kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Девиантты мінез ??лы?ты балаларды? психологиялы? сипаттмасы.?ылыми ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                             Кіріспе 

?азіргі кезде о?у-т?рбие ?рдісіндегі е? негізгі ж?не к?рделі м?селелерді? бірі – «?иын балалар» м?селесі. Со??ы уа?ытта о?ушылар арасында?ы наша?орлы?, алкогольді пайдалану, адам ?лтіру, ?рлы? сия?ты жа?ымсыз іс-?рекеттер ?те жиі кездеседі. Статистика бойынша балаларды? м?ндай жа?ымсыз ?рекеттері жылдан-жыл?а к?рт ?суде. Осы?ан байланысты к?птеген педагог – психолог ?алымдарды? ?ылыми ж?мыстары, е?бектері, ма?алалары жазылып келеді, солай бола т?рмаса да, «девиантты мінез ??лы?ты» м?селесі е? ?зекті м?селе болып ?алуда.   

Б?л м?селе ?рдайым социолог, психолог, юрист, д?рігер, педагог мамандарыны? зейінін ?зіне аударып, оларды ала?датып отыратын ?лкен м?селе екенін айтып ?ту керек. Себебі ?азіргі ?о?ам ортасында?ы, б?л айтылып жат?ан м?селелер к?бірек беле? алуда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Девиантты мінез ??лы?ты балаларды? психологиялы? сипаттмасы.?ылыми ж?мыс »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ





Ғылыми жұмыс







Тақырыбы : Девиантты мінез құлықты балалардың психологиялық сипаттамасы және тәрбиелеу ерекшеліктері





Дайындаған : Исматулаева Алия Муратовна























Ақсукент 2015ж

Түйіндеме

Тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпақтарын тәрбиелеу мен оларға білім берудегі маңызды бағыт — балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық және педагогикалық жұмыс. Жасөспірімдердің қылмыстық істерінің өршуі, әлеуметтік жетімдік пен жасөспірімдердің назардан тыс қалуының етек алуы барлық азаматтық институттарға бірнеше міндеттер жүктейді: кәмелетке жетпеген азаматтардың құқықтық әлеумет- тенуі мен мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерге бейімделуін жетілдіру мақсатында кешендік және кәсіби шаралар даярлау.

Кәмелет жасқа толмаған балалардың девианттық мінез-құлық мәселесі осы жас санатына қандай да бір қатысы бар адамдарда аса қызығушылық тудырады.















































Кіріспе

Қазіргі кезде оқу-тәрбие үрдісіндегі ең негізгі және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақытта оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттер өте жиі кездеседі. Статистика бойынша балалардың мұндай жағымсыз әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты көптеген педагог – психолог ғалымдардың ғылыми жұмыстары, еңбектері, мақалалары жазылып келеді, солай бола тұрмаса да, «девиантты мінез құлықты» мәселесі ең өзекті мәселе болып қалуда.   

Бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек. Себебі қазіргі қоғам ортасындағы, бұл айтылып жатқан мәселелер көбірек белең алуда.















































Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы.

Адамзат қоғамында түрлі сипаттағы девиантты жүріс-тұрыстардың көптеп таралуы мұны ғылыми тұрғыда талдап, педагогикалық, биологиялық, медициналық, және әлеуметтік жағынан қарастыруды талап етті. Адам санасын түгел жаулап алушы түрлі заттарға тәуелділіктер мен құштарлықтар ғылыми атуға ие болып, көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу объектілеріне айнала бастады. Мұндай психикалық тәуелділіктерге мысал ретінде маскүнемдік, нашақорлық, токсикамия, анероксия, булемия, клептомания құбылыстарын атауға болады. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі.

Девиация бірнеше типтен тұрады:

• Девиантты

• Делинквентті

• Криминалды мінез-құлық.

1.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

2. Девиацияның екінші түрі – делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшеленеді. Оның мынадай типтері бар:

• Агрессивті – зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс- әрекеттерден көрініс береді.

• Ашкөздік мінез-құлық: ұсақ ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез- құлық.

• Наша сату және тарату.

3. Криминалды мінез-құлық – заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары бойынша бірқатар Қазақстандық ғалым - педогогтар зерттеген: А.Жұмабаев, Қ.А.Жүкенов, А.М.Қарабаева, А.Қ.Каримов, А.В.Лысенко, И.Ф.Казаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифанов, В.П.Шевченко, Г.А.Уманов. Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық, қыңыр, жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік педогогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді.









Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқулар туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан пайда болады.

Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген оқушы өзінің өмірде ешкімге қажетсіздігін сезінеді, соның салдырынан уайымға беріледі, иммунитеті төмендейді.

Көп жағдайда девиантты мінез-құлықтың пайда болуына әлеуметтік факторлар түрткі болады (мектептегі қиындықтар, өмірдегі соққылы оқиғалар, девиантты субмәдениеттің ықпалы және т.б.).

Девиацияның негізгі бес факторы белгіленеді:

  1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

• ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлық заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

• психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

• физиологиялық факторлар: сөйлеу дефектілері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез – құлықтың пайда болуына жол ашады.

3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке

дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді.

4. Әлеуметтік - экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.

5. Моральді - этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.

Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

• жанұяда берекенің болмауы;

• ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;

• тәрбие берудегі кемшіліктер;

• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

• психоактивті заттарды жиі пайдалануы; • агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары








Девиантты мінезді балалармен жұмыс бағыттары

  1. Девиантты мінез-құлқы бар оқушыларды анықтау

  2. Девиантты мінез-құлқы бар оқушылардың тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

  3. Мәселе бойынша басқа мамандарымен өзара әрекеттесу

  4. Білім беру мекемесінің барлық оқушыларымен бірге өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатысу.

  5. Тәрбие жұмыстарының жоспарлы және жүйелі түрде жұмыс жасауы

  6. Пән оқытушыларының әдістемелік деңгейлерін көтеру.










































Балалармен жұмыс жоспары 4 бөлімнен тұрады:


  1. Ұйымдастыру жұмыстары

  2. Балалармен жұмыс

  3. Ата-аналармен жұмыс

  4. Педагогикалық ұжыммен жұмыс

Жоспарлау. Ұйымдастыру іс-шаралары

Рет

сан

ы

Жұмыс мазмұны


Мерзімі

Өту формасы

Жауаптылар

1.

Топтың әлеуметтік жағдайын анықтау


Жыл басы

Жоспар

Топ тәлімгері

Әлеуметтік педагог

2

Қиын жағдайда өмір сүріп жатқан балаларды анықтау

қыркүйек,

мамыр

диагностика

Топ тәлімгері

Психолог

3.

Ата-аналар жиналысын өткізу


Ай сайын

жиналыс,

кездесу

әлеуметтік

педагог

Топ тәлімгері

4.

«Ерекше назардағы» балаларға картотека жасау

жыл бойы

картотека

психолог,

әлеуметтік

педагог,

5.

Демалыс және үйірме жұмысын ұйымдастыру

жыл бойы

үйірме, секция т. б.

әкімшілік, топ тәлімгері


6

Құқық қорғау органдарымен байланыс орнату.

жыл бойы

кездесу, дөңгелек үстел

әкімшілік,

инспектор



























Балалармен жұмыс

Рет

саны

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Өту

формасы

Жауапты

лар

1.

Сабаққа қатысуларын бақылау

жыл бойы

журналмен

жүмыс

Топ тәлімгер

2.

Сабақ үлгерімін бақылау

жыл бойы

сабаққа

қатысу

Топ тәлімгер

пән

Оқытушылары

3.

Студенттерді секциялар мен үйірмелер жұмысына тарту

жыл басы

үйірмелер

әлеуметтік

педагог

Топ тәлімгер

4.

Ағарту әңгімелерін жүргізу

жыл бойы

кеңестер

Топ тәлімгері

психолог

5.

Тақырыптық мәселелер бойынша тренингтер

жыл бойы

тренингтер

Топ тәлімгері

психолог

6.

Психологтан, дәрігерден кеңес алуға бағыттау

жыл бойы

консультация

Топ тәлімгері

7.

Колледждің қоғамдық шараларына қатысу

жыл бойы

бағыттау

іс-

шаралары

әкімшілік,

инспектор

Топ тәлімгері

8.

Психодиагностика жүргізу

жыл бойы

диагности

ка

әкімшілік,

инспектор

9.

Мәселелерді шешу

жыл бойы

консилиум

әкімшілік,

инспектор



























Ата-аналармен жұмыс

Рет

сан

ы

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Өту

форма

сы

Жауаптылар

1.

«Ерекше назардағы» балалардың үйлеріне бару

жыл

басында

әңгіме

психолог, әлеуметтік педагог

Топ тәлімгері

2.

Ата-аналарға кеңес беру

сұраныс

бойынша

кеңес

психолог, әлеуметтік педагог, Топ тәлімгері

3.

Ағарту кеңестерінің жұмыстарына талдау жасау

Ай сайын

кеңес

әкімшілік,

инспектор

4.

Ата-аналар клубының шараларына қатысу

жоспар

бойынша

тренинг

тер

психолог

5.

Студенттермен ата-аналар арасында

тренингтер өту



жылына 3 рет

Тренинг

Психолог

Педагогикалық ұжыммен жұмыс

Рет

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Өту

формасы

Жауапты

1.

Пән оқытушыларымен қажетті ақпаратты алмасу

жыл бойы

кеңес,

пікір

алмасу

психолог,

топ тәлімгерлері

2.

Сабақ үлгерімі бойынша талдау жасау

Ай сайын

кеңес,

талдау

психолог,

пән оқытушылары

3.

«Ерекше назардағы»балалармен жұмыс істеуге нұсқаулар беру

сұранысқа

байланысты


Кеңес

психолог,


топ тәлімгерлер

4.

Девианттық мінезді балалармен жұмыс жасауда педагогтардың серіктестік әрекеттесуі

жыл бойы

Семинар


Топ тәлімгер

5.

Педагогтардың мәселелік тақырыптар бойынша білімдерін жетілдіру

Ай

сайын

Әдістемелік кеңес,семинар

психолог,

топ тәлімгерлер







Бастапқы жұмысты алдын алу ретінде топ тәлімгерлерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу қажет. Негізгі мақсаты - өмір құндылықтарын үгіттеу және білім беру мекемесіндегі психологиялық климатты оңтайландыру.

Сонымен қоса жоспарда, білім беру ұйымдарда жедел психологиялық көмек алу, сондай-ақ қалалық «сенім телефоны» арқылы жедел көмек алу үшін студенттерді ақпараттандыру білім беру мекемесінің ақпараттық стендтері, интернет-сайты, БАҚ арқылы жүзеге асырылуы қажет.



Балаларда өзіндік қадірлеу мен жеке адамгершілігін дамытуға қалай көмек көрсету керек?

Колледжде:

  1. Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз;

  2. Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау;

  3. Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң жақтарына назар салыңыз;

  4. Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет;

  5. Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың алдын алу;

  6. Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен сәттіліктеріне шынайы баға беру.

Отбасында :

  1. Қарым-қатынаста жылылық және эмоционалдық пікір білдіру, барлық жағдайда қолдау көрсету қажет;

  2. Отбасына эмоционалдық жақындық ахуалын жасаңыз;

  3. Балаға үнемі қызығушылық танытыңыз, оған қамқор болыңыз;

  4. Талаптылықты - немқұрайлықтан, бостандықты - шектеуден, қатынастағы жылылықты - шеттетуден артық көріңіз;

  5. Балалармен қарым-қатынаста авторитарлық позицияларды жойыңыз.

  6. Отбасындағы қатынаста дерективті стильге жол берілмеуі керек!

  7. Ортодоксалдық пайымдаудан аулақ болу керек;

  8. Балалармен қатынаста өз қателіктерін мойындай білу қажет.


Балалар өмір сүруді үйренеді:

  1. Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.

  2. Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.

  3. Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.

  4. Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.

  5. Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді.

  6. Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.

  7. Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.

  8. Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.

  9. Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.

  10. Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббатты табады.


Қорытынды :

Римдік философ Сенеканың: «Әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды білім ордасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады

• Девианттық және деликвенттік балалармен жұмысты күшейтуді жоспарлау; • Отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта және тұтас қоғам құру;

• Арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына баса назар аудару;

• Кәмелетке толмағандарды дағдарыс жағдайынан шығуға және өмірін орнықтыруға, баланы отбасымен қосуға көмек көрсету мен отбасын әрі қарай сүйемелдеу.















































Әдебиеттер

  1. Макаренко А.С. Ата-аналарға арналған лекциялар.- 1958.. Маусым, 2000 ж. -103б

  2. Қоянбаев Н. Педагогика, Алматы, 2009

  3. Бегалиев Т. Педагогика, 1999

  4. Загвязинский В.И. Основы социальной педагогики.- Москва, 2002

  5. Жүмабаев Ә. Мектептің «қиын» оқушыларымен жүмыс жүргізу жүйесі. -

Алматы: Мектеп, 1971

  1. Утенов Ж.Ж. Роль предварительного расследования в предупреждении преступлений несовершеннолетних.- Алматы, 1998. -196с.

  2. Макаренко А.С. Педагогикалық дастан.- Алматы, 1983

  3. Бим-Бад Б.М, Днепров Э.Д., Корнетов Г.Д. Мудрость воспитания. - М.: Педагогика, 1980

  4. Шугман С.Г. Родительские тревоги. - М.: Педагогика, 1989

  5. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. 17-ші лекция.- Алматы, 1992

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 100 б.

  7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. - Алматы: Жеті жарғы, 2004. - 504 б.

  8. Блонский П.П. Педагогика, 1978

  9. Бочарова В.Г. Социальное воспитание учащихся. - М., 1991

  10. Донцев И.А. Самовоспитание личности. - М., 1984

  11. Корчак Я. Как любить ребенка. - М., 1990

  12. Кочетов А.И. Как заниматься самовоспитанием. - Минск, 1991

  13. Кони И. Ребенок и общество. - М., 1990

  14. Мудрик А.В. Социальная педагогика. - М., 1994

  15. Орсаева Р.Ә. Кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстық- қүқықтық күрес және шешу шараларының тиімділігі// Заң және заман.-2009.-№6

  16. Жарықбаев Д.Р. Кәмелетке жасы толмағандардың арасындағы қүқық бүзушылықтың алдын алу қүқықтық тәрбиенің ролі. Юриспруденция сериясы// Вестник КазНПУ. - 2006.- №1(7)

  17. Жүмабаев.С. Кәмелетке толмағандар арасындағы қүқық бүзушылығының алдын алуға тырысудамыз// Заң газеті. - 2005. - №152

  18. Дулатбеков.Н.О. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау

  19. Астана: Фолиант, 2002

  20. Әбкенов М.Т. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілік үғымы қүқықтық тәрбиелеу ерекшелігі //Семей мемлекеттік педагогикалық институтнын хабаршысы. - 2010. - №1

  21. Ерменбетова Л. Кәмелетке толмағандардың түлғалық ерекшеліктері//

Заң газеті. -2002. - №8, 19-23 б.

  1. Абдрасулов.Е. Кәмелетке толмағандар арасында қүқық бүзушылығын алдын- алу// Заң. - 2005. - №6, 10 б.

  2. Төлемісова.Т. Кәмелетке толмағандар арасындағы қүқық бүзушылығын алдын алу ерекшеліктері// Заң газеті. - 2006. - №51-52, 24-26 б..

  3. Кәмелетке толмағандар арасындағы қүқық бүзушылығының профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы. Қазақстан Республикасын заңы// Егемен Қазақстан 2006. - 3 шілде, 12-17б.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Девиантты мінез ??лы?ты балаларды? психологиялы? сипаттмасы.?ылыми ж?мыс

Автор: Исматулаева Алия Муратовна

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 211136


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства