Бұл тренинг педагогикалық ұжымды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Біз біргеміз" психологиялық тренмнг»
Педагогтарға арналған тренинг «Біз – біргеміз!»
Имаш А.А
Педагог-психолог, «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі»
Мақсаты: Бұл тренинг педагогикалық ұжымды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады. Мақсаты: Тұлға аралық қарым-қатынасты жақсарту, ұжымда демократиялық деңгейді көтеру. Міндеттері: Топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру; Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту; Педагогтардың коммуникативтік біліктілігін арттыру. Қажет материалдар: релаксацияға арналған баяу әуен, күй «Көңіл толқыны», тәрелке және су толы құмыра, бланкілер және қатысушы санына қарай қаламсап. Педагог-психолог: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі тренингте тынығуға, ойнауға, өзімізді, бір-бірімізді жете тануға мүмкіндік болады. Сіздерді топтық жұмыс ережесімен таныстырып өтейін: — «қазір және мұнда»; — шынайы болу; — жауапкершілік; — «тыңдап ал, содан кейін айт»; — белсенді болу. Олай болса, тренингімізді бастаймыз.
Қыздыру жаттығуы «Өзін-өзі бағалау». Мақсаты: шаршағандықты басу, психологиялық және коммуникативтік жайлылықты жасау, әріптестеріне деген қызығушылығын ояту. Қатысушылар шеңберге тұрады. Тапсырма. Сіздің басым эмоциялық күйіңіз айналадағылармен жағымды қатынасқа түсуге көмектеседі деп ойласаңыз – шапалақтаңыз, Егер сіз айналадан қандай дыбыстар шықса да, тек жақсы сөздерді еститін болсаңыз – көршіңізге күлімсіреңіз; Егер сіз әр адамның жеке өзіндік эмоциясын білдіру стилі болатынына сенімді болсаңыз – мұрныңыздың ұшына қол тигізіңіз; Егер сіз дүкенде сатушы күлімсіремеді деп, ұсынылған киімді киіп көруден бас тартсаңыз – басыңызды шайқаңыз; Адамдармен келіспеушілік болған жағдайда, сіз дауласудан бас тарта алмасаңыз – аяқпен тарсылдатыңыз; Егер сіз ашуыңызды жұдырықпен ұрып білдіретін болсаңыз өзіңізді айналыңыз; Егер сіз таныстарыңызды өзгеше әрекетпен таңғалдыратын болсаңыз — қолыңызды бұлғаңыз; Егер сіз кейде өзіңізге тиесілі жақсының барлығын кейде алмайтын болсаңыз – аузыңызды қолыңызбен басыңыз; Егер сіздің басыңыздан өткеріп жатқан теріс эмоциялар тек жағымсыз әсер көрсететін болса – басыңызды изеңіз; Оқушыларыңыздың эмоциясы сіздің эмоцияңызға байланысына сенімді болсаңыз «иә» деп айтыңыз.
«Қошемет» жаттығуы Мақсаты: топта жағымды эмоционалдық күй тудыру. Тапсырма: әңгімелесушінің жеке қасиеттеріне сай қошемет айту. Жүргізуші: — Біз бүгін бір-бірімізге қошемет сөздер айтамыз. Қошемет диалог түрінде айтылады. Қошеметті алып қана қоймай қайтара білу керек. Қошемет арнайы формада қабылданады: «Иә, солай. Тағы мен … (адамгершілік қасиет қосылады)» Жаттығуды талқылау сұрақтары: 1. Жаттығуды орындау барысында сіз қандай қиындықтармен кездестіңіз? 2. Жаттығуды орындауда жағымды сәттер болды ма? Қандай?
«Сенімді құлау» жаттығуы Мақсаты: топ мүшелерін жақындастыру, өзара сенімді қарым-қатынас орнату. Тапсырма: қатысушылар шеңберге тұрады. Ортаға бір қатысушы шығып көзін жұмады да арқасымен құлайды. Топтың әрбір мүшесі кезекпен орындайды. Жаттығуды талқылау сұрақтары: Нені жасау оңай болды, құлаған адамды тосу ма, әлде өзіңіз құлау ма? Қандай сезімде болдыңыз? Шынайы өмірде осындай жағдайларды қай кезде басыңыздан өткердіңіз? Қатысушылар тапсырманы орындауда ненің көмектескенін немесе не кедергі болғаны туралы ой бөліседі.
Өзін-өзі тану жаттығуы «Сіз қандай адамсыз?» Психолог: — Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз. Өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстап, көзіңізді жұмыңыз. Мен сіздерден естігеніңізді ойша елестетіп, естіп, сезінулеріңізді сұраймын. Орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік: 1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық) 2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы) 3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ) 4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метәл, пластик) 5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін). 6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған) 7. Қала қорғанынң ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған көлшік кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт етіпеткен асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз? (Аламын, алмаймын) 8. Ластанған көлшіктің қасында тағы бір көлшік бар, бұл көлшіктің суы мөп-мөлдір, бетінде ақша қалқып жүр, оны сіз теріп аласызба? (Аламын, алмаймын) 9. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен) 10. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан) 11. Сандыққа жақын жердегі гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сіздің ойыңызша оны неден салған? (Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан) 12. Көпірдің қасына келгеніңізде бір арғымақты көрдіңіз, сізше арғымақтың түсі қандай? (Ақбоз, күрең, қара) 13. Арғымақ не істеп тұр? (Тыныш мүлгіп тұр, жайылып тұр, шапқылап жүр) 14. Арғымаққа жақындау жерде қатты құйын соғып кетті, сіз не істейсіз? Жүгіріп барып сандыққа тығыламын. Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын. Арғымаққа міне қашамын. Жауап: 1. Есік. Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді. Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді. 2. Үстел. Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз. Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз. Үшбұріш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес. 3. Құмырадағы су. Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз. Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын. Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз. 4. Құмыраның материалы. Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді. Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді. 5. Кілт. Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар. Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар. Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар. 6. Қала қорғаны. Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлі көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған. Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған. 7. Лас көлшіктегі асыл тас. Алған болсаңыз: сіздің өмірлік жарыңыз қасыңызда болса да, сіз басқаларға қырындайсыз. Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз қасыңызда болса, сіз тек осы адаммен бірге боласыз. 8. Мөлдір көлшіктегі ақшалар. Алған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса, сіз маңайдағыларыңызбен жақсы боласыз. Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса да, сіз оған мәңгі адалсыз. 9. Сандықтың үлкен-кішілігі. Кішкене: жауапкершілігіңіз аз. Орташа: мәлім мөлшерде жауапкершілік бар. Үлкен: жауапкершілігі күшті. 10. Сандықтың материалы. Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішпейіл жансыз. Метал: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз. 11. Көпірдің материалы. Метал: достарыңызбен өте жақын, қою байланыстасыз. Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз. Өрім: сіздің айналаңызда ешқандай досыңыз жоқ. 12. Аттың түсі. Ақбоз ат: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде кіршіксіз әрі ардақты. Күрең арғымақ: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде әдеттегідей ғана. Қара тұлпар: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде тым жақсы емес тіпті жаман болу мүмкін. 13. Аттың қимылы. Тыныш тұрған не жайылып тұрғанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз үйдің қамын жейтін кішіпейіл адам. Шапқылағанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз тұрпайы адам. 14. Ең соңғы әрі ең маңызды сұрақ, иә, әңгіменің аяғы боран соққанға келді, сол жағдайға не істедіңіз: Жүгіріп барып сандыққа тығыламын. Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын. Арғымаққа міне қашу. Қазір біз бұл заттардың нені бейнелейтініне қарайық: Соққан құйын: сіздің өміріңіздегі қиыншылық. Сандық: өзіңіз Көпір: досыңыз Жылқы: өмірлік қосағыңыз. Сандыққа тығылу: қандай қиыншылыққа кездессеңіз де жалғыз өзіңіз қарсы тұрасыз. Көпірдің астына бару: мейлі қандай уақытта қандай қиыншылыққа жолықсаңыз да достарыңызбен бірге шешесіз. Тұлпарды таңдаған болсаңыз: қандай қиыншылық, боранды-шашынды күнде де өмірлік қосағыңызбен бірге өткізесіз.
Талқылау: Қандай сезімде болдыңыз?
«Су толы тәрелке» жаттығуы Мақсаты: топта өзара түсінісушілікті қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды арттыру. Тапсырма: тренигке қатысушылар көздерін жұмып, үндемей отырып шеңбер бойымен отырып су толы тәрелкені бір-біріне береді. Жаттығуды талқылау сұрақтары: Сіздің ойыңызша қолыңыздан не келмеді? Оны қалай түзетуге болады? Жаттығу орындау барысында қандай эмоцияларды басыңыздан өткердіңіз?
Релаксация «Күн шуақты алаңқай» (баяу музыка үнімен) — Орындыққа жайғасып, ыңғайлы отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, үш рет терең демалыңыздар. Өздеріңізді күн шуақты алаңқайда жүрмін деп елестетіңіздер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің қуанышқа толы көңіл-күйлеріңізді гүлден гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап), жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар.
— Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіңдер? Көңіл-күйлеріңізқалай? Рефлексия. Тренингке қатысушылармен кері байланыс жүргізу мақсатында «Мен нені үйрендім?» деген аяқталмаған сөздер бланкісі беріледі: Мен … үйрендім Маған ұнады … Мен … туралы білдім Мені … таңғалдырды Маған ең маңыздысы … болды. Маған ұнамады …
Педагогтар шеңберде тұрып өз ойларымен бөліседі. Психолог: — Белсенділіктеріңіз үшін барлықтарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!