kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазіргі тәрбиелік құндылықтар аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру" тақырыбында баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қазіргі тәрбиелік құндылықтар аясында  оқушыларға патриоттық тәрбие беру" тақырыбында баяндама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазіргі тәрбиелік құндылықтар аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру" тақырыбында баяндама»

Қазіргі тәрбиелік құндылықтар аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынанда артып отыр.

Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі болып жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады.

Жастардың адамзаттық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз бен ерекше. жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе екіншісінде «біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында, алға жылжуымызға «қажетті берік негіз қаладық» (2005) - деп өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойылған.

Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікірі Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» ең маңызды міндеттер ретінде өз Отаны Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу» ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерін игеру, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білу деп көрсеткен.

Демек, салт-дәстүрлердің, соның ішінде халық педагогикасында көрініс алған патриоттық сана-сезімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететін озық дәстүрлердің тағылымдық мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігіне аса мән береді.

Ұлттық дәстүрлерге, ұлттық идеяға назар аудару және білім мен тәрбиені соған бағдарлау - көптеген мемлекеттер мен халықтардың нақты бір тарихи кезендерінде жиі кездесетін мәселе.

Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.

Ал Қазақстандық патриотизм - Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады, дей келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:

- Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конституциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.

- Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болу. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.

- Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.

- Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатыңда қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш ету.

- Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

- Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.

Сонымен бірге, ұлттық патриотизмнің негізгі құндылықтарына«Отан», «Атамекен», «Ел-жұрт», «Азаматтық борыш», «Ар-намыс», «Адалдық пен Әділдік», «Азаматтық парыз», «Қанағатшылық пен Жомарттықты» жатқызамыз. Сөйтіп оны қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу деп белгілейміз. Демек, атамекен дәстүрлі дала қоғамының қоныс тепкен кеңістігі, қазақ жұртының тіршілік кеңістігі, өмір сүру ортасы, Жер, Отан, Атамекен мен Ел - егіз ұғым, Отан адамның бойында патриоттық сезімді туғызудың қажетті шарты деп ой қорытамыз. Патриоттық сезімді күшейтуге негіз болатын «Азаматтық борыш, Азаматтық парыз» болып, бұның да келіп шығу тегі - сүйіспеншілік, халқына, жеріне құрмет пен борыш. Ал, борыш дегеніміз адамға міндеттер ретінде берілетін және оларды мүлтіксіз орындау оның ішкі кісілік қажеттілігі болып табылытын, қоғам, ел-жұрт тарапынан талаптар мен іс-әрекеттердің жиынтығы екенін айқындаған. Борыштылық - әр адамның өзіне жүктелген істі орындауға жауапкершілігін түсініп мойындауы. Осыдан барып ар-намыс келіп шығады. Ғалымдардың пікіріне қосыла отырып, біз борыш ұғымының субъективтік сипаты қойылған талаптар мен жүктелген үмітті, қызметті, міндетті жете түсіну, оны атқаруға рухани әзірлігі мен мәдениетіне байланысты деп анықтап отырмыз.

Жеткіншектердің адамзаттық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. «Жастарға айтатыным: бақытты өмірді басқа жақтан іздемеңдер. Ата бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болуы керек». «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген өсиет қалдырған. Өз Отанының бұл дүниедегі жәннәтің мен шуағың. Сондықтан да білімдерің мен қайрат-жігерлерінді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсандар. Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті де дәулетті боласыңдар... Еліңді сүйе білсең, жан аямай қызмет ете білсең, елің де сені алақанға салып аялай алады. Осыны ұмытпандар!. Мұның өзі Елбасының келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңдіріп, осынау баға жетпес құндылыққа баулуға жіті көңіл қоятындығын тағы да дәйектеді. Шын мәнінде отансүйгіштік, елжандылық қасиеттер адами қасиеттердің ең биігі, ең асылы екендігі дау тудырмаса керек.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі», - деп ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, өскелең ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз деп есептейміз.

Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты қоғам мүшелерін Отанға, халқына,елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп , мұны олардың бойына сіңіріп,қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.

Болашақ ел сарбаздарын жастайынын жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады.

Ата –бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт дәстүрінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл-қыздары екінші дүние жүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандықтың талай қайталанбас үлгісін көрсетті.

Ұлан байтақ даласын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келді.

Құрып кету қауіпі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбе-гінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеялогиялық міндетіміз- Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» — деп жазды.

Қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уалиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, руластарымды одан кейін халқымды қадірлеймін,- деген екен.

Патриотизм - дейді Б. Момышұлы, Отанға мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оның жеке адаммен барлық жағынан өткенімен, бүгінгі күнімен жеке болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.

«Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы, «Еліңді сүйсең ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады», «Ел – ырыстың орманы, ер-ырыстың қорғаны», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» тәрізді мақал – мәтелдерден көрінеді. Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз.

Жас ұрпақ бойында халықтың еңбегі мен ұлылығын, отан қорғау мен бейбітшілік идеясын қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында оқу жылы басынан Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні құрметіне «Конститутция ата- заңымыз».

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі дүние жүзіндегі тілдердің арасындағы алатын орны «Ең қымбат қазына –тіл», Республика күніне «Қазақ елі – менің Отаным» тақырыбында сынып сағаттары, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне «Тәуелсіздік шежіресі» атты ашық сынып сағатын өткіздім. Ондағы басты мақсат елін, жерін сүюге, тәуелсіздікті бағалай білуге, батырлыққа, батылдыққа, әділетті болуға тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыс мақсатында оқу жылынан бастап әр дүйсенбінің тәрбие минөттерінде, «Мен – Қазақстан Республикасы азаматымын», «Қазақстан келешегі-жас ұрпақ қолында», «Отаншылдық ең ізгі сезім». «Патриот тұлғаны тәрбиелеу» деген тақырыптарды оқушылардың өздері дайындап келген баяндамалары бар. Осындай тәрбиелік шаралармен қатар Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау мақсатында сыныбымызда рәміздер ілінді және әрбір аптаның бірінші күні, кезекшілік жиналыста нұранды орындау дәстүрге айналды. Түрлі салтанатты жиындарда рәміздер қолданылады. Болашақта да осы жұмыстарды одан әрі жандандырып, өз жерін Отанын сүйетін, намысты ұрпақ тәрбиелеу жолында іздене береміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Танатарова Самал Шортанбиевна

Дата: 14.05.2018

Номер свидетельства: 469471


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства