kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?иын о?ушылармен ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біреу ба ытын байлы тан тап ысы келсе, екінші біреуі да????? пен ата тан, мансап пен ызметтен іздестіреді. М ны???? б рі т сінген адам а олды кірі сия ты н рсе. ??? ???? Адам а на ыз ба ытты- т рбиелі рпа ы ана сыйлай ??????? алады. «Адам рпа ымен мы жасайды» деген с з ???? тегін айтылмаса керек.Олай болса адам міріні ?? м ні- з рпа ы.Шыр етіп с би д ниеге келген с ттен ?? ????? бастап ата-ана алдында н зік те иын лкен о амды ???? ?? міндет т рады. Ол-бала т рбиесі. Б за ылы ты басы?????? бос ж руден басталады.Кейде саба тан жие ?? алдыру а р т рлі сылтауларды лкендерді зі ?? ???? ? йретіп отыр анын аармай да алуы м мкін.Жас ?????? шыбы ты алай ексе,солай седі ой. И, « яда не ??????? к рсе ш анда соны ілерсі », демекші ата-ана ?? ? ?? т рбиесі бала мірінде лкен із алдырады.Баланы ????? бойына барлы жа сы асиеттерді дарыту,тіпті ??? жанында ж рген достарына дейін м н беру, таби ат ??? сыйла ан дарыны болса дамыту, д рыс білім алуына ?? жа дай жасау-ата-ананы басты т рбиесінде ал аш ы ????? стаз- ата-ана. Жан яда т рбие бала а с збен, ????? теориямен дамымайды, лкендерді лгісімен ?? ? сі еді.« кеге арап л сер, шешеге арап ыз ???? ???

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?иын о?ушылармен ж?мыс»




Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты- тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.Кейде сабақтан жие қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.Жас шыбықты қалай ексең,солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты тәрбиесінде алғашқы ұстаз- ата-ана. Жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді.«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше«жұмысымды бөгейсің,істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін.Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып,оның үйренуіне көмектескен орынды.Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өйстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады.Әрі істеген ісінің ұқыпты да тындырымды орындалуына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку,сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де,шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктері жетік білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай,сырласа білмейтін ата-аналар. «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүрып-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеге үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен? Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?иын о?ушылармен ж?мыс

Автор: Тынышбаева Назгуль Толеновна

Дата: 04.04.2016

Номер свидетельства: 314686


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства