kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ИЫН» БАЛАЛАРДЫ? ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ Ж?НЕ ОЛАРДЫ? НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІ? ТЕОРИЯЛЫ? М?СЕЛЕЛЕРІ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі кезде мектепті? ?ойып отыр?ан талабы  о?ушыларды- негізгі п?ндермен тере? де берік ?аруландыру, ал білімдерін  к?нделікті ?мірде  ?з де?гейіндегі іскерлік пен ?олдана білу. Осы жетістіктерге жету ?шін м??алім о?ушыны? мінез-??л?ын, сана ссзіміні? жетілу д?режесін, таным процестеріні? (т?йсіну, ?абылдау, ес, ойлау с?йлеу, ?иял) д?рыс ?алыптасуын ?ада?алап ?рі дамытып отыруы ?ажет, біра? к?п жа?дайларда балалар жас ерекшелік да?дарыстарына байланысты немесе ?ысым?а шыдамай ж?йке ауруларына шалды?ады.

Ж?йке аурулары (невроз) отбасында?ы ж?не бас?а да ?р т?рлі ?иын жа?дайларды? салдарынан болуы м?мкін. М?селен, кей о?ушылар ата-ана тарапынан еш?андай ж?рек жылуын к?рмей ?сіп, осы?ан мектептегі ?з сыныбында?ы о?ушыларды?, м??алімдерді? кері к?з?арасы ?осылып, ?за??а созыл?ан ?ай?ыру, ренжулер болса, осындай жа?дайлар ауруларына шалды?тырып, баланы ашуланша?, ызалы ?алып?а т?сіреді.

Бала т?рбиесінде отбасында д?рыс т?рбие бермеуді? 4 жолы бар:

1. ?абылдамау

2. Гиперсоциалды

3. ?ор?а?-секемшіл

4. Эгоорталы?ты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ИЫН» БАЛАЛАРДЫ? ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ Ж?НЕ ОЛАРДЫ? НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІ? ТЕОРИЯЛЫ? М?СЕЛЕЛЕРІ. »

ӘОК 376.58


«ҚИЫН» БАЛАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.


Есембекова Құндыз Жуанышқызы

6 Жалпы білім беретін орта мектебі


ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегияның орындалу қорытындыларын шығара отырып, алдымыздағы 40 жыл ішінде Қазақстанның даму көкжиектеріне бағдар берді. Президент: «Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу» дей келе, стратегияның негізгі 7 бағытын белгілеген болатын. Соның 4-уін «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдары» деп атап, Елбасы бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек екендігін нақты көрсетті [1].

Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы оқушыларды- негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік пен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мүғалім оқушының мінез-қүлқын, сана ссзімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің (түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сөйлеу, қиял) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы қажет, бірақ көп жағдайларда балалар жас ерекшелік дағдарыстарына байланысты немесе қысымға шыдамай жүйке ауруларына шалдығады.

Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді.

Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:

1. Қабылдамау

2. Гиперсоциалды

3. Қорқақ-секемшіл

4. Эгоорталықты

Қабылдамау - егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, жылу болмаса. бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне карсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.

Гиперсоциалды — мұндай ата-аналар -«дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйыктағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.

Қорқақ-секемшіл - бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіне«Мен ауырып калмаймын ба?» «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен, талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқак-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қоркынышпен карайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.

Эгоорталық - бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік денгейі жогары болады. Баланың ортаға деген көзкарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уакытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді [2].

Міне, осылай дұрыс тәрбиелемеуден баланың мінез-кұлкы қиын болып қалыптасады.

Мінез-құлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар :

Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.

Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.

Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына мінез-құлық бұзылуының клиникалық және кримонологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады [3].

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай –ақ макаренко а.с. тәжірибелерінен де ұлкен орын алды. Бұл мәсленің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлы не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.

Жеткіншектердің мінез-құлықындағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып отыр.

Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.

Осыған ерекше назар аударған ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :

1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.

2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар .

Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.

Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек [4].

Ол үшін, қиын оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселе төңірегінде белгілі совет психологі К.К.Платоновтың көзқарасына жүгінсек, «жеке адамның психологиялық құрылысы төрт бірліктен тұрады екен. Олардың біріншісі – жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері / физиологиялық ерекшеліктері /;екіншісі – адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. Қабілеттері /биологиялық ерекшеліктері / болмақ. Үшіншісі – баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі; ал, төртіншісі – жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі мен тұрмақ [5].

Жоғарыда атап кеткен мәселелерді қамти отырып мынадай ұсыныстар келтіруге болады:

1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.

2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.

4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы.

Сонымен түйіндей келсек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Нaзapбaев Н.Ә. Қaзaқcтaн жолы – 2050: Бip мaқcaт, бip мүдде, бip болaшaқ // Қaзaқcтaн Pеcпyбликacының Пpезидентi Нұpcұлтaн Нaзapбaевтың Қaзaқcтaн хaлқынa Жолдayы. Acтaнa: Елоpдa, 2014. - Б. 7.

  2. Ахметжанова Н. Мінез-құлқы қиын балалар / Н. Ахметжанова //Ұлағат № 1, 2001.

  3. Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары №12 (435) наурыз 2007 ж

  4. Жұмабаев М. «Қиын оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері» Алматы – 1974 ж.

  5. Ахметжанова Н. «Қиын» балалар қылығының қыры» //Ұлағат 2000ж.№2


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Есембекова Кундуз Жуанышевна

Дата: 27.04.2015

Номер свидетельства: 206363


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства