kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әлеуметтік желілердің бала психикасына кері әсері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлеуметтік желілердің бала психикасына кері әсері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әлеуметтік желілердің бала психикасына кері әсері»

Әлеуметтік желілердің бала психикасына кері әсері

Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз. Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан. Ал біздің ата-аналар жасыратыны жоқ,осынау алақанға сиып кететін телефонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек. Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын телефонмен өткізеді. Осы орайда, бүгінгі күні қоғамда көп талқыға салынып жатқан әлеуметтік желілердегі сайттар туралы айта кеткенді жөн көрдім. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде адамды әсіресе жасөспірімді өлімге итермелейтін әр түрлі топтар, атап айтар болсам «Синий кит», «Тихий дом», «Разбуди меня в 4:20» көбейіп бара жатыр. Оларды осы заманның баскесерлері деп айтса да болады. Өйткені олар виртуальды өмірде адам психикасына ықпал етіп, адамдардың өзін-өзіне қол жұмсап өз өмірін құрбан етуге мәжбүрлейді. Бұл топтардың артында адамның психикасын, физиологиялық қалпын және денсаулық күйін жақсы меңгерген адамдар. Неге десең олар таңғы сағат 4:20 да ұйқыдағы адамды оятып, оларға өз тапсырмаларын береді. Өйткені таңғы сағат 4-6 арасында адамның қорғаныс механизмі әлсіреп, олардың психикасы өткен күнге ақпараттардан тазарып, алдағы күнге дайындалады. Сол уақытта оған алғашқы ақпаратты 4:20 да бергенде бірден қабылдайды, әрі бұл ақпарат мида ұзақ уақыт сақталады. Адамның осындай әлсіз кезін ұтымды пайдалану арқылы олар сол адамды өзінің тапсырмасын жасауға мәжбүрлейді. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Тағы бір мәлімет денсаулық сақтау саласының мамандары жүргізілген статистикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша адамдардың өлімі көп болатын уақыты таңғы 4 пен 6 арасында екен.Финалдық яғни соңғы тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын, ата-анасын өлтіреміз деп қорқытады екен. Осы ойындармен қоса соңғы кездері «Красная сова» атты ойында шыққан. Бұл ойын қалған ойындарға қатты ұқсайды. Тек аты болмаса қалған ережелері сондай немесе ұқсас болып келеді. Бұндай ойындардың саны мен шегі бітпейді. Сондықтан да әрбір ата-ана өз баласына жауапты болуы тиіс. Осындай ойындардың алдын алу мақсатында мектебіміздің оқушыларының жеке парақшаларын класс жетекшілерімен бірігіп қадағалап жүйелі түрде тексеріп отырамыз. Сонымен қатар класс сағаттарында да айтылып, жадынамалар таратылды. Ата-аналарға түсінік жұмыстары ұйымдастырылып, жиналыстар оздырылып тұрады.

Осы бағытта маман ретіндегі менің ата-аналарға кеңесім:

Мәселен, 7-8 жас аралығындағы бала ата-анасы отыруға рұқсат етпейтін сайт немесе әлеуметтік желілерге кіруге тырысады. Олар аңғал, сенгіш болып келеді, сол себепті ата-ана ғаламторды қолдану мүмкіндігін шектейтін немесе жұмыста отырып үйде баласының ғаламторда не көріп, не оқып отыратын бақылай алатын бағдарламаларды қолдану керек. Нәтижесінде бала өзінің үнемі бақылаудда екенін түйсінеді.

Кеңес

  • Ғаламторға кірудің үй жағдайындағы ережелер тізімін жасаңыз және оның орындалуын талап етіңіз.

  • Балаңыздан компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Сіз оны бақылағыңыз келгендіктен емес, оның қауіпсіздігі үшін уайымдайтындықтан қадағалайтындығыңызды және оған қашан да көмектесуге әзір екендігіңізді көрсетіңіз.

  • Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында болуы керек.

  • Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта ашып қойыңыз.

  • Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз.

  • Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар болып отырыңыз.

  • Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы да ғажап емес.

9-12 жас аралығындағы бала ғаламтордан қандай ақпарат алуға болатынын біледі. Олардың ән тыңдап, әлдене оқуға ниеттенуі де қалыпты жағдай. Ғаламтордағы ата-ана бақылауы арқылы керексіз материалдарды бұғаттап тастауға болатынын естен шығармаңыз.



Кеңес

  • Жоғарыда жазылған кеңестер осы жастағы балаларға да қатысты. Қосымша: балаңызға Ғаламтордағы кіруге болмайтын сайттар туралы неге кіруге болмайтынын айтыңыз.

  • Электронды поштасының паролін беруін талап етіңіз және ол оның бейтаныс адамдармен сөйлеспейтініне көз жеткізу үшін керек екендігін түсіндіріңіз.

  • Балаңызға ғаламтордағы сайттардың бәрі бірдей жақсылыққа үндемейтінін, ақ пен қараны ажырата білуді үйрену керек екендігін түсіндіріңіз.

13-17 аралығындағы бала белсенді түрде іздеу тетігін басып, электронды поштаны қолданады және достарымен өзара хабарлама алмасып, компьютеріне музыка мен фильмдер жүктейді. Ұлдар барлық шектеудің шекарасын бұзып, Ғаламтордағы құмар ойындарына қызығып, «үлкендерге арналған» сайттарды қарағанды жақсы көреді. Бұл жастағы балаларды бақылау ата-ана үшін қиынға соғады, себебі балалары Ғаламтордың қыр-сырын ата-аналарынан да жақсы білуі мүмкін.

Кеңес

  • Жоғарыда жазылған кеңестер осы жастағы балалардың ата-аналарына да қатысты. Қосымша: балаңыз қандай сайт пен әлеуметтік желіде көбірек отыратынын білуіңіз керек және олар көп отыратын сайт пен әлеуметтік желілерді жақсылап зерттеңіз.

Қорыта келе, құрметті ата-аналар балаларымызға үлкен сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарап, өз уақытымызды балаларымызға арнап, жауапкершілігімізді одан әрі қарай артып, балаларымызды қадағалайық! Бала-біздің болашағымыз екенін естен шығармайық!

Зеленов ауданы Новенький ЖОББМ-нің педагог психологі

Таржыманова Орындық Алмасовна




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әлеуметтік желілердің бала психикасына кері әсері

Автор: Таржыманова Орындик Алмасовна

Дата: 26.02.2018

Номер свидетельства: 459689


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства