kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баланың мектепке бейімделуін анықтауға арналған әдістеме

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланың мектепке бейімделуін анықтау үшін "Жануарлар мектебі"  әдістемесін ұсынамын. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баланың мектепке бейімделуін анықтауға арналған әдістеме»

«Жануарлар мектебі» жобалау әдістемесі.

(Мектепке оқушылардың бейімделуін диагносикалау)



Көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады.Бала өзі шеше алмайтын көптеген мәселелермен кездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын ерте диагностикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейкесті мәселе болып табылады.

Бұл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен, психологиялық қорғаныстың әртүрлі формаларымен кездеседі. Бұл жағдайдың механизмдерін жобалау әдістеменің көмегімен зерттеуге болады. Мұндай әдістемелердің бірі – «Жануарлар мектебі».

Бұл әдістеме мектеп неврозы дамуының алғашқы сатысын, себебін және түзету жұмысын анықтауға мүмкіндік береді. Жақсы атмосфера және бағалау пікірінің жоқтығы баланың еш кедергісіз сурет салуына жағдай туғызады.Сонымен бірге, сурет салу бастауыш сынып оқушыларына қызықты және дағдылы.Суретті талдауда оқу әрекеті үрдісіндегі оқушыда кездескен қиындықтарды көруге болады. Бұл әдістемені топтық және жеке формада жүргізуге болады.

Керекті жабдықтар: қағаз, түрлі – түсті қарындаштар.

Алдын – ала дайындық.

Жүргізуші: Қазір біз сіздермен бірге сиқырлы орманға қызықты саяхат жасаймыз. Ыңғайлы отырыңыздар, денелеріңізді бос ұстап, көздеріңізді жұмыңыздар. Ашық күнде орманда жүрміз деп елестетіңдер. Басымызға жапырақтар, аяғымызға жұмсақ шөптер шайқалып тиеді. Алқапта сендер «Жануарлар мектебі» деген жазуды көрдіңдер. Айналаға қараңдар! Қандай жануарлар бұл мектепте оқиды екен? Ал қандай жануар мұғалім? Сендер қандай сезімде болдыңдар? Осы сезімді ары қарай дамытыңыздар. Мен онға дейін санағанша, сендер біраз уақыт осы «Жануарлар мектебінде» болыңдар, содан кейін көздеріңізді ашасыздар.

Нұсқау:

Жүргізуші: Сіздер «Жануарлар мектебінде» болдыңыздар. Ал енді қарындаш пен қағаз алып, не көргендеріңіздің суретін бейнелеуді өтінемін.

Тапсырма орындалды.

Өз суреттеріңе мұқият қарап, «мен» өзім деген жануарды тап. Оның жанына «х» немесе «в» әрпін қой.

Интерпретация.

1. Суреттің парақ бетіне орналасуы.

Суреттің қағаздың жоғарғы жағына жақын орналасуы өзін жоғары бағалаушылықты, ұжымдағы еркін жағдайға қанағаттанбаушылықты, айналасындағылар жағынан жеткіліксіз қызметтілікті білдіреді. Суреттің төменгі жағына жақын орналасуы өз - өзіне сенбеушілікті, өзін төмен бағалауды білдіреді. Егер сурет ортада бейнеленсе, онда балада барлығы нормада деп есептеуге болады.

2. Фигураның контурлары.

Фигураның контурлары суреттегі шығыңқы жерлердің көріну немесе көрінбеуімен талданады (кедергілердің, тікендердің типтері арқылы), жолды күңгірт салу – мұның барлығы қоршаған ортадан қорғану болып табылады. Егер үшкір бұрыш салса – агрессиялықты, ал егер контурлы жол күңгірт болса – қорқыныш пен мазасыздықты, тікен, қоршау қойылса – қорғаныс пен күдіктілікті білдіреді.

3. Басып салу.

Суреттерді бағалау кезінде басып салуының тұрақтылығына көңіл аудару керек. Ол тұрақтылықты білдіреді. Жай, әлсіз басып салу – қысымды білдіреді. Мазасыздануды сонымен бірге сызықтың бөлінуі, өшіргені білдіреді.

4. Көз, құлақ, ауыз т.б. детальдардың болуы.

Көздің бейнеленуі мәліметтің жағымсыздығын, құлақтың бейнеленуі (үлкен немесе әрбір детальдарын мұқият салу) өзіне деген айналасындағы адамдардың пікіріне деген қызығушылығы. Ашық штрихталған ауыз – қорқыныштың пайда болуын көрсетеді. Тістер – вербальді агрессияның белгісі.

5. Адамдарды салу коммуникативті қарым – қатынасерекшеліктерін білдіреді. Бір – бірімен әртүрлі қарым қатынастағы балалар (ойнау, оқу әрекеті және т.б.) және олардың араларын бөлетін сызықтың болмауы кластастар арасындағы жағымды қарым – қатынасты көрсетеді. Кері жағдайда, оқушылармен қарым – қатынас жасауы қиынға соғатынын айтуға болады.

6. Баланың бейнелеген мұғалім мен жануар арасындағы қарым – қатынас сипаты. Олардың арасында қарама қайшылық жоқ па, соны бақылау керек. Мұғалім мен оқушы фигуралары бір – біріне деген қарым – қатынаста қалай орналасқан?

7. Оқу іс - әрекетінің бейнеленуі.

Оқу іс - әрекеті бейнеленбеген жағдайда, балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтырады. Егер оқушылар, мұғалім, оқу немесе ойын іс - әрекеті жоқ болып, жануарлар мектебін бейнелемесе, онда балада оқушы позициясы әлі қалыптаспаған және өзінің мектептік міндеттерін мойындағысы келмейтінін көрсетеді.

8. Түстік гаммалар.

Ашық, өмірді қуантатын түстер баланың мектептегі жағымды эмоциялық жағдайын көрсетеді. Күңгірт, бұлыңғыр түс жағымсыз және түсіңкі жағдайды білдіреді.

Суретте мектеппен байланысты жағымсыз ассоциация бейнеленбеген, оның қолданған түстік гаммалары, бояулары да баланың мектепке деген жағымды қарым – қатынасын білдіреді.

Суретте жағымсыз ассоциация жоқ, түстік гаммалары ашық бейнеленген. Бірақ – та, оқушылардың бір – бірін сызықпен бөлу кластастары арасындағы қарым – қатынастың қиыншылығын білдіреді. Мұғалімнің бағасы өте жоғары. Бала қарым – қатынасқа түсуге қызығады. Бірақ бірде – бір қоянның

Аузы жоқ, бұл жағдай қарым – қатынасқа түсудегі қиыншылықты білдіреді.

Сурет аяқталмаған, жануарлар боялмаған болса, мұғалім мен оқушы арасындағы айырмашылық нақты емес. Мұғалім тіпті жоқ болуы да мүмкін. Барлық жануарлар өшіргішпен өшіріліп, қайтадан салынған. Қарындашпен қатты бастырылып салынған. Қағаз бүлінген. Бұл суретті балада мектеппен байланысты мазасыздық бар деп талдауға болады. Мұндай жағдайда ситуацияны түсіну үшін баламен қосымша жұмыстар жүргізу керек.

Суретте ішкі агрессияның барлығы, яғни жануарлардың құлақтары мен мүйіздерін үшкір бұрыштармен бейнелесе, мазасыздықты білдіреді (өшіру). Балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтыруы ықтимал. Баланы бас ауруы мазалауы мүмкін.

Жағымсыз ассоциациялар бар болса (мұғалім – крокодил, бала – қоян), класта агрессия сезіледі (мұғалімде – тістер, тырнақтар, оқушыда – тістер және инелердің болуы). Өзін басқа оқушылар мен мұғалімдерден бөлек айқын қою. Сурет бойынша әңгімелесуде бала өзін класта еркін сезінбейді екен. Сыныптастарымен қарым – қатынаста қиыншылық болуы мүмкін.



Мектеп мотивациясын тексеруге арналған әдістеме.

Авторы: Н.Г.Лусканова.

Оқушыларға «Мектепте маған не ұнайды?» деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.

Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:

  1. Мотивациясы дамымаған, мектеп мотивациясы жоқ, бірақ – та оқушының ойын және басқа мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;

  2. Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді. Мұндай мінез – құлықты оқушының талаптану деңгейі жоғары және мектеп талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді.

  3. Тапсырманы түсінбеу немесе дұрыс қабылдамау, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 балмен бағаланады.

Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:

  • Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі оқу жағдайындағы мектеп мотивациясының жоғарылығын көрсетеді, оны 30 балмен бағалайды.

  • Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балмен бағаланады.

  • Мектептегі ойын жағдайы мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баланың мектепке бейімделуін анықтауға арналған әдістеме

Автор: Нурмашева Кундыз Сырымовна

Дата: 22.11.2021

Номер свидетельства: 592317


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства