Мен Ж?шібай Самал Тасболат?ызы 1983 жылы 5 ?арашада А?т?бе облысы Бай?анин ауданы Алтай совхозында д?ниеге келдім. 2000-2007 жылы аралы?ында ?.Ж?банов атында?ы А?т?бе мемлекеттік университетте о?ып, психология маманды?ы бойынша т?мамдадым. Бай?анин ауданы ?арауылкелді 1 орта мектебінде 2004 жылы психолог маманды?ы бойынша ж?мыс істедім.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бала т?рбиесіне байыпты ?арайы?»
Бала тәрбиесіне байыпты қарайық.
Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына зор ықпал жасайды. Үйде балаларды жазу-сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, жас жеткіншектер үшін мұның маңызы болмақ.
Бұл ретте бала біріншіден,білімге құштар болса,екіншіден еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек.Жас жеткіншекке жанұяда педагогикалық талаптарға сай дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен жеміс күтуге болады. Онда ата-анасы да қуанышқа бөлініп отырады.
Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншектердің еңбекке деген әлеуметтік көз қарасын қалыптастыру болып табылады. Мұны тек мұғалімдер ғана емес, әрбір ата-ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, мектеп алаңын көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отырулары керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Бала бойындағы жаман әдеттерге, яғни мектептен алған нашар бағасын үйден жасыруға, сабаққа қатыспауға,өтірік айтпауға, жолдасын жазықсыз жамандауға және орынсыз мақтануға үйір келеді. Мұндай балалар өсе келе еңбекке табансыз, екі жүзді болады. Сондықтан ата-аналар өз балаларының осындай жағымсыз қылықтардан жас кезінен аулақ болуларына сақтықпен қараса, олардың келешекте жақсы адам болуына үдкен пайдасын тигізеді.
Бала бойындағы жаман әдетке қарсы күресу жөнінде орыс халқының көрнекі педагогы Ушинскийдің: «Әдетті жою кезінде осы әдетті тудырған себептің сырын ашып, оның кейінгі салдарымен емес, оны тудыратын себептермен күресу керек», - деген қағидасын естен шығармау керек.
Ата-аналар балаларының психикалық жағдайын, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын жүктеген тапсырманы орындауын қадағалап,бақылап отыруы керек. Балаларды зер салып қадағалаған жағдайда оның қай бағытта кетіп бара жатқанын аңғаруға болады. Сөйтіп баланы оң жоға салуға мүмкіндік туады.Егер ескермей жүре берсе, бетімен кетушіліктің аяғы қылмысқа әкеліп соғады. Бұл арада ата-ана дер кезінде мектеп мұғалімдерімен байланыс жасамаса, тағы да опық жейді. Егер бала тәрбиесінен түсінігі тапшы ата-ана болса, онда тәжірбиелі мұғалімдермен кеңесіп, өз білмегенін солардан сұрап, біліп алса да артықтығы жоқ.
Әрбір ата-ана баланы тәрбиелеуде тек мұғалімдердің міндеті деп қарамай, бала тәрбиесіне өз үлесін қосып, жас жеткіншектерді сапалы білім мен саналы тәрбиелеуге белсене ат салысып отыру керек.