kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстанда психология ғылымының дамуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың түрмысына сіңген жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Қөшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарнхына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындалды. Адамға қойылатын талап-тілектер мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қастерлеу, тапқырлык,: пен алғырлық, ат кұлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б.).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстанда психология ғылымының дамуы»

Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орны

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстандағы ғылыми психологияның құрылуын және дамуын қорытындылайтын болсақ бізге жалпы өзіміздің республикада психология оқу құралдары, ерекшелеп айтар болсақ мемлекеттік тілде шығарылған психология оқу құралы жайлы пікірді айтуымыз қажет. Негізінен кітап өнімі қай ғылымның болмасын даму дәрежесін мінездейді. Басылымдық істе халықтың өмір дәрежесін, ғылыми мәдениетінің дамуын бейнелейді. Қазақстан әртүрлі уақыт мерзімінде шығарылған психология оқулықтарын қорытындыламас бұрын, Батыстың, Ресейдің психологиялық оқулықтарының даму тарихына қысқаша тоқталамыз. Дәл осы тәжірибе Қазақстан Республикасының орта және жоғарғы оқу орындарына лайық ұлттық психология оқулықтарын шығару қажет болды. Дидиактикалық талаптарды және белгіленген бағдарламаларға, белгілі бір сабақ оқулығында ғылыми білімді қалыптастыратын оқулықтарды СССР-де 20ғ. 20ж. шыға бастады. Негізгі оқулықтардың шығарылуы антикалық әлемнен басталады, ол Плотон, Пифагор, Аристотел және басқа да авторлардың трактоттары кітап ретінде қолданылуынан. Атақты педагок Ян Амос Коменский кітаптың, жалпы дидактикалық принциптерді халыққа түсіндірудің ролі өте зор екендігін айтты. Алғашқы басылған оқулық болып 1574ж. Москвада шыққан Иван Федоровтың азбука грамматикасы болды.

Батыста психология оқу кітабы Р.Геккел және Р.Гокениустың атына байланысты болды. Олар алғашқы «психология» терминін енгізіп, 1954 жылы Марбургте кітап шығарды. Ресейде адамның жан дүниесі өмірі кітап 1796 жылы Ивановтың шығарылуын алғаш кітап шығарды.

Психология әлем тарихында білімнің екі қарама қайшы әдістері болады. Бірінші синтетикалық әдіс, жайдан күрделілігі. Алғашқыда бұл әдіс теориялы көзқараспен шығарылған деректер, түсіну тәсілі және байланысты болып табылады. Белгіленген психологиялық элементтер сезіну сезім тағы басқа психикалық білім бірігіп мұндай пікірдің ұлы кітаптардан 15-ғасыр дәрістерінен табуға болады. Мысалы, М.М Троцкий 1882-жылғы «Наука о духе» П.Ф Каптеровтың 1877-жылғы «Педогогикалық психология» еңбегінен байқауға болады. 1917 жылы жүзге тарта оқулықтар шықты. Солардың көптеген бөлігі синтетикалық әдіске қатысты болды.









Қазақстанда психология ғылымының дамуы


Жоспар:


1. Қазақстандағы психология ғылымы» кіріспе.
2. Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) және оның қазақ психологиясы тарихындағы орны.

3. Мақал-мәтелдер — халық психологиясының айнасы.

4. Қазақ ғұламаларының педагогикалық психологиядағы орны.

5. Қазақтың қазіргі жағдайы немесе ұлттық психология туралы.



  1. Қазақстандағы психология ғылымы» кіріспе.

Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың түрмысына сіңген жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Қөшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарнхына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындалды. Адамға қойылатын талап-тілектер мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қастерлеу, тапқырлык,: пен алғырлық, ат кұлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б.).

Қазақстандағы ғылыми психологияның тарихы. Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтпаған. Асанқайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Қазақ топырағындағы жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында өндірте жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді еңбек айрықша атауға тұрарлық. Өйткені бұл – бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл туынды.

Халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді өткен ғасырларда казақ даласында болған Еуропа зиялылары асқан көрегендікпен дәл басып айтқан еді.

Көшпенді өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қаpaп, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбен тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің өлеңі мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбакты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-конуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір жас, әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды. Халық аузында мақал болып кеткен «өнерді үйрен де жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қо­лы ортақ», «Жауда жүрсе, ат ойнаткан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым» деген сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздердің біздің заманымызға дейін жеткені мәлім. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білген, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мұндай қоғамдық, адам аралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ержете келе ортақ мүдделілікті, өмірге көзқарастың сәйкестілігін, кісіліктің белгісін, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы таптық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктердің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көпшелі халық қыз баланы ерекше кадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдеп-тіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп ұқты. Халық мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды. Сондай-ақ «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер де қыз баланың нәзіктілігі мен шеберлігі, ұқыптылығы мен биязылығы жайлы айтылды.

Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-женге, бойжеткенді ылғи да таза, мінезінің жайдары болуын қадағалап отырған. Жас өспірім шақтағы олардың балқыған, толқыған, еліктегіш қаснеттерін ескеріп, оған «қырық үйден тыю» салу керектігін де үнемі еске алған. Халқымыз сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үй ішіндік еңбекке (кесте, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды — бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген.

Халықтық дәстүр қыз балаға тәлім тәрбие беруде текбағыт, бағдар берумен қатар, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн жосық нұсқайды. Оның барлық сыры мен сы­пайы салты оның санасына, әдебі мен әліне, тілі мен дініне, әні мен күйіне, мінезі мен құлқына кіріге өрілген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Олар әділ мен арам, обал мен сауап, Адам үшіп ең қымбат түсінік жанымен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шарты — бақылай білу, көре білу, кісінің ішкі сы­рын танып ұғыну арқылы өзін өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра білу. Халық бүгінгі бойжеткенді ертеңгі отбасіы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ел ардағы, ақылман әже деп түсінді. Олай болса, бойжеткен үшіи — имаидылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісімерлік, биязылық, мейірімділік— бәрі жарасымды болды.

Этностық психологиялық тарихнамасы

Этникалық психология түрлі ғылымның өкілдері және философтар тарапынан зерттелген. Бірақ бұл мәселелер жекеленген тұстары, әсіресе кейбір этникалық топтар мен үлкенді-кішілі ұлттарға тән болған ерекшеліктері жетерлік деңгейде зерттелмегендіктен, бұл сала әлі де болса ғалымдардың назарын өзіне аудармақта.

Ежелден түрлі халықтардың психикалық қасиеттері, өзара қатынастары мен байланыстары психологиясы, олардың арасында бой көтерген қайшылықтардың психологиялық негіздері тәріздес мәселелер алдыңғы қатарлы ой иелерін дәйім ойландырып келген. Этникалық психологияның ерекшеліктері туралы пікірлерді ежелгі Юнанстан тарихшысы Геродот, ойшылдар – Аплатун (Платон), Арасту (Аристотель), Эпикур және оның ізбасарларының шығармаларынан ұшыратамыз. Аристотель этникалық психология хақында ой қозғап, ой жүгірткенде Платонның танымның бастапқы принципі идея деген пікірін сынай отырып, барлықты-болмысты, оның ішінде әр түрлі халықтардың этникалық психологиясын жалпылық пен жалқылық категориялары шеңберінде қарастырған. Оның пікірінше, жалпылық тек жалқылықта ғана өмір сүреді. Егер жалқы болмаса, онда жалпы да болмайды. Олай болса, тұтастай алғандағы этникалық психологияны өз этносын түйсінетін кісілерден құралған топтардан (жалпылықтан) табамыз.

Одан кейінгі ортағасырлық дәуірде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан Түркістандық ұлы бабаларымыз рухани салада телегей-теңіз мол қазына қалдырған. Бұл қазынаға лайықты үлес қосқандар – Әбу Насыр Фараби, Әбу Райхан Беруни, Ибн Сина, Имам Бухари, ат-Термизи, Ахмет Ясауи, Дәуіт ат-Түркістани, Мырза Ұлықбек, Әлішер Науаи және басқалары. Данышпан ата-бабаларымыздың ұлы да даңқт Шынында да, олардың мұрасынан бұрынғы дәуірдің ағартушы (мағрипат-пәруар) ойшылдары да, қазіргі заманның қаламгерлері мен ғалымдары да кеңінен пайдаланып келді және бұдан кейін де нәр ала бермек. Осынау ғұлама ғалымдар өмір сүрген дәуірде этнопсихология ғылымы әлі де қалыптаспаған болса да, олардың сан алуан шығармашылығы мен еңбектерінде халықтар психологиясына қатысты, көңілге қонымды ой-пікірлерді көптеп ұшырата аламыз. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетуді жөн деп санаймыз.

Фараби өзінің «Кемеліне келген адамдардың шәһары» шығармасында адамдардағы психологиялық бірлік, яғни адамдар арасындағы белгілі бір байланыстар біріншіден, олардың арасындағы мейір-ынтымаққа негізделеді, оның үстіне олардың жүректерінен ру-тайпалық сезімдер орын алған. Өйткені, олардың бәрі бір әулеттен тараған ғой; екіншіден, адамдар арасындағы психологиялық жақындық олардың мінез-құлқы мен тілінің бірлігімен де қамтамасыз етілген деп жазған.

Берунидің «Үндістан», «Ежелгі халықтардан қалған ескерткіштер», «Минерология» және басқа шығармаларында халықтар психологиясының қалыптасуы мен тілі турасында назар аударарлықтай пікірлер білдірілген. Ол адамдардың «…түзілімі, реңділігі, түрі-түсі және ахлақтарының түрліше болуы тектерінің және сонымен қоса топырақ, су, ауа және жерлердің әр түрлі болуына байланысты», – деп жазды. Осы сарындас пікірлер Ибн Сина тарапынан да («Жүрек дәрілері» кітапшасында) айтылған. Ол жеке адамның бітім-болмысынан көрінетін психологиялық ерекшеліктер мен этникалық психологиялық нышандар біте қайнаса пайда болады деп көрсетті.

Бұл мәселеге жаңа дәуір философтарынан И.Кантта ерекше көңіл бөлген. Оның «өзіндегі нәрсе» деп аталатын теориясы бойынша, этникалық психологияның барлық қайшылықтарын зерттеуге әбден болады, бірақ мәселенің түпкі мәнін ашу мүмкін емес.

Гегельдің «объективті рух» турасындағы ілімі Алманияда «халықтар психологиясының» қалыптасуында теориялық негіз болып қызмет атқарады. Осы теория өкілдерінің пікірінше, әлдеқандай индивидуалдық рухтан жоғары рух бар, бұл индивидуалдық рух жоғары индивидуалдық тұтастыққа мойын ұсындырылған жағдайда ғана халық немесе ұлт құралады. Объективтік идеализм рухымен суарылған болса да осы тәріздес пікірлер сол кездегі халықтардың психологиясын зерттеуге мейлінше көп әсер етті.

«Халықтар психологиясы» концепциясының басқа бір қайнар көзі неміс романтизмінің «жоғары индивидуалдық» турасындағы тұжырымы болып табылады. Бұл теориялық қозғалыстың негізін құраушылар – Гердер мен Гумбольт. Бұл бағыттың өкілдері де мәселені ғылыми негізде талдау жасау деңгейіне көтеріле алмаған деп айтуға болады.

Ғылыми деректер халықтың этникалық психологиясын салиқалы зерттеу ісі тек XIX ғасырдың екінші жартысынан ғана басталғанын айғақтайды.

1860 жылда М.Лацарус пен Г.Штейнсот Гербарттың тіл білімі, мифология және психологиялық іліміне сүйене отырып «халықтар психологиясының» ұғымдарын жүйеге келтіруге әрекеттенді. Олардың «Халықтар психологиясы туралы алғашқы ойлар» атты мақаласы «Халықтар психологиясы және тілтану» журналының бірінші санында жарияланған.

Этникалық психологияның қалыптасуы тарихы мен оны зерттеу ісінде неміс философы, физиологі және тілшісі Вильгельм Вундттың алатын орны ерекше. Вундт 1863 жылы Лацарус пен Штейнсот идеяларының ықпалымен жазылған өзінің «Адам және хайуанаттар рухы туралы баяндамалар» атты кітабының бірінші басылымында халықтар психологиясы мәселесіне өзінің көзқарастарын білдірді. 1886 жылы оның этникалық психологияның мақсаты мен мәні хақындағы мақалалары жарияланып, кейінірек «Халықтар психология-сының проблемалары» атты кітабы басылып шықты.

Автордың пікірінше, «…Халықтар психологиясы инди-видуалдық психология тәрізді дербес ғылым болып табылады». Ол этникалық психологияның зерттеу объектісіне тіл, аңыз-әпсаналар (діни элементтерімен қоса), әдет-ғұрыптар мен ахлақ-әдеп-дәстүрлер жатады деп санайды. Неліктен ұлттық психология рухани тұрмыстың үш саласын зерттеу керек деген сауалға ол былайша жауап береді: «Тіл халық рухында өмір сүретін ұғымдарды қамтиды; аңыз-әпсаналар ұғымдардың ілкі мазмұны мен ұлықтығын өзінде бейнелейді: әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер ұғымдардағы бейненің жалпы бағытын білдіреді».

Ғалымның пікірінше, адамдардың бірігіп өмір сүруі мен өзара қатынастарының жемісі ретінде көрініс беретін халықтың көңіл-күйі индивидуалдық рух тәрізді нақтылы мән-маңызға ие.

Вундт халықтар психологиясының мәні мен зерттеу міндетін дұрыс түсінбеген сыңайлы. Оның пайымдауынша, халықтар психологиясы рухани өмірдің өзіне тән барша қыр-сырларын бейнелейтін, бірақ заңдарын ашуға, жинақтап тұжырымдауға дәрменсіз ғылым. Ол рухани өмірдің – тіл, аңыз-әпсаналар, әдет-ғұрып және рәсімдер сияқты жақтарын негізінен психологиялық тұрғыдан зерттеу ләзім деп ойын түйіндейді. Десек те ғалым әрбір халықтың рухани келбетінің қалыптасуы оның материалдық және қоғамдық өмірі жағдаяттарының өзгеріске ұшырауы мен дамуына да байланысты екенін аңдамаған сияқты.

Халықтар психологиясының өзіне тән жақтарының сыр-себептерін Ұлы буржуазиялық этнопсихология өкілдерінің бірі – француз психологі, антрополог және археолог Гюстав Лебон талдауға әрекет жасаған. Ол өзінің «Халықтар және бұқара психологиясы» атты шығармасында әр түрлі ұлттардың, халықтардың мәндік негізінде адамдардың нәсілдік, рухи ерекшеліктерінің арасындағы айырмашылық жатады деп көрсетті». «…Ортақ ғадет-ғұрыптар, идеялар, сезім, сенім және ойлау жоралғыларының жиынтығы – халық рухын құрайды». Ол өз концепциясының өзекті жерлерін былайша тарата толғайды: нәсілдердің өзгермейтін рухы ұлттар өмірінің барлық салаларында өзінің түскен сәулесін де, мұнартқан көлеңкесін де түсіріп кететіндігін көреміз.

Ендеше, халықтар мен нәсілдердің мемлекеттік түзілімі мен саяси ұйымдары олардың мінез-құлқының жемісі ретінде көрініс тапқан. Сондықтан да әрбір халық оларды өзгертуге әрекет жасамауы ләзім, себебі ол бәрібір халық рухының тегеурінді қысымынан ешқайда қашып құтылып кете алмайды. Әрбір халық тек өзіне тән рух пен рухи ерекшеліктерге ие, олай болса басқару жүйесінің белгілі бір түрі тек қана осы халыққа тән болғандықтан, басқа халықтарға қолданылмайды. Африка мемлекеттеріндегі бірер бір монархияның басқару әдісі сол мемлекеттердің халықтары үшін бәрінен де, соның ішінде Еуропа мемлекеттерінде қолданылатын конститу-циялық принциптерден де абзал болып көрінеді. Сондықтан барша елдерде бірдей саяси түзілімнің болуы мүмкін емес.

Жоғарыда келтірілген пайымдаулардың біздіңше, жаны бар сияқты. Бүтін басты ұлан-ғайыр Кеңес Одағы деп аталатын бір мемлекетте бірыңғай Кеңестік-Коммунистік үкіметтің орнатылуының қазақ халқына қандай қасірет әкелгені бұл күнде ойлы жандардың бәріне түсінікті жәйт. Қазақ халқының қауымдық тұрмысын тұралатып традициялық шаруашылығын рельстен бір пәрменмен азғантай уакыттың ішінде шығарып жібергеннен кейін ол дерлік бәрінен де айырылып қала жаздады емес пе?ы аттары халық жадында мәңгі сақталып қалуға лайықты.

Мыңдаған жылдар бойы сыннан өткен, қалыпқа тұскен қауымдық-ұжымдық тұрмысты өзгерту қажет пе еді? Сол тұрмыстың бәрі ақылға қонымды, сол кездегі қазақтардың ұғымына сыйымды, мұқтаждықтарын өтей алатын тамаша құбылыс емес пе еді. Соларды күшпен өзгерту (эволюциялық бейбіт жолмен тыныш жағдайда дамытылғанда қандай ғажайып нәтижені көрер едік!) нелерге әкеліп соққандығы туралы бұл күнде аз жазылған жоқ. Аталмыш нәубеттің мәнін профессор Ж.Әбілқожин өзінің кітаптарында бұлтартпайтын фактілер негізінде ашып берді емес пе?Шынында да, И.А.Ильиннің жазғанындай, «только политические верхогляди могут воображать, будто народам можно «даровать» их государственное устройство, будто существует единая государственная форма, «лучшая для всех времен и народов» Нет опаснее и нелепее стремления навязывать народу государственную форму, не соответствующую его историческому бытию».

Лебон қоғамдық өмірдегі бұқаралық қозғалыстар психологиясының мәнін мойындайды. «Сонымен бірге, – деп жазады ол, – біздің барша ежелгі сенімдеріміз өзгеріп және сейіліп баруда, қоғамның ежелгі негіздері бірте-бірте бұзылуда, бұқараның кұдіреті жеке-дара жойқын күш ретінде көрінуде және оның маңызы күн сайын артып баруда. Енді шынында да халық бұқарасының дәуірі басталды». Үкімет болса, бұқараның еркіне мойынсұнуға мәжбүр. Сол себепті ұлт тағдыры билік тізгінін ұстағандардың кеңселерінде емес, халық рухының әзірленуі барысында шешілуде. Лебон Франция империясының құлдырап, құлау себептерін талдай келе, Наполеонның Ресей мен Испанияға қарсы соғысты бастау мақсатын қойғандағы жіберген негізгі қатесі – сол халықтардың өзіне ғана тән болған рухы мен ұлттық психологиясына жете көңіл бөлмегендігінде еді дейді.

Лебон халық өміріндегі саналылық пен сана алдындағы (саналылануға дейінгі) түсініктердің өзара қатынастары мәселесіне де өз көзқарасын білдіреді. Оның пікірінше, біздің саналы қимыл-әрекеттеріміз әулеттердің нәсілден-нәсілге өтетін ұғынылмаған әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Бұл тұжырым тұрғысынан пікір таластыру ниетіміз жоқ. Алайда, біздің қимыл-қозғалыстарымыз бен ұмтылыста-рымызда қалыптасқан жаңа жағдайдың іздері барын жоққа шығаруға болмайды. Ол дәлел тілемейтін жәйт. Сонымен бірге біздің қайсы саналы әрекеттеріміз нәсілден-нәсілге беріледі немесе олар қандай ұғынылмаған әрекеттеріміздің нәтижесі екенін анықтаудың маңызы бар, сондықтан мәселенің бұл жағын әрі қарай жетілдіре талдаудың залалы жоқ деп білеміз. Сонымен, Лебонның этнопсихологиялық көзқарастары күрделі болып, олардың кейбір тұстары ұлттық артықшылық идеясын негіздеуге қызмет етеді. Бірақ ғылым жетістіктері мен қоғамдық өмір тәжірибесі тұтастай алғанда нәсілдік теорияның мүлдем негізсіз екенін көрсетіп отыр.

XIX ғасырдың эмпирикалық бағыттағы ғалымдары – Т.Рибо мен А.Фулье этникалық психологияны ғылыми тұрғыдан зерттеуге лайықты үлестерін қосқан. Мысалы, А.Фулье «Француз халқының психологиясы» атты кітабында ұлттық қасиеттің құрылымы туралы бір қатар құнды пікірлер айтқан.

Халықтардың этникалық психологиясы мәселелеріне психоанализ теориясының негізін салушылардың бірі 3. Фрейд те көп көніл бөлді. Ол бұл мәселеде Г.Лебон, У.Мак-Даугола шығармаларына арқа сүйеген. Фрейд адамның психикалық мәнін түсінуге әрекеттенді. Яғни адам махаббатқа бейілдік танытатын нәзік те жұмсақ жүректі ғана емес, сонымен бірге оған шабуылдағанда өзін негізінен қорғай алатын, кейде қорғай алмайтын да жанзат болып табылады, сондай-ақ, оның инстинктінде шабуылдауға бейімділік мүмкіндігі де бар. Әрине, Фрейд кісілерден құралатын ұлттың психологиясына санасыздықтың, санаға бағынбайтын, санадан тыс тұратын құбылыс пен күштердің, әсіресе жыныстық инстинктер мен импульстердің тигізетін әсерін дәлелдеуге тырысқан.

Нәсілдік және этникалық фанатизмнің пайда болуы мәселелерін талдауға деген ұмтылыстарды шет елдік психологтар Адорн, Олпорт, Симлюнс және басқалардың шығармаларынан да ұшыратамыз. Олар нәсілдік және этникалық қайшылықтардың мәнін даңғойлық, даңққұмарлық және кісінің кейбір ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіруге әрекет жасады.

XIX ғасырда этнопсихологияға қатысты ой айтқандардың ішінен Ш.Уәлихановтың есімін ерекше атау керек болады. Оның «Адай өлкелерінің географиясы», «Ыстықкөлге саяхат» (күнделіктері) және басқа шығармаларында қазақ, қырғыз халықтарының тарихы, этногенезі кеңінен сөз етіледі. Оның пікірінше, қазақ пен қырғыздардың психологиялық типі олардың өзіндік тұрмысы салты мен шаруашылығының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. «Халықтың сәлемдесуі, – деп жазады ол, – біздің байқауымызша, ұлттардың ерекшелігін анық бейнелейді». Мәселен, қазақтарды алсақ, олар бір-бірімен кездескен сәтте: «мал-жан аман ба?», – деп амандасады,бұл мал шаруашылығымен шұғылданған халықтарға тән психологиялық ерекшелік екендігі анық. Уәлиханов қазақ деген елдің этникалық қасиеттерін түгендей келіп, жастардың қарттарға деген ізеті мен ілтипатын, жалпы алғанда халықтың қонақжайлылығын атап көрсетеді. Осы ұлттық-этникалық ерекшеліктердің өмірде орын алуын ру-тайпалық қатынастарға байланысты деп біледі.

Бұдан тысқары, ойшыл ғалым халықтың ауыз әдебиетіне ден қойды, «халықтың басты белгісі» тіл болып табылатынын қайыра-қайта қадап айтты, Шығыс халықтарының тілдерін салыстыра келіп, басқа-басқа тілдердегі сөзде бейнеленетін бір ойдың мазмұны түрліше болатынын анықтайды.

Этникалық психологияның қалыптасу тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуге деген ұмтылыс, Ресейде ХVIII ғасырда басталған. Бұл мәселені зерттеуге орыс революцияшыл-демократтары В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбовтар, сондай-ақ В.О.Ключевский, В.Соловьев, П.Л.Лавров, В.М.Бехтеров, Л.И.Мечниковтар да айрықша көңіл бөліп, белгілі бір дәрежедегі ой-пікірлерін білдірген.

XIX ғасырдың екінші жартысы және XX ғасырдың басында Ресейде П.Е.Астафьев, Н.Кареев, М.Урсин, М.И.Яншул, Л.Крживицкий, А.Фулье, Г.Лебон және т.б. халықтар психологиясы, оның ішінде орыс, француз, американ халықтары ұлттық характерінің өзіне тән ерекшеліктері мәселелеріне бағышталған еңбектері басылды. Оларда ұлттық ерекшеліктердің тіл, дін мен өнерде бейнеленуінің өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ халықтар психологиясы мен индивидуалдық психологияның өзара қатынастарын анықтауға назар аударылған.

Этнопсихология мәселесін зерттеуге Маркс пен Энгельс те айрықша көңіл бөлген. Олар халықтар психологиясының мәні мен оның пайда болуының себептерін анықтады. Ф.Энгельс Англия, Франция және Алманияның экономикалық дамуын-дағы айырмашылықтарды көрсете келіп, «…ағылшынның ұлттық мінез-құлқы неміс пен француздың ұлттық мінез-құлқынан көп алшақ тұр», – деп жазған еді. «Англияда жұмысшы табының ахуалы» атты шығармасында Ф.Энгельс бір-бірімен байланыста болған әр түрлі халықтардың өзара әсерлесуінің заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Маркс пен Энгельс атап өткеніндей, әр түрлі ұлттар бірдей қоғамдық құбылыстарға түрліше ұлттық колорит бағыштап, пайымдайды. Француз және ағылшын материализмі сол халықтардың арасындағы айырмашылықтарға сай келеді деп есептеу керек. Француздар ағылшын материализміндегі жетіспей тұрған тұсқа әсерлі сөздерді қосып жіберіп ағылшын материализмін нәрлендіріп жібере алған. Халықтар психологиясын анықтайтын қоғамдық-экономикалық жағдайларға көңіл бөле отырып, Маркс пен Энгельстің оның субъективтік негіздерін талдауға да ұмтылыс білдіргендігі белгілі. Десек те, марксизм-ленинизм классиктерінің ұлттық психологияның қоғамдық және саяси өмірдегі алатын орнын елеп- ескергендігі жөнінде ой айтқан автор Н.Бердяевтың мына сөздеріне ден қою керек шығар. Ол былай деген еді: «Марксизмде барлық уақытта ең әлсіз нәрсе – психология, ал ленинизмде болса, демагогия (сапсата сату – желбуаздық) үстем болып келгендіктен, психология мейлінше әлсіз, доғал (дөрекі) және қарабайыр болып көрінеді. Тіпті таптар мен қоғамдық топтардың психологиясы да мүлдем қарастырылмаған болып, олар жай ғана күйе жаға берумен әуестенген еді. Бұл мәселеде лениншілдер ешқандай интеллектуалдық, танымдық қабілетке ие болмаған, олардың жол-жобалары толығымен сезімге-эмоцияға құрылғандығымен ажырыратылады». А.А.Бердяевтің бұл сөздерінің ақиқатқа жақындығы СОКП мен Кеңес өкіметінің КСРО-ны мекендеген ондаған халықтардың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін елемей, күштеу арқылы біртұтас Совет халқы атты қауымға біріктіріп, көгендеп ұстап отыруының ақыры немен аяқталғандығымен дәлелденеді емес пе?

Этникалық психология зерттейтін кәделі мәселелер әсіресе XX ғасырдың басында ғұмыр кешкен ғалымдардың еңбектерінде кеңінен сөз етіледі. Өйткені, бұл кезде бір қатар ғылымның жаңа салаларының одан әрі дамуына жол ашылды. Оның үстіне қоғамдық өмірде түрлі топтар мен таптар арасындағы қайшылықтар шиеленісіп, шегіне жете барды. Мұның бәрі халықтар және олардың түрлі топтарының ой-пікірлері мен көңіл-күйінде өз көрінісін таппай қоймады. Мұны зерделеу Ресей мен шет елдердегі ғалымдардың басты ісіне айналды. Мысалы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Густав Шпеттің 1917 жылы «Психологическое обозрение» деп аталатын журналда мақаласы шықты, ал бұдан 10 жыл өткен соң «Введение в этническую психологию» деген кітабы жарық көрді. Оларда этникалық психологияның міндеттері мен зерзаты сипатталған.

Шпет өзінен бұрынғы психологтар секілді этнопсихология зерзаты– «Халық рухияты», – деп атап көрсетті. Оның пікірінше, бұл ұғымның мәні халық рухының, қауымның басталуын, бастау алуын түсіндірумен анықталады. «Объективті жағдайды, тұрмыстық жағдайды, бұл тұрмыстың өзін, объективті түрде өмір сүретін барлық нәрселерді, – деп жазады Шпет, – тарихи қалыптасқан әр қандай қауым-халық, тап, одақ, шәhар, қыстақ-ауыл және басқалары өзінше қабылдайды, ұғынады, ұнатады, жек көреді, олардың нақты мағынадағы «рухы» яки «характері» нақ сол объективті нәрселерге деген қатынастарында өз көрінісін табады. Ол өзінің шығармаларында этникалық психология ғылымы тілі, әпсана, дін, ахлақ тәрізді мәселелермен шұғылдануы керек деген Вундттың пікірін турадан-тура терістейді. Шпеттің пікірінше, адамдардың рухани қызметінің туындыларын психологиялық жағынан зерделеудің қажеті жоқ, мәселенің түйіні адамдардың өзара қатынастарын, олардың субъективті өмірдегі мәдени өмірге деген саналы және санадан тыс түрде болатын қатынастарын зерттеуде жатыр. Оның пайым-дауынша, құдды тарихтың өзі адамзаттың рухи азап шегуінің себептерін, сондай-ақ «рухияттың» жолын көрсетіп-бағдарлап бере алады.

Демек, әңгіме тарих ғылымының маңыздылығы, олай болса этнопсихологияның күрделі мәселелерін халықтар тарихына жүгінбестен түйсініп-түсінуге болмайтындығы турасында болып отыр. Бұл – өте дұрыс пікір. Біз халықтың тарихынан бейхабар бола тұрып, оның қоғамдық-психологиялық ой үрдістерін зерделеуге талпыныс жасау тастай қараңғыда жол іздеумен пара-пар дер едік. Оның пікірінше, этнопси-хологияның міндеті – халықтардың тарихи дамуының жолдарын, қоғамдық құбылыстардың сыр-себептерін ашып беру емес. «Этнопсихология қауымының бастан кешкен азап-машақаттарын бейнелеп беретін ғылым ретінде өзінің зерттейтін тақырыбының аясын тандап, тауып алуы керек».

В.Вундт, Г.Лебон және Г.Шпет қоғамдық-психологиялық құбылыстардың табиғатын анықтау үшін қоғам дамуының қозғаушы күштері болмыш қоғамдық-экономикалық және саяси факторларға тереңдеуден гөрі, бұқара мен адамдардың психологиялық қатынастарының ерекшеліктеріне үңілу абзал деп көрсетеді. Олар халықтар психологиясының әмбебаптық негізгі белгілерін анықтауға күш жұмсаған болса да, оның келелі мәселелерін ғылыми тұрғыдан дәйекті түрде жүйелеп бере алды деуге болмас. Рас, этнопсихологияның дербес ғылым ретінде өз орнын табуы сол дәуірде қалыптасып келе жатқан этнография, тілтану, фольклортану ғылымдарымен тығыз байланыста еді. Бұл – ғылым салаларының бір-бірінен әлі де болса толық ажырап шықпаған кезі еді. Сондықтан да алғашқы этникалық психологтардың қателері мен әдіснамалық кемшіліктерін сол дәуірдің ерекшеліктерінен іздеу керек болады.

Халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктері нақтылы мәдениеттің табиғаты мен дамуының деңгейіне тікелей байланысты үзеңгілес дүниеге келеді деген тұжырымдар әсіресе XX ғасырда айтыла бастады. Осы тұрғыдағы этнопсихологиялық зерттеу істерінің одан әрі өрістеуіне этнография ғылымында функционализм деп аталған бағыттың өкілдері Э.Тэйлер, Дж.Фрезер сияқты зерттеушілердің еңбектері игі ықпалын тигізеді. Олар өздерінің кітаптарында әңгіме-аңыздар, әдет-ғұрыптар, фольклорлық материалдарды тілге тиек етіп, қарастырумен қатар, рулық қауымдардың құрылымы мен жөн-жоралғыларын да көрсете білген.

Мәдени-психологиялық бағытты ұстанған авторлардың зерттеу жұмыстары XX ғасырдың 20-жылдарында кең құлаш жайды. Сонымен қатар әр түрлі мәдениеттер аясында айқын көрінетін психологиялық айырмашылықтарды анықтау бары-сында сыңаржақтылыққа жол қойылған жәйттер де көзге шалынып қалады. Бұған Л.Леви-Брюлемнің 1933 жылда фашистердің өкімет басына келуіне байланысты «тузем-діктердің» ойлау ерекшеліктерін еуропалықтардың ойлау жүйесіне қарсы қоюға ұмтылысы мысал бола алады. Тіпті базбір ғалымдар нәсілдер мен халықтардың интеллектуалдық қабілеті бірдей деңгейде емес, сол себепті олардың бірі екіншісінен жоғары тұрады деген қорытынды жасаған.

Мұның өзі нәсілдік теорияның авторларына өте қолайлы келді және әсіресе, Алманияда жүзеге асырыла бастады. Немесе бұрынғы КСРО-ның құрамында болған барша үлкенді-кішілі ұлыс-ұлттар «Ұлы» халықтың жәрдемі мен шапағатының арқасында… деп келетін және де кезінде жиі-жиі айтылатын осы сарындас сөздердің астарында жатқан мағына да «аға халықты» жәй ғана дәріптеу емес екендігін ұғыну қиынға соқпаса керек.

Қазіргі заман этнопсихологтарының ұстанған негізгі методтары көркем және мемуарлық шығармаларды, мәдени мұра мен тілді талдаудан және этностардың жекеленген өкілдерінің жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалыстарында байқа-латын өзгеше ерекшеліктерді бақылау арқылы жинақталған материалдарды қорытудан тұрады. Олар өз халқының тарихындағы белгілі бір оқиғаны зерттеуге кіріскенде халықтың этногенезі туралы шежірелер мен аңыз-әпсаналарды, болжамдар мен деректерді, сондай-ақ ұлттық батырлар мен тарихи тұлғалар туралы жыр-дастандарды електен өткізіп, егжей-тегжейлі тексеруге күш жұмсайды; халықтың өзін-өзі тануы мен басқа халықтар жөніндегі тұрақты түсініктеріне зер салады; ірі этникалық топтардың аз санды этникалық топтарға қатынасы, топаралық қатынастар, олардың діндарлық деңгейі сияқты жәйттерді қарастыруға ден қояды екен.

Бұл жерде бұрынғы Кеңес Одағы ғалымдарының этни-калық-мәдени айырмашылықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеп, зерделеудегі жетістіктерін бекерге шығаруға болмайтынын атап өткен жөн. Этнопсихологияның ғылым ретінде аяққа тұрып кетуіне А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский сияқты психологтар ат салысты. Мәселен, Выготскийдің адам психикасының табиғатын жүйелендірілген (системаландырылған) түрде зерттеудің басталуы турасындағы мәдени-тарихи концепциясы ірі психологтардың бірі В.С.Агеевтің сөзімен айтатын болсақ, бүгінгі күнде де қомақты шығармашылық әлеуетін жойған жоқ.

Десек те бұрынғы КСРО-да этнопсихология ғылымының өркендеп, қанат жаюына 1920-1930 жылдары этникалық мәселелермен шұғылданған бір топ психологтардың нәсілшілдік бағытта жазылған шығармаларының кедергі болғанын айта кету керек. Әрине, психикалық процестердің ауқымында олармен біте қайнаса қалыптасқан этникалық-мәдени айырмашылықтардың барлығын мойындаудың өзі турадан тура нәсілшілдік теорияға қызмет етеді деуге болмайды. Әйтсе де шет елдік этнопсихологтардың нәсіл-шілдік және геосаясаттық пиғылда жазылған шығармала-рының ықпалымен бұрынғы

КСРО-да әр түрлі халықтардың этникалық психология-сының өзіне тән ерекшеліктерін зерттеу үрдісі төбе көрсетті. Ал 30-жылдардың орта кезінен бастап ғалымдар этникалық психологияны зерттеу ісін назардан тыс қалдыра бастады. Бұл жағдай ондаған жылдарға созылып, аталмыш ғылымның дамуына кесірін тигізбей қоймады. Бұдан кейінгі жылдарда этнопсихология мәселелерін зерттеуге тарихшылар, фило-софтар, социологтар, демографтар бет бұрды; олар бұл мәселелерді ұлттық мінез-құлық, ұлттық сана-сезіммен байланыстыра қарастырды.

1960 жылдардың екінші жартысынан бастап тікелей мәдениеттер мен психикалық процестердің ықпалымен жүзеге шығатын халықтар арасындағы этникалық айырмашылықтарға қызығушылық ғылыми жамиғат тарапынан арта түсті. Этникалық психологияны, зерттеу мен оның әдіснамалық негіздерінің қалануында В.С.Агеев, С.М.Арутюнян, А.О.Бороноева, Ю.В.Бромлей, А.Х.Гаджиев, А.И.Горячева, А.Ф.Дашдамиров, Н.Д.Джандильдин, С.М.Джунусов, Л.М.Дробижева, И.С.Кон, Н.С.Королев, С.Т.Калтахчян, К.К.Малинауская, А.Н.Суторлин, А.К.Уледов және басқалардың еңбектері үлкен рөл ойнады.

Бұлардан тысқары этнография ғылымының өкілдері тарапынан ХХ ғ. 40 жылдардың ақыры мен 50 жылдардың басынан этникалық жағынан өзін-өзі танумен байланысты және этностың материалдық рухани және мәдени тұрмысының барысында көрінетін этнос психологиясының өзіне тән ерекшеліктерінің әдіснамалық мәселелерін зерттеуде қыруар жұмыстар атқарылды. Бұл ретте В.Н.Мясищев, В.А.Ядов, Р.Я.Розен, Ю.П.Платонов, Л.И.Уманский, Р.С.Немов және Л.Н.Гумилевтардың есімдерін тілге тиек етуге болады.

Этникалық қауымдастықтың психологиялық құрылымын анықтауда Л.И.Уманский тарапынан ұсынылған құрылымдық-параметрикалық тұрғы кәдеге асады. Ол бойынша, ұғымның субъективтік құрылымдық параметрлері мына блоктар төңірегінде түзіліс құраған:

Біріншісі – іс-әрекет субъектісінің бағыттылығы, ұйымшылдығы мен дайындығы;

Екіншісі – сананың интеллектуалдык, эмоционалдық және ерік-жігерлік коммуникабелдігі;

Үшіншісі – топтық субъектінің интегративтік, референттік, жетекшілік белсенділігі және микроклимат.

Бұл сипаттардың этникалық топтар мен қауымдастықтар қатынастары ауқымында іске асатын кісілераралық өзара әрекеттесуінің барысында туындайтын әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың бәріне тән екендігі дәлелденген жәйт. Мысалы, бір ғана бағыттылық қасиетін алатын болсақ, ол топтың субъект тарапынан қабылданған өзара әрекеттесу мақсаттарын, мотивті, құндылық ориентациясы мен топтық қалыптардың құндылықтығын қамтиды. Олардың топтық сананың идеологиялық жақтарын құрайтыны белгілі. Айта кету керек, субъектінің бағдарды ұстануы оның басқа сипаттарын анықтайтын бағыттаушы күш ретінде танылады. Ал, субъектінің ұйымдастырушылдығының әлеуеті оның өзін-өзі басқаруға қабілеттілігін білдіреді; даярлық тобының субъектісі болған мүшелердің әлдеқандай бір өзара әрекетке дайындылығын, оған қажет болған тәжірибе, білім мен ыңғайлылығын қамтиды; интеллектуалдық коммуникативтілік өзара әрекетесуге қатынасушылардың өзара түсінісуін орнықтыруды діттейді; эмоционалдық коммуникативтілікке келетін болсақ, ол топ мүшелерінің арасында болатын байланыстардағы эмоционалдық әлеует пен эмоционалдық бағыттылықты анықтайды.

Р.С.Немов субъектінің әлеуметтік-психологиялық пара-метрлерінің қатарына ұжымдық, топтасушылық, жауап-кершілік, ұйымшылдық, ашықтық, хабардарлық пен контактілікті жатқызса, Журавлев этностың ұжымдық субъект ретіндегі өзара әрекеттесуінің негізі мақсатты бағыттылық, мотивтілік, құрылымдық пен ұйымшылдықта жатыр деп біледі.



Р.С.Немов топтық іс-қарекеттің әсіреқалыптық белсенділігін де көрсетіп берді. Мұның өзі әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан этностардың пассионарлығы мәселесін қарастыруға меңзейді. Этногенез «локомотивін» айқындайтын бұл ұғымды алғаш рет Л.Н.Гумилев қолданған. Автордың атап көрсеткеніндей, «пассионарлық – бұл қоршаған ортаны өзгертуге жететін қабілеттілік немесе физика тілімен айтсақ, ортаның агрегаттық жағдайының инерциясын бұзуға бағытталған ұмтылыс». Адамдардың бойынан табылатын пассионарлық импульсінің көлемі мен масштабтылығының қандай екенін осынау пассионарлық иегерлері тіпті өздерінің іс-қарекеттерінің салдарлары мен зардаптарын аңдай алмай қалатынынан-ақ көруге болады. Демек, пассионарлық күшінің кернеулігі сондай, оны тасушы жанның өзі сол пассионарлықтың нәтижесінде жүзеге келетін іс-қарекеттерін бақылай алмай қалады екен. Осы тұрғыдан этногенездің заңын төмендегіше тұжырымдауға болады: «Этникалық ұжым тарапынан істелінетін жұмыс пассионарлық қуаттың деңгейіне тура про- порционалды болып келеді», мұнда «пассионарлық кернеу – бұл этносты құрайтын персондар санына тура бөлінетін пассионарлықтың саны».

Этностың қайсыбір бағытты ұстануын В.Н.Мясищев ұсынған субъект іс-қарекеті қатынастарының концепциясы негізінде де ұғынуға болады. Оның ерекшелігі мынада: психологиялық мағынада субъект қатынастары оның әлеуметтік тәжірибесіне негізделетін, орта мен уақыттық байланыстармен анықталатын, саналы да белсенді түрде таңдалатын тұтастай алғандағы іс-қызметінен құралады.

Жоғарыда есімдері тілге алынған философ, психолог және этнограф ғалымдардардың ой-ұсыныстары қазіргі заман этнопсихологиясының ғылыми жағынан негізделуіне айтарлықтай әсер етті. Алайда, бұл мәселенің зерттелуінің көп жақтары әлі күнге дейін назардан тыс қалғанына көзді жұмып қарай алмаймыз. Қазіргі кезең-келешекте азаматтық қоғам құруға, Қазақстандық-отаншылдық сезімдерін қалыптастыруға оң көзбен қарап, өткен мұра-тарихымыз, тіл және дінімізді құрмет тұтумен қоса, этникалық тектілікті саналылау-сезінумен өзектес жәйттерді байыпты көзқараспен танып, талдауды да талап етеді.

Ал, өзіміздің туған республикамызда этнопсихологияның аяқ алысына келетін болсақ, жағдайдың онша мәз емес екендігіне оп-оңай-ақ көз жеткізген болар едік. Этнопсихология мәселелерімен айналысушылар бізде аз. Әсіресе, қазақ тілінде бұл салада тартымды ештеңе бұрын-соңды жарияланған емес. Әйтсе де, ауызды құр шөппен сүрте беруді әдетке айналдырған да жөн бола қоймас. Негізінен орыс тілінде болса да жарық көрген ғылыми-зерттеу еңбектер бізде болды. Н.Жанділдиннің, А.Ф.Дашдамировтың, С.Жүнісовтың, Н.Сәрсенбаевтың, М.Сужиковтың, А.Табалдиевтің, С.Дорженовтың тарапынан Қазақстан халықтарының, соның ішінде қазақтардың тұрмысы пайымдалған бірқатар зерттеулер, жүргізілгенін жоққа шығаруға болмайды. Бұлардың еңбектерінде этнопсихологиялық құбылыстар кешенінің эволюциясы, тарихи шарттылықтары, олардың ішкі әрекеттесуі мәселелері социологиялық және философиялық-әдіснамалық деңгейде шешімін тауып, жарық көріп жатты. Тек оларда көтерілген мәселелердің коммунистік идеологияның ыңғайына қарай зерттеліп келгенін айта кету керек. Тек ТМД елдерінде орасан зор масштабта жүргізіліп жатқан қайта құрулар жағдайында ғана ғалымдарымыздың құлашын кең сермеп, еркін ғылыми тұжырымдар жасауына мүмкіндік туды. Қазіргі кезде этностардың психикалық жағынан өзіне тәнділігінің қалыптасуын, мәдениеттері мен психикалық ерекшеліктерінің ішкі байланыстары мен өзара әрекеттесуі мәселелерін қамтитын бірсыпыра мақалалар мен монографиялардың жарық көруі көңілге қуаныш сезімін ұялатады. Жоғарыда солардың кейбіреулеріне ғана қысқаша тоқталып өттік.

Сонымен қорыта айтқанда, этнопсихология ауқымында ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б. таптаурынды болған нормалар мен принциптер, яғни халықтьң жан дүниесі, өзіндік мінез-құлқы, іс-әрекеттерінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп не жоғалып кетпейтін ұлттық бітімі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам психикасынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл – адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтседе арнайы дәл ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, бұлар адам психологиясын жан-жақты ашып беруге жарай бермейді. Мұндай жағдайда тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйену керек. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этногра-фиямен астарласа дамыған этнопсихология дейтін арнаулы ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін т.б.) жемісін, сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерге арқа сүйейді.

Халықтар психологиясын зерттеу ісін ең алдымен шет елдік ғалымдар ХVIII ғасырда қолға алған болатын. Ал орыс ғалымдарының бұл іске шындап кірісуі негізінен XIX ғасырдың екінші жартысына тура келеді. Тұтастай алғанда этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей мен Батыс Еуропа елдерінде (Лацариус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде «халық рухы» сөз тіркесі жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұл жәйт біртуар қазақ ғалымының сол кездегі еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен хабардар болғандығын жақсы байқатады.

2. Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) және оның қазақ психологиясы тарихындағы орны.

Әбу Насыр әл-Фараби — өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның оңтүстік өлкесі сол кездегі үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге IX—X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолында (жібек жолының бойында) орналаскан, ол сондай-ақ өнер-білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп, өскен кезінде көптеген ғүлама ғалымдар шыққан үлкен шаһар болғандығы жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай кұнарлы ортаның себі тигендігіне күмандануға болмайды.

VIII—XII ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тілінде сөйлейтін халықтардың еншісіне тиген еді. Осы кездері Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері Орта Азиядан Индияға, одан сонау Испаниядағы Пиренеи түбегіне дейін араб тіліне сан рет аударылып, көшіріліп, түсіндіріліп жатты. Бұл жайт Орта және Таяу Шығыс елдерінде физика, мате­матика, медицина, химия, астрономия, тағы баска жаратылыс тану ғылымдарының дами түсуіне, бұлар Шығыс фнлософиясы мен мәдениетінің қалыптасуына зор әcep етті. Ғалымдар өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылыктарын тәжірибе жүзінде ашуға талаптанды, олар Платоннан гөрі Аристотель іліміне ден қоюын, оны әрмен қарай дамыта түсті. Ортағасырлық Шығыс философиясында сол кезде басты үш бағыт бол­ды. Мұның біріншісі — ортодокстік ислам (халифаттағы үстем таптардың идеологиясы), екіншісі — неоплатондық ағым (суфизм), үшіншісі — перипатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотельдің жолын қуушылар. Сонғысы қоғамның прогрессивтік топтарының көзкарасын бейнеледі. Осы ағымның өкілдері философиялық маселелерді зерттеуде алдымен табиғаттану заңдарына жүгінді, прогреске катысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздеді. Осы ағымның кернекті өкілдерінің бірі — әл-Фараби болды.

Ол Аристотельдің пантеистік пікірлерін қайта қарастырып, мұның негізінде натуралистік пантеизм деп аталатын ілім жасады. Фараби мұрасын зерттеушілердің айтуынша оның пәлсапалық концепциясы дүниені пангвистік тұрғыдан түсіндіретін «алла тағаланың ақыл-парасаты» дейтін ілімге негізделген. Ұлы ғұлама өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткеңімен, оның еңбектерінде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қорытындылайтын прогрессивтік, материалистік идеялар баршылық. Мәселен, ол дүниенің мәңгілігін мойындап, табиғат кұбылыстарын детер

Түйсік — дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамныц есі мен елесінің сапалы әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына байланысты. Ой­лау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, бұл танымның екінші басқышы, оның ең жоғарғы сатысы. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс, ал тіл болса әр ұлттың, халықтың өзіндік өрнегі. Жаттағаннан түсінген артығырақ, өйткені жаттауда шала түсінікті сөздер көбейіп кетеді, барлық нәрсені жаттап алуға болмайды. Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен қисындар жөнінде талдау жасауға мүмкіндік береді.

Фараби эмоция, сезім процестерін жан қуатының дербес көрінісі деп санамайды. Бұлар психиканың қал­ған түрлеріне бояу береді, оларды қозғалысқа итермелейді. Талпыну, әсерлену қуаты адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұялғанда қызарса, қорыққан кезде сұп-сүр болып, түсі қашады.

Жан куаттары туралы ілімде Фараби адамның ерік-жігер, кажыр-қайратын да жеке процесс ретінде қарастырмайды. Бұларды этика ғылымына- қатысты пікірлерінде жол-жөнекей сөз етеді. Ол ізгі кала адамдарының күшті кажыр-қайраты мен ерік-жігері — рухани касиеттерді калыптастырудың негізгі факторлары дейді. Қылық пен іс-әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетіле түсу, т. б. ерік-жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қоркақтық, дүниеқоңыздық, нәпсіқүмарлық т. б. адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады.

Фараби танымның бірінші басқышы — түйсіктер табиғатын дұрыс түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол береді. Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерімен туып отырады дейді. Бірақ оның түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедегі (жүйкедегі) түрлі бейнелері деуі — ғылыми тұрғыдан өте дәл түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғашкы саңлау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайда болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, кұлақ ауадағы тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай-қайсысы да сыртқы дүниемен байланысқа түсіретін аспап. «Сыртқы нәрселердің,— деп жазды ол, -әсерімен... заттардың образдары пайда болады». Көру түйсігі көзден шыққан шырақтың нәтижесі, кезге зат әсер етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін Платон пікірімен Фараби келіспейді. Қараңғыда зат та, оның (бояуы да анық көрінбейді,— деп жазды ол,— көзге сырттан күшті әсер келіп түскенде ғана адамда түйсік пайда болады. Бұл жерде ғұлама психологияның іргелі теориялық қисыны «бейнелеу теориясының» төңірегінде сөз қозғап отыр. Ол психикалық процестердің (жан куаттарының) бәрінде (тек түйсіктену ғана емес).— Қ. Ж.) дене мүшелершде болып жататын белгілі бір материалдық, физиологиялық құбылыстармен байла­нысты қарайды.

Фараби жан қуатының басты түрлеріне сипаттама бере келіп, психологияның бұдан басқа да іргелі проблемалары жөнінде сөз козғайды. Мәселен, ол психиканың қалайша дамып жетілетіндігі жайлы мәселеге де ерекше мән береді. Жан — айрықша сапада тұрған қасиет. Жануар мен адамның тән құрылысының өзгешелігіне карай олардың жан қуаттары да өзгеше болады. Материалдық элементтердің қосындысынан (ыстық, суық, дымқыл, құрғак) жануар психикасы түзілген. Осы элементтердің ең жоғарғы косындысынан барып адам психикасы пайда болған. Адам — жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануардан негізгі, айырмашылығы ақыл-парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі кәсіппен айналысуы. Адам қоғамнан, түрлі топтардан тыс өмір сүре алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында өтеді. Жеке адам өзінің тілек талпынысымен, мұң-мұқтажын жеке жүріп канағаттандыра алмайды. Сондықтан ол баска адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Өйткені, жеке жүрген адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды.

Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып, жетілетіндігі жөнінде де кызғылықты пікірлер кеп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мүньщ бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана кұрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Кісінің адамгершілік, имандылық касиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесіиен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге акылды, не акылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді. Мұның бәрі де жүре пайда болады.


Жоғарыда айтқанымыздай, этнопсихология қарастыратын психологиялық жәйттер фольклор мен ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол ұшырасады. Мәселен, қазақ халқының аңыз-әпсана әңгімелерінде, батырлық, эпос жырларында, ертегілері мен салт-сана жырларында, айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адамның (жас, ересек, әйел, ер, қария, т.б.) жан жүйесінің небір түрлері (ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік-жігер, мінез, т.б.) әр қырынан көрініп жатады.


  1. Мақал-мәтелдер — халық психологиясының айнасы


Мақал - мәтелдер әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медициналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.Мақал мен мәтелге бай халықтардың бірі – қазақ халқы. Қазақ мақалдары ХІХ ғасырда–ақ Еуропа халықтарына мәлім бола бастаған. Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты. “Мақалды тудырушы – еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазынасы”, — дейді атақты қазақ тіл ғылымының белгілі профессор Мәлік Ғабдуллин. Халықтың мақалдары мен мәтелдерін жинауда, зерттеуде, Ш.Уалиханов, В. Радлов, А.В. Васильев, П.М. Мелиоранский, Ә. Дибаев, Ө.Тұрманжанов, С. Аманжолов секілді ғалымдардың еңбегі зор.

Бүкіл халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын колданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпактан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық таным, еңбек, дене тәрбиесі, т.б. нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан-дүниесі, өзіндік мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдін желісі.

Психологияның мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады. Бұларда – халықтық өмір туралы сан-алуан пайым-байқауларының, ойға түйгендерінің нақты да дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген. Әрине, осынау халық даналығында шындықты бейнелейтін, білім-іліммен қатар қоршалған орта жөнінде, әсіресе әлеуметтік өмірдің кейбір жақтары туралы жекеленген жаңсақ ойлар да жоқ емес. Бірақ осыған қарамастан бұлар халықтық дүние-танымының, күрделі де даму қайшылық процестерін негізінен дұрыс көрсетеді. Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы өзіше түйіндейді. Сондықтан да ол ғылыми бақылаудан өзінің кездейсоқтығымен арнайы ұйымдастырылып, жоспарланбауымен өзгешеленеді. Алайда өмірде жиі қайталанатын сансыз бақылау күнделікті тәжірибенің өлшемі ретінде қорытыла келе психологиялық ойдың мәйегіне айналады.Диалектикалық пікір таластың, ақиқат білімнің алғашқы көріністері де мақал-мәтелдерде мол кездеседі.

Ұлттық дәстүр мен салт-сананын адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология — адамдардың коғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам міңез-кұлқының, көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтсе де, арнайы әділ ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, бүлар адам психологиясын жан-жақты ажыратуға жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен сабақтас дамыған этнопси­хология дейтін арнаулы ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, дін, т. б.) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі деп есептейді. Этнопси­хология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лаца-риус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уалиханов еді. Оның енбектерінде «халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі.. Мұны «халықтық психология» үғымының синонимі деуге болады. Бұл жәйт біртуар казақ ғалымының сол кездегі еуропалық этнопсихологтардың енбектерінен хабардар болғандығын жақсы байқатады.

Жоғарыда айтқанымыздай, этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мәселен, казак, халқының аңыз-әпсана әңгімелерінде, батырлық, эпостарында, ертектері мен салт-сана жырларында, айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адамның (жас, еркек, әйел, ер, қария т. б.) жан-жүйесінің не бір түрлері (ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік-жігер) әр қырынан керініп жатады. Осынау жан қуаттарының ішінде адамның ойлау (ой) деп аталалтын процесі де жиі көрініс тауып отырады. Ойлау — бұл сұраққа жауап беру кандай болмасын бір мәселені шешумен көрінетін күрделі жан қуаты. Оның бірнеше түрі бар. Сонын бірі — продуктивтік деп аталады. Ол адамға бұрын-соңды сыры белгісіз, тың мәселелерді шешуде орын алып отырады. Тың мәселелерді шешуде ой жүйелі болуы тиіс. Продуктивтік ой айтыс, жұмбақ ше­шуде ерекше байқалады. Мәселен, Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы терең ойланып-толғанудың жемісі. Ондағы «Темірден салбыраған иегі бар, сабағы бірі қолда, бірі белде» дейтін Сапарғалидың жұмбағын Нұржан: «Бұл аттың жүгені, тізгіні колда, шылбыры белде» деп шешеді. Осы жұмбақты құрастырушыда да, оның шешуін тапқап кісіде де күрделі продукті ой орын алып отырғаны хақ.

Продукті ойлау айтыс өнерінің кез-келген түрінде, әсіресе ұзақ жырмен сөз жарыстыруда ерекше көрінеді. Бұған 1910 жылы Ақмешітте Қанлы Жүсіп пен Кете Жүсіптердің айтыстарын жатқызуға болады. Айтыста көтеріліп отырған мәселенің мазмұнына ғана емес, оның ұйқасына, сөз саптауына, өрнекті сөзбен мәнерлеп жеткізуіне ерекше мән беріледі. Айтысқа түсушілер кейде бірін-бірі сөзбен қағытып, мінеп сынаудан да бастайды. Бұл тәсіл тек әріптесін мұқатып, кекету үшін ғапа емес, сонымен қатар қарсыласының тұйықтан, қиыпшылықтан кұтылу жолдарын іздестіруіне кедергі жасап, оның айтайын деп отырған дәлелді жауантарынан жаңылдыру үшін де қолданылады. Бұл, әрине, қарсы жақтың жағдайын ауырлатып, тұтқиылдан жауап табуды қиындатады. Мұндайда айтыскер «Қалай деп жауап қайтарсам екен, ол қандай жауап айтар екен»,— деп қатты ойланады. Айтыстың қандай түрі болмасын (жұмбақ айтысы, қыз бен жігіт, акындар айтысы, т. б.) жан-жақты ойлап-толғануды, ерекше тақырыпты, керемет айла-корлықты кажет етеді. Айтыскерлер сөзім жұртқа қаншалықты әсер етер екен деп, әр сөзін «жеті рет өлшеп, бір рет пішкендей» алдын-ала болжап кұрастыруға тыртысады, орамды, ұшкыр, кең сыңшыл сөйлемдерді сұрыптап, олардың ішінен әрі дәлелді, әрі салмақты, салиқалы дегендерін іріктеп алады. Өйткені бұлардың аузынан шыққан әрбір сөз «мірдің оғындай» әбден іріктеліп, ой елегінен өткен «қыска да болса нұсқа», «тайға таңба баскандай» ой түйіндері болып келуі шарт.

Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады. Бұларда — халықтық өмір туралы сан-алуан пайым-байқауларының, ойға түйгендерінің нақты да дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген. Әрине, осынау халық даналығында шындықты бейнелейтін, білім-іліммен қатар қоршалған орта жөнінде, әсіресе әлеуметтік өмірдің кейбір жактары туралы жекелеген жаңсақ ойлар да жоқ емес. Бірақ осыған қарамастан бұлар халықтық дүние-танымның, күрделі де қайшылықты даму процестерін негізінен дұрыс көрсетеді. Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетінің себебін тікелей бакылау арқылы өзінше түйіндейді. Сондықтан да олар ғылыми бақылаудан өзінің кездейсоқтығымен, арнайы ұйымдастырылып, жоспарланбауымен өзгешеленеді. Алайда өмірде жиі кайталанатын сансыз бақылау күнделікті тәжірибенің өлшемі ретінде корытыла келе, психологиялық ойдың мәйегіне айналады. Диалектикалық пікір таластың, ақиқат білімнің алғашқы көріністері де мақал-мәтелдерде мол. Көшпелілердің сонау ерте дәуірден-ақ бүларды көп біліп әрі оны ақылымен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының кезіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық кызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады. Мәселен, жоғарыда айтқанымыздай, айтыс ақыны өз ойын орынды келтірілген мақалмен көркемдеп шегелей түссе, тыңдаушылар оны өте мәнді дәлел (аргумент) ретінде қабылдайтын. Бүл орайда оның қарсыласы да мақалға жүгінетін. Ал, мұны нақты жағдайға сәйкес өз орнымен қолдана алмаған кісінің ой-өрісі онша жетілмеген жанның катарына қосылатын. Мақал-мәтелмен нәрленген ой сенімді, нанымды саналатын. Осынау ел-жұрт даналығында тек халықтық пспхологиялық білімдер ғана көрініс таппай, бұларда коғамдық-саяси, фнлософиялық, тәліми ойлармен катар мінез-құлық нормалары да кездесетіндігі даусыз.

Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мүғалімнің, кітап пен баспасөздің кызметін алмастырды. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, күлкіге айналдырды. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды. Бұлардың бала тәрбиесіндегі орны да айрықша еді. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медициналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды.

Бала ұғымына лайықты пайдалы кеңестерде айналадағы дүние мен адамның өзара карым-қатынасын әр қырынан қамтыған сан алуан ақпараттар аз болмайтын. Мұнда оқу мен еңбек, ойын мен өнер, сондай-ақ адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б. үлгі-өнерлер бала санасына біртіндеп құйыла беретін. Сондықтан да мақал-мәтелдер қай халық болмасын ілкі психологиялық түсінігі болды, оларда қазіргі жалпы педагогикалық жас ерекшелік, медицина, музыка, спорт, қоғамдық психология деректерімен астарлас нақты іс тәжірибеге негізделген қызықты идеялар топтасқаны хақ. Қазақ макалдары адамның ішкі жан-дүниесіне терең бойлай кісінің қарым-қатынасын аша түсуде өнеге мектебі дерлік. Мәселен, халық ұғымында акылдылық баға жетпес қазына. Бұл туралы халық: «Түйедей бойың болғанша, оймақтай ойың болсын», «Ақыл озбайды, білім тозбайды» дейді. Акыл-білім, тәжірибе, тәлім тәрбиенің нәр алатын бастауы. Демек әрбір адам, тіпті күнделікті күйбең тіршілігінде де істі ақылға салып отырмаса бол майды, онсыз мақсатқа жету қиын. Алдағы іс-әрекеттің нәтижелілігін болжау да ақылға байланысты. Мақалдар сөзді салмақтап, ойлана айтуға үйретеді. («Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле», «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі»). Халық даналығы бөспе сөз бен мылжыңдықты ұнатпай, ондайларды өткір сынға алған («Құрғақ сөз бас ауыртар», «Көп сөз күміс, аз сөз алтын». «Қысыр сөзде қырсық көп», т. б.). Осы айтылғандардың бәрі-бәрі ақыл ой мен зерделіліктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын мензейді.

Жалпы, бейнелі сөз, шешендік өнерге құрмет о бастан-ақ қазақ психологиясына тән сипат. Ш. Уәлиханов «Қазақ шешендікке құмар, ол сөз өнерін, әсіресе әзіл-ысқақты қатты сүйеді»,— деп тегін айтпаған.

Адамның жан-дүиесінің тілдегі көрінісі, яғни ой шындығының сөз арқылы көрінуі де мақал-мәтелдерде кеңінен бейнеленген. Сөз — күшті, қуатты, құдіретті кару. «Сөз өнері — дертпен тең». Халқымыз ойға олақ, сөзге шолақ жанды әжуалап, аз сөйлеп, көп ойлап, логикаға жүгініп отыру қажеттігін ерекше ескерткен. Мәселен, тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Шешеннің тілі — шебердің бізі», «Жүйелі сөз жүйесін табар», т. б. мысалдар, сөз құдіретінің психологиялык астары қандай болатының жақсы аңғартады. Сөйтіп, шебер де шешен сөйлей білу адамның асыл қасиеттерінің бірі болып, кісіге психологиялық әсер етудің ерекше тәсілі болып табылған.

Мақал-мәтелдер қоғамдық ой-сананың қалыптасу кезеңдерінен көптеген соны мәлімет береді. Адам акыл-ойының дамуында оқу, білім мен тәжірибенің атқаратын ролі зор. Мына төмендегі мақалдар: «Қөп жасаған білмейді, көпті көрген біледі», «Оқу — оқу түбі тоқу», «Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі», «Білімнен асар байлық жоқ», «Көре-көре көсем болады, сейлей-сөйлей шешен болады», т. б. осы айтылған түйіннің куәсі іспеттес. Халқымыз окудың табанды еңбек пен маңдай терді төгумен ғана миға қонатының жақсы түсінген («Оқу инемен құдық қазғандай»). Өйткені оқу табысты болу үшін ынта мен ерік-жігер, ынтызарлық пен құмарлық қажет («Шыдамды еңбек алғыр ой, Анық досың біліп қой», «ЬІқылас пен ынтымақ, бітер іске болсын тап», т.б.).

Мақал-мәтелдерде адамның жан қуаттарының бұлардан басқа да толып жатқан жақтары бейнеленген. Бұларды психологиялық тақырып тұрғысынан төмендегіше топтастыруға болады: 1. Психологияның жалпы мәселелері: а) жан қуаттары, олардың ортақ қасиеттері тура­лы түсінік; ә) өскен орта және тұқым қуалаушылықтың жан кұбылыстарына әсері; б) психиканың қалыпта-суындағы енбек, тәжірибе және практиканың ролі; в) ойын, оқу, өнер, еңбек, бұлардың сана-сезімді дамытудағы ролі, т. б. 2) Сезім мүшелерінің (көз, қүлақ, т. б.) танымда алатын орны. 3) Тіл мен сөйлеу, бұлардың тіршілік пен қарым-қатынастағы ролі. 4) Ақыл және ес. 5) Арман мен қиял. 6) Адам эмоциясы мен сезімдері (қорқыныш пен үрей, қайғы мен қуаныш, махаббат пен жек көру, шындық пен өтірік, достық пен жолдастык, т. б. 7) Қажыр-кайрат пен бос белбеу, жүрексіздік. 8) Кісінің жеке-дара ерекшеліктері (мінез, қызығушылық, бейімділік, қабілет, талғам, мұрат, т. б.). 9) Түрлі топ өкілдерінің (еркек, әйел, ата-ана, бала-шаға, туыс, жек-жат-жұрат, әкім, т. б.) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. 10) Әртүрлі жас мөлшерінің (бала, жасөспірім, ересек, кәмелет, қария, т. б.) психологиялық сипаттары. Ал, кәрілік шақтын рухани (мол тәжірибе, тоқталған ақыл, ескі әдеттің үстемдігі, кінәмшілдік, ұмытшақтық, т. б.) және тән (көз бен құлақтың әлсіреуі, тістің түсуі, бел бүгіліп, қозғалыстың нашарлауы, шаштың ағаруы, әжімнің көбеюі, т. б.) белгілерін саралаған халыктық пайымдар өз алдына бір төбе. Осы айтылғанға «Көңіл қартаймас, көз қартаяр», «Кәрі білгенді, пері білмейді», «Сақалға ақ түсті, көңілге дақ түсті», «Көп жасаған кембенің үстінен шығады» деген тәрізді ма­қал-мәтелдер жақсы айғақ.

Мақал-мәтелдерде адамның ес, жан қуаттары жөнінде де аз айтылмаған. Бұлардың ғылыми психологиямен тамаша ұштасып жатуы таңқаларлық. Мәселен, біреу көзбен көру, екінші біреу құлақпен, үшінші адам козғалыс мүшелерінің қатысуымен, ал төртінші біреу бұларды араластыра есте сақтайтындығын, біреу тез арада есте сақтай алатын болса, екінші біреу бұған ұзақ уақыт машықтанатының халық даналығы жақсы көрсеткен. Әрине, жалаң еске сақтаумен адам алысқа бара алмайды, ол өз есін, оның баска қасиеттерімен (беріктік, нақтылық, реакция шапшаңдығы, т. б.) ұштастырғанда ғана бағалы болмақ. Бұл айтқанды «Ақпа кұлакка айтсаң, ағып кетеді, құйма күлаққа айтсаң, қағып алады», «Оқығаныңа мәз болма, тоқығаныда мәз бол», т. б. мақалдар жақсы қуаттайды. Немесе, қарт адам жуырда ғана оқыған, естіген, көрген нәрселерін тез ұмытады, бұл естің әлсіреуіне әкеледі. Осыны «Ер қартайса — жаңылшақ» деген дана сөз де нақтылай тус­се, оқығанды миға тоқу да қайталаудың маңызы зор екенін, «бұрынғыны айтпай, соңғысы еске түспейді», «көз көруге, ққлақ естуге тоймайды» дейтін мақалдар қуаттайды. Ал сын көзімен қабылдау естің дамуына елеулі ықпал ететіндігін «Өз қатесін көрмеген, кісі қатесін сезбейді» деп түйіндейді. Есте сақтау да, еске түсіру де материалдың эмоциялық әсерімен байланысты болатындығын, жақсы, шапағаты мол мәселелерді есте мықтап сақтауға меңзейтін мақал-мәтелдер де баршылық. Мақалдарда адамның есте сақтау қабілетіне айрықша баға беріледі, ақылдылық жоғары дәріптеледі.

Мақал-мәтелдерде адам танымының өзге жақтары туралы да кызғылықты ойлар аз емес. Мәселен, арман мен қиялдың адам өміріндегі орны жайында «армаңы жоқ жігіттің дәрмені жоқ» десе, сезім мен ойдың байланысы туралы «аузы күйген үріп ішеді», ал ерік-жігер жөнінде «Таланты бала талпынған құстай, құмары қан-бас аспанға ұшпай», әдет пен дағды туралы «Ауру калса да әдет қалмайды», құмарлық, бейімділік жайында жақсыға жақсы әуес», «Саусағы ұзын биші болар» дейді.

Адам баласы әр түрлі жағдайда тәрбиенің әр алуан әсерінде болып, ар салада қызмет етеді. Осы фактордың бәрі оның жан-дүниесінің қалыптасуында елеулі із қалдырады. Кісі оқу, іздену, тәрбиелену арқылы өзін өзі сомдайды. «Қөре-көре көсем болар, сөйлей-сейлей шешен болар», «Адам туа білмейді, жүре біледі» деу осы айтылғанның дерегі. Халық даналығында адамнын моральдық-психологиялық ерекшеліктері жай көрініс таппай, оны қалыптастырудың жолдары да сөз болған, бұларды қалайша тәрбиелеуге болатындығы жайлы Түйіндер де айтылады. Мақал-мәтелдерден патриоттық, ерлік, достық, жолдастық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, махаббат, сүйіспеншілік, ұстамдылық, шыдамдылық, қайраттылық, табандылык, т. б. осы іспеттес кісілік қасиеттер жайлы насихат көп ұшырасады. Адам бойындағы жалқаулық («Жүмыссыз жастың жүргені сөкет»), ұшкарылыктылық, тағатсыздық («Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», мақтаншақ, сараңдык, жағымпаздық, т. б. жағымсыз қасиеттерден жирентіп, жақсы мінез-кұлық қалыптастыруда енбектің орны ерекше қастерленеді. «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық», «Жігіттің күшіне қарама, ісіне қара», «Жігіт түсімен емес, ісімен әдемі», т.б., т. с). Мақал-мәтелдерде көшпелі қауым түсінігіндегі өнегелі түлғаңың тұрпаты да сомдалған.

Жас ұрпақты жағымды мінез-құлыққа тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерімен қатар, ұстаз, тәлімгерлерге бағышталған мақал-мәтелдер де бір тебе. Баланың алғашқы тәрбиешісі — ата-анасы. Олар ез ақыл, білім, жақсы мінез-құлқымен, қысқасы бар болмыс-бейнесімен баласына үлгі болуға тиіс. «Ұстазы жақсының ұстамы жақ­сы», «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» «Әке балаға сыншы», т.б. «Адам туа жаман емес, жүре жаман» дейтін мақалдар мінез сипаттары туа бітпей, ортаның ықпалымен бірте-бірте қалыптасады, деген ойды ұктырады. Егер адамды жақсы жағдайда дұрыс тәрбиелесе, оның жақсы қасиеттерге ие болатыны даусыз. Керісінше, жаман тәрбие жағымсыз қасиетті бойға дарытады. «Баланың тентек болмағы үйінен» деу осыған меңзейді. Кісіліктің калыптасуында туа біткен қасиеттің де белгілі дәрежеде із калдыратыны халық даналығынан қалыс қалмаған. («Саусағы ұзын биші болар, кұлағы ұзын күйші болар»). Орта, тәрбие және туыстан берілетін касиеттің аракатынасы да мақалдарда дұрыс көрсетілген. Бірақ халық түсінігінде адам дамуындағы жетекші роль тума қасиетке емес, жүре бара қалыптасатын тәрбиеге тән. («Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, атасын айтса нанғысыз», т. б.) Осы іспеттес әр түрлі психологиялық штрихтардан халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық психология көріністері жақсы аңғарылып тұр. Көшпелі халыққа тән имандылық, ілтипаттық, жанашырлық, сезімталдық, балажандылық, қонақжайлылық, т. б. тура­лы тамаша түйіндер («Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер», «Қонақтық алтынын алма, алғысын ал») мен дана сөздер қомақты тақырыптарының бірі. Жақсы, жаман болу тәрбиенің, оқу-білімнің нәтижесі. Әрине, адамның нақты іс-әрекетінің, тыныс-тіршілігінің әсері ерекше маңызды. Қабілет жұрттың бәріне де тән қасиет. Әркім түйсік, ес, ойлау, зейін, қызығу, т. б. арқылы жанын жетілдіре алады, мүлде қабілетсіз, икемсіз адам болмайды. Жан қуатымен сананың қалыптасуында білім, шеберлік, икем, дағды зор роль атқарады. Үнемі өзін өзі тәрбиелеумен шұғылданған адам ғана өз қабілетін жетілдіре алмақ. Өз кемшілігін біліп, жағымсыз қасиеттерден арылу адамның өз қолында.


