстары жүргізілді. Түзету - дамыту жұмыстары кезінде оқушыларды қоршаған ортамен қарым - қатынасын нығайту, ортаға бейімдеу және өзіне сенімділігі мен бағалауын арттыру мақсатында ойын технологиясы, әңгімелеу, терапия түрлері кезең - кезеңімен жүзеге асырылды.

Қорытындылай келе, мектеп оқушыларының қарым - қатынасындағы әлеуметтік - психологиялық жұмыстардың нәтижесінде қарым – қатынасқа түсуде қиындық пайда болған оқушылармен жүргізілген жұмыс оң әсерін берді. «Оқшауланған» типіне жататын оқушылардың ортаға қайта бейімделгенін, өзіне деген сенімділік пен бағалауының артқандығын байқадық. Бірақ, мектеп оқушыларының толықтай ортаға бейімделуі үшін психологиялық бақылау әдісі арқылы оқушынының мінез - құлқы мен іс - әрекетіндегі өзгерістер әлі де назарда ұсталынады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Қуанышбек Ақбота Қуанышбекқызы

Дата: 29.01.2020

Номер свидетельства: 537815


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства