kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Жо?ары сынып жасында?ылар?а психологиялы?-педагогикалы? сипаттама"

Нажмите, чтобы узнать подробности

       Жас?спірім ша?ты? біраз б?лігі орта мектепті? жо?ары сыныбына с?йкес келеді ж?не жеке т?л?аны? ?алыптасу процесінде айтарлы?тай ма?ызды р?л ат?арады.
Б?л жаста /15-17 жаста/ адамны? т?л?алы? жа?ынан пісіп-жетілу кезе?і ая?талады, оны? ?мірге к?з?ардсыны? негізгі сипаттары ?алыптасады- ?лкен ?мір алдында?ы е? ал?аш?ы рет ?з бетімен шешім ?абылдап, болаша? к?сібін тандау міндеті ж?зеге асырылады. ?о?амда балалы? ша?тан жасты? ша??а ?ту кезені тек ?ана оны? т?л?алы? жа?ынан пісіп-жетілуіні? ?ана белгісі емес, сонымен бірге м?дениетке ?мтылу, белгілі бір де?гейіндегі білім, нормалары мен да?ды ж?йесін игеруі, сол ар?ылы жеке т?л?а е?бек етіп, ?о?амды? ?ызметтер ат?ара алады ж?не ?леуметтік жауапкершілікті сезінеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Жо?ары сынып жасында?ылар?а психологиялы?-педагогикалы? сипаттама"»

Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық-педагогикалық сипаттама

Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады- үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезені тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.

Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен – бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.

Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының араындағы айырмашьшықтың болуына байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік- жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі. Генетикалық немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени шарттьшықтарға байланысты сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне қарай ілгерілеушіліктер, шын мәнісінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік сипаттамалар биологияльгқ та, әлеуметтік-мәдени де де шарттарға байланысты түрленеді. Сондықтан өзіндік-жеке тұлғалық сипаттамалар ерекшелік емес, тәртіп болып саналатын болса да, олар жастық шақ аяқгалған соң, енді өзгерістер болмайды екен деген ұғымды білдірмейді.

10 жастағы бала салмақгы, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншьшық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыкқа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетіту болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді:

а) пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезені;

ә) өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің негізгі процестері жүзеге асырылады;

б) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физио-биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.

Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезен жасөспірімдік шаққа дейінгі кезенге сәйкес келеді, ал пубертаттық -жасөспірімдік кезенге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең -жастық шаққа сәйкес келеді.

Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.
Жоғары сынып оқушылары «Неге» деген сұракқа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардын ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызғьшықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннін сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен зандылықтарды іздеуге құштар.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс – өзіндік ақыл-ойдын және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз – өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу -бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы «мен» әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да тандалуы пайда болып, онаша болуды қалайды.

Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірак әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды. 16 жастағы жігіт өзінің мүмкіндіктері жағынан да, өз кызығушьшықтарымен де, қоғамдық жағдайымен де 36 жастағы ер адамнан қашанда, қай жерде болса да ерекшеленіп тұрады.

Қазіргі жоғары сыныптағылардың дене жетілуі мен психикалық дамуы жағынан бұдан он жылдан бұрынғы қатар құрдастарынан айтарлықтай жоғары, бұл жастағылар өздерін көп жағдайда ересектер санатымызда деп есептейді. Адамның әрбір жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады, сондай-ақ әрбір жас шама адамның өмірінде өз ерекшелігімен маңызды орын алады.Сондықтан әрбір жас кезеңнің өзіндік мәнін, сипаттамаларын зерттеу, білу болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас шамасына сай, оның талап-тілегімен санасып, нақтылы мақсатқа бағыттауымен байланысты. Халықтың педагогикада қазақ халқы адамның өмірін балалық шақ-қозы жасы деп бірнеше кезеңге бөлген. Қазақтың өмірі малмен тығыз байланысты болған мысалы; балалық кезең І жастан 10 жасқа дейін осы кезде баланың сана-сезімі дамиды. Қозы жас 10-15 жастың арасы адамға ақыл-ой кіреді. Қой жасы 15-25-тің арасы, мінез-құлық пайда болып қалыптасады. Жылқы жасы 25-40-тің арасы, одан үйлі-баранды болып халықтың әдет-ғұрпына араласады. Патша жасы 40-тан жоғары,ел болып, қоғамның салт-дәстүрін сақтап мемлекет басқаруға құқығы бар.

Л.С.Выготский өз-зерттеуінде әр жас шаманың басталуы ерекше,тек қана сол жас кезеңге лайықты, бала мен орта арасындағы қайталанбайтын қарым-қатынас орнай бастайды деген пікірді білдіреді.

Тәрбиеде әр балаға жеке қарау – бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл бәрінен де бұрын, оқушыға әруақытта және барлық қарым-катынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ – жеке тұлғанын қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардын бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән күштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.

Бұл кезенде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын тандауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсеңділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.


































Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Р.В.Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].

Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев,

Н.Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек.

Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі.

Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген психологтер (В.В.Холмовский, Л.А.Венгер, Н.И.Непомнящая т.б.) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:

Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.

1. Ақыл-ойының даярлығы.

Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.

Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері

Бейнелі компонент

Вербалді компонент

1. Заттың сипатын, қасиетін қабылдау қабілеттілігі.

2. Бейнелі негіздегі көру есі.

3. Зат не құбылыс туралы ұғымдарды қорытындылау біліктілігі.

4. Ойлау тәсілдерінің (синтез, салыстыру т.б.) дамуы.

5. Белсенділік, тапқырлық.

1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін айта білу және айыра білу қабілеттілігі.

2. Сөйлеу негізіндегі есту есі.

3. Бір текті ұғымдарды,заттарды жалпылау қабілеттілігі.

4. Ойлау тәсілдерінің дамуы.

5. Қисынды ойлау

2. Биологиялық кемелденуі.

Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.

3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.

Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді», - дейді.

Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:

1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);

2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;

3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;

4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;

5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.

Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.

Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.

Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше «Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы», - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.

Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.

М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап «Сенің қолыңнан келеді,біз көмектесеміз», «Сен істей аласың» деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.

Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және «Мына суретте не бейнеленген? Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана баласын санауға үйретуде «Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?», - деген сұрақтар қойып баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты қабылдай алуы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейін көтерілуі тиіс.

Сонымен, балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері.

Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын практик психолог немесе педагогикалық және даму психология саласындағы маман өз мойына алады. Өйткені психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстардың жүргізудің қыр-сырын тек психолог қана біледі. Психологтың міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады.

Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп, қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігін жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін өзбетімен немесе психологтың көмегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушыларды жиі мадақтап,оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек. Сабақ барысында оқушылар бір орында отырудан әбден жалығады. Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. Сондықтан сабақта қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін жиі өткізіп тұрған дұрыс. Егер баланың сабақта көп қозғалуына мүмкіндік жасаса, ағзаның барлық жүйесінің қызметін және физиологиялық күш қуатын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Бұл сабақты тез игеруіне көмектесіп, баланың жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды.

Жалпы баланың оқуға психологиялық дайындығын қазан және сәуір айларында анықтап отыруға болады. Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.

Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.

















Баланың мектепке психологиялық-педагогикалық дайындығын анықтау


        Мектеп табалдырығын аттау -  бүлдіршін өміріндегі заңды құбылыстардың бірі: әрбір бала жасы жеткенде мектепке барады. Қай жастан бастап үздіксіз білім алуды бастаған жөн: алтыда ма немесе жетіде ме, әлде сегіз жастан ба? Баланы қандай бағдарлама бойынша оқытқан жөн: дәстүрлі ме, әлде Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жүйесі немесе Л.В.Занков жүйесімен бе, әлде мүмкін шетел тілін тереңдете оқытатын арнаулы мектепке берген жөн бе? Мектеп жүктемесін алып кете ала ма, жақсы оқи ала ма? Баланы мектепке қалай дайындаған жөн? Кішкентай оқушыны мектепте кездескен алғашқы қиыншылықтарды жеңе білуге қалай дайындауға болады?

       Осындай сұрақтар болашақ оқушылардың ата-аналарын да, тәрбиешілерін де мазалайды, осы сұрақтарын олар балабақшалардың психолог мамандарына  жолдайды. Ата-аналар мен педагогтардың мазасыздануы түсінікті де: өйткені оқушының алғашқы жылдағы табысы келер жылдардағы оқуының табысының негізі, мектепке деген дұрыс көзқарасының негізі, одан қалды мектептегі және болашақ үлкен өмірдегі табысының негізі болып табылады. Егер оқушыға оқу қиыншылық туғызса, мектептен нашар бағалар мен ескертулер  әкеліп отырса, бұның бәрі семьяның психологиялық ахуалына теріс әсерін тигізеді: үй тапсырмасын орындау  жанұяның барлық мүшелеріне жазаға айналады, ал ата-аналар жиналысына қатысу – нағыз азап.

         Психологтар мен педагогтарды  қынжылтатын бір жәйт – соңғы кездерде нашар оқитындар қатарына сырттай  тәп-тәуір, ойлау қабілеті жоғары деңгейде, оқу мен жазуды мектепке дейін-ақ меңгеріп алған балалардың қосылуы. Мұндай балалардың ата-аналары психологқа кеңеске келгенде: «Біз баламызбен көп дайындалдық, оның дамуына көп күш жұмсадық. Неліктен ол нашар оқиды?» - деп дал болады. Мұның басты себебі баламен дайындалған сабақтардың барлығы дерлік мектепке дайындықтың негізі бола алмайды. Қазіргі заман психологтары көпжылдық теориялық және тәжірибелік зерттеулер негізінде баланың мектептегі оқуды бастауына аса қажет жеке бас қасиеттерін анықтады.(оқуға қажет қасиет д.а.)

Осы қасиеттердің даму деңгейі баланың оқудың алғашқы сатысындағы білімді меңгеруінің табыстылығын айқындайды, дәл осы қасиеттерді баланың мектепке дайындығын қалыптастыру кезеңінде естен шығармау керек. Бұл мүлде оқу-тәрбие жұмысы тек оқуға қажет қасиеттерді дамытумен шектеледі деген сөз емес: «психикалық даму» ұғымының  «мектептегі оқуға дайындық» ұғымынан әлдеқайда аясы кең. Педагогтар мен ата-аналардың басты міндеті – баланың толыққанды және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Бұл жерде ең басты мәселе қандай сабақтардың баланың дамуы мен мектепке дайындығына қажет деңгейді қамтамасыз ете алатынын дәл анықтау.Баланың үлкендердің тапсырмасын қалай орындайтыны да өте маңызды – егер ол оқу дағдылары көзқарасы жағынан қате тәсілдерді қолданатын болса, әрі қарай дұрыс қалыптаспаған дағдылар мектеп бағдарламасын толық игеру жолында кедергі болуы мүмкін. Үйретуге қарағанда қайта үйрету әрқашан қиын екені белгілі ғой.

      Кейде ата-аналар да тәрбиешілер де «дамытушылық сабақтар қанша көп болса, баланың мектепке дайындығы да сонша жақсы болады» принципімен әрекет етеді. Ал бұл әрекет баланың ақыл-ой және физикалық шамадан тыс шаршауына әкеліп соғады да, денсаулығының нашарлауына ықпал етеді.

     «Мектепте оқуға дайындық» деген не ұғым? Әдетте, мектепке дайындық дегенде баланың психикалық, физикалық немесе әлеуметтік дамуының  оның денсаулығына нұқсан келтірмей мектеп бағдарламасын игеріп әкете алатын деңгейін айтады. Демек, «мектепке дайындық» дегеніміз баланың  мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дайын болуы. Осы үш құрамдас бір-бірімен тығыз байланыста, біреуінің жетіспеушілігі баланың мектепте оқуының табыстылығына  кері әсерін тигізеді. Бала ағзасының негізгі функционалдық жүйесінің дамуы мен денінің саулығы мектепке дайындықтың фундаменті болып саналады. Балалардың мектепке дайындығының деңгейі мен жеке бас ерекшеліктерін анықтау мақсатымен психологтар «Балалардың мектепте оқуға дайындығының кешенді диагностикасы» атты әдістеме әзірледі. Бұл әдістеме негізінде аудан балабақшаларында мониторинг өткізіліп, балабақша түлектері бес бөлім бойынша тексерілді.

1.     Дене дамуы бойынша : орнынан ұзындыққа секіреді – 100%

                                              тепе-теңдікті сақтай алады – 90-95%

                                               допты еденге соға алады – 83%

                                                кедергіні жеңе жүгіреді  – 70-74%

                                              мәдени-гигиеналық дағдыларды түсінеді және  

                                               орындай алады – 100%.

2.     Әлеуметтік дамуы бойынша: басқа баламен біріге берілген тапсырманы

                                                       орындай алады – 90%

                                                       балалар тобын басқара біледі, көшбасшы      

                                                       рөлін атқара алады  – 50-55%

                                                       сәтсіздікке мойымау, қатені өз бетімен

                                                       түзете алу  - 80-85%

                                                    психоэмоционалдық жағдайы қалыпты - 100%

                                                      өз қалауы бойынша ермек таба біледі – 100%.

3.     Тіл дамыту бойынша: қазақ тілінің барлық дыбыстарын

                                           дұрыс айта алады – 100%

                                           күрделі сөйлемдерді дұрыс құра біледі – 80%

                                            диалог құра біледі – 60%

                                            қазақ әліпбиінің әріптерін таниды – 90%

                                           математикалық алғашқы ұғымдарды түсінеді – 78%

4.     Танымдық дамуы бойынша: қоршаған орта туралы түсінігі бар – 80%

                                                      Салыстыра біледі, ұқсас нәрселерді көрсете    

                                                      біледі -90-95%

                                            тапсырмаларды орындағанда керек

                                            заттарды,түстерді қолдана біледі – 85-90%

                                       көрсеткен үлгі бойынша іс-әрекет жасай біледі -100%

                                           нұсқауды түсініп, дұрыс орындай алады – 90%

                                           білмегенін, түсінбегенін сұрап алады – 70%

57 Эстетикалық дамуы бойынша: ертегілерді,әдеби шығармаларды

                                                          біледі – 100%

                                                         музыкалық және әдеби шығармаларды

                                                         әсерлі қабылдайды – 100%

                                                         жұрт алдында өзін еркін ұстап, қысылып-

                                                         қымсынбайды – 60-65%

                                                        көркем бейнелерді түс,көлем,формалары

                                                        арқылы дұрыс бейнелей  алады -60-70%.

Дегенмен де мектепке дайындықтың қажет деңгейін қамтамасыз ету ата-аналар және педагогтардың  белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Ал ол үшін олар мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктері, мектепке дайындықты қалыптастыру әдістері, алғашқы сәттердегі кездесетін қиындықтар жөнінде білулері керек. Осы және басқа да жиі қойылатын  көптеген сұрақтарға жауап беру балабақша педагог-психологтарының міндеті.

   1-қыркүйек келеді де, мектеп парталарына кешегі балабақша тәрбиеленушілері отырады. Мектептегі алғашқы күн – құшақ толы гүл, құттықтау, қуанышты толқу сәт(Мен оқушымын!). Мұның бәрі өтеді де,  қуанышы мен реніші, жеңісі мен жеңілісі қатар жүретін күнделікті мектеп өмірі басталады. Кішкентай оқушылардың нағыз оқушыларға айналуына, жаңа ортаға, жаңа тәртіпке, жаңа күн тәртібіне, жаңа педагог пен жаңа сыныптастарына үйреніп кетуіне біраз уақыт керек болады. Баланың мектепке үйренуі бір күндік шаруа емес. Бұл баланың психикасы мен жас ағзасына күш түсіретін ұзақ процесс.Оқу жылының басында барлық дерлік бірінші сынып оқушыларында тым белсенді қозғалыс немесе керісінше, тым баяушылық,  ашуланшақтық, тәбеті нашарлау, ұйқысыздық, тез шаршағыштық байқалады. Бұл бала ағзасының өзінің үйреншікті дағдыларынан басқаға ауысына берген заңды жауабы.

       Мамандар баланың мектепке бейімделуінің үш негізгі кезеңін атап көрсетеді.Бұл кезеңнің әрқайсысының өз ерекшелігі бар.

       Бірінші кезең – бағдарлау кезеңі – ерекшелігі бала ағзасының өзгерістерге қызу жауап беруі, 2-3 аптаға созылады. Бұл кезеңде бала өз шамасының шегінде «жұмыс істейді», сондықтан да бала салмағын жоғалтады, жиі басы ауырады, ұйқысы жоғалады, жиі ауырады.

      Екінші кезең – тұрақсыз бейімделу кезеңі – бала ағзасы іздеп және жаңа өзгерістерге  оңтайлы жауап таба бастайды.

      Үшінші кезең – мейлінше тұрақты бейімделу кезеңі – бала ағзасының жаңа өзгерістерге (ақыл-ой, дене, көңіл-күй) нақты, тиянақты жауап беретін , сөйтіп, балаға түскен алғашқы күндер ауыртпалығын жеңілдететін кезең.

        Барлық үш кезеңнің ұзақтығы – 5-6 апта; ең қиыны алғашқы төрт апта.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама "Жо?ары сынып жасында?ылар?а психологиялы?-педагогикалы? сипаттама"

Автор: Орынбасарова Бану Оразхановна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321059


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства