kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Денсаулы?-адам ?міріндегі ма?ызды д?ние

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Адамзат ?мірге келген со? ?алай болса солай ?ткізбеуі тиіс. "Тірі адам т?бінде ауырмай бір т?рмайды" - деп данышпан Баласа??ниды? айт?ан с?зі рас сия?ты. ?йткені, ?рбір адам басында ?зіне белгілі бір аурулары бар. Салауатты ?мір салты? ?алыптастыруда ?р?айсысымызды? дене т?рбиесімен айналысуымыз?а, д?рыс тама?тануымыз?а, есірткі, темекі мен алькогольді т?тынуды ?ойып,тазалы? пен санитария шараларын са?тауымыз?а тікелей ба?ыттал?ан.?мірді? шатты?ы мен ?ызы?ы денсаулы??а байланысты.Адам денсаулы?ы-?о?ам байлы?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Денсаулы?-адам ?міріндегі ма?ызды д?ние »

Кіріспе

1.Тақырыптың өзектілігі:

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей:

Бірінші байлық – денсаулық

Екінші байлық – ақ жаулық

Үшінші байлық – он саулық-демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде.

2. Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті:

Ғылыми жұмыстың басты мақсаты-

1.Мектеп оқушыларын дене тәрбиесіне баулу арқылы денсаулықтарын нығайту оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі екенін түсіндіру.

2.Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді шешуді алға қойдым:

Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру.

3.Денсаулыққа мол әсерін тигізетін спорт екенін дәлелдеу. Адам өміріндегі денсаулықтың маңыздылығын анықтау.

4. Зерттеу кезеңдері:

1. Ғылыми зерттеу жұмысына дайындық ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап, мән-мағынасын түсынып, жан-жақты ақпарат жинақтап, кітапханаларда, үлкен кісілермен, мектеп медбикесімен, дәрігерлермен сұхбаттасудан басталды.

2. Зерттеу кезеңі таңдап алынған тақырып бойынша ой қортындылау, тәжірибелік шолу жасаудан тұрады.

3.Тәжірибелік кезең- ғылыми жұмыстың материалдарын жинақтаудан, оған қосымша ой қосудан тұрады.

Зерттеудің әдістері: Философиялық, әлеуметтік, психологиялық әдебиеттерді тақырып бойынша зерделеу, теориялық тұрғыда талдау;Оқушылар арасында сауалнама жүргізу;Зерртеудің жетекші идеясы. Денсаулықтың адам өміріндегі ролінің маңызыдылығы бағытындағы материалдар жинақтау.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы:

Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен, ұсыныстар мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Білім беру арқылы адам денсаулығы мүдделерін жүзеге асыру-қоғамның өзекті міндеттерінің бірі.

Дүниені көп көрген қария адамнан біреу:

-Қандай қатты кейіс не қатты қуаныш көрдіңіз? –деп сұраған екен.

Ол:

-Африканың зор шөлінде бір керуенмен еріп келе жатыр едім.Айырып жүре алмай, бір судың басында қалдым.Аздан соң жазылдым. Керуенге жеткенше азығым таусылды. Аштан өлер болдым, әлім кетіп, бір жерге отыра кеттім. Алдыма қарасам, бір кеседе қуырылған бидай тұр екен. Өмірімде содан қатты қуанғаным жоқ. Енді жейін деп аузыма салсам, бәрі меруерт екен. Өмірімде соған қатты кейіген емеспін. Қайтерімді білмей, қасымдағы құмға қарасам, құмнан бір киімнің етегі шығып жатыр. Құмды ашсам, мендей бір сорлы өзін-өзі құмға көміп, өлерінде алдындағы тақырға таяғымен мынаны жазыпты: «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ. Менің мына бір кесе меруертім мен жүз меруертім мен жүз лдәм мені бір шақырым жердегі мөлдір бұлақ, жемісті ағашқа жеткізе алмады. Аштан өлдім. Мені бұлақтың басына көміп, моланың басына не тас, не тақтайға : «Азықсыз аш адамға алтынның пайдасы жоқ » деп жазған адамға осы меруертім де, ділдаларым да адал болсын » деп жазыпты. Бір шақырым жерде су барын білгенде,жаным кіріп, етегімді беліме түріп, бар қуатымды жинап алдым. Ақырындап келсем, мені тастап кеткен керуен сол бұлақта тынығып жатыр екен. Керуенге келіп, тамақтанып, көлік, жұмысшы жалдап, әлгі өлікті жерледік. Бұлақ басына қойған тасқа «Азықсыз аш адамға алтынның пайдасы жоқ » деп жаздық. Жүз ділдәсін қызмет қылған адамдарға, көліктердің ақысына беріп, бір кесе меруертті керуендегілерге үлестірдік,- депті.





