kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ізгілік -адамны? басты ??ндылы?ы (эссе)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамны? ?зін-?з тану туралы ілімі ерте заманнан келе жатыр. Біра? к?бінесе философиямен, ?дебиетпен бірге ?арастырылып келді. Ендігі жерде  оны ?зіндік таным ретінде ?з алдына б?лек ?арастырып, ?ылымдарды? ішінде е? м?ртебесі жо?ары ма?ыздысы деп т?сіну керек деп білемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ізгілік -адамны? басты ??ндылы?ы (эссе)»

Ізгілік -адамның басты құндылығы

Эссе

Адамның өзін-өз тану туралы ілімі ерте заманнан келе жатыр. Бірақ көбінесе философиямен, әдебиетпен бірге қарастырылып келді. Ендігі жерде оны өзіндік таным ретінде өз алдына бөлек қарастырып, ғылымдардың ішінде ең мәртебесі жоғары маңыздысы деп түсіну керек деп білемін.

«Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек» - деді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты дер кезінде ең қымбат адами көзқарастар негізінде рухани- адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет», деп еліміздің болашағы өскелең ұрпақ қолында екенін, жақсы тәрбие беру барысында жас ұрпаққа адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу керек екендігі туралы айтқан болатын.

Олай болса, білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы- мектеп десек, ал осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие беретін «Өзін-өзі тану» пәні десек, артық айтпаған болар едік. «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» туралы курсы басталғалы бері мен өзімді шабыттандырып, мол тәжірибеге жолықтым. Курс барысында ұлы ойшылдардың адамгершілікке, ізгілікке, рухани құндылықтарға толы ілімі мені толғандырып, осы құндылықтар мені өмір мәнін әрі қарай жете түсінуіме шабыттандырғандай болды. Мысалы, Шалва Амонашвилидің педагогикалық әңгімелері өмірдің өзінен алынған. Педагогикалық әңгімелерінде өмірдің мәні- ішкі жан дүниенің байлығында, оның рухани тазалығында екенін көрсетеді. Шалва Амонашвилвидің қайбір шығармасын оқысаң да кез-келген оқырманға ой тастайды. Педагогтың әңгімелерін оқи отырып, өмірлік сұрақтарға жауап алуға болады. Мысалы, Не үшін өмір сүреміз? Өмір дегеніміз не, ол қалай пайда болды? Сүйіспеншілік дегеніміз не? Мәңгі өмір сүру деген не?

«Біз мейірманды адамдар болып, балаларды қаз қалпында сүюге тиіспіз. Шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да, ынталыны да бірдей жақсы көруіміз керек. Оның үстіне тағы да біз өзіміздің жан шуағымызды әрбір нақты жағдайға сәйкес алаламай, тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейірімділігіміз бен махаббатымыз ішкі жан күйзелісіміздің көрінісі ғана емес, сонымен бірге баламен немесе бүкіл сыныппен қарым-қатынасымыздың ең басты дәлелі», - дейді педагог. Осындай ізгілікті педагогика тәмсілдеріне сүйеніп, әр баланың керемет рухани күш иесі екенін сезініп, оның білсем, үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасап, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуақ шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі ізденіп, талпынып тұратын, адал, еңбекқор, тілін, отбасын, Отанын сүйетін адам тәрбиелеп шығаратынымыз сөзсіз. Амонашвили айтқандай, баланы түсіну дегеніміз- кішкентай адамды тәрбиелеудің тамаша шеберлігін игеру деген сөз. Оның негізі –«Өзін-өзі тану» деп білемін.

Сейтова Гүлзада Пернебекқызы

Педагог-психолог

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ізгілік -адамны? басты ??ндылы?ы (эссе)

Автор: Сейтова Г?лзада Пернебек?ызы

Дата: 20.05.2016

Номер свидетельства: 329017


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства