Дамуында ауыт?уы бар балаларды? с?йлеу тілін диагностикалау.
Дамуында ауыт?уы бар балаларды? с?йлеу тілін диагностикалау.
Дамуында ауыт?уы бар балаларды? с?йлеу тілін диагностикалау.
Онтогенез ?рдісі барысында с?йлеу тілі ж?не ?арым-?атынасты т?ртіпті? ?алыптасуы бір-бірімен ты?ыз байланысты. С?йлеу тіліні? ж?не ?арым-?атынасты? ?алыптасуы ?алыпты дамы?ан балада ?зара ты?ыз ?арым-?атынаста болады. 1 жас со?ында балада ?зіні? ?орша?ан адамдарына деген тал?аулы ?арым-?атынас пайда болып,?лкендермен былдырлап с?йлей алады,жа?ын адамдарын к?ргенде жа?ымды к??іл-к?йі,кейбір с?здік н?с?ауды т?сінуі ?алыптасады. Психиканы? ж?не ?арым-?атынасты? т?ртіпті? д?рыс ?алыптасуы ?шін баланы? отбасымен,?сіресе анасымен орна?ан жа?ымды эмоцияны? ?сері мол. Баланы? эмоцияналды к?йі 22 аптадан бастап 1жас аралы?ында дамиды. Балаларды? ?алыпты ?леуметтік эмоцияналды дамуыны? 3кезе?ін б?ліп ?арастыру?а болады. 1кезе?. 1-5 ай. Бала?а ?ам?ор бол?ан адамдар?а деген дифференциялды емес байланысты? дамуы. 2кезе?. 5-6ай-1жас. Спецификалы? байланысты? дамуы. Бала ?зіне ?ам?ор бол?ан адам?а ?ана ?йір бола бастайды. 3кезе?.1жас-жо?ары. К?птеген байланысты? дамуы. Жа?ын адамдарынан 2-3 адам болуы м?мкін. Церебральды сал ауруы бар балаларда ж?не к?ру, есту ?абілеті за?ымдал?ан балаларда ?леуметтік эмоцияналды ?арым-?атынасты? ?алыптасуында ?иынды?тар кездеседі. ?леуметтік – эмоцияналды дамуды? б?зылуы балаларды? тілдік ж?не тілге дейінгі кезе?де психомоторлы функциясыны? дамуына кері ?серін тигізеді. ?алыпты дамы?ан бала 1жас со?ына ?арай тілдік ?арым-?атынас?а ж?не интонация?а жауап ?айтарады ж?не кейбір н?с?ауларды орындайды. Дамуында ауыт?уы бар балалар тілдік ?арым-?атынас?а жауап ?айтармайды. Моторлы алалияны диагностикалау кезінде тілдік дамымауыны? ерекшеліктеріні? сипаттамасын ескеру керек. Балада белгілі бір енжар с?з ?оры болса да, моторлы алалиясы бар бала ?иналады, тілдік процесті? ?алыптасуында ?иынды?пен кездеседі.С?зді?, буынны? ??рамы ж?не ?лкендерді? айт?анынан кейін ?айталау да?дысы толы? ?алыптаспа?ан. С?здерді? ?алыптаспау салдарынан тілдік ?арым-?атынас кезінде ?зілістер жие бай?алады. Алалия кезінде бала жасы ?скен сайын кездесетін коммуникативті ?иыншылы?тар тілдік ?рдісті? автоматизациялануымен шартталады. Сенсорлы алалиясы бар ж?не есту ?абілеті т?мен балаларды? дифференциялды диагностикасы теориялы? ж?не практикалы? т?рде ?лкен ?ызы?ушылы? ту?ызады. Сенсорлы алалия кезінде балаларды? есту ?абілеті т?мен, айтыл?ан с?зді т?сінбейді. Сенсорлы алалиясы бар балаларды? естуін аппаратуралы зерттеу ар?ылы ж?ргізу керек деп есептеу ?ажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дамуында ауыт?уы бар балаларды? с?йлеу тілін диагностикалау. »
Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілін диагностикалау.
