Махуова Гулфайруз Ерболатовна 1993 жылы д?ниеге келдім. 2011 жылы Батыс ?аза?стан инженерлік - гуманитарлы? университетінде психология маманды?ы бойынша білім алдым. 2015 жылы о?уды ая?тап психолог маманды?ын бітірдім. Кейін Батыс ?аза?стан облысы Зеленов ауданды? ауруханада психолог ?ызметін ат?ардым. ?азіргі та?да Батыс ?аза?стан медициналы? колледжінде психология п?ніні? о?ытушысы ?ызметін ат?арудамын. О?ытушылы? ?ызметімде мен студенттермен ?арым - ?атынас жасауды, олармен тіл табысуды ?йренудемін. Мен К.Д.Ушинскиді? " М??алім ?з ісіне деген с?йіспеншілікті о?ушы?а деген с?й?спеншілікпен ?штастыра ал?анда ?ана шын м?ніндегі м??алім болма?",Абай ??нанбаевты? "Адамны? адамшылды?ы жа?сы ?стаздан болады", Ыбырай Жа?аев "Ш?кірті жо? ?стаз - мыл?ау ?стаз", Ыбырай Алтынсарин "Егер балалар бірдемені т?сінбейтін болса, онда о?ытушы оларды кін?лау?а тиісті емес, олар?а т?сіндіре алмай отыр?ан ?зін кін?лау?а тиіс",
К. Д. Ушинский "М??алім ісі сырттай ?арапайым бол?анмен – тарихта?ы е? ?лы істі? бірі", ?. М?сірепов
"О?ушы жастарды? е? сенімді ?стазы, сыр жасырмай ашы? айтатын адамы – м??алім", М?хтар ?уезов
"?стаз - ?лы есім", "?стазы жа?сыны? ?стамы жа?сы", ?л-Фараби "?стаз… жаратылысынан ?зіне айтыл?анны? б?рін жете т?сінген, к?рген, естіген ж?не а??ар?ан н?рселерді? б?рін жадында жа?сы са?тайтын, ешн?рсені ?мытпайтын… ал?ыр да а??арымпаз а?ыл иесі…, мейлінше шешен, ?нер-білімге ??штар, аса ?ана?атшыл жаны ас?а? ж?не ар-намысын арда?тайтын, жа?ындарына да, жат адамдарына да ?діл…, ж?ртты? б?ріне… жа?сылы? пен ізгілік к?рсетіп…?ор?ыныш пен жас?ану дегенді білмейтін батыл, ерж?рек болуы керек." деген ?ла?атты с?зін ?немі есімде са?тап, ?олданамын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?арым - ?атынасты дамыту?а арнал?ан тренингтер жина?ы»
Махуова Гулфайруз Ерболатовна
БҚО Орал қаласы
Батыс Қазақстан медициналық колледжінің
психология пәнінің оқытушысы
Қарым - қатынасты дамытуға арналған тренингтер жинағы
Чемодан.
Мақсаты: әрбір қатынасушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бірін –бірін сыйлау құрметтеу.
Қатынасушылардың біреуі өзге бөлмеге шығып кетеді. Сол кезде өзге қатынасушылар ол адамға жолына « чемодан» жинақтайды. Ол чемоданға ол адамдағы жағымды сапаларды, яғни сол адамнан бағалайтын қасиетін жазып, алыс жолда кездескен қиындықтардан алып шығатынына сенімділік білдіреді.
Сонымен қатар жағымсыз қасиеттерінде жазып олардан арылмаса жолда кедергілерге тап болатындығы туралы жазылып «чемоданға» салынады.Жазып болғаннан кейін жолға аттанушыны шақырып қасиеттер тізімі оқылады. Қатынасушы оларға қарсы сұрақтар қойуына болады.Содан кейін өзге біреу шығады, осы әрекет барлық қатынасушылар чемоданын жинақтағанша жалғасады.
«Москвадағы зоопарк қоры»
Мақсаты: Жеке тұлғаның арасындағы жағымды қарым-қатынас жағдайын туғызу.
Мазмұны: Қатысушылар бес топшаға бөлінеді. Әр топша аң,құс, жануарлардың дауыстарын дыбыстап салады. Гав-гав, мяу-мяу, карр-карр, ква-ква, мә-мә. Мұнда дауысты қатысушылар бәрі бір мезгілде айтады. Дыбыстау кезінде ән әдісімен айтуға бағытталады.
