kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? алатын орны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала т?рбиесінде ата-ананы? алатын орны. О?у-т?рбие ?рдісіндегі міндетті ж?зеге асыру ?шін ата-аналарды? белсенділігін к?теру ж?не ынтыма?тасты?ты ны?айта отырып, отбасы мен мектеп арасында?ы байланысты к?шейту. ?ай елде, ?ай кезде болмасын, бала т?рбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, я?ни б?гінгі ?рпа?-ерте?гі елді? болаша?ы болып келеді. ?з с?зімді шы?ыс ??ламасы ?л-Фарабиді? с?зінен баста?ым келеді: «Адам?а е? бірінші білім емес, т?рбие берілуі керек, т?рбиесіз берілген білім-адамзатты? хас жауы, ол келешекте оны? барлы? ?міріне апат ?келеді» делінген. Осы?ан байланысты мектебімізде баланы ?мірге бейімдеуде мектеп, м??алім ж?не ата-ананы? орны б?лек. ?аза?стан Республикасы Ата За?ыны? 27-бап, 2-тарма?ында "Балаларына ?ам?орлы? жасау ж?не оларды т?рбиелеу – ата - ананы? таби?и ???ы?ы, ?рi парызы" делiнсе, "?аза?стан –2030" ба?дарламасында " ?келер мен аналарды?, аталар мен ?желердi? ?з балалары мен немерелерi алдында?ы жауапкершiлiгiн к?нделiктi есте ?стау?а тиiспiз.Бiз ?з балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болаша?та, олар бiздi? жасымыз?а жеткен кезде ?андай к?йде к?ргiмiз келедi." делiнiп, ?рпа? та?дыры айтылады. Бала т?рбиесiнде отбасыны? орны ерекше. Оны ?о?амды? т?рбиенi? ?андай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасыны? негiзi баланы ?мiрге келтiру ?ана емес, о?ан м?дени - ?леуметтiк ортаны? ??ндылы?ын ?абылдату, ?рпа?ты?, ата-бабаларды?, ?лыларды? а?ыл-ке?ес т?жiрибесiн бойына сi?iру, ?орша?ан орта, адамзат?а, ?з ?о?амына пайдалы етiп т?рбиелеу. ?лкен ?рпа?ты? т?жiрибесi, ?мiрдегi беделi, а?ыл-ке?естерi, ата-ананы? ?з борышын м?лтiксiз орындауы, бiр-бiрiн ??рметтеуi – ?лкен т?рбие мектебi. Бала д?ниеге келген к?ннен бастап ата-ананы? ы?палында болып, ?мiрге ба?ыт берушi т?рбие мектебiнен н?р алады. "?атты т?ртiп к?рсе бала к?нiнде, ?нерiмен ?уантады т?бiнде. Бала ненi бiлсе жастан, ?ядан– ?ле -?лгенше соны таныр ?иядан. ?нер - бiлiм берем десе? басынан, Бер о?у?а балаларды жасынан, Ата - анадан ?сiп ?рпа? тара?ан, Жа?сы-жаман болса, бала – соларда",деп, ХI ?асырда Ж?сiп Баласа??н айт?андай, ата-аналар балаларыны? жеке ерекшелiктерiн жас к?ннен танып, со?ан ?арай ба?ыт - ба?дар, т?рбие берудi? ма?ызы ерекше. Ата-аналары балаларын ?негелi с?зiмен, жеке басыны? т?рбиесiмен т?рбиелейдi. Бала ?р н?рсеге сенгiш, тез ?абылда?ыш, елiктегiш келедi. ?р бала сипа?анды, жылы с?йлегендi, аяла?анды, еркелеткендi, ертегi ??гiме ты?да?анды, ойын ойна?анды ?натады. Б?л– баланы? бойында?ы ?лкендерден ерекшеленiп т?ратын негiзгi ?асиетi. Б?л ?асиеттер тек бала?а ?ана т?н. ?йткенi бала сезiмi– п?к. Баланы перiштеге те?еу осыдан шы??ан ба деген ой келедi. "Бала тiлi– бал", "Балалы ?й– базар" деген ма?алды хал?ымыз ?те орынды айт?ан. Баланы сипау, аялау, жылы с?йлеу– баланы? а?ылды, ?стамды, мейiрiмдi азамат болып ?суiне к?п ы?пал етедi. Ал бала?а ?рсу ж?не оны бала?аттау баланы? бойында кек алу, ?шпендiлiк ?асиеттердi оятады. Ата-бабал арымыз бала т?рбиесiне ??р?а? а?ылдан г?рi ?лгi-?неге ар?ылы ы?пал етудi? ж??ымды екенiн ж?не бала?а жора-жолдастарыны?, ??рбы-??рдастарыны? ?серi мол екенiн айт?ан. "?лы? ?ссе, ?лы жа?сымен ауылдас бол, ?ызы? ?ссе, ?ызы жа?сымен ауылдас бол" деп, т?рбиелiк м?нi зор ма?ал-м?телдер айт?ан. Ата-бабаларымыз бала т?рбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он т?ртке келгенше ??лы?ша ?ина, он т?рттен кейiн ??рдасы?дай сыйла" деп, баланы? ой-?рiсi даму кезе?iн ерекше ба?ала?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? алатын орны »

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны.

Оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы болып келеді.

Өз сөзімді шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады.

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле -өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер - бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда",деп,

ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше.


Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. "Бала тiлi– бал", "Балалы үй– базар" деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-бабал



арымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? алатын орны

Автор: Шаймерденова Асем Максутхановна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185186


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства