Просмотр содержимого документа
«Бала біздің болашағымыз-семинар-тренинг.»
Сисенгалиева Бимару Мендибаевна-педагог-психолог.
Ақтөбе қаласы. Пригород орта мектебі
Тақырыбы: «Бала -біздің болашағымыз»
Психологиялық жұмыс түрі: семинар-тренинг
Қатысушылар:мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар
Мақсаты:
А) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.
Б) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.
Көрнекілігі: өсиет сөздер, тест сұрақтары, түрлі ресурстар. Техникалық құралдар: интерактивті тақта, ноутбук, үнтаспа.
Өту барысы:
Кіріспе бөлім:
Психолог : Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала. Бала дербес тұлға.
Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан- өскенде соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағана жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтеліде соны меңзейді. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы ата-анасы, ата-ана баласын танымайынша, ісі алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші, сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Негізгі бөлім:
Отбасындағы, мектептегі бала тәрбиесі қандай ?
1.Ой қозғау
Ата-аналарға сұрақ:
1.Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе ?
2.Білім алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба ?
3.Мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе ?
4.Балаңыздың достарын білесіз бе ?
Ұстаздарға сұрақ:
1.Баланы қаблетті, қаблетсіз деп бөлесіз бе ?
2.Баламен қарым – қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма ?
3.Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсыз ба ?
4.Сабақта баланың көңіл –күйіне мән бересіз бе ?
Оқушыларға сұрақ:
1.Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың ?
2.Саған ұстазыңның қандай қасиеттері ұнайды ?
3.Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек ?
4.Мектебімізде мінсіз мұғалім бар деп ойлайсың ба ?
Осы сұрақтарға жауап алынып, қорытынды жасалады. (отырған ата-аналар және ұстаздарға беріледі).
2.Кездейсоқ жағдайдан шығу: (ситуация)
Ата-аналарға:
Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз.Балаңызды қалай қорғап қаласыз?
Ұстаздарға:
Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап, күлкім келеді»,- деді. Сіз қандай шара қолданасыз?
Оқушыға:
Сен би кешіне баруға достарыңмен уәделесіп келдің. Ата-анаң рұхсат бермеді. Бұл жағдайдан қалай шығасың ?
Ұсыныс: Тесттердің жауабынан жинаған ұпайларын қарап бағыт -бағдар беріледі.
Қорытынды: Қадірлі ата-ана, ұстаздар. «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» деп, ата –бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-анамен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Рефлексия: «Біз білеміз, қолдаймыз,көмектесеміз» -кері байланыс