«Піл қалай түшкіреді немесе пысқырады»
Мақсаты: жағымды қарым-қатынас жағдайын орнату. Қатысушылар үш топшаға бөлінеді. Ящики, трящики, спички. Осы аталған сөздерді әрбір топша нұсқау берілген уақытта дұрыс әрі орынды айтулары қадағаланады. Осыдан кейін қатысушыларға «деңдерін сау болсын» деп тілек айлылады.
«Ұжымдық сурет»
Мақсаты: жеке тұлғаның топ қатысушылары мен келісімшілік деңгейін анықтауға бағытталады. Жеке тұлғаның ұжыммен келісімділік қасиетін туғызу.
Мазмұны: парақ, қарындаш. Барлық қатысушыға таза ақ қағаз ұсынылады. Парақтың келесі бетіне өзі салғысы келген суреттің атын жазады, содан кейін келесі бетіне суреттің бір детальін жазып, (ойлаған суреттің) парақты оң жақтағы көршісіне береді, ол суретті жалғастырып, салады. Суретті салу жалғаса түседі. Парақ барлық қатысушыларды айналып авторға келеді, автордан басқасы ұжым болып, суретке ат қояды. Қойылған ат салынған суретке сай болу керек. Мұнда автордың ойлағанымен топ қатысушыларының келісімділігі байқалады.
Реалакциялық тренинг
Мақсаты: Денені босаңсытып, шаршаудан құтылдыру. Құралдар арнайы магнитофон.
Жүру барысы: Реалакциялық тренингке қажетті магнитофон болмаса, жетекші қатысушыларға жай дауыспен нұсқау береді:
-Денені босаңсыту
-Еркін отырыңыз.
-Ыңғайлы орындыққа отырыңыз.
Қолдарыңыз жеңіл түсірілген, қолыңыздың ұшын, бөксеңізге қойыңыз.
Аяқтарыңыздың басы еденде тұр, көзіңізді жұмыңыз, 2-3рет кеудеңізбен дем алыңыз, аяқтарын еденде тұр.Енді өз қолыңызды созып, жұдырықты түйіп, содан соң қолыңызды енді жайлап, босатыңыз, енді саусақты жұмыңыз 5-10сек кейін жұдырықты босатыңыз. Көзіңізді 1ден 10ға дейін кері санап көзіңізді ашыңыз да, қолыңызды түсіріңіз, әр санаған сайын өзіңізге күш жинап, қуантыңыз.
Байланыс.
Мақсаты: топта тығыз байланысты орнату. Вербальдік қарым-қатынас жасауға бағытталады.
Жүргізілуі: Қатысушылар дөңгеленіп тұрады нұсқау бойынша сперал тәрізді байланысып қалады. Қолдарын үзбей байланысады. Дөңгеленіп байланысқаннан кейін жетекші жіппен байлауға да болады. Осыдан кейін бұл байланыс бөлменің бір шетінен екінші шетіне дейін бір-біріне кедергі келтірмей және байланысты үзбей жүру өтінеді. Әрі қарай байланысты мүшелеу әр қайсысы өзі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру керек. Бір-біріне қалай әңгіме айтады. Мұнда мен Айгүл, Света деп бастау қажет.
«Мен кіммін?»
Мақсаты: Топтың бір-бірін жақсы біліп, үйлесімді қарым-қатынаста болуына бағытталады.
Жүру барысы: Әрбір қатысушы қолдарына қағаз бен қалам алады.
Нұсқау: Бірден 10-ға дейінгі сандарды 1 бағанға орналастырыңыз.
Содан кейін әрбір сан қатарына мен кіммін деген сұраққа жауап беріңіз.
Мен------------------------------- басталған сөзде мінез бітісі қызығушылық, эмоция туралы, өздеріңізде бар қасиеттерді көрсетіңіз.
Осы қағазды арқаларына жапсырып, қоямыз да шеңбер болып барлық қатысушылар еркін жағдайда арттарындағы жазылған суреттерді оқиды,әркім өзі кімді жақын білгісі келеді, соған жақын барып артындағы жазылған сөздерді оқиды. Белгілі уақыттан кейін жүргізуші оларды бақылай отырып, бағдарлау.
Осыдан кейін қатысушылардан парақтар жиналады да бір (қатысушы ) жүргізуші қатысушының атын айтпай әр қағаздағы тізілген мінез-бітістерін қызығушылық эмоциясыз оқи бастайды. Ал қатысушылар осы кезде кімге арналғанын тауып алу керек.
Эмоциялық термометр.
Мақсаты: Күші, бойы, эмоциялық жақсы көңіл-күй туғызу.
Барысы: Нұсқау беру арқылы жүргізіледі.
«Келіңдер,бір күннің эмоциялық портретін жасайық, деп бүгінгі күнді таңертеңнен еске түсіріңдер.
Барлық оқиғаны ойша қарап шығыңдар. Жеке үзінділерді көз алдарыңа елестетіңдер. Енді осыларды жазыңдар өз сезім көңіл-күй әсерін жазу керек. Енді басқа адамдарға болған оқиғалар мен сезімдерді атап астын сызып қойыңдар, жаман жақтарын атаңдар. Жүргізуші тыңдай отырып, жалпы талдау жасалады.
«Апчи» ойыны.
Мақсаты: топтың өзара қарым-қатынас жағдайын туғызу. Келісімді жағдайға бағыттау.
Мазмұны: қатысушылар 4-тошаға бөлінеді. Әрбір топша мүшелері белгілі сөздерді айтады. (аптека,ящик, спичка, очки) сөздерді жазып, қалталарына салу керек. Бұл сөздерді нұсқау бойынша бір мезгілде айту қажет.
«Еркін би»
Мақсаты: бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмай билей алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол танцевальная терапияны аяқтауға көмектеседі.
Уақыты: 30минут қажет.
Құрал-жабдықтар: Бұл жаттығуды музыкамен жасаған дұрыс.
Жүру барысы: Қатысушы топ дөңгеленіп отырады. Осы қатысушының арасынан біреуі ортаға шығып билейді. Алайда оған «жақсы биші» болу қажет емес. Оның қимылы еркін болуы керек. Оны ешкіммен салыстырмайды, ол өзінің денесіне бағынады.Бірнеше минуттан кейін ол отырады да, оның орнына, яғни ортаға басқа қатысушы шығады. Осылайша әркім өз еркімен шығып, 1-2 минут болса да өзінің биін билеп ойын ары қарай жалғасады. Ойын соңында бәрі бірге шығып билеп көңіл көтеруге болады.
«Иә-жоқ» жаттығуы
Мақсаты: Психологиялық жағынан белсендіру.
(сенімсіз, қысылу) 5-7мин. Топтың жалпы тонусын көтеру.
Жүруі: Топ тең екі топқа бөлінеді. Бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
Жетекші белгісі бойынша
1топ-иә,
2топ-жоқ,Қай топ жылдам жинақы айтса, сол жеңілпаз болады.
Таңдану таңырқау.
Қатысушылар жұптасып, отырады. Көздерін жұмады. Бірінші жұп қолымен екінші жұптың басына жақындайды. Оның, басын, маңдайын бетін зерттейді. Оған 1,5-2 минут жіберіледі. Аяқталған соң талдау болады.
серіктестеріңіздің басы және беті туралы не айтасыз?
жайсыз сезім болды ма? Қай сәтте. Жұптар рольдермен ауыстырылады.
Автобус.
Топ екіге бөлінеді. 2 топша екі автобусқа мінеді. Автобустар бағдаршамға тоқтайды. Сіз терезе жанында отырсыз. Екінші автобуста терезе жанында сіздің танысыңыз отыр. Бұл үлкен сәттілік. Сіз оған жедел түрде ерекше жаңалықты жеткізбекшісіз осы жағдайды пайдаланып жасайсыз. Бірақта мұны тек үнсіз жасауыңыз керек. Сөзсіз вервальды емес. Сізде уақыт аз ғана. Жаңалықты бергенде түсіну керек.
«Зоопарк»
Мақсаты: Бұл жаттығу адамның қимыл-қозғалысты жасқанбай, бірнеше рет көрсету арқылы олардың ұялу, жасқану, қорқыныш сезімдерін топ алдында ғана емсе, күнделікті өмірде де арылуына көмектеседі.
Уақыты: 15-20минут.
Жүру барысы: Тренингке қатысушы адамның әрбіреуі белгілі бір аңның, жануарлардың немесе құстың қасиеттерін дауыстап айтпай, оны қимыл-қозғалыс арқылы бейнелейді. Соңында топ мүшелері кім өте анық, дәл, шеберлікпен өзі ойлаған жануарларды, құсты, аңды бейнелегені талданады.
«Мен танымал адаммын »
Мақсаты: Жағымды мінез-құлыққа тұлғаның өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталады.
Жүру барысы: Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Олар өздеріне таныс әрі ұнайтын өнер адамы ролін таңдайды. Әрқайсысы кезекпен өнер адамының әнін, қимыл-қозғалысымен, жест мимика арқылы көрсетеді. Ал қалғандары кім екенін, қандай өнер адамы екенін айтып береді. Мұнда қатысушылар кезекпен шығып орындайды.