?зектілігі: Б?гінгі та?да колледжді? басты ма?саты: білімді, м?дениетті, шы?армашылы?, белсенді ж?не азаматты? ??ндылы?тары толыс?ан т?л?аны ?алыптастыру.
Ол ?шін педагогиканы?, психологияны? ж?не психофизиологияны? жалпы за?дарын біріктіре, ?йлестіре ?олдану?а тура келеді. Себебі, о?ытуды? психологиялы? негіздерін білу ?рбір студенттерді? таным де?гейін д?рыс саралау?а да к?мектеседі. Студентті жеке т?л?а ретінде жан-жа?ты зерттеп білу - оны? даму ба?ытын ай?ындауды? басты шарты. Сонды?тан, ?азіргі та?да?ы психологияны студенттерді? саналы ?рекетіне м?н бере бастауыны? бір себебі осында. ?азіргі колледждегі психологиялы? ?ызмет ж?йесіні? ат?артын істеріні? ау?ымы мол. Колледждегі студенттер, о?ыушылар, ата-аналар деп аталатын санаттарды ?амти отырып, психологиялы? ?ызмет - о?у-т?рбие ?рдісін жа?сарту?а ?лес ?осуда.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Колледждегі психологиялы? ?ызметті? сан ?ыры» »
Төлеуова Назым Бейбітқазықызы
Педагог-психолог, ІІ санатты,
білімі - жоғары
«Қаржы академиясы» АҚ колледжі
«Колледждегі психологиялық қызметтің сан қыры»
Өзектілігі: Бүгінгі таңда колледждің басты мақсаты: білімді, мәдениетті, шығармашылық, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлғаны қалыптастыру.
Ол үшін педагогиканың, психологияның және психофизиологияның жалпы заңдарын біріктіре, үйлестіре қолдануға тура келеді. Себебі, оқытудың психологиялық негіздерін білу әрбір студенттердің таным деңгейін дұрыс саралауға да көмектеседі. Студентті жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеп білу - оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Сондықтан, қазіргі таңдағы психологияны студенттердің саналы әрекетіне мән бере бастауының бір себебі осында. Қазіргі колледждегі психологиялық қызмет жүйесінің атқартын істерінің ауқымы мол. Колледждегі студенттер, оқыушылар, ата-аналар деп аталатын санаттарды қамти отырып, психологиялық қызмет - оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосуда. [3].
Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеті:
жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал келтіру психодиагностикалық тапсырмаларды жүйелі түрде орындау;
колледжегі оқу үрдісін нормаға сай қалыптастыру;
студенттердің бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны болдырмау;
Бұл мақсат-міндеттерді орындау үшін педагог-психолог төмендегідей бағыттармен жұмыс жүргізуде:
Колледж жағдайына ыңғайлы сараптамалық бақылау, әңгімелесу, тест, анкеталық сауалнама жүгізу сияқты жұмыстар қолайлы болып саналады. Бұл әдістер тәжірибеде кеңінен қолданылып, нақты нәтижесін көрсетіп келеді. [1].
Әрі ғалым, әрі ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болу керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар, ақылы қалай кіретінің жолын білуге болады», - деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында, психолог студенттердің психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аудару қажет. [2].
Мен 5 жылдан бері педагог-психолог маманы болып жұмыс атқарамын. Сол уақыт ішінде өзімді шығармашыл жаңа технологияларды меңгерген, студенттердің қажеттілігі мен қызығушылығын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерінің жан-жақты дамуына жағдай туғызатын психолог ретінде көрсетуге талпындым.
«Қаржы академиясы» АҚ колледжінің студенттерімен психологиялық-диагностикалық жұмыстары жиі жүргізіледі.
1 курс студенттері арасында «Күтпеген жағдайларға дайынсыз ба?» әдістемесі бойынша 96%-ы 3-9 аралығында балл жинады, бұл көрсеткіш шамалы алдын ала болжап, байқайтын адамдар болып табылады, яғни оларды күтпеген жағдайларға дайын деп айтуға болады. Ал 4%-ы 3 баллдан төмен жинағандар, бұл олардың мүлде күтпеген жағдайларға дайын емес, алдын ала болжай алмайтындары анықталды.
«Қызығушылықты анықтау» кезінде студенттердің 12%-ы - сабақта қызықты, 10%-ы – ата-аналар міндеттейді, 18%-ы – көп білгім келеді, 42%-ы – жақсы жұмыс істеу үшін, 4%-ы – ата-анамды қуанту үшін, 5%-ы – достарымнан қалмас үшін, 7%-ы – білімсіз күн жоқ, 2%-ы – мұғалімдер ұнайды деген жауаптары алынды.
«Қарым-қатынас тактикасы» әдістемесінде 71%-ы бірігіп әрекет жасауға дайындықтары байқалды, ал 29%-ы қарсыластылығы білдіретіндігі анықталды.
«Сіз жанжал адамсыз ба?» әдістемесінде қаншалықты жанжалға түсетіндігі анықтау мақсатында жүргізілді. 37%-ын жанжал адам деп санайды, бірақ ол олай емес, оларда басқа жол болмағандықтарынан жанжалға түседі, ал 45%-ы көп жағдайларда жанжалдардан, келіспеушіліктен қашатын, ондай жағдайларды болдырмауға тырысады, 18%-ы жанжалсыз жүре алмайтын адамдар бар екендігі анықталды.
«Риск тобы» әдістемесінде бірінші көрсеткіш - отбасындағы қарым-қатынастарының бұзылғандығын көрсететін, ата-анасының алдындағы қорқынышы, отбасында қысыңқы жағдайлардың болуы салдары байқалады. Ал екінші - агрессивтілікті көрсетеді, агрессивтілік жасырын түрде де көрінуі мүмкін. Үшінші көрсеткіш – адамдарға сенбеушілік, күдіктілік, көбіне ұялшақтық, пассивтілік, өздерін шектеп қалуы қорқынышын анықтайды. Ал төртінші көрсеткіш – өз-өзіне сенімсіздік, үрей, өзін толымсыз сезінуі, өзін төмен бағалауын анықтайды. Және де төрт көрсеткішті жинамаулары да мүмкін.
Мінез-құлқы қиын оқушыларды анықтау кезінде бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Оқушының мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдер көрсетілген:
Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;
Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т.б.);
Оқушыдан өзін не қызықтыратынын және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;
Достары жөнінде әңгіме жүргізу;
Оқушы жөнінде достарымен, ата-анасымен әңгіме жүргізу.
Әр топ жетекшісі:
Тәрбие жоспарын құрып, соған жүгініп отыруы керек (онда профилактикалық әңгімелесу, ата-аналар жиналысы, педагогикалық диагностика);
Студенттке күнделік бастау, әр жұмысты сонда жазып отыру;
Егер оң нәтиже бермесе онда колледждің ішкіесебіне қойылуы керек;
Қорыта келе, Кеше: мамандықты дұрыс бағаламау, теріс түсінушілік пен істің сөз жүзінде ғана болуы байқалады. Бүгін: отандық ғылымның дамуы, әдістемелік құралдардың жарық көруі, халық сұранысының артуы мен маман иесіне деген оң көзқарастың қалыптасуы көрінеді. Болашақта: өзіндік бағыты айқын, мақсат, міндетін көре алатын, интеллектуалдық дәрежесімен әлемдік интеграцияға ене алатын психологиялық негізі мықты, өзіне нық сеніммен болашаққа қадам баса алатын жеке тұлғалар мен қарым-қатынастағы жоғары психологиялық ортаның орнайтындығы елестейді.
Психолог маман! Әрбір бала – бір жұлдыз, сондықтан оның жарқырауына көмектесу керекпіз!
Пайдаланған әдебиеттер:
// Мектептегі психология № 4 2009ж. – 17бет
Советхан Ғаббасов «Халық педагогика негіздері» - 1995ж.