2.1.1. Денсаулық- адам өміріндегі маңызды дүние.

"Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысыуымызға, дұрыс тамақтануымызға , есірткі, темекі мен алькогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам денсаулығы- қоғам байлығы. Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді.Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицицна ғылымдарының пайда болуына, оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып, оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады. Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы технологиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқару қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған мақсаты- өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету.

Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселесі қаралған.

Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар.Мемлекетіміздің алдына қойып отырған елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет.Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет. Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі алты аспектіден тұрады.

1 ) физикалық денсаулық.

2) психикалық және интеллектуалды денсаулық.

3) жеке.

4) рухани денсаулық.

5) эмоционалды денсаулық.

6) әлеуметтік денсаулық.

 Физикалық денсаулық келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан. ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.

Психикалық және интеллектуалды денсаулық- бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады. Ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты

реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды.Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келісімді

турде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.

Жеке денсаулық - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіне пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.

Рухани денсаулық - бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы. Ол адамдардың информацияны қабылдау

қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені,рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді.

Эмоцианалды денсаулық - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек.

 Әлеуметтік денсаулық - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды және материалды жағы - қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.Адамға денсаулықтан не бар қымбат,Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.















2.1.2. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дүрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру! Өкініштісі, алғашқы шарттарсыз бақыт та денсаулықты баянды ете алмайды. Егер өмірде бақыт болмаса, алғашқы төрт шартты орындауға да қүштарлық шамалы болады.
Табиғат ана мейірбан ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып, терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр, егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз, тіпті жақсы.

Дұрыс тамақатану-денсаулық негізі. Артық дене салмағы мен семіздік - барлық əлемнің қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзекті мəселесі, себебі, соңғы онжылдықтарда семіздіктің таралуы мен медициналық жəне əлеуметтік-экономикалық салдары едəуір өскен.
Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз, ол орта есеппен бойыңыздың үзындығынан 100 сантиметрді алып тастағандағы санға тең болғаны тиімді.
Өзін-өзі босаңсыта білу де — ғылым, бірақ оған қосымша, мінез-құлықтың да тәуір (салмақты) болғаны дүрыс. Егер солай болса, қандай жақсы десеңізші!
Бақытты өмір туралы. Денсаулық отбасында да, жұмыста да бақытты болуға өз үлесін қосады, бірақ оны белгілей алмайды. Бір нәрсе ақиқат: ол — кез келген аурудың адамды бақытсыз ететендігі.
Сонымен, денсаулық үшін күресу керек пе, жоқ па? Ойланыңыздаршы?!!
Әрине күресу керек. Аурулардың болуына көбінесе табиғат та, коғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Көбінесе ол жалқаулықтан, қомағайлықтан, ал кейде өзінің қисынсыз қылықтарынан ауырады.
Дені сау болуы үшін адамның өз басы ұдайы және айтарлықтай күш жұмсау керек. Бұларды ештеңемен алмастыруга болмайды. Бақытына қарай, адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жүмсауда арта түседі.
Күш жұмсау мөлшері, негізінен, ынталандыру арқылы анықталады, ынталандырулар — мақсаттың маңыздылығы-мен, уақытпен және оған жету мүмкіндігімен анықталады! Әрине, ол әрбір адамның мінезіне де байланысты. Өкінішке қарай, адамның сырқаты асқынып, өлім жақында-ғанда ғана денсаулық, аса маңызды мақсат ретінде, адамның көз алдына келеді. Күнкөріс , жан бағу қамымен кеткен бүгінгі күнде ұрпақ денсаулығына алаңдап жатқан кім бар? Шындығына келгенде әр баланың бойында бір-бір сырқат бар. Ата-бабаамыз «ауру – астан...» деген екен. Соның дәлелі бүгінгі ахуал. Балалардың көбісі дұрыс тамақтанбау салдарынан кеселді бойларына жамап алған жайы бар. Олардың арасында семіздік ауруына ұшырағандар өте көп. Қазіргі таңда оны дәрігерлер мойындап отыр.Тек қана балалар арасында емес, ересектер арасында да семіздік белең алып бара жатыр. Семіздікке шалдыққан балалардың ересектерге қарағанда ІІ типті қант диабетіне шалдығу қаупі жоғары келеді. Мұндай балалардың болашақта жүрек-қантамыр ауруларына, ұйқы бұзылуына, психикалық- əлеуметтік сипатты мəселелерге шалдығу қаупі де жоғары. Орташа ша- мамен алғанда, олардың болашақтағы өмір жас ұзақтығы семіздікке шалдықпаған құрбыларына қарағанда 5 жылға кемиді. Оның дәлелі қозғалыстың аздығы. Мысалы, өз үйіміздегі қарапайым күнделікті тіршілікті алайық. Заманымыздың дамығаны соншалық барлық дүниені пультпен басқаратын болдық. Атап айтар болсам , үйді тазалығың келсе шаңсорғыш, кір жуғың келсе кір жуатын машина, ет тартқың келсе электрлі ет тартқыш, жарық жаққың келсе де пультті пайдаланасың. Міне, осының салдарынан да қозғалыс аз болып ,семіздікке апарады. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады. Сонымен қатар біз көбінесе дайын тамақ, яғни фаст-фуд өнімдерін тұтынамыз. Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока – коламен шөлін басады. Фастфуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фастфуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады.Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ.Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен. Иісі мұрын жаратын , тез дайындалатын тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі де құмар. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық қант немесе 125 грамм қант болады екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге сосикалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді.

Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз- құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақытылы қамтамасыз ету. Сондықтан да көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру-астан...» деген дана қазақтың сөзі бекерге айтылмаған сияқты. Адам үнемі күш-қуатты жұмсайды, соны қалыпқа келтіру үшін дұрыс тамақтаны білуі тиіс.

Семіздіктің алдын алу:

1. Салауатты өмір салтын ұстану;

2 Спортпен шұғылдану;

3. Көкөніс пен жемістерді көбірек жеу;

4. Артық салмақ қосқаныңызды байқаған сәттен бастап, спорт және қауіпсіз диетаның көмегімен арықтауға тырысу керек.

Ата-аналар ролі. Ата-аналар үйіне салауатты тағам өнімдері мен сусындарды əкелуімен, дене белсенділігін қолдап отыруымен балаларының мінез- құлқына, дағдыларына əсер ете алады. Осымен қатар, ата-аналарға салауатты өмір салтын ұстап, нығайту ұсынылады, себебі, балалардың мінез-құлығы көбінесе байқау мен бейімделу арқылы қалыптасады.

Мектеп ролі.Балалар арасындағы семіздік эпидемиясына қарсы күрес үшін мек- тептерде салауатты тамақтану мен дене белсенділігін ынталандыру қажет. Балалар мен жасөспірімдер өмірінің көпшілік уақытын мектепте өткізетіндіктен оларды мектепте қоршайтын орта салауатты таңдау мен дене белсенділігін арттыруға қатысты білім мен машықтарды алу үшін аса оңтайлы келеді. Өнегелі болуына сай мұғалім оқушылардың өмір салтына ұзақ мерзімді əсер ете алады.

Спорттың адам өмірінде алатын онрны ерекше. Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам! Спорт - денсаулық кепілі деген рас.Сау болам десең спортпен айналысуың қажет. Күнделікті спортпен шұғыданатындардың ұйқысы сергек, иммунитеті жоғары болады. Мен өзім таңертең бетімді суық сумен жуу -күндегі әдетім. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. йдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрған нан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10 - 15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан соң оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1, 5 - 2 сағат дем алады, ал 1 - 2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн. «Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.»
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін. Денсаулығы күшті, бойында қуат күші мол шымыр - шыныққан, жан - жақты дамыған адам Отаншыл келеді, Ата - баба аманаттан қалдырған байтақ жерді қорғауға қабілетті келеді.
Біздің лицейімізде де Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тәрбие тұжырымдамасы аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтар болсақ,
Таңертеңгілік дене жаттығуларын орындау;
Түрлі спорт секцияларын ұйымдастыру ( баскетбол, волейбол, футбол т. б)
Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау (аударыспақ, тоғызқұмалақ, батпан көтеру).Қозғалмалы ойындарға баскетбол, волейбол, футболды жатқызуға болады. Бұл жаттығулардың пайдасына тоқтала кетейік.
Спорттық ойындардың бір түрі – баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады – жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын - соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.

Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Волейбол – спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады.

«Ауырып ем ізденгенше,
Ауырмаудың жолын ізде»
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді.

Мен білім алатын «№7 орта мектебі» КММ-де спорттың қай түрімен шұғылданамын десең барлық мүмкіншілік жасалған. Баскетбол, волейбол, футбол, үстел теннисі, көркем гимнастика,жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ,жүзу үйірмесі бар. Міне, осындай үйірмелерге қатысып тұрсақ біздің денсаулығымыз өте жақсы болады. Мен өзім мектепте баскетбол және жүзу үйірмелеріне қатысамын. Ал енді қаламыздағы мүмкіншіліктерге келер болсам,спорт кешендерінің денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Футбол, волейбол, баскетболға қатысуға, бассейнге барып жүзіп, мұз айдынына барып коньки тебуге болады. Өкінішке орай, қолда бар мүмкіншілікті біз тиімді пайдалана алмаймыз. Оның барлығына біз тек ғана уақытты кінәлаймыз. Қол тимейді деп, қолымызды бір-ақ сілтей саламыз. Егерде адамда ниет болса барлығына уақыт табылады. Қазір ата-аналардың жұмыс басты болып кетуіне байланысты балалардың тәрбиесіне аса назар аудармайды. Егерде ата-ана баласының денсаулығына жіті назар аударып осындай үйірме,секцияларға қатыстырып отырса денсаулығы жақсы болады деп ойлаймын. Әрбір жасөспірім бала ата-анадан үлгі алады. Сол үлгі болатын ата-аналарымыз қарапайым жаттығу жасап, таңертеңгісін жүгіріп отырса міне қарапайым спорттың осы бір түрі денсаулыққа пайдасын тигіеді деп ойлаймын. Кейінгі он жылдықта балалар әлсіз, аурушаң болып кетті. ХХІ ғасыр адамзат баласының ой- өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Қазіргі уақытта барлық үйде компьютер бар, ол ғаламторға қосулы, кез-келген мемлекеттегі танысымызбен ғаламтор арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзімізге керекті ғаламтор мәліметі арқылы жылдам тауып алып, керегімізге жаратамыз. Мұның өзі адамзат үшін үлкен жетісітік.Осы ақылды көк жәшіктің балалар денсаулығына зияны туралы дәрігерлер не дейді? Дәрігерлер «баланың ұзақ уақытқозғалмай, компьютердің алдына отыруы, ой-өрісінің дамуын шектеп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте әкеліп соғады»-дейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ойы тежеледі. Дәрігер қауымы «ақылды» жәшіктің жас балаға кері әсерін былайшы жіктейді. Компьютердің адында үздіксіз отыру, қан қысымын көтереді. Көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға күш түсендіктен, омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді.Баланы қанша жақсы көріп тұрсаңда, компьютерге көп үйір қылмаған абзал. Оның орнына таза ауада көбірек ойнағанның пайдасы зор болмақ. Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс,төбелес, зорлық-зомбылықтар болып келеді. Баланы сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке-жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата-ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізігілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Сонымен бірге, соңғы кезде ұялы телефон арқылы агент жүйесімен тілдесу де оқушылардың және жастардың арасында кең тарап барады. Ал ұялы телефонды пайдалану кезінде, электромагниттік толқындардың өте зиянды әсері бар екендігі ғылыми дәлелденіп отыр. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
 Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диологтың да кеңесі артық болмайды.Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі.

Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде жүруі қажет:

1

Таңертеңгілік ас

7.30 – 8.00

25%

2

Таңертеңгілік ас

11.00 – 11.30

10%

3

Түскі ас

14.00 – 14.30

35%

4

Түстен кейінгі ас

16.30 – 17.00

10%

5

Кешкі ас

19.00 – 20.00

20

Қарап отырсақ, таматанудың тәуліктік мөлшерінің 70% мектепте жүргенде, сабақ уақытына сәйкес келеді екен, сондықтан мектеп асханасынан таматану ережелері мен гигиенасын бақылау және тексеру маңызды болып табылады. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмеңді желдетіп алып, шынықтыру жаттығу жасау керектігін айтқым келеді.










Қорытынды

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.Ағзаны шынықтыру және дене еңбегімен шұғылдану денсаулықты сақтап, оны нығайта түседі. Ол ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттырып, оның қорғану – бейімделу реакциясын ыңталандырады. Дене жаттығулары организмді алдын-ала сақтандырып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі ауруларды емдеуде маңызды роль атқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр сөзінде жеке адам денсаулығына медицина 25%, тұқым қуалаушылы биологиялық жағынан 20 % және спортпен шұғылдану 55% пайыз көмектеседі дегендей әрбір жеке адам денсаулығын сақтау өзінің қолында екенін ескерсе, сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып, салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашағымыз жарқын болмақ.

Қорыта айтқанда, әр нәрсені қолданудың өз орны бар екенін, «Баланы жастан» деген сөзді ұмытпайық!

Ұсыныс

 Денсаулық  - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау  - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Адам, денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік:  Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, мектеп кітапханаларына, мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр, сонымен қатар күнделікті дене шынықтырумен айналысу қажет дер едім.

Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян. Өз денсаулығың - өз қолыңда!









Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.

  2. Қожанов В.В. Гигиена школьника. Алматы.



































10



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Денсаулы?-адам ?міріндегі ма?ызды д?ние

Автор: Зинадинова Амангул Жарылкасыновна

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175088


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства