kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама. ?з-?зіне ?ол ж?мсаушылы?ты? алдын алу –ата-ана т?рбиесінен басталады.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?з-?зіне ?ол ж?мсаушылы?ты? алдын алу –ата-ана т?рбиесінен басталады.

Жер бетінде ?аза?тан ас?ан балажан халы? жо?. Неге десе?із, «бала- бауыр еті», «балалы ?й- базар» деген халы?ты? бір баласын бір ауыл болып т?рбиелейтін ?зіндік ?лгісі ?лемні? ?зге бірде бір ж?ртында кездеспейтін ??былыс десек арты? айт?анды? емес.  Баланы? ?р ?ызы?ы- бал ?ызы?. Біра? сол ?ызы??а тал?ап, талдап ?арамайтынымыз да белгілі. Бала кішкентай кезінде кез келген істе ересектерді? ?зін ?олдап, мада?тайтынын сезсе, сол іске тез бейімделіп, ?деттеніп кететінін жете ??ына бермейміз. Бала т?рбиесіндегі та?ы бір кемшілік- бала жетістігін к?ре білмеу, жігерлендіріп, ?олдау к?рсете алмаумен байланысты. Кейде баламызды мада?тауымыздан г?рі, жекіруіміз асып т?сіп жататынын мойындауымыз керек. Жалпы біз балажан халы? бол?анымызбен, оны т?л?а деп танып, а?ыл иесі ретінде ?абылдай бермейміз. Бізді? ойымызша, баламыз бізді? айт?анымызды істеп, айда?анымызбен ж?ретін, ?лі а?ыл-есі тола ?ойма?ан тіршілік иесі дейміз де, біра? талап ?ою?а келгенде ?атайып кетеміз. Сол талапты? ?ддесінен шы?а білмесе, баламызды жер ?ылып жасытамыз. Бала?а жекіріп, зекіген сайын жасыта беретінімізді а??армаймыз. М?ндай отбасында т?рбиеленген балалар екі т?рлі болып ?седі. Біреулері- боз?кпе, жасы? болса, екіншілері- жекіп с?йлемесе? с?з ?тпейтін сабазды? ?зі болып шы?ады. Алды??ылары ?немі жалта?дап, ?здігінен шешім ?абылдай алмайтын болса, кейінгілері ?мір бойы ж?йкемізді ж??артып, ?мірден ?з орнын таба алмайды.  Аса ай?ын, ?иын ж?не ?згерісі к?п ?ауіпті кезе? мектеп жасында?ы жеткіншектік кезе?. Жеткіншек балаларды? к??іл-к?йі жиі ??былып т?рады, эмоциялы? ?лемі жиі ?згереді. Балаларды? бір тобы тез шарша?ыш, ашуланша?, к??ілсіз болады. М?ндай баланы? жеке басыны? неврозды ж?йкесі мен психикасыны? б?зылуынан деп сипаттау?а болады, оны? себебі, м??алім мен о?ушы, бала мен ата-ана ?атынасыны? б?зылуынан болады. Отбасында?ы жа?сы ?арым-?атынасты жо?алту, мектептегі с?тсіздік, келе?сіз топта?ы ??рбыларымен жа?ынды? ?р т?рлі жолдар?а итермелейді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама. ?з-?зіне ?ол ж?мсаушылы?ты? алдын алу –ата-ана т?рбиесінен басталады. »

Өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу –ата-ана тәрбиесінен басталады.

Жер бетінде қазақтан асқан балажан халық жоқ. Неге десеңіз, «бала- бауыр еті», «балалы үй- базар» деген халықтың бір баласын бір ауыл болып тәрбиелейтін өзіндік үлгісі әлемнің өзге бірде бір жұртында кездеспейтін құбылыс десек артық айтқандық емес.  Баланың әр қызығы- бал қызық. Бірақ сол қызыққа талғап, талдап қарамайтынымыз да белгілі. Бала кішкентай кезінде кез келген істе ересектердің өзін қолдап, мадақтайтынын сезсе, сол іске тез бейімделіп, әдеттеніп кететінін жете ұғына бермейміз. Бала тәрбиесіндегі тағы бір кемшілік- бала жетістігін көре білмеу, жігерлендіріп, қолдау көрсете алмаумен байланысты. Кейде баламызды мадақтауымыздан гөрі, жекіруіміз асып түсіп жататынын мойындауымыз керек. Жалпы біз балажан халық болғанымызбен, оны тұлға деп танып, ақыл иесі ретінде қабылдай бермейміз. Біздің ойымызша, баламыз біздің айтқанымызды істеп, айдағанымызбен жүретін, әлі ақыл-есі тола қоймаған тіршілік иесі дейміз де, бірақ талап қоюға келгенде қатайып кетеміз. Сол талаптың үддесінен шыға білмесе, баламызды жер қылып жасытамыз. Балаға жекіріп, зекіген сайын жасыта беретінімізді аңғармаймыз. Мұндай отбасында тәрбиеленген балалар екі түрлі болып өседі. Біреулері- бозөкпе, жасық болса, екіншілері- жекіп сөйлемесең сөз өтпейтін сабаздың өзі болып шығады. Алдыңғылары үнемі жалтаңдап, өздігінен шешім қабылдай алмайтын болса, кейінгілері өмір бойы жүйкемізді жұқартып, өмірден өз орнын таба алмайды. Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең мектеп жасындағы жеткіншектік кезең. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Демек баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Осы қоғамда баланың психологиясы төмендеп кеткен. Кейбір ата-аналар баланың ішкі жан-дүниесіне үңілмейді, тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды. Мұндай жағдайларда бала өзін ата-анасына еш керексіз сезінеді, бірақ олардың қоятын талаптарынан қорқады. Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында өтірік айтуға, алдауға итермелейді. Мінезі тұйық, жасқаншақ балалар болады. Олар ересектерге қарсы шықпауға бейімделеді, олардың іс-әрекеттері ата-анасына ұнамай жатады немесе сынға ұшырайды. Осы кезде ересектер балаға орынды, орынсыз кінәлаулар тағады. Өзін ешкім түсінбей және онымен қоймай жала жапқандығы баланы ашындырады, қарсы шығуға итермелейді. Сонымен бірге баланы өбектей бергеннің нәтижесінде де оның өзіндік "мені" пайда болады. “Мені” пайда болған соң, оның айтқаны міндетті түрде орындалу керек. Орындалмай қалса, өмірін қия салады. Өз-өзіне қол салумен мәселесін шешемін деп ойлайды.

