«Инклюзивті білім беру – ?айырымдылы? пен адамгершілік бастауы»
«Инклюзивті білім беру – ?айырымдылы? пен адамгершілік бастауы»
?азіргі та?да барлы? ?лем ж?ртшылы?ыны? назарын аударып отыр?ан м?селе балаларды? жеке с?раныстары мен ерекшеліктеріне ортаны?, отбасыны? ?атысуымен білім беру ?рдісіне толы? ?осуды ?арастыратын инклюзивті білім беру. Осы жа?анды? м?селеге ?лем ?алымдары мынадай аны?тама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлы? балаларды, соны? ішінде м?мкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім ?рдісіне толы? енгізу ж?не ?леуметтік бейімдеуге, жынысына, шы?у тегіне, дініне, жа?дайына ?арамай, балаларды айыратын кедергілерді жою?а, ата-аналарын белсенділікке ша?ыру?а, баланы? т?зеу-педагогикалы? ж?не ?леуметтік м??тажды?тарына арнайы ?олдау, я?ни, жалпы білім беру сапасы са?тал?ан тиімді о?ыту?а ба?ыттал?ан мемлекеттік саясат. Инклюзивті о?ыту – ерекше м??тажды?тары бар балаларды? жалпы білім беретін мектептердегі о?ыту ?рдісін сипаттауда ?олданылады. Демек, инклюзивті о?ыту негізінде балаларды? ?андай да бір дискриминациясын жо??а шы?ару, барлы? адамдар?а деген те?дік ?атынасты ?амтамасыз ету, сонымен бірге о?ытуды? ерекше ?ажеттілігі бар балалар?а арнайы жа?дай ?алыптастыру идеологиясы жатыр. Осы ба?ыт балаларды о?уда жетістікке жетуге ы?пал етіп, жа?сы ?мір с?ру жа?дайын ?алыптастырады.
Сонымен, инклюзивті білім беру жа?дайында ж?мыс ж?ргізетін мектептерде білім мазм?нын ?ш т?рлі ба?дарлама бойынша реттеген абзал. Атап айт?анда:
- жалпы мектептерге арнал?ан типтік о?у ба?дарламалары;
- м?мкіндігі шектеулі балаларды? а?аулы? типтеріне с?йкес арнаулы білім беру ба?ытында?ы о?у ба?дарламалары;
- м?мкіндігі шектеулі балаларды? психофизикалы? ерекшеліктерін есепке ала отырып ?зірленетін о?ытуды? жеке ба?дарламасы.
Саламан Декларациясына с?йкес инклюзивті білім беру саясатыны? міндеттері мынадай:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Инклюзивті білім беру – ?айырымдылы? пен адамгершілік бастауы»»
«Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей – мектеп» ММ
«Инклюзивті білім беру – қайырымдылық пен адамгершілік бастауы»
Баяндама
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда:
жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары: 1. Мүмкіндігі шектеулі бала мен мұғалім арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы; 2. Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы; 3. Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру; 4. Балаларға сабақ жүргізу барысында тапсырманың бала зердесіне әсер етуін, оның қабылдауын, есте сақтауын назардан тыс қалдырмау; 5. Бала ата - анасымен тығыз байланыста болу; 6. Сабақ жүргізу барысында түрлі ойын элементтерін көбірек қолдану. Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақты, көбіне, олардың жанына жақын ойын түрінде өткізу тиімді. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық көңіл - күйі көбінесе ойын және еңбек іс - әрекетінде көрініс береді.
Ең бастысы даму мүмкіндігі бар балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек.
Мұғалімдерге ұсыныс:
1.Баланың әлеуметтік жағдайының дамуын есепке алумен, жекеше-дамытушылық бағдарламаларды әзірлеу және құру.
2.Жекеше, топпен жұмыс істеу түрінде түзеу-дамытушылық оқытуды жүргізу.
3.Дамытуда ақыл-ойы төмен балаларды отбасы жағдайында тәрбиелеу бойынша ата-аналарға (оларды ауыстырушы адамдарға) кеңес беру .
Даму мүмкіндіктері уақытша шектелген балалармен жүргізілетін қандай жұмыс болмасын оқушыларды қоршаған өмірге биімдеуге , олардың сөйлеу тілін ой - өрісін дамытуға негізделуге тиіс .Мұғалім олардың ойлау белсенділігін арттырып , білім алуға деген ынтасын оята алатын жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады. Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді : 1. Әңгіме айту, түсіндіру, әңгімелесу, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу. 2. Көрнекі әдістері: қызықты тақырыпқа сай көрнекі құралдар болу керек. 3. Осы өтетін тақырып практикалық әдістер болу керек .
Психикалық дамудың тежелуі- бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен тежелуі бар (ПДТ) балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі жеті-сегіз жастан анық байқалады.
Оның негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі байқалмайды, берілген Тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады Сабақ кезінде психологиялық дамуының тежелуі бар балалар жиі қозғалғыш, отыра алмайды, берілген тапсырмаға өздерін 5-10 минут зейінін тұрақтандыра алмайды.
Кейбір оқушылардың зейіндері сабақтың басында тұрақты болады да, сабақтың ортасында зейін тұрақтануы төмендейді. Екіншілерінің зейіні сабақ кезіндегі бірнеше тапсырма орындағаннан кейін ғана тұрақтанады.
Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
Шаршамауын қадағалау;
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Психологиялық дамуының тежелуі бар оқушылардың зейінін түзете дамыту жұмыстарында төмендегі мәселелерге көңіл бөлген жөн:
баланың қоршаған ортаға бейімделуі;
мінез-құлық ерекшеліктері;
өз-өзін төмен бағалауы;
қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы;
өз күшіне деген сенімсіздігі;
белсенділігі төмен.
Қорыта айтқанда қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет ететінін ескеріп, жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сөзіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.