Онтогенез үрдісі барысында сөйлеу тілі және қарым-қатынасты тәртіптің қалыптасуы бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу тілінің және қарым-қатынастың қалыптасуы қалыпты дамыған балада өзара тығыз қарым-қатынаста болады. 1 жас соңында балада өзінің қоршаған адамдарына деген талғаулы қарым-қатынас пайда болып,үлкендермен былдырлап сөйлей алады,жақын адамдарын көргенде жағымды көңіл-күйі,кейбір сөздік нұсқауды түсінуі қалыптасады. Психиканың және қарым-қатынастық тәртіптің дұрыс қалыптасуы үшін баланың отбасымен,әсіресе анасымен орнаған жағымды эмоцияның әсері мол. Баланың эмоцияналды күйі 22 аптадан бастап 1жас аралығында дамиды. Балалардың қалыпты әлеуметтік эмоцияналды дамуының 3кезеңін бөліп қарастыруға болады. 1кезең. 1-5 ай. Балаға қамқор болған адамдарға деген дифференциялды емес байланыстың дамуы. 2кезең. 5-6ай-1жас. Спецификалық байланыстың дамуы. Бала өзіне қамқор болған адамға ғана үйір бола бастайды. 3кезең. 1жас-жоғары. Көптеген байланыстың дамуы. Жақын адамдарынан 2-3 адам болуы мүмкін. Церебральды сал ауруы бар балаларда және көру, есту қабілеті зақымдалған балаларда әлеуметтік эмоцияналды қарым-қатынастың қалыптасуында қиындықтар кездеседі. Әлеуметтік – эмоцияналды дамудың бұзылуы балалардың тілдік және тілге дейінгі кезеңде психомоторлы функциясының дамуына кері әсерін тигізеді. Қалыпты дамыған бала 1жас соңына қарай тілдік қарым-қатынасқа және интонацияға жауап қайтарады және кейбір нұсқауларды орындайды. Дамуында ауытқуы бар балалар тілдік қарым-қатынасқа жауап қайтармайды. Моторлы алалияны диагностикалау кезінде тілдік дамымауының ерекшеліктерінің сипаттамасын ескеру керек. Балада белгілі бір енжар сөз қоры болса да, моторлы алалиясы бар бала қиналады, тілдік процестің қалыптасуында қиындықпен кездеседі.Сөздің, буынның құрамы және үлкендердің айтқанынан кейін қайталау дағдысы толық қалыптаспаған. Сөздердің қалыптаспау салдарынан тілдік қарым-қатынас кезінде үзілістер жие байқалады. Алалия кезінде бала жасы өскен сайын кездесетін коммуникативті қиыншылықтар тілдік үрдістің автоматизациялануымен шартталады. Сенсорлы алалиясы бар және есту қабілеті төмен балалардың дифференциялды диагностикасы теориялық және практикалық түрде үлкен қызығушылық туғызады. Сенсорлы алалия кезінде балалардың есту қабілеті төмен, айтылған сөзді түсінбейді. Сенсорлы алалиясы бар балалардың естуін аппаратуралы зерттеу арқылы жүргізу керек деп есептеу қажет.
Онда ескерілетін диагностикалық критерийлер мыналар: - есту қабілеті төмен балада үнемі қабылдау дағдысы сақталған, ал сенсорлы алалиясы бар балада есту функциясының тұрақсыздығы байқалады. –есту аппараты арқылы есту қабілеті төмен бала әртүрлі дыбыстарды ести алады. Сенсорлы алалиясы бар балалар есту аппаратын қолдана алмайды. Себебі басы немесе құлағы ауырады. Сенсорлы алалия кезінде гипперакузия кездеседі. Ол бәсең шығатын дыбыстарға деген сезімталдығының артуы. - Сенсорлы алалиясы бар балалардың даусы сыңғырлаған, ал есту қабілеті төмен балада дауысы жай, ақырын шығады. – есту қабілеті төмен баламен тез тіл табысуға болады, ал сенсорлы алалиясы бар баламен олай емес. Алалия мен уақытша тіл дамуының тежелуін айыру үшін келесі ескертулерге назар аудару қажет. – алалия кезінде зейіннің , естің,қозғалыс аясының, жалпы және ұсақ маторика, жоғарыдағы психикалық үрдістердің оптика- кеңістіктік жетіспеушілік, орталық жүйке жүйесінің ерте органикалық түрде зақымдалуымен шартталады. Экспрессивті сөйлеу тілінің жетілмеуін бағалау үшін тілдің дамуы 3 негізгі кезеңге бөлінген: 1. Сөйлеу тілін түсінуі, сөз қоры белсенді, тілдік еліктеудің мүмкіншілігі, дыбыс айтуының ерекшеліктері, артикуляциялық аппаратың күйі. Осы параметрлер арқылы 1 кезең анықталады. 2. Сөйлеу тілін түсінуі. Сөйлемнің грамматикалық құрылымы және көлемі сөздің буындық құрамы. 3. Сөйлем құрамы мен көлемі, сериялы және сюжетті суреттер сериясы бойынша әңгіме құрау мүмкіндігі, сөзжасам дағдылары, дыбыс айту және фонематикалық қабылдауы. Тұтықпа кезінде сөйлеу тілінің ырғақтығы, жылдамдығы, саздылығы бұзылады. Диагностикалау үрдісі барысында невротикалық жай невроз тәрізді тұтықпа және полтерн бір-бірінен ажыратылады. Дизартрияның негізгі белгілерін: -дыбыс айтуының дауыстың бұзылуы; - артикуляциялық маториканың және тыныс алудың бұзылуы жатады. Артикуляциялық моториканың бұзылуы кезінде бет және мойын, тіл және еріннің енжарлығы, гипотония кезінде тілдің жіңішке және жалпақтығы байқалады. Еріндер әлсіз, бір –бірімен қосылмайды. Гиперсаливация- сөйлеу аппаратының анатомиялық,физиологиялық кемістіктерімен шартталған дауыс тембрының және дыбыс айтылуының бұзылуы. Әдетте ринолалия 3 түрде кездеседі: Ашық, жабық, аралас. Этиологиялық жағынан органикалық және функциональды болады. Органикалық ринолалия туа біткен қатты, жұмсақ таңдайдың жарықшасымен немесе жұмсақ таңдай қысқалығымен сипаттайды. Бұл жағдайда тілдің қалпы мен белсенділігі өзгереді. Жұмсақ таңдай енжар және аз қозғалмалы болады. Тыныс пен дыбыс айтуы бұзылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларда қарым-қатынастық тәртіптің келесі ерекшеліктері байқалады: - нұсқауды орындамай тұрып, сөйлеп жатқан адамның бетіне мұқият қарайды; -жест, мимика арқылы үлкендермен бірге қарап нұсқауды орындай алады. –ойын кезінде үндемей, өзінің әрекетін былдырмен де көрсетпейді. Зияты зақымдалған балалардың қарым-қатынас тәртібі әртүрлі болып келеді. Олардың кейбіреулері жағдайды ескермей, тез тіл табысып кетеді. Ал басқалары керісінше, адаммен сөйлеспей, қарым-қатынастан қашады. Психикалық дамуы тежелген балалардың коммуникативті ерекшелігі- басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттігінің төмендігімен байланысты. Ал аутист балаларда коммуникативті тәртіптің бұзылуы айқын көрінеді. Оның естуі қалыпты болса да, үлкендердің айтқанын елемей, ашық түрде негативизм білдіреді. Аутист балаларға тән- басқа адамдармен қарым-қатынасқа түспеуі, көзімен затқа тура қарамауы, психомоторлық бұзылыстары. Бала қарым-қатынас амалы ретінде сөйлеу тілін қолданбайды, бірақ осы уақытта сөйлеу тілінің патологиялық формалары пайда болады. Алалиямен салыстырғанда аутизм кезінде сөйлеу тілі 18-30 айға дейін қалыпты түрде дамып, кейін коммуникативті функциясы қарастырылады, бала қоршаған ортамен сөйлеспей, мәнерлі артикуляциясын жоғалтады. Аутизм кезінде коммуникативті тәртіптің бұзылуын мутизм түріндегі невротикалық реакциядан шектеу керек. Мектепке дейінгі кезең балада мутизмнің пайда болуымен баланы қарқынды түрде тілдік қарым-қатынасқа баулу мен тілдік функцияның жетіспеушілігінен болады.