Өзіне-өзі қол салу термин тілінде "суицид" деп аталады. Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан шаршағанда немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жасөспірім ұл-қыздардың арасында кездеседі. Оның даму жолдарына жалғыздық, ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, жасөспірімнің өзінің шешім қабылдауына тыйым салуы, ата-ана арасындағы түсінбеушілік, қызметкер мен басшы арасындағы келіспеушілік, оқушы мен ұстаз арасындағы шиеленіс, отбасындағы әлеуметтік ахуал, құрбылар арасындағы қатынастың нашарлауы, еркіндік бермеу және тағы басқа себептерді жатқызуға болады. Медицина тіліндегі депрессия, невроздар, қорқақтық сезімнің пайда болуы, депрессиялық психоз, шизофрения секілді сөздерге сәйкес келеді. Ал халық ұғымында бір жағдайдың әсерінен тығырыққа тірелуі, қиын жағдай болғанда біреумен бөліспеу, мұны шешетін бір ғана жол бар деп ойлау деген ойлармен пара-пар. Қаржылық қиыншылықтар да кей адамдарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді. Отбасындағы жайсыздық та балалар бақытсыздығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы тақырып жайлы айтқанда шындыққа шынайы бетпен қарауымыз керек.

Бұл мәселені талқыға салғанда психолог мамандардың тікелей қатысы бар. Қазақтың менталитетіне “психолог” деген ұғым жат. Сол себепті бір қазақ қанша жерден депрессияға ұшырап, күйзеліске түссе де психологқа бармайды. Оған бар десең "Мені жынды санайсың ба" деп өзіңе зекіп тастайды. Капиталистік қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін, тығырыққа тірелгенде көмек ұшын тигізетін психолог мамандарға жүгінуге бірте-бірте үйреніп, сананы қалыптастырған жөн.

Бұл тақырыпты бір жерде, бір жиналыспен шешіп тастай алмаймыз. Мұны жан-жақты талқылап, көптің жұмылуымен шешу керек. Қоғамда орын алып жатқан өз-өзіне қол жұмсаушылыққа жол берген елдердің ішінде мұсылман еліне жат қылық. Мұсылман қауымында өз-өзіне қол салу деген ұғым болмаған. Ал еліміздегі болып жатқан келеңсіздік біздің қаншалықты мұсылман екеніміздің көрінісі. 

Жалпы адам - жан мен тәннен құралған тіршілік иесі. Тәннің қажеттілігі ұйқы, тамақ және тағы басқалары болса, ал жанның қалауы рухани құндылық. Күнделікті тән қажеттілігіне тамақтанған секілді, жанға да рухани азықты күнделікті талап етеді. Рухымыз рухани тұрғыда азықтанбаса, онда біздің қоғам аш болады. Өйткені адам қоғамның бір бөлігі. Сол үшін физикалық жағдайдағы қиыншылықтарға рухани азықтың аздығынан адамдар төтеп бере алмауда. Сондықтан мектептен бастап дінтану сабағын жүйелі жүргізіп, ата-аналар мектеппен тығыз қарым-қатынаста болса, өз-өзіне қол жұмсаушылық көрсеткішінің төмендеуіне әсер етер еді. 

Ең алдымен, баланың тәрбиесіне аса сақ болуымыз керек. Ата-ана деген өз баласының қайда барып жүргенін, кіммен жүргенін, қайда отырғанын білу қажет.

Өз-өзіне қол жұмсауға өтірік айтудың да әсері бар. Ол айналып келіп отбасыға тіреледі. Мәселен, бір адамға қарыз болғаннан кейін немесе тағы басқа жағдайдың әсерінен қоңырау шалып жатқан кісімен сөйлескіңіз келмейді. Телефон тұтқасын алып тұрған балаңыз сізге қараған шақта, басыңызды шайқап, "мені жоқ деп айт" - деп, өтірік айтуға итермелейсіз. Сонда өз балаңызды өтірік айтуға өзіңіз тәрбиелеп жатырсