kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есте са?тауды дамыту жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жо?ары мектеп жасында?ы балаларды? соны? ішінде ?БТ дайынды? барысында есте са?тау ?абілетін жа?сарту?а, сондай а? ары ?арай дамыту?а к?п к?мек беретін тиімді де же?іл, ?арапайым жатты?улар. Берілген жатты?уларды ересектерді? к?мегінсіз орындап кез келген жерде, кез келген уа?ытта орындау?а болады. Б?л жатты?у ?зіні? ?арапайымдылы?ымен ерекше.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есте са?тауды дамыту жолдары»

Степногорск қаласы

4 Болашақ БДАОММИ





4 Болашақ БДАОММИ мекемесінде «Алтын белгі» аттестатының үміткерлері 11- сынып оқушыларына арналған білім турнирі







Тренинг

«Есте сақтауды дамыту»





Қатысушылар: 11- сынып «Алтын белгі» аттестатының үміткерлері





Жүргізген: №1 Ақсу орта мектебінің педагог- психологы

Турмаганбетова А.Б.











2016 жыл

Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығулар

Танысу

Оқушыларды 3 топқа бөлінеді. 1- топ оқушылары өз есімдерін және сүйіп айналысатын істерін, 2- топ өз есімдеріне бойындағы қасиеттерін, 3- топ өз есіміне сүйікті тағамдарын қосып айтады, және алдындаға айтылғандардың барлығын есіне сақтап қайталап шығады.


« Суретшілер » ойыны

Алдын ала 20 сөзден тұратын тізім дайындайды. Әр қатысушы қарындаш немесе қаламсап және қағаз даярлайды. Жүргізуші тізім бойынша сөздерді ретімен оқып, 3-ке дейін санап отырады, Сол уақыт ішінде қатысушылар қандай болмасын тәсілдерді пайдаланып суреттеуі керек. Суреттері басқаларға түсініксіз болса да, өзіне түсінікті бола болып, сөздерді ретімен айтып шықса болады. Ал, кім көп сөзді ретімен дұрыс есте сақтап, айтып шықса , сол ойыншы жеңімпаз атанады.

Сөздер тізімі: Бала, ағаш, қалам, өзен, шаш, жапырақ, тақта, қасық, гүл, сызғыш, тас, терезе, кеме, жол, тақия, балмұздақ, көбелек, кітап, қасқыр, ұшақ

Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.


«Әңгімелеу» ойыны

Жүргізуші мәтін оқиды. Ойынға қатысушылар мұқият тыңдайды. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеуді кез келген ойыншыдан бастайды. Әрі қарай сағат тілімен жалғасады. Әр қатысушы бір сөйлеммен толықтырып отырады. Содан соң мәтінді тағы бір рет оқып шығып, мазмұнына толықтырулар енгізеді, қателерін түзетеді.

Мәтін: «Боз орамал» немесе кез келген мәтінді алуға болады.


Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 6 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.


      Қосарлы сөздер қатары:    

1) мереке – сыйлық; үй – терезе; сусын – салқын; үйшік – ит; үстел – торт; құймақ – таба;

2) бас киім – шарф; пеш – отын; ваза – гүл; шаңсорғыш – жинау; ара – бал; қала – көше.

3) көктем – жаңбыр, жаз – күн шықты, қуаныш- көңіл- күй, аспан – бұлт, сән- үлгі, жер – шөп



«Мәтінді еске сақтаймыз»

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Жүргізуші мәтін оқиды.Барлығы тыңдап алады.Содан соң әр ойыншы қағаз бетіне есте қалдырғанын жазып шығады.Әр топ мүшелері ақпараттарымен алмаса отырып, мәтінді есте қалған түсініктері бойынша қалыпқа келтіреді. Барлық қатысушылар құрастырылған мәтіндерін оқып, қорытындыларын салыстырады.

Мәтін: «Жапырақ жамылған теңіз ұлулары» 2- үзіліс, немесе кез келген мәтінді алуға болады.

Материалды есте қалдырудың көлемін арттыруға арналған жаттығулар

« Байқа,сақта »

Екі топқа бөлінеді, 1- топ 1 мин ішінде кабинет ішінен көріп отырған көріністің барлық белгілерін есте сақтау тапсырылады. 2-топ терезе сыртынан көріп тұрған көріністі есте сақтауы керек. Белгіленген уақыт аяқталған соң ойыншылар қарсы жаққа бұрылып, есіне сақтаған белгілерді ретімен айып шығу керек.

Ұйымдастырушы сұрақ та қоя алады. Мысалы, «Орындықтың түсі қандай?» Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

«Сөз» ойыны

Топқа бөлініп отырады. Балаларға төмендегі тақырыптар бойынша неғұрлым көп сөз жазуын тапсыру керек. Әр топқа 1 сөзден, топ мүшелері жеке жеке жазады, сосын салыстырылады. Қай топ көп жазса сол топ жеңімпаз атанады.

1)Тарих, 2)Музыка, 3)кітап,

4)математика, 5) География 6)мәдениет,


Тақырыпқа сөз жазуға 5 минут уақыт бөлінеді.













Степногорск қаласы

4 Болашақ БДАОММИ





4 Болашақ БДАОММИ мекемесінде «Алтын белгі» аттестатының үміткерлері 11- сынып оқушыларына арналған білім турнирі





Тренинг

«Зейінді дамыту жолдары»





Қатысушылар: 11- сынып «Алтын белгі» аттестатының

үміткерлері





Жүргізген: №1 Ақсу орта мектебінің педагог- психологы

Турмаганбетова А.Б.











2016 жыл

Зейінді дамытуға араналған тренинг: «Мергендер»


Мақсаты: Зейін процессінің ерекшелігімен танысу. Зейінді оқушыны анықтау, зейінділікті дамыту.

Жабдықталуы: қызыл – қара таблица, Мюнхенбергтің әдісі бойынша ақ параққа жазылған әріптер, қалам, дәптер.


  1. Тренингкке қатысушыларға, ойынның мақсаты және шарттары түсіндіріледі.

  2. «Сөзді бұзу» жаттығуы.

Мақсаты: зейіннің концентраты мен тұрақтылығын жаттықтыру.

Нұсқау: қазір біз кемі екі ойыншыдан тұратын екі команда құрамыз. Екі команданың ішінен бірінші нөмірлі ойыншы мен екінші нөмірлі ойыншыны анықтаймыз. Бірінші ойыншылар бір-біріне бетпе-бет қарап тұрулары қажет және дауыстап біреу 100-ге дейін жұп сандарды айтса, екіншісі 99-ға дейін тақ сандарды айтып шығулары тиіс. Ал екінші нөмірлі ойыншылар бірінші нөмірлі ойыншылардың шатасып кетпеуін бақылап отыру қажет. Егер шатасқан болса, ол туралы жүргізушіге хабарлаулары тиіс. Осылай кімде-кім жаңылыспай 100-ге немесе 99-ға дейін бірінші болып санап шығатын болса, сол команда жеңіске жетеді.

10 минут.

  1. «Шыбын» ойыны.

Нұсқау: Тақтаға тігінен он клеткадан және көлденен он клеткадан тұратын төрт бұрыш сызылады, оның кезкелген жеріне нүкте салынады, Осы нүктені «шыбын» деп атаймыз. Сонан соң жүргізуші шыбын бір клетка жоғары, төрт клетка оңға, бес клетка солға, алты клетка төмен дегендей нұсқау береді, шыбын қонды деген кезде оқушылар «шыбын» қайда қонып тұрғаны туралы айтып нүктені сол жерге ауыстырады, дұрыс тапқан оқушы жүргізушінің орнын ауыстырып өзі «шыбынның» ұшу жолын айтады, қалған оқушылар оны табу керек.

  1. «Пионино» әдістемесі.

Нұсқау: Оқушылар шеңбер құра отырып, екі жағындағы адамдардың тізесіне қолдарын қояды, Сонан соң жүргізуші қасындағы адамның тізесінен бір рет түртеді, келесі қол екі рет түрту керек, одан кейінгі қайтадан бір рет түрту керек. Ойын осылай жалғасын табады. Шатасып қалған оқушы ойыннан шығып отырады, шеңберде бір адам қалғанша ойын жалғасады, сонына дейін жеткен оқушы ең зейінді оқушы атанады.

  1. «Жануарды қалдырып кетпе (өсімдік, мамандық)»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты мысалы, мамандық кездескен кезде қолмен шапалақтауы керек. Келесі жолы өсімдікті білдіретін сөзді естіген кезде орындарынан тұрады. Одан кейін екі тапсырманы біріктірсе де болады.

Жаттығу зейіннің ауысу мен бөліну жылдамдығын, ықыластылықты дамытады, одан басқа баланың танымдық белсенділігін және ой-өрісін кеңейтеді.

1-нұсқа Жануарлар

үстел, кітап, жылқы, үстел, есік, жүзім, ит, қайшы, қалам, туфли, қарындаш, доп, терезе, мысық, етік, ешкі,шыны, үй, жол, алма, ағаш, кілем, арыстан, қабырға, шатыр, қарбыз, шыңғы, қар, жолбарыс, жастық, дәптер,қасық, мұз, шырша, қоян, қасқыр, галстук, лимон, аю, анар, шәйнек, тәрелке, сөре, май, күрте, тиін.


2-нұсқа Мамандық

МАШИНА, АЮ, МЫЛТЫҚ, КЕНГУРУ, СЕКІРГІШ, ШӘЙНЕК, ТҮЛКІ, ФОТОГРАФ, КІРПІ, МЫСЫҚ, МУЗЫКАНТ,САМСА, ЖОЛБАРЫС, ӘРТІС, ШАМ, БҰЛАН, МАЙМЫЛ, ГАЗЕТ, МҰҒАЛІМ, ӘЗІЛ, ПІЛ, КҮН, ТЫШҚАН, БАС,ЖАҒАЛАУ, ОРМАН, ИТ, САМАУЫР, ҚАСҚЫР, БАС КИІМ, ӘНШІ, ЖЫЛАН, ҚОЯН, АТ СӨЗДІК, БУХГАЛТЕР, БИ,СИЫР, АТҚЫШ


Вариант 3 Ағаштар

ЖОЛ, ҚАЙЫҢ, ҰШАҚ, БИДАЙ, БӘЙШЕШЕК, ЖЫЛАН, ЕМЕН, ҚУЫРШАҚ, САҢЫРАУҚҰЛАҚ, МЕКТЕП, ИТМҰРЫН,ТАҢҚУРАЙ, ТЕРЕК, ҚҰМЫРСҚА, КЕСЕ, ҚАРАҚАТ, ШЕГЕ, МҰРАЖАЙ, ТЕАТР, ОЙЫН, ШАЯН, ТОРҒАЙ, ПАЛЬМА,ДҮКЕН, КИНО, КЕНГУРУ, ҚЫЗҒАЛДАҚ, ҚАЛА, ИТ, ҚАЛАҚАЙ (КРАПИВА), ШЫРША, ҚҰМЫРА, СҮТ, ТҮЙМЕДАҚ,АСҚАБАҚ, ҮЙШІК, ОРМАН, ҚАРАҒАЙ, ТЕМІРЖОЛ, КҮНДЕЛІК, ӨНЕР, МУЗЫКА, КӨКТЕРЕК, БАЛЕТ, ЖАҢБЫР…

Вариант4. Мамандықтар

ШАМ, ЖҮРГІЗУШІ, ҚАЙШЫ, МАШИНА ЖӨНДЕУШІ, ЕМЕН, КҮЗЕТШІ, АЛМА, СӨЗШЕҢ, АРХИТЕКТОР,ҚАРЫНДАШ, ҚҰРЫЛЫСШЫ, НАЙЗАҒАЙ, ШЕҢБЕР, САТУШЫ, ДИІРМЕН, ТІГІНШІ, ТОТЫҚҰС, АСПАЗ,ШАХТЁР, ПАРАҚ, САЯХАТШЫАУДАРМАШЫ, САБАН, ШЫДАМДЫЛЫҚ, ЖҮРГІЗУШІ, КӨЗІЛДІРІК, ӨЗЕН,ӘНШІ, ДӘПТЕР, ЗАҢ, ШАШТАРАЗБАҒБАН, ҚИЯЛ, ТРАКТОРШЫ

«Ұшады - ұшпайды»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты ұшатын объектіні естіген кезде қолмен шапалақтауы қажет.

ТЕРЕЗЕ, МҰЗ, ТОРҒАЙ, ӘЙНЕК, КІТАП, МАСА, ШУ, ТЕМІР, ҰШАҚТОҚЫЛДАҚ, СУ, БАҚША, ТІКҰШАҚ, ҚАНАТ,ҚАЛПАҚ, ИНЕЛІКҚАРЛЫҒАШ, СИЫР, САРЫ МАСА, МЫСЫҚ, АРА, ЕДЕН, ҚОЛ, БЕТ, ҮСТЕЛ, ЗЫМЫРАН,ОРЫНДЫҚ, ЫДЫС, КӨБЕЛЕК, САНДЫҚ, НАН, САУЫСҚАН

«Жеуге жарамды  жеуге жарамсыз»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты жеуге жарамды сөзді естіген кезде қолмен шапалақтауы қажет.

Барабан,кубик, шұжық, тәрелке, ірімшік, орамал, теледидар, мәйке, қолтырауын, торт, қасық,диван,қарбыз, кірпі, нанайран, ақыман, кесе, банан

кәмпит, үстел, сабын, сәбіз, қағаза, йогурт.


Тренингкке қатысушылар ойынды талқылап, жүргізуші кері байланыс орнатады. Әр қатысушы тренингтегі қызықты жерлері және қиын мәселелер туралы айтады.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Есте са?тауды дамыту жолдары

Автор: Турмаганбетова Асем Бахытжановна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294530


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства