Осы заманны? тал?ам- талабына сай болуы ?шін адам баласына к?п к?ш керек. О?ан ?ркім т?теп бере алмай ?алатын кездерде кездеседі. Барлы? адамны? организімі бірдей емес, сонды?тан кейбіреулер шаршап- шалды?ып, ?зіне тиісті ж?мысты уа?ытында ат?ара алмай с?рініп- жы?ылып ж?реді. Ондай адамдарда демалыста, ?зілісте болмайды. Ал ?асыр талабы ?те жо?ары, сауатты адам ?з білімін ?р минут толы?тырып, ой ше?берін мейлінше ке?ейтіп отыруы керек. Заман дамы?ан сайын о?ан ?оса жаман жа?тарымызда баршылы?. Я?ни о?ушыларымызды? бойында нем??райлы?, саба??а ?ызы?пауы, ойлау ?абілеттері нашарлап мектептен кейін шаршап, ж?йкесі ж??арып, басы ауырып, ?лсіреп организімінде нейроэндокринді ?згерістер орын алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К?йзелісті? алдын-алу жолдары!»
КҮЙЗЕЛІСТІҢ АЛДЫН – АЛУ ЖОЛДАРЫ
Осы заманның талғам- талабына сай болуы үшін адам баласына көп күш керек. Оған әркім төтеп бере алмай қалатын кездерде кездеседі. Барлық адамның организімі бірдей емес, сондықтан кейбіреулер шаршап- шалдығып, өзіне тиісті жұмысты уақытында атқара алмай сүрініп- жығылып жүреді. Ондай адамдарда демалыста, үзілісте болмайды. Ал ғасыр талабы өте жоғары, сауатты адам өз білімін әр минут толықтырып, ой шеңберін мейлінше кеңейтіп отыруы керек. Заман дамыған сайын оған қоса жаман жақтарымызда баршылық. Яғни оқушыларымыздың бойында немқұрайлық, сабаққа қызықпауы, ойлау қабілеттері нашарлап мектептен кейін шаршап, жүйкесі жұқарып, басы ауырып, әлсіреп организімінде нейроэндокринді өзгерістер орын алады. Бұны «мектептегі стресс» деп атаймыз. Бұл сырқатқа бірден- бір себепші ересектер екендігін баса айту керек. Әр баланың физиологиялық , психикалық ерекшеліктерін ескеріп жатпастан тәрбиелеймін деп қатаңдыққа бой ұрады, сөйтіп баланың жанына қаяу түсіреді. Отбасы мен мектеп, мектеп пен қоғам арасындағы қарым- қатынасы жақсы болмай, ұрпақ денсаулығының жақсаруы екіталай. Олай дейтініміз көп жағдайда жеткіншектің психологиялық ерекшеліктеріне мән бермейміз. Жеке бас қобалжушылығы мен реактивті қобалжушылық деген бар. Мысалға мектепте ертең бақылау жұмысы десе бір бала күні бойы қайғырып, қиын есеп келсе қайтем, төрт алып қалсам, апам ұрсады ғой деген ойлармен басы қатып жүреді. Ойындағыдай жасамаса іші не басы ауырып қалады. Бұл жеке бас қобалжушылығы. Ал реактивті қобалжушылыққа бейім баланың көңіл- күйі уақытша ғана бұзылады, енді қайттым, деп ойлағанымен тез- ақ ұмытып кетеді. Сонда біз кімді емдеуіміз керек, баланың көңіл- күйін бе, әлде ауруды ма, әрқашан қобалжып жүретін баланы емдеуге тура келеді, ағзасында асып бара жатқан өзгеріс болмағанымен, қызметі салғырт, әлсіз органдар өз әсерін білдіріп қояды. Ал кейбіреулері қорыққаннан өтірік айтуы мүмкін, мұндайда ең бастысы баламен ашық әңгімелесу керек. Яғни жан дүниесін түсінуге тырысуы керек, қандай ой, не нәрсе мазалайтынын білу керек. Бір- біріміздің ойымызды, сөзімізді тыңдамауымыздың салдарынан түсінбеушілік, келіспеушілік, реніш туындайды. Соның салдарынан адам стреске
ұшырайды. Стрестік жағдайлар адамды ауруға ұшыратады. Тіпті өзіне - өзі өлім тілейтін жағдайға ұшырайды. Басына түскен қиындыққа шыдай алмай, морт үзіліп кетеді. Бұл да бір қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналып бара жатыр. Өмірдің ауыртпалығынан құтылуға жол жоқ деген сезім мен күрделі құбылыста өзін жоғалтып , күш- қуат, ой- өрісін мүжіп алады. Бұндай жағдайларда не жасауға болады, жігері мен қайратқа сүйенген адам барлық кедергілерді жеңе алады. Өте күрделі жағдайларда өзінің парасатты ойларымен дәл шешімін тауып шығып кетеді. Ең алдымен өзіңді өзгертуің керек. Басқаша ойлау, мидағы бағдарламаны жақсы арнаға бұру керек. Өміір – ойын, сіз ойыншысыз сәтсіздіктер алынбас кедергі болудан қалады, сәтсіздік уақытша жеңіліс, одан соң міндетті түрде жеңіс келеді. Жағдайды дұрыс бағалап уақытында тоқтай білген жөн. Жеңдің бе, жеңіске қуан, өзіңе тағдырға алғыс айт. Сондай –ақ өз мақсатын, өз ісін сүюі тиіс, сонда ол мақсатты іске асыру оңайға түседі. Адам жүрегінде қызығушылығы мол болса, сонда ғана қабілеті артып, жақсы істерге қол созады. Бұрын психикалық ауруларды ғана қара ойлардың салдары деп білсек, қан қысымы, жүрек, ішек, асқазан тәрізді аурулардың бәрінің бастауы ойдан, ойдың уытынан шыққан дейміз. Ойы саудың – жаны сау, жүректі тазарту, тәрбиелеу арқылы көзге көрінбес мөлдір дүниеге жақындай түспекпіз.