4. Қазақ ғұламаларының педагогикалық психологиядағы орны.

Көптеген жылдар бойы 1946 жылға дейін жеке дара психология кафедрасы болған жоқ.. Оның жоқтығы психолог мамандардың жетіспеушілігінен болды. Бірақ мұнда өзіндік жақсы жақтары болды. Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының психология кафедрасының қалануында Халел Досмұхамедов ,Салкен Балаубаев,Төлеген Тажібаев т.б сияқты керемет оқымыстылар тұрды.

20-жылдардың аяғында атақты физиолог нобел премиясының лауриаты академик И.П Павловтың лекциясын тыңдаған Санкт Петербург әскери медециналық академиясының түлегі профессор Халел Досмұхамбетов педология кафедрасын басқарды. Ол академияны алтын медальмен бітіргеннен кейін (1909ж) Ресейдегі әскерей бөлімшеде тәжірибелі медецинамен айналысады Революциядан кейін түгелдей ғылымипедогогиколық психологияға көшеді.

Кафедрада сол жылдары Досмұхамбетовтан басқа пофессор Автухов, доцент Белковский , Кеп-лер ,Ситдыков тағы басқалар жұмыс істеді .

30-жылдардың басында педогогика ж/е психология кафедрасын Н.К Круп атындағы Комунистік тәрбиелеу академиясы асперантурасының түлегі профессор Ш.Альжанов басқарды. Ол педогогикалық және даму психологиясы жөнінде зерттеу жасап, балалардың ойлануының,есте сақтау жөніндегі сұрақтар жайлы ғылыми еңбектерін шығарды. А.Б Заменинда педология профессорының кітабын Балаубаевпен бірігіп аударды.Психология ғылымында Қазақстан кадрлар дайындауда Балаубаевпен Қожахметовтың еңбектері ерекше орын алады.Қожахметов педогогикалық психолиямен ,педогогика тарихымен айналысты.Ол «Вопросы педагогики», «О воспитани сознателной дисцеплине школников» монографияларын жарыққа шығарды. Балаубаев САГУ-дің педагогика факултетінің деканы, педагогика-психология доценті болып жұмыс жасады. Ол, қазақ балаларының даму жағдайына психологиялық зерттеу жасап, кітап жазды. Ол Барановпен бірге «Вопросы конструирование национального теста», «Комплектование школьных групп», «Трудные дети» деген мақалалар жазды,педология және педагогика жалпы көптеген кітаптарды қазақ тіліне аударды.

20-ғасырдың 30-жылдары Қазақтар үшін қайғылы болғаны белгілі 1932-1933 жылдары ашаршылық Сталиндік репрессия қазақ ұлтының жартысының (2млн адам) өмірін әкетті.Бірінші болып қазақ интелегенциясы түсті.Репрессия құрбаны болып Халел Досмұхамбетов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Салкен Балаубаев т.б болды.Олардың ішінен Балаубаев қана аман қалды. Сталидік лагерден ол жиырма жылдан кейін отанына оралды. Қатігез лагердегі өмір қайратты адамның жанын сындырды.Өмірінің соңғы жылдарында ҚарМУ-да педагогика және психология кафедрасында жұмыс жасады.Темірбековпен бірлесіп бірнеше психологиялық жұмыс, студентерге психология оқулығын жазды. Балаубаев кафедра ішнде аспирантура ұйымдастырып, бірнеше ғылым кандидаттарын даярлады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ҚазПИ ұстаздары психолгтары әр жерге шақырылды.

1946-жылдың тамызында Қаз ССР министірі бұйрығымен жеке өзіндік психология кафедрасы құрылды,оның алғашқы жетекшісі болып профессор И.Л.Стычкин болды. Қазіргі кафедра мамандары және асперанттары жастар болды. Оның көбі ғылым кандидаттары болды.(Темірбаев,А.М Невский,А.П Панов, П.Ф Павлюк,А.Асылбеков)

ХХ ғ. 50-90 жылдарындағы Қазақстандағы психологиялық публикациялар.

1967 жылы доцент М.Мұқанов басқарды. М.Мұқанов екі тілді қазақ, орыс негізгі психологиялық зерттеу жұмыстарын жақсы атқарды.

1965-1967 жылдары алматыда екі ғылыми конференция ұйымдастырылды. Ол психологиялық мәселелерді бағдарламалар арқылы оқыту болып табылды. Оқытушылар бірінші барлық конференцияны Мәскеудегі оқытуымен жұмыс жасады.

60-80 жылдары мәселемен кафедра зерттеу жасады. Әр түрлі Қазақ этносының жетілуінің еркшелінің психлогиясы зерттелді.

1980ж М.Муқанов АНССР психолгиясы НИИ «Исследование расудков история этнического аспекта» тақырыбында факторлық дисертация қорғады. Өзінен кейін Қазақстанда психология жайлы ғылыми 10-кітап және 200 ғылыми мақалалар қалдырды. Республикада этникалық психология негізінде көптеген еңбектер жазды.Ол көптеген жас психолгтар, ғылым кандидаттарын даярлады.

М.Мұқанов қайтыс болғаннан кейін кафедраны доцент Шабельников басқарды. 1989 жылы ол психологиядан ғылыми дисертация қорғады. «Формиравание быстрой мысли», «Психика как функциональное система» деген ғылым әлемінде жақсы бағаланған монографияларын шығарады. Оның аспиранттары М.О. Малаев, Бердібаева педагогика және психология жайлы маңызды мәселелер туралы кондидаттық дисертация қорғады.

Соңғы жылдары кафедраны С.Т. Бусырманова басқарды оның қызығушылығы алты жасар балаларды оқуға даярлау және психологиялық медика-физиологиялық ерекшеліктерін зерттеді. Ол ғылыми мақала және жалпы психология және педагогикалық әдістемелік құрал даярлады. Абай атындағы АМУ-де екі кафедраға бөлінді(біреуі жалпы университеттік,екіншісі факультеттік). Онда 42 адам жұмыс жасады. Оның ішінде 3 профессор (оның біреуі психология ғылымының докторы) 12 доцент және ғылым кондидаты, 8 аға ұстаздар, 12 ізденушілер, 2 жаттығушы зерттеушілер олар 10 шақты монография және оқу құралын жарыққа шығарды. Онымен қоса (1996) психология оқу құралы қазақ тілінде шығарды. Көптеген жылдар бойы Қазақстанның педогогикалық жоғарғы оқу орындарының кафедра ұстаздарына кандидаттық дисертация қорғау ,ғылыми монографияларды ,оқу әдістемелік құралдарды шығару өзіндік дәстүрге айналды.2000жылы Абай атындағы АМУ-де психология және қисын кафедрасын қосып әлеуметтік педогогика кафедрасы болып қалыптасты.

Психология ғылым мамандарын даярлаудағы алғашқы қадамдар. Қазақстанда қорғалған психологиялық дисертациялар

Республикадағы психология ғылымының жетілдер 40-жылдағы ғылыми ұйымдастырылған жылдарға пара-пар болды.

Біз алдымызға сол жылдардағы ғылыми дисертацияларға баға беруді мақсат етеміз.бірақ сол жылдарағы психологиялық зерттеулерге таңдамалы түрде қысқаша тоқтала кету керек.Сол жылдардағы маңызды мәселе екінші тілді меңгеру болды.Қазақ мектептерінде орыс тілінде калыптастыру.Ондай алғашқы дисертация 1952-жылы психология фкаультетінде аға ұстаздар «О Формиравани русского речи учашихся начальных классов казахской школы».Дисертанттың ойынша орыс тілінен қазақ тіліне аудару салыстырмалық түрде жасалуы. Сонда баланың ойлау қабілеті және сөйлеуі орыс сөздерін қазақ тіліне түгелдей сөлемді түсіне алады. Сонда ғана қазақ баласы орыс тілін түсінеді. Е.Суфиевтің диссертация тақырыбында көптеген мақалалар және бір манография шығарылды.

Моральдық еркіндік мінез қалыптастыру патриоттық сегіз диссертациялық зерттеудің Темірбеков пен Асылбековтың тақырыбы болды. Асылбеков өзінің «Формирование приложение у учащихся» атты тақырыбындағы жұмысында психологиялық жоспарды дәлелдеп адам ынтасы жайлы мағлұмат береді. Автор адамның мынадай еңбекқор,мақсатшыл,ұқыптылық,ұйымдастырушы-лық, күрескерлік ынтасының қалыптасуына әсер етеді деп санайды. Бір сөзбен айтқанда ынта-тұлғаның бір ғана мінезінің бөлігі емес ол әртүрлі мінездер бөлігінің жиынтығы.

50-60 жылдары қазақ психологиясында М.М. Мұқановтың «Совет жауынгерлерінің психологиялық мінез ерекшеліктері»(профессор Тажибаевтың басқаруы бойынша1941-1945ж. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлері жайлы деректерге сүйене отырып жазылған), А.М.Невскойдың «Формирование исторических понятий у учащихся 5-6 классов»(ғылыми жетекшісі –пофессор И.Л Стычкин), Г.Ф.Повлюктің «Психологический анализ выполнения учащимся 5-6 классов домашних заданий»( ғылыми жетекшісі пофессор И.Л Стычкин), Қ.Рахиммбековтың «Некоторые вопросы развития содержания восоздающего воображения при чтени картоматериала» (ғылыми жетекші доцент И.М.Мұ-қанов) және тағы басқалардың дисертациялық зерттеулері қорғалды.

Барлық аталған кандидаттық дисертацияларда сол жылдары Қазақстандық білім беретін орта мектептерде берілген сұраныстары есепке алынған.

Жеке психологтя салаларының құрылуы және даму қарқыны

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Қазақстанда Ресейдегі және СНГ-нің басқа мемлекеттері сияқты соғыс жылдарынан кейін психологияның жеке бөлімдері дами бастап, көбінесе тәжірибеге бағытталды. Тіпті соғысқа дейін педагогика психологиясының жеке бөлімдері республикада қалыптаса бастады. Мамандардың жетіспеушілігінен психологияның калыптаспал бөлімдері пайда болды. Кейінгі жылдары жеке қалыптаспалы психология бөлімдері ақырындап дами бастады. Мысалы: Құқықтық және соттық психологиясының жұмыс жасауда аса қажетілігі жоқ дейді,өйткені 60-70жылдардың басында психологиялық сұрақ жауапты психологиялық іздестірулер жайлы жарияланды.

Мұнда ерекше Г.Допулованың зерттеулерін «Психология показания свидетелей ипотерпеших»,»психология допроса на предворительном расследовании»1976, «Информация в уголовным поцессе»1981, «Психологи допроса в уголовным процессе»1996 және тағы басқа манаграфия реттерін атап өту қажет.

Жақында шыққан «Психология предворитель-ного расследования» кітабында автор өзінң Қазақстанда сот орындарында және покуратурада істегеніне сүйеніп іс жүзінде жүргізілген зерттеулерді психологиялық мәселелерді жазады.Психологиялық мінездеме тергеушінің жеке мінездеме сипатталып мазмұдалады .Онда тергеуге психологиялық мінездеме береді,оған жұмыстың анқтылы ісіне,қиын жағдайға үйренуіне көмектеседі.

Нүрпейсовтың «Құқықтық жүріс тұрыс психологиясы»(1984) мақаласында құқықтық норма және құқықтық қатынасқа көзқарасты реттейді. Бұл аймақта пофессор У.С Джекебаев тың жұмыс жасайды.

Айтылған еңбектер құқық қорғау органдарын даярлайтын құқық факультеттерінің сұранысына жауап берді.Сол жылдары жалпы құқықты психоло-гиядан кешкі,сыртқы,күндізгі бөлім студенттеріне курстар және семинарлар жүргізілді.1984 жылы Алматыда Қаз МУ-да бүкіл союздік криминалистер және сот психолгтарына жиналыс өткізілді.Онда психология және құқықтану бөлімдеріне қарым-қатынас және құқықтық психология заты,табиғаты жайлы сұрақтар араластырылып қойылды. Конференциядағы материалдар жеке кітап болып шығарылды.

Соңғы он жылдықта Қазақстанда психологияның басқада бөлімдері бойынша көптеген мәселелерді қарастырды. Жалпы психлогияны Д Дүйсенбек,Л Руденко т.б медициналық И Сапарова т.б,спорттық В Сопов т.б,социологиялық психологияны Фелифоров,Ш Қайроллаева т.б зеттеушілер бол-ды.Жиырмадан астам кандидаттық дисертация жал-пы психология және тарихынан мамандар қорғады. Психология бағытында үш бағытпен жұмыс жасалын-ды. Респуликамыздың психолгтарымен екінші тілді үйрену мәселесі жайлы үлкен жетістіктерге жетті. М.Мұқановпен оның әріптестерінің этнопсихология-лық ойлану және сөйлесу пікірі ерекше орын алды. 20-60жылдар арлығында әлеуметтік психологияның жеке мәселелерін қазақстандық психолгтар зерттей бастады.1965 жылы профессор Сарсембаевтың «Обюычай и традициив развитии» атты монографиясы шықты. Әртүрлі әлеуметтік психологиялық сұрақтарға Б.Амантаевтың , Т.Джумагазинаның, Корячкинаның Косирбаевтың, сураеваның зерттеулері арналған.

Қазақстанда жанұялық қарым-қатынас,топпен шешім қабылдау сияқты әлеуметтік психологияәлсіз дамуда.

1945жылдың наурызында Қазақстанда алғаш рет дене щынықтыру сияқты оқу орнында спорт психологиясы оқытылады. Осыдан бастап Қазақстандағы дене шынықтыру институттары жалпы дене шынықтыру психологиясы ғылыми жұмыстары, конференциялары жинақтық кітап болып жарыққа шықты. 60-шы жылдары қазақстандық спорт психологиясы өзіндік жаңа бағыт ала бастады. Бұл жұмыстарға спорт психологтары өз үлестерін қосты.

Спортцмендердің әртүрлі жағдайларда болуы олардың жарысқа қатысқан және әртүрлі қиын жағдайларға қалыптасуына психологтар терең үңілді.

50-60 жылдары Қазақстан спорт психологтарының негізгі факторлары уақытында психологиялық әдістердің жетіспеушілігі жиі болды. 1976ж. психофизиологиялық жайлы әдістер қорытындылар шығарылды.

1972-1976ж. аралығында спорт психологиясының жете дамуын Қазақстан бастан өткізбеді. Жоғары денешынықтыру оқу орындарының дамуына сапалы жұмыстың жақсаруы әсер етті. Қазақстандық спорт психологтары спорткомитеттің психодиогностикасымен бірігуіне әкелді. Біріншіден спортцмендердің және жаттықтырушылардың жеке ерекшеліктері зерттелді. Бұл жұмыстардан әртүрлі тесттермен психологиялық әдістер, тематикалық тесттер пайдаланылды. Ол сұрақ жауаптар Айзеннің екінші бағытта психикалық стреспен психикалық жағдайлар қарастырылды. Б.К.Каратаев, Таранька, Бисенбаева, Корожанов, функциональды жүйесін қарастырды, онда балалар және жасөспірімдер қиын жағдайда өздерін қалай жеңе білуі туралы қарастырылған. Үшінші бағыт психологиялық жағдайдың қалыптасуы, психологиялық тұрақтылық жайлы қарастырды. (Роман.А.С. Синоменко.В.И. Дехтер.О.В. және т.б.) Соповтың «Влияние индивидуальных особенности личности о методов психилогического воздействия на психическое состояние» атты диссертациясын зерттеу жұмысы 1976-1977жылғы олимпиядалық чемпионаттарға дайындауға көп үлесін қосты. Қазақстандық спорт психологтарының жоғарғы дәрежедегі ғылми зерттеулері үлкен ғылыми жиындарда, мерекелерде, елімізде және шетелдерде қатысуға үлкен үлес қосты.

Қазақстандық спорт психологтарының даму кезеңі 1976-85 жылдары спортцмендердің әртүрлі комондалары жоспарлы тәжірибелермен қамтамассыз етілді. Қызықты ғылыми зерттеулер және тәжірибелік жұмыстар Семей технологиялық институтының кофедрасында денешынықтырудан өткізілді. Бұл кафедра ішінде денешынықтыру психологиясынан және спорттың көлемді сұрақтары шешілді.

Қазақстан психологтарының үлкен жетістігі болып СССР-дің жеке оқу мамандарының ғылыми топтарының жеңіл отлетика жиындарында шақырылу болып табылды.

Б.Б.Литвичук әлі күнге дейін «Қайрат» футбол командасының психологиялық баяндамаларын даярлайды.

Кейінгі онжылдықта (1990-2001) жылсайын ғылыми-теориялық конференциялар, семинарлар, тақырыптық оқылымдар әртүрлі қазақ психологиясымен педагогикасының мәселелері жайлы өткізілді.

Кейінгі жылдары медециналық психология Қазақстанда өсіп келеді, оның кейбір мәселелері спорт психологиясына қатысы бар.

Медециналық психология – психологиялық ғылымның жас бөлігі.

Психика материяның үлкен бір бөлігі ретінде, адам миының медециналық психологиясын, психологияның факторын, аурудың ағымын қарап адамдарды жазылу барысында түгелдей қарастырады. Олар, теориялық және тәжірйбелік жоспармен психикалық ауру жолдарын шешеді.

Медециналық психология екі негізгі аймаққа бөлінеді: біріншісі психологияны жүйке психикалық ауруларда қолдану, екінші аймағы соматикалық процесс, клиникадағы аурулардың негізгі мәселесі соматикалық аурулар болып табылады.

Соңғы онжылдықта терең дамып келе жатқан, алғашқы медециналық психология болып табылады. Екінші аймағы, табиғат және механизмдік соматика психикалық процесстің жетіспеушілігінен пайда болды. Қазіргі кезде осы мәселе аймағында медециналық психологтар бірігіп, физиологтар, дәрігерлер, биологтар үлкен күш салып шешуде.

Медициналық психологиаға Қазақстанда 50-жылдарда ғана көңіл бөліне бастады. Осы бөлімдегі алғашқы А.М Свядощаның «Неврозы и их лечение»,атты 1959 жылы шыққан монографиясы болды. Бұл кітапта А.М Свядощ психологиялық шалдығу , адамның әртүрлі психикалық ауытқулар, көптеген қиындықтары темпераменттің әсер ету, дұрыс тәрбиеленбегенге байланысты адам дамуы жайы погонезбен неврозды ашып дәлелдеп айтады. Сядощаның көптеген «Методическое пособие по технике самовнушение», «Психологические методы исследования в клинике» тағы басқа еңбектері үлкен рөл атқарды.

Медициналық ғылымның Қазақстанда үлкен болашағы бар. Бір ғана ғылым доктарында мыңдай ғылым кандидаты бар. Бұл ғылыми зерттеу бағытындағы үлкен жетістік. Мұны тек медицина психологиясы ғана емес, басқа да психология салалары бар. Мұнда зерттеулерді жалғыз оқымыстылар ғана жүргізеді. Олар саусақпен санарлықтай. Медициналық психология профессор психолг Р.Илешованы қызықтырды. Оған жас өспірімдердің жүрісі, қылығы жайлы сұрақтар туралы еңбектері тұрады. 1994 жылы «Санат» баспасында «Медицина психология» оқу әдістемелік құралдарды психолг, студент-медиктерге пайдалануға шығарды. Оның бірінші психологиялық жұмысы қазақ тілінде болды. Әрине мұндай кітаптар жеткілікті болатын.

90 жылдары Ресейде басқа әдіспен құрылған, басқа әдіске арналған альтернативті оқу құралдары шыға бастады. Оларға бірінші кезекте В.И.Слободчикова және Е.И.Исаеваның «Психология человека» атты кітабы жатады. Онда адамның тұрмыстық көзқарасы толықтай ашылады. Қазақстандық психологтар психологияның даму кезеңінде оқулықтың синтетикалық қолдану әдісінде өз пікірлерін айтуда. Қазақ кітаптары 20-шы жылдардың басында ғана шыққанын біз ескертеміз, және олардың авторлары Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев болды. Қазақ психология кітаптарының дамуы және құрылуы кең көлемде болды.

Алпыс жылдай осы кітаптарға тыйым салынып келді, себебі авторлар халық жауы болып саналды, тек 80-ші жылдардың соңында ғана олардан «кінә» алынып әдебиеттер өз оқырмандарын тапты. Сондықтан қазақ оқымандары және студенттері психологиядан аудармалы кітаптарды қолданды. Осындай кітаптардың бірі болып К.Н.Корниловтың оқу құралы болды(оның аудармасын 1948ж. жасаған доцент А.Ситдыков болды.). Сол жылы профессор Б.М.Тепловтың орта мектептерге арналған психология кітабының аудармасы шығады. Бірақ та осы аудармаларда көптеген қателіктер болды. Бұнда К.Н.Корниловтың аудармасы ерекше зардап шекті.

50-ші жылдары К.Н.Корнилов пен Б.М.Тепловтың кітаптары оқырмандарын жоғалта бастады. Оның себебі, өйткені оқулықтың ішінде қызығатын ештеңе болмады.

Содан 1962жылдан бастап әртүрлі ұлттық оқулықтар белгілі бір себеппен шығарылуын тоқтатты. Бұған педагогикалық институттардың, университеттердің және училищелердің студенттері наразылық білдірді. Сонымен қатар бұл жайт ауыл мектептеріндегі орысша аз білетін ұстаздарға қиынға соқты.

1962ж. диссертация авторы «психология» атты кітабын шығарады(оқулық 1500 экз.). Бұл кітаптың шығу жолында көптеген қиыншылықтар болды.

Диссертация авторы қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруда біраз тәжірибесі болды. Оның 1962ж. шыққан «психология» кітабы үздік болып саналды.

1994ж. Жарықбаев.К.Б. «психология» оқулығын жоғарғы оқу орындарына оқулық ретінде басылымға береді(Алматы: Білім, 1994, 271бет.). Кітап, 5 бөлімнен, 17 тараудан, 78 парагрофтен тұрды. «Психологияның жалпы сырақтары» деген бөлімде «зат, әдіс, тапсырма, психологияның маңызы», «ми және психикика», «психологияның дамуы және пайда болуы» және т.б. Мұнда аймақтық тақырыптар, қазақ тіліндегі туындылар, этнопсихология және тарихи психологиялар жайлы айтылған. «Тұлға және іс-әрекет» атты екінші бөлімде әртүрлі психологиялық аспектілердің ерекшелігін және іс-әрекетін қарастырады(мақсат, іс-қимыл, функциональды структура ерекшклігі және т.с.с.).

«Таным процесі» деген жалпы үшінші бөлімде философиялық және психологиялық аспект арқылы сезінуді және қабылдауды, назар және ес, ойластыру, сөйлеу және қарым-қатынас жайлы қарастырады.

Кітаптың төртінші бөлімінде (Тұлғаның эмоциональді бостандық ортасы) психологияға байланысты әртүрлі жағдайларды қарастырады. Мұнда жоғары табиғи сезіммен кең эмоциональді процестер талқыланды.

Соңғы бесінші бөлімде тұлғаның индивидуальді-психологиялық анализін қарастырады(темперамент, мінез, мүмкіндік.)

Кітап психологиялық бақылауларға және әртүрлі эксперименттеріне, негізгі өмір қортындыларына бай, оның көпшілігі мектеп өмірінен және классикалық қазақ әдебиеттерінен алынды. Осылардың ішінде қазақ әдебиетшілерінің туындылары (50 атау), қазақ ойшылдарының керемет идеялары(А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов және т.б.) әрине осылардың барлығы кітаптың сапасына үлкен әсерін тигізді.Әрине, қай басылым болмасын, бірсыпыра қателіктер болды. Кейбір қазақша терминдер күдік тудырды. Автор кітапты қайта басуға ұсыныс берді.

Қазақстанда психологиялық әдебиеттердің 300-ден астам тізімі жарыққа шықты(1992/2001). Осы кітаптарға көп еңбегі сіңген жазушылар, мыналар: Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Н.Итбаев, А.Алдамұратов, Қ.Рахимбеков, Ж.Намазбаев, Х.Шерезданов және т.б.

Психологияның ғылыми басылымы

Қазақстандық оқулықтардың қортындысынан кейін, соңғы 50 жылдағы басылымдар жайлы біраз айта кетсек(ХХІғ.50ж. соңынан бастап). Бұл жерде профессор Т.Т.Тәжібаевтің «К.Д.Ушинскидің Психология және педогогикалық психологиясы»(Алматы 1948ж. 204б.) кітабы туралы айта кеткен жөн. Бұл Қазақстандағы ең алғашқы үлкен зерттеу болып табылады. Кітап қортындыны санамағанда 4 үлкен бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім автор үшін үлкен жауапты қажет етеді. Ушинскидің «Педогогикалық антрапологияның ерекшеліктерін» зерттеді. Үшінші бөлімінде Ушинскидің психология жүйесіне орыс педагогының үлкен еңбегінде мазмұндама береді. Ал төртінші бөлігінде антропология сияқты кең дамыған психологиядан бастау алатын жерде автор Ушинскидің көзқарасымен даму және оқыту, психологиялық функцияны оқыту прцесінде дамыту мәселесін дамытады. Тажибаевтың зерттеулері К.Д Ушинскидің «Педогогикалық антропология»-на байланысты жұмысының кең көлемімен, құжаттарының жүйелілігімен назар аударуға лайқ болып табылады.

Елдегі жетекщі психолгтар Тажибаевтың кітабын жоғары бағалады. А.П.Н СССР профессор Б.Г Ананьев « Тажибаев алғаш рет Ушинскидің педогогикалық психология негізін түгелдей, анық, үлкен махаббатпен зерттеді»- деп жазады. Тажибаев-тың зерттеулерін өзінің отаны Қазақстанда да жоғары бағалаған профессор Лемберг «Орыс педогогика тарихына арналған ғылыми жұмыстардың ішінде бірінші орын алатын Тажибаетың Ушинский туралы зерттеулері»-деп жазған. Т.Тажибаев Ушинский ой-пікірі жайлы еңбектері қазақ студенттері мен ұстаздарына кеңінен тарады. Соғысқа дейін оның «Ученый записок» Қазақ педогогикалық институтында орыс педого жайлы басымдар басылған. Біраз уақыт өткеннен кейін «Халық мұғалімі» қазақ тілінде Ушинскидің психология жүйесіне арналған мақалалар басылым бетіне түсе бастады. Т.Т.Тажибаев зерттеулері республикалық мектептері сол жылдардағы оқыту және тәрбиелеудің жалпы мәселер жайлы қажет етті. Бұл мәселемен Қазақстанда шығарылған жалпы бағыттағы психология педогогикалық Совет Союзде ойлардың қалыптасуы және дамуы жұмысы болып табылады.1950-1970 жылдары М.М муканов психология әдебиеттерін шығғаруда көп еңбек етті, соның арқасында профессор және психология ғылымының докторы болды. Ол отыз жылдан астам уақыт этнопсихология, тарихи психология, психолингвистика, жоспарланған сабақтар және әскери психология төңірегінде зерттеулер жүргізді. Оның қолынан шыққан кітаптар мыналар: «Мозг и психика»(Алматы,1956), «Терминологическое пособие по психологии»(Алматы,1957), «Наблюдение и мышление»(Алматы,1959), «Воспитание внимания школьников»(Алматы,1960), «Индивидуальный подход к учащимся»(Алматы,1961), «Очерки педогогической психологии»(Алматы,1962), «Загадочные явления человеческой психики»(Алматы,1964), «Психологические аспекты программированного обучения»(Алматы,1966), «Мышление в сфере этно-лингвопсихологии»(Алматы,1971), «Основные идеи и понятия прогроммированного обучения»(Алматы,1973), «Мышление и интеллект»(Алматы,1980), «Возростная и педагогическая психология»(Алматы,1982) және т.б.

Енді осыларға өзіміздің пікірімізді айта кетсек. «Наблюдение и мышление»(1959) бұл қазақ тіліндегі ең алғашқы монографиялық кітап болып табылады және ол адамның творчествасын оятады. Профессор М.М.Мұқанов көшпенді қазақтар арасындағы «ақыл» деген түсінікке кеңінен тоқталады. Осы түсінік қазіргі кезде көптеген өзгерістерге ұшырады. Қандай да оқулық болмасын қателіксіз болмайды.

«Очерками педагогической психологии»(1962), деген еңбегінде қазақ мекткптеріндегі оқу-тәрбиелеу жұмыстарын зерттеуді қолға алады. Бұл кітап қазақ оқырмандарының арасында кең таралды.

1980ж. «Қазақстан» баспасында автордың НИИ психология АН СССР диссертациясында қорғалған «Мышление и интеллект» монографиясы басылып шықты. Төменірек осы кітаптың тарихи мазмұнына тоқталамыз.

«Снятия» диалектика категориясынан бөлек М.М.Мұқанов адамдардың ойлау қабілетін инвариантты және өзгермелі деп бөлді. Ол, инвариант және өзгерменің филогенезде диалектикалық орын алатынын айтты: тұрақтылық өзгерменің арқасында пайда болады, содан жаңа қалыпқа әсер ететін жүріс факторы пайда болады.

М.М.Мұқановтың зерттеулері бойынша бұрынғы адамдармен қазіргі адамдардың түсініктерінің арасында біраз айырмашылықтар бар.

Сонымен қатар М.М.Мұқанов ішкі жан дүниені дамыту үшін әртүрлі жұмбақтар шешуді қарастырған. М.М.Мұқановтың экспериментті зерттеулер барысында адамның ойлау қабілетін дамытудың бірден бір жолы ол мәтін деп шешті.

1971ж. Н.Жандилдин «Природа национальной психологии»(Алматы:Қазақстан) монографиясын басып шығарады, бұл кеңестік кездегі шыққан Қазақстандағы ең алғашқы кітап болды. Ол сол кездегі маркстік көзқараспен жазылған. Н.Жандилдин барлық шетел буржуазиялық этнопсихологияға қарсы болады, оларды абстракты деп санап барлық жаңа буржуазиялық этнопсихология, империалистерде жатыр дейді. Бұл кітап Қазақстан этнопсихология тарихына түгелдей кіреді(42).

Республика болғаннан кейін осы жұмыстар жайында басқа да монографиялар жарыққа шыға бастады. Бұл К.Жукештің жұмысы «Ұлттық психологияның сипаты» болды. Бұл жұмыс 7 бөлімнен, 27 параграфтан тұрды. Оның тақырыптары: «ұлттық психологияға түсінік», оны үйренудегі негізгі принцип», «ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар», «ұлттық психологияның структурасы», «ұлттық мінез және оның қалыптасу жолы», «өзін-өзі тану және сезіну», «ұлттық тіл және оның психологиясы», «мәнгүрт психологиясы» және т.б.(96).

Автор көптеген мысалдар келтіріп оқырмандарды белгілі бір сұрақтар төңірегінде дискуссиялық пікірталастар жүргізеді. Ол «этнопсихология» терминіне біраз ғана тоқталады. Этнопсихология жеке ғылым болып табылады деген пікір айтады.

1996ж. «Қазақстан» баспаханасында К.Б.Жарықбаевтың «История казахской психологии»(Алматы.159б.) кітабы шығады, және ол Қазақстандағы психология тарихы аймағындағы оның көп жылдық еңбегінің қортындысы болып табылады. Кітап 5 бөлімнен, 22 параграфтан тұрады.

Автор өзінің еңбегінде қазақ елінің психологиясының сонау хандық құрылғаннан бастап осы күнгіге дейінгі даму тарихын зерттейді. Сонымен қатар автор қазақ психологиясының түп тамыры сонау ғасырлардан басталатынын айта кетеді. Оның пайда болуымен қалыптасуы жергілікті салт-дәстүрлердің ықпалынан. Монографияда қазақ елінің психологиясының дамуын этнопсихологиялық ойлардан және жыраулардан байқауға болатыны айтылған. Автор, туған табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаның сұлулығына деген сүйіспеншілікті осы ортағасыр ақын жырауларының еңбектерінен көреміз (О.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати, Қ.Жалайри, Асан-Қайғы жырау, Бұқар-жырау және т.б.).

Сонымен қатар автор «халықаралық психология», этнопсихология» деген терминдерге тереңірек тоқталып және ұғымға жаңа терминдер енгізеді.(«көшпенділер психологиясы», «билер және шешендер психологиясы», «жыраулар психологиясы», «ақсақалдар психологиясы», «салт-дәстүр психологиясы» және т.б.)

Автордың айтуы бойынша 17ғ. соңымен 19ғ. басында ғана қазақ психологиясы ашық суреттеледі.Бұл кезең қазақ психологиясында екі тенденцияға бөлінеді: педагогика және психология. Бұл екі психологиялық ойлардың негізгі бағыты адамдарды жаңа білімге баулу және Қазақстан Республикасының психологиялық білімінің алғашқы қдамы болып табылады.

Монографияның екінші және үшінші бөлімі 20ғ. Қазақстанның психологиялық ғылымын зерттеуге арналған. Бұл жерде 20ғ. екінші жартысындағы Сталиндік репрессия жылдарындағы ғалымдардың психологиялық зерттеулері жайында айтылған. Автор бұларға үлкен құрметпен қарап психологиялық тұрғыда баға береді.

Айтарлықтай ғылым тарихын зерттеу оңай жұмыс емес. Ал, көшпелі халықтың психологиясының пайда болуымен даму тарихын жазу тіпті қиынға соғады. Психологиялық ойлардың тарихын қортындылау , ол дегеніміз ғасырлар бойғы адамдардың көзқарасын, ойларын аргументті көрсету болып табылады. Автор қазақтардың жандүниесінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын айқын көрсетеді.

Қ.Б.Жарықбаевтің монографиясы Қазақстандағы психологияның және этнопсихологияның тарихы және теориясы аймағында теоретикалық зерттеулер жүргізеді.

5. Қазақтың қазіргі жағдайы немесе ұлттық психология туралы.

Орта ғасырларда Ресейде алғаш рет болған шетелдіктер, орыстардың мінез-құл­қы туралы көптеген деректер жазып қалдырған. Ондағы мәліметтердің кейбірі әлі де өзекті. Мәселен мұндағы «Орыстар бөгде тілді үйренуге бейім емес. Тіпті, өзара әңгімелескенде де ешқашан өзге тілді араластырмайды» де­ген сөздерден, еліміздегі орыс ағайындардың қазақ тілін неге үйренгісі келмейтінін білуге болатындай. Мүмкін, ана тілін білмейтін немесе үйренуге ұмтылмайтын өз қандастарымыздың қылығын да ұлттың бойындағы осындай мінез ерекшелігінен көру керек шығар? Төмендегі материалда орыстар туралы жазған шетелдіктердің қысқа пікірлері ғана қамтылды. Мұны біз орыс пен қазақтың ұлттық мінезін ажыратып, білу үшін келтіріп отырмыз.

Қазір, біз өмір сүріп отырған қоғамда, Қазақ мүддесіне атүсті қарайтын жаман әдет қалыптасты. «Айғайлай-айғайлай қас­қырдан да ұят болды» деген екен баяғыда біреу. Тіл, дін мен ділдің қазіргі күйін ашына жазған Қазақтілді ақпарат құралдарының материалдарына бұқара бұрыңғыдай елеңдемейтін болды. Жұртты немқұрайлылық басып барады. Шетелден келетіндердің Қазақстаннан  Ре­сей­дің әлдебір губерниясына келіп-кет­кендей әсермен қайтатыны осыдан. Ұлтты ұйыстыруы тиіс зиялылар мен шенеуніктерден де жұрт аталы сөз естуді қойды. Себебі, олардың өзі кейінгі жылдары ұлттық мүддеге үрке қарайтын «ау­ру» тауып алды. Тілге, дінге қатысты дү­ние­лерді талап ете қалсаң, «ойбай Қазақ­станда жүздеген ұлт тұрады. Олар­дың көңіліне де қарау керек» деген дү­бәра жауап аласың. Өстіп, ұлттық мүдде десе ат тонын ала қашатын әлемдегі ең көңілшек шенеуніктерді қалыптастырдық. Тіл демекші, кейінгі кездері мемлекеттік тілдің өркендемей жатқанын орыстардан көретіндер көп. Билік бейқам болған соң, орекеңдерді кінәлай беру де жөнсіз. Талап күшейіп, барлығына мемлекеттік тілді білу міндеттелсе ғана республикадағы диаспора атаулы заңның бұйырғанына еріксіз мойынсұнады. Дегенмен, еліміздегі тілдік ахуалды қалыптастыруда орыс тілділердің өзіндік ықпалға ие екені рас.  Олардың мемлекеттік тілді үйренбей жатқанын немесе оны меңгеруге талпынбай отыр­ғанын ұлттық психологиядан да көруге болады. Мәселен, өркениетті Еуропа орыстардың мінез ерекшеліктеріне бая­ғыда назар аударған. Төмендегі жазбаларда орта ғасырларда, Ресейде алғаш рет болған шетелдіктердің ондағы жергілікті халықтың менталитеті туралы жазып қалдырған қызықты деректері берілді. Оларды бір ұлтты кемсіту, тұқырту мақсатында емес, ескі сана-cезімді қазіргі оймен бағалау, салыстырмалы түрде бағам­дау үшін жариялауды жөн көрдік.  

1549 жылы Ресейде дипломатиялық қызмет атқарған Австриялық Сигизмунд Герберштейн біздің Құдай қос­қан көршіміз туралы деп жазыпты:

«Орыс патшасы өзіне қарасты тұрғын­дарды қалай билесе, дін өкілдеріне де со­лайша әмір жүргізеді. Патша не істесе де, олар оған құдайдың қалауын жет­кізуші ретінде бойұсынады. Әлде­бір тұтқынның мәселесі сөз болса, әл­­бет­те «Құдай қаласа, босайды» деп жауап қайтарылады. Егер, біреу өзі біле бермейтін нәрсе жәйлі сұраса немесе күмәнді жәйтті білгісі келсе, оған көбіне «Ол Құдай мен ұлы патшаға ғана мәлім» деп жауап беріледі. Орыстардың адам түсіне бермейтін мінезі көп.  Кейде осындай қотиын, бірбеткей мінезді халық тиран-патшаға шынымен де мұқтаж шығар, я болмаса бұлар патшаның қатігездігінен осындай қатал мінезді болып қалыптасқан болар деген ой келеді. Соғыста да, олар асығып, тобыр болып шабуыл жасайды да, қарсыластарына лайықты тұрыстық бере алмайды. Тұрыстық берген күннің өзінде де тығылып келіп тұтқиылдан тиеді.  Жер бетінде осындай қатал өмірге бейімделген халық әсте жоқ шығар. Мен бір орыстың, егер, ұрып-соқпайтын болса, еркіндікке қарағанда түрмедегі өмір әлдеқайда көңілді дегенін естідім. Себебі, түрмеде тамақ дайын. Ал, бостандықта тамақ табу үшін оларға бейнеттенуге тура келеді. Мұнда тұрмыстары адам төзгісіз кедейлер өте көп. Мен олардың тұздалған балық пен балықтың өзге түрлерін қалай қорек еткенін көрдім. Олар иістенген балықты бұдан артық қандай жақсы тамақ болуы мүмкін деп тамсана жейді. Орыстар  ырымшылдыққа жақын грек заңымен ғұмыр кешеді. Орыс шіркеулерінде мүсін атаулы кездеспейді.  Барлығы сурет түрінде бейнеленген. Орыстар олардың құдіретіне пұтқа табынғандай көзсіз сенеді. Олар бізді жарым-жартылай християн санап, өздерін күнәсіз сәбилердей сезінеді. Орыстар бөгде тілді үйренуге бейім емес. Тіпті, өзара әңгімелескенде де ешқашан өзге тілді араластырмайды. Шіркеулерінде ғибадат орыс тілінде жүреді.  Пірәдарлары қасиетті кітапты оқып жатқанда, былайғы жұрт өзара күбірлесумен болады. Оның сөзін ешкім тыңдамайды. Себебі, түсін­бейді. Ал, құлшылықтың соңында шір­­кеу қызметкерлеріне қосыла «Господи помилуй» деп жамырап кетеді». Алғашқы орыс ел­шілігін Англияға апара жатқан кезде қаза тапқан әрі Солтүстік Двина ар­қы­­лы Ресейге жол ашқан ағылшын ке­ме флотының басшысы Ричард Ченс­лер, 1553 жылы ресейліктер туралы:

«Олар өз әйелдерін басқа жұрттардай құр­меттемейді. Әйтеуір, құлдарға қа­ра­ғанда тәуірлеу қарайды. Мансапты Мәскеуліктер өз әйелдерін қатты қызғанады. Оларды той-томалаққа жібермейді. Тіпті шіркеудің өзіне әзер босатады. Әйелдерінің жатжерліктерге ықыласы күшті. Жылы сөйлеп, жақсы­лап сұрасаңыз, сізбен тар төсегін бөлі­суге әркез дайын. Мәскеудегі Венеция се­на­тының елшісі Марко Фоскарино (1557 жылы жазылған) бұл жөнінде, «олар ішкілікке құмар. Тіпті кейде қат­ты сілтеп жіберіп өзара жанжалдасатын және арақтың әсерінен үйлерге өрт қоятын кездері жиі болып тұрады», – деп жазған. 

Мәскеудегі жатжұрттықтардан құралған ротаның командирі Француз Жак Маржерет те 1607 жылы жергілікті халықпен танысқаннан кейінгі әсерін «Орыстардың рухани деңгейіне, әдет-ғұрыптары мен өмір салтына көз жіберсеңіз – олар­ды варварларға жатқызудан басқа амалыңыз қалмайды. Ақыл жағына келер болсақ,орыстар шынымен де  тапқыр әрі ұрымтал болып келеді. Бірақ, олар ақылдарын жақсы іс пен өнегелі өмір сүруге жұмсамайды. Пайда көру мен біреуге жағуға жақындау. Олар екі­жүзді, бірбеткей, ұятсыз әрі барлық  жаман әдетке үйір келеді. Құқықтың орнына күшке жүгінуге бейім. Олардың тапқырлығы мен әккілігі әсіресе сауда-саттықта жақсы байқалады. Жақынын алдау үшін қулық пен екіжүзділіктің небір түріне барады. Ал, оларды алда­ғысы келген адам міндетті түрде асқан әккі болуы керек. Шындықтан қашып, өті­рікке жиі жүгінетіндіктен олар бәріне күдікпен қарайды. Оларда өздерін алдағандарды барынша мақтап, шебер деп танитын әдет бар» деп қағаз бетіне түсіріпті. Төмендегі, келесі деректе тұтқынға түскен швед армиясының полк діндары Генрих Седебергтің 1718 жылы жазған естелігі берілді. Ол: «Орыс негізінен барлық істе табиғи ақылымен дараланады. Олардың көбісі шешен  болып келеді. Кез келген шаруада оның өзіне пайдалы тұсын ғана екшеп алатын әбжілдігі бар. Қатардағы орыс шетелдіктермен істес болса бас пайдасы мен жат жұрттықтарға қалай жақсы көріну жағын ойлайды. Байқампаз, адамның іштегі есебіне көз жүгірте білетін олар, қарсыласының осал тұсын аңғарса асқан шеберлікпен оны өз мақсатына пайдалана қояды. Бәлкім, Қы­тайлардан кейін орыстардан өзге адамға соншалықты құрмет білдіретін жұрт жоқ шығар. Қатардағы азамат өзімен теңдесін кезіктірсе де бас иіп, іл­типатпен елпектеп жатады. Мұндай әдетті олар бұрыңғы жеңімпаздары мен қожайындары, Алтын орданың татарларынан тапқан болуы керек» дейді.
Ресейдегі француз дипломаты Мари Даниэль Корберон 1777 жылы орыстардың мінез ерекшеліктері мен олардың өмір салтына тоқтала келе былайша сөз түйіндеген екен: «Ресейде өмір жақсаратынына сен­ген адам қатты қателеседі». Бұл пі­кір-тұжырымдар әр ғасыр, әр түрлі жағдайларда айтылған. Оларға қосы­луға да, қосылмауға болады. Бірақ, басы ашық бір жай, жоғарыдағы айтыл­ған жайлар арқылы ұлт мінезін және менталитетін көруге болады.

Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі

Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.

Жалпы, бүкіл халық ұстанатын тә­лім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эсте­тикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни, белгілі бір этностың, жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоға­лып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөл­шерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Ол сонымен бірге, адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйт­се де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен эт­нос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда, біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.

Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психология­сын, сана-сезімін көрсететін негізгі өл­шемдер деп есептейді. Ол жеке ғылым ре­тінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек, Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пай­да болды. Қазақ топырағында, бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопси­хологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.

Қазақтың ұлттық мінезі, оның кейбір ерекшеліктері

Бұл – өте күрделі, әлі де толық зертте­ліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние» дейді.
Ға­­­сыр­лар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас, жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән -мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеруі; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; жаудан беті қайтпау;  сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, Құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б). Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым, көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру – тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналады. Осы айтқанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «Өнерді үйрен де, жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым» сияқты бесаспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, әр адам­ның қадір-қасиеті, оның жасына, жол -жоралғысына, әлеуметтік ортадан ала­тын орнына қарай белгіленіп отырады. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өс­кен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай, көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптауырындар (сте­реотип) кең өріс алды. Әрине, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт» дейтін болды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси-экономикалық өзге­рістер халқымыздың баға жетпес рухани   байлықтары: тіл мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қол­өнері, киім-кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б.) байланысты небір  асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс-бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине, еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында, осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр, жөн-жо­сық, жол-жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айырылған, «қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз. Жеріміздің ұланғайыр кеңдігі мен мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын -сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жет­кізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы. Әрине, патшалық отарлау мен большевиктік империялық саясат тудырған ұнамсыз қасиеттердің біразы бізде қазір де баршылық. Қанымызға әбден «сіңіп» жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық пен күншілдік, арызқойлық пен жалақорлық, бой­күйездік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық, т.б. осы секілді келең­сіз қасиеттер әлі күнге дейін алды­­мызға оралып, заман талабына бейім­делуге бөгет болып отыр. Әсіресе, Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге дінсіздік, спирттік ішімдікке әуестік, келеңсіз тіршілікке құмарлық, бақталастық, т.б. (бұлар бұрын-соңды қазақтың түсіне де кірмеген мерез қа­сиеттер еді) осы сияқты жағымсыз қа­сиет­­тер келіп қосылды. Бізде, бұдан басқа еліктеп-солықтаулар (батысшылдық, ермелік, еліктеушілік, желөкпелік, т.б.) жетіп артылады. Бұл жәйт еңсемізді кө­­тертпей, құлдық психологияның шыр­мауынан шығуға кесірін тигізіп-ақ келе жатқанын естен шығармауымыз қажет.

Қазақ халқы сонау есте жоқ ескі заманнан өзінің қадір-қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, бүған шаң жуытпай, өз үрпағын ауыздандырып і келген ел. Сондықтан да казіргі үрпақ осынау үлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан түтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленулері тиіс.

Төменде қазақтың үлттық мінез бітістерінің кейбір   жақтарына сипаттама беріліп отыр.



Отансуйгішт ік

Халқымыз кір жуып, кіндік кескен атамекенін аялап, елінің тілі мен мәдениетін, әдебиеті мен тарихын, біртуар аяулы перзенттерін мақтан түтып, қадірлеп-қастерлеуді үрпағына аманат еткен.

Бізде қай жүзге жататыныңды, қай рудан екеніңді білу ес жиып, есейгеннің белгісіндей дей отыра, мүның түпкі мақсат-мүраты біреу, ол - ынтымақты ел болуға бағытталған. Ер-азамат үшін туған халқын жан-тәнімен сүю, оның шаруашылығы мен мәдениетінің өркендеп, көркеюіне бар күш-жігерімен білімін, еңбегін жүмсап, үлес қосу перзенттік парыз болған. Қаз дауысты Қазыбек би: "Алтын үяң - Отан қымбат... туып - өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат"-деп тебіренген ғой. Қазақ елі — біздің Отанымыз, атамекеніміз, қастерлеп келе жатқан туған жеріміз. Осы жерді жан-тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар да ең алдымен қазақ халқы, оның сендердей ізбасарлары. Қаршадайынан өз отбасын, әкесі мен шешесін, бауырлары мен туған-туысқандарын қастерлеп, қадір түтқан адам  есейе келе туған халқы мен ел-жүртын, атамекенін шын көңілмен сүйетін болады. Өйткені халқымыз "Отан отбасынан басталады", деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрім-бүтағын жанындай жақсы көріп сүймеген баланың ел-жүртын, халқы мен үлтын сүйетін толыққанды азамат болуы екіталай. Үлтжанды кісінің имандылық — адамгершілік қасиеттері, - сондай-ақ, оның жекжат-жүрағатқа деген оңды көзқа-расынан да жақсы байқалады.

Қазақ елінің кез келген перзенті жүмыр жердің қай бүрышында жүрсе де өзінің іс-өрекеті мен мінез-қүлқынан өз үлты мен халқына деген сүйіспеншілік қасиеттерін тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиіс. Бүл үшін ата-бабалардың тарихы мен шежіресін біліп, оларды талдап таратуға ерекше мән берген абзал. Аталас ағайындарының аты-жөнін жүйелеп, оларды саусақпен санағандай айқын ажырата білу - кім-кімге де болса жарасымды адамгершілік сипат.

Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі үлан-ғайыр, кең жазира даланы ғасырлар бойы басқыншы жаудаң сан рет қорғап, бостандық пен тәуелсіздік жолында шыбын жанын пида еткен. Біздер халқымыздың қас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылай ханды, Амангелді мен Бауыржанды қадір түтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін өзімізге үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын қалайша мақтан түтпаймыз!

Намысқойлық

Бүл - әр этностың өз халқының ар-ожданын, имандылық қадір-қасиетін көздің қарашығындай сақтай білуінен, қажетті жерінде бүл үшін жанын пида етуден көрінетін қасиет.

Қазақ халқы өзінің үлы мен қызын қаршадайынан намысқойлыққа баулып, Отанына, кір жуып, кіндік кескен жеріне дақ түсірмеуді қатты ескерткен, "арым жанымның садағасы"- деп, ар-намысты бәрінен де жоғары бағалаған.

Мағжан Жүмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындагы Баян батырдың інісі Ноян жастық пен махаббаттың сезім күшін ақылға жеңдіре алмай, қолға түтқын болып түскен кызбен бірге қалмақ еліне қашып кеткенін білесіздер. Ағайын-туысқандарының "елін сатып кетті" деген бір ауыз сөзі намысына тиген Баян батыр оларды қуып жетіп, елтіреді ғой. Кешегі Үлы Отан соғысы кезінде өз үлтының намысын қызғыштай қорыған қазақ жауынгерлері қаншама! Атақты Бауыржан Момышүлы, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаевтың намыс сезімі қандай жоғары деңгейде болғаны белгілі. Осы соғыста жүзге жуық қазақ жауынгерлерінің Совет Одағының Батыры атағын алуы да үлттық намысқойлығымыздың белгісі емес пе? Қазақ халқының арғы-бергі тарихынан мүндай мысалды көптеп табуға болады. Мәселен, 1986 жылғы 17—18 желтоқсанда қазақ жастары жүрек әмірімен үлттық намысты қорғап, халқымыздың ардагер үлы Дінмүхамед Қонаев (1912-1993) жүмыстан алынғанда оның орнына қазақстанның басшысы қазақ үлтынан, не болмаса қазақстандық болсын деп заңды талап қойған жоқ па? Осынау әділетті талап-тілек аяққа тапталып, арты қанды қырғынға үласып, қаншама адам қаза болды. Қазақ қыздарына қол жүмсап жатқан қарулы милиция қызметкерлерінің анайы ісіне шыдай алмаған Қайрат Рысқүлбеков, жігіттік намыспен арашаға түскені үшін аяусыз жазаланып, өмірін қиды. Ол өлімге қасқая қарсы қарап түрып, тергеушілер алдында басын имеді. Оның "Атам десең атыңдар, Еркек тоқты қүрбандық"- деген сөзі кейін нақылға айналып, үлт намысын қозғаудың тамаша үраны болды. Қайраттың осынау жүректілігі үрпақтан-ұрпаққа үлгі боларлық, ұлттық намысты жанынан артық бағалаудың тамаша үлгісі. Қазіргі нарықтық қыспақ кезінде өз халқының тілін, тегін білмейтін, ұлттық намыс деген ұғым есіне кіріп те шықпайтын, халықтық салт-дәстүрге, әдет-ғүрыпқа пысқырып қарап, өз " үстаздарының" қолдауымен, сауда-саттық, алыпсатарлықпен байып, доллар жинап, байлықтың буына семіргендерде үлттық намыс жағы жетпей жатады. Олар халқымыздың бүкіл әлемге дербестігін әйгілейтін ата Заңы мен көк байрағын, теңгесі мен ән үранындағы "Жаралған намыстан қаһарман халықпыз!" деген тіркесті, жүректен жарып шыққан үлы сөздің мән-мағынасын ойлап та жатпайды. Ертеректе қазақ ауылындағы бір адамның жасаған ағаттық ісіне бүкіл ауыл-аймақ намыстанатын еді. Ауылдың бір үрысы немесе тентегі бүзақылық жасаса оның жазасын бүкіл ел болып мойындап, төлемін төлеп отыратын. Билер сөзінде, ақын-жыраулар тағылымдары мен айтыс, термелерде, тіпті күйеу мен балдыз әзілінде де жігіт намысына тиетін оғаш істер сын елегіне ерекше алынып отырған-ды.

Өз үрпағын ата-баба рухында төрбиелеп, үлттық намысты ту етіп үстаған халқымыз "қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс елтіреді" дегенді үнемі еске салып келді. Қазақ жесірін өгейсітпеген, жетімін шеттетпеген аса бауырмал халық. Қазірде туған жүртының әдет-ғүрпынан, дәстүр-салтынан бейхабар кейбіреулер имандылықтан мәңгүрттікке қарай бет алуда. Ал, мейірімсіздік пен қатыгездік сондайлардан шығады. Үлтымыз арақ ішімдігін "һарам" деп, оны тоғыз жаудың (жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, суайттық, өсекшілдік, мақтаншақтық, бөспелік) біріне жатқызған ғой. Қазіргі кезде сырахана мен дүңгіршектердің айналасынан1 шықпайтын қазақтың кейбір үл-қыздарына көз түскенде, жігерің қүм болып, санаң сарсылып олардың осынау қылықтары үлттық намысқа тиіп, зығырданымыз қайнап жүрген жоқ па?

Шешендік

Халқымыздың жайсаң психологиясын аса биіктен көрсететін үлттық ерекшеліктерінің бірі - суырып салма шешендік. Бейнелі, астарлы, түспалдап айтатын шешендік сөзге аса үйір халық екендігіміз жайлы ғүлама-ғалым Шоқан Уәлиханов: "қазақ шешендікке қүмар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты жаны сүйеді" - деп, кезінде айтқан еді. Халқымыз "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады", "Жылы-жылы сейлесең, жылан іннен шығады" - деп, сөз қүдіретінің психологиялық астарын жақсы аңғарған. Шебер де, шешен сөйлей білу - адамның асыл қасиеттерінің бірі есептелініп, мүны олар өзгелерге психологиялық жағынан эсер етудің ерекше қүралы, тәсілі деп те санаған.

Шешендік өнер дарыған кісі отаншыл, елінің салт-санасын, әдет-ғүрпын жетік білетін үшқыр ойлы, "орақ ауыз, от тілді, күміс көмей" болып келеді. Ол халқының бастан өткізген "тар жол, тайғақ кешулерін", арман-тілегін, мүң-зарын, омірлік қүндылықтарын бірер тіркеспен  "мірдің оғындай", "тайға таңба басқандай" етіп, яғни "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін"  айтады. Халқымыздың осынау тамаша қасиетін кезінде тіпті бізге оң қабақпен қарамайтындар да көре білген. Мәселен, неміс саяхатшысы А. Брем (1829-1884): "Қазақтар соз онеріне жетік келеді. Бүл қасиет жүрттың бөріне де: оқыған білімділерге де, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет" десе, шығыстанушы П.М. Мелиоранский (1868-1906): "Қазақтар шешен, әрі өдемі сойлеудің шебері"... дейді. Ал, коне түркі жазбаларын зерттеген С.Е. Малов (1890-1957) осы ойды ормен қарай былайша жалғастырады: "Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл — қазақ тілі". Қазақтар озінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен даңқты. Расында да, батыр Бауыржан ағамыз айтқандай, біздің туған тіліміз - озінің откірлігімен "бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйені жандырып, қүлақ қүрышын қандырып, үғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді тіл" емес пе? Осындай аса бай тілі бар халықтың шешен болмасқа қандай дәті бар?

Бір коргенін жазбай танып, ілезде жаттап ала коятын, оз ойын екінші  жеңіл де жедел түсіндіре алатын осынау қарапайым халықтың асқан зеректігіне қазақ даласында болған шетжүрттықтар ауыздарының суы қүрып, қайран қалып отырған ғой. Олар қыр халқының, сондай-ақ ыстық-суыққа аса шыдамдылығын, қиыншылыққа төзімділігін айтудан жалықпаған. Мәселен, поляк зиялысы А. Янушкевич (1803-1857)  жөнінде былай деп жазыпты:

"Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің кереметтігіне барған сайын менің көзім жетуде. Сөздері қандай жеңіл!. Әр қайсысы айтайын деген ойын түсіндіруге де, қарсыласының дәлеліне бірден тойтарыс беруге де керемет шебер". Осынау үлттық тамаша қасиетімізден қазіргідей тіл жүтаңдығына кезіккен алмағайып заманда, айырылып қалмай, оның түтас көлемін көздің қарашығындай сақтай алмасақ — бүдан үлттық намысқа нүқсан келетіні хақ. Олай болса, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін туған тілімізді ардақтап, оның қадір-қасиетін мақтан түтып, соның көсегесін көгерту жолында жатпай-түрмай әрекет етуіміз қажет.

Әдептілік

Бүл - халқымыздың үлттық психологиясының өзегі, имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы. Әрине, "Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы", "Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа" дегендей, әдептіліктің әр елде тарихи, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері де болғандығы белгілі. Ал, қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, үлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алаламайды. Онда релятивизм, абсолютизм, антитеза дегендер кездеспейді.

Әдеп сақтау отбасында, ауыл-аймақ, ел-жүртта қалыптасқан мінез-қүлық нормаларын бүзбауға міндеттейді. Мүны бүзған қауымдастық атынан сол үжымның өкілі өз пікірін айтуға, тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені әдеп сақтау — әлеуметтік дәстүр.

Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдепті адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да біледі. Табиғаттың әсемдігі мен сүлулығына, әдемілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге тиіс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көкті жүлу, аққуды ату, қүдыққа түкіру - барып

түрған әдепсіздік. Әдеп сақтау - мінез-қүлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтың өзіндік мінез-қүлық кодексі. Осы ереже бүзылса, халыктық дәстүр де бүзылады, үлттық намысқа нүқсан келеді. Әдеп сақтау - халықтық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіпке қүлдық етіп, еріксіз бағыну емес, бүл ата дәстүрді қүрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершілік борышты өтеу. "Әдептілік - әдемілік" дейді халық. Әдептілік: ізеттілік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.

От басындағы әдептілікті де олеуметтік қарым-қатынастың негізі ретінде, әр адам қатаң қадағалап, бүзуға жол бермей, оны қалыптасқан ереже деп түсінуі қажет. Талап қою, әдептіліктің орындалуын талап ету - бүкіл қазақ жүртының, оның мың-мыңдаған әулеттерінің қастерлі міндеті.

Конақжайлылық

Бүл - қазақ халқының әлеуметтік, географиялық, түрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан ерекше қастерлі қасиеті. Бізде "қонақ десе, қоң етін кесіп беретін қазақпыз" дейтін аталы сөз бар. Тәуліктің қай мезгілінде келгеніне қарамастан "көлденең келген көк аттыны" да жылы жүзбен қабылдап, төріне отырғызып, дастархан жайып, бар мәзірін алдына қойып, күту -халқымыздың санасына мықтап орнаған имандылық пен шынайы адамгершіліктің белгісі. Әрбір қазақ үйінде тамағының дәмдісін, жылы-жүмсағын өздері жеместен келетін қонағына сақтайды. Майы мен қүрты, ірімшігі мен женті, соғымның мүшелері - сыбаға ретінде өзінің қадірменді қонағын күтіп, көп уақыт түнекте сақтаулы түрады. Қонақ күтіп, қонаққа баруды халқымыз өмірдің биік мәртебесі деп түсінеді.

Халқымыздың осынау тамаша қасиеті жайлы сөз қозғағанда осыдан 500 жыл бүрын ғүмыр кешкен ғүлама ғалым Мүхаммед Хайдар Дулатидың (1499-1551) халқымыздың асқан қонақжайлылығы мен меймандостығы, жомарттығына байланысты айтқан төмендегі түжырымдары еріксіз еске түседі.

"...Егер де менің өтінішімді, - деп жазады автор - орындаудың ең жақсы жоралғысы не деп сұраса, онда Сізді меймандостықпен құрметке бөлеуді айтқан болар едім. Сіз сияқты аяулы мейманды шаңырағымның табалдырығынан аттатып, жылдар бойы Сізге осындай меймандостық көрсете алмауым - маған қандай өкінішті болар еді". ...Автор қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қастерлі дәстүрін көшпелілердің сана-сезімінен мықтап орын алған шынайы адамгершіліктің, имандылық пен қайырымдылықтың, әдептілік пен инабаттылықтың тамаша көрінісі деп түсінеді. Қазақ халқының жомарттығы мен мырзалығы туралы айтқандары да тәлім-тәрбиелік жағынан аса маңызды. Қазіргі нарық экономикасына көшу кезеңінде елімізде меценаттық дәстүрдің үрдісін түсіне алмай, табысқа белшесінен батып жүрген қалталыларға X. Дулатидің әсіресе мына сөздері арнап айтылғандай: "Менің жақсы көретін екі атым бар, ол екеуі де бір, қалған жылқым да бір... Біз сахаралық адамдар бір  жылқының күшімен тіршілік етеміз. Маған бүл екі аттан өзге ешбір ат сенімді емес. Бірақ, Сіз ең қадірлі меймансыз ғой, сондықтан таңдаған біреуін алыңыз".

Бүрынырақта қазақ ауылдарына қонақтар есепсіз көп келіп жататын. Әрине, олардың арасында сыйлысы да, қадір-қасиеті кемдері де кездесетін.

Бірде әрі батыр, әрі шешен Сырым Датүлы (1725—1802) үйіне қонып отырған сыйлы қонағы, белгілі Төленді биден:

- Биеке! Қазақтың қонағы неше түрлі болады, соны айырып беріңізші - деп өтінген екен. Сонда би: - қазақта төрт түрлі қонақ бар. Олар: арнайы қонақ, қүдайы қонақ, қыдырма қонақ және қылқима қонақ, — деп жауап беріпті.

- Ал, олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар? — деп сүрағанда, Төленді би мүны әрмен қарай былай деп түсіндіреді:

Арнайы қонақ алыстан әдейі іздеп келген тума-туыстарың, жолдастарың. Бүлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар. Оларға деген қүрмет, сый-сияпат "жат жанынан түңілетіндей" дәрежеде болуға тиіс.

Қүдайы қонақ — бейтаныс, шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы

тиетін конақтар. Оларды да ықылас-ынтамен қарсы алып, дүрыстап күткен жөн.

Қыдырма қонақ — ерігіп, желігіп, үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеуді әдетке айналдырған сандалма қонақ:

Қылқима қонақ - түтіні түзу шыққан үйлерді торып, қүлкыны үшін аузына салғанын шала шайнап, қылқытып жүтып, тағы бір түтіні шыққан үйге тарта жөнелетін — нағыз сүқ қонақ. Соңғысын халқымыз үнатпай, "күнде қонақ" - деп те әжуалайды.

Қазақтар үшін сыйлы қонақтың бірі "қүдайы қонақ". Бүл жолаушылап келе жатқан, түскен үйіне ешбір туыстық, не таныстық қатынасы жоқ, бейсауат кісі. Дегенмен, қүдайдың атын атап келген соң, мүндай қонаққа ерекше сый-сияпат білдіріп, қонақасы беру әрбір отбасының борышы. "Қүдайы қонақты" үйіне қондырмай жіберген адам ауыл, ел-жүрт алдында "қара бет" атанып, беделінен айрылған.

Халқымыз қонақты ілтипатпен қарсы алу, оны күту, қүрметтеп шығарып салу дәстүрін ерекше қастерлеп, оны үрпақтан-үрпаққа үлгі-өнеге ретінде үйретіп, мүны отбасы тәрбиесінің басты бір саласы деп түсінген.

Келген қонаққа қонақасы беруде де үлкен мөн бар. Қазак халқы қонақ күтуге әрдайым дайын отырған. Ол үшін үйде ас-дәм қорын жинап, тіпті соятын малын өріске жібермеген. Қонаққа дәмді аспен бірге жылы лебіз де керек. Оларды қүшақ жайып, қуана қарсы алып, жағдай жасау - үй адамдарының басты міндеті. Келген кісіні аттан түсіріп алу, ат-көлігін жайлау, сырт киімін шешкізіп ілу, төрге шығарып, қолына су қүйып, сүлгі үсыну, т.б. игі ілтипатты отбасында негізінен жас балалар атқарған.

Қазақ аулында қонақтың көңілін көтеру үшін "қонақ кәде" жасайтын дәстүр бар. О л алдымен "ауылдың алты ауызынан" басталады. Мүнда күй тартылып, ән, өлең-жыр айтылады. Оған қонақтар да қатыстырылады. Кейде "қонақ кәде" бірте-бірте өнер сайысына да айналады. Онда ауыл адамдарынан қонақтар да өнерін іркіп қалмайды. Өнерлі қонақты аттандырарда үй иесі өзінің шама-шарқына қарай оған сый-сияпат, жән-жоралғы жасайды.

Қазақ салтында қонақтарға сусын ұсынудың өзіндік рет-салты бар. Мәселен, шәй құю үйдің бойжеткеніне жүктеледі. Ол шәй қүюдың жөн-жосығын жас кезінен-ақ өзінің шешесінен, апа-жеңгелерінен үйреніп өседі. Шәй қүюға қажетті икемділік пен шеберлікке жастай баулынған бойжеткен шәй қүйғанда кесе-шәйнекті орынсыз сылдырлатпай, ауыстырып алмай оларды қонақтарға әдептілікпен үсынуы керек. Самаурынның суын кесеге сызылтып қүюдың орнына шорылдата қүю, не кесені қонаққа үсынғанда жоғары не тым төмен үстау қыз тәрбиесінің кемшілігі болып есептеледі. Сондай-ақ, кеседегі шәйдің шамадан тыс қою, не сүйық болуы, көлемінің аз не шамадан тыс мол қүйылуы да қолайсыз болады.

Әдетте қонақтың шәйға қанғанда болдым, ішпеймін деп берген белгісін түсіне білу қажет. Қонақтардың бірі кесенің бетін алақанымен жапса, екіншісі - кесені төңкереді, үшіншісі - кесені бір бүйірге жантайтып жығып қояды. Жөн-жосықты білетін бойжеткен осы жәйттерді жіті аңғарып, анда-санда қонақтарына сыпайылықпен сөз тастап, тағы да шәй ішкізудің, "сый аяқ" қүюдың жолын қарастырады. Мүндағы орыңды әзіл-оспақ, зілсіз күлкі қонақтарды көңілдендіре түсетіні хақ.

Қазақ әйелдері қонақ күтуді өздері үшін қатал сын деп түсінетін. Қонақ түскен үйдің қарттарынан бастап, жас балаларына дейін оның ризашылықпен аттануын сол отбасының басты парызы деп түсінген.

Бауырмалдық

Қазақтың үлттық психологиясына тән имандылық қасиеттің ерекше бір көрінісі - бауырмалдық. Халқымыздың бауырмалдығы "бала бауыр еттен жаралған" деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден басталады. Ата текті дүрыс ажырата алу - бауырмалдықтың бір көрінісі. Бүл "рушылдық" емес, өзінің шыққан тегін білуге деген ынтызарлық. Өз руын қастерлеу, қызмет бабында қандастарына қамқорлық жасау білімді, инабатты, зиялы жараспайды. Кеңпейілді, ақ-ниетті, адал жүректі, пәк көңілді қазақ халқының тумысындағы мінез-

қүлқына қарама-қайшы келетін "бөліну", "бөлшектену" пиғылдарын уағыздайтын адамдарда имандылық пен адамгершілік жағы жетіспей жатады. Ондайлар ел бірлігіне нүқсан келтіріп, кейде жекелеген руларды, тіпті қайғы-қасіретке үшыратуы да ықтимал.

Халқымыздың бауырмалдық секілді атам заманнан сүйегіне сіңген асыл қасиеті "Қүран-көрім" қағидаларымен де үштасып жатады. Осы туралы қасиетті кітап: ешбір адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бір-біріне дос, бауыр дейді.

Олай болса, "Ақ, қарамыз, сарымыз - дос-бауырмыз бәріміз"- деп, халықты ру мен жүзге бөлмей, кішкентай кезден жас үрпақты бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет. Жас үрпақ әркез "бауыр", "бауырым", "бауырластық" деген сөздердің мән-мағыналарын терең де жете түсінгені абзал. Өйткені бауырмалдық халқымыз ерекше қастерлейтін қүдіретті қасиет. Онсыз өмір жоқ, ол бар өмірдің "түздығы", жылуы мен қуаты, сәні мен мәні.

Қайырымдылық

Бүлдағы - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. "Қазақтардың, - деп жазды, осы халықтың өмірін, түрмыс-салтын алғаш зерттеушілердің бірі А. И. Левшин, (1799-1879) - басқа Азия халықтарына қарағанда ...қайырым-дылық, адамды аяу, қарттарға қүрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы і- айрықша қасиеті".

Біздер - жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без" деп, осынау қасиеттен жүрдай адамның жүртқа қадірі болмайтынын бірден кесіп айтатын халықпыз.

Адам өміріндегі ең игі істің бірі — қаріп-қасірге, кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға қамқорлық жасау. "Қүран кәрімде"де қайыр-садақа беру - әр адамның мүсылмандық парызы делінген. Қайырымдылық - кең мағыналы үғым. Мөселен, отбасындағы үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге ізеті, баланың ата-анаға, өке-шешенің бала-шағасына мейір-шапағаты, үл мен қыздың ер жеткен соң еліне қызмет етуі - қайырымдылықтың түрлі көріністері мен қайнар көздері. Халқымыз өз үрпағына осы қастерлі қасиетті ес біліп, етек жаба бастаған кезден үйретіп, мұны тұрмыстық салтқа, адамгершілік дәстүрге айналдырып отырған. Халық "бір үйлі жансың, бір-біріңе меймансың", "бір-бірінді сыйласаң - жан семіреді" -деп, қайырымдылық қасиетті үрпағына мирас етіп, ерекше кадір түтып, қастерлеп келгенін біздер еш уақытта естен шығармауымыз қажет.
Қазақ халқы, сонау, есте жоқ заманнан өзінің қадір-қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандырып келген ел. Сондықтан да, қазіргі ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленуге тиіс.




Әдебиеттер тізімі


1.    Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
2.    Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
3.    Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.



13



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақстанда психология ғылымының дамуы

Автор: Мавланова Гульмира Рахматалиевна

Дата: 28.09.2017

Номер свидетельства: 430065

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Психология ғылымының Қазақстанда дамуы"
    ["seo_title"] => string(40) "psikhologiia_gylymynyn_kazakstanda_damuy"
    ["file_id"] => string(6) "483176"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1541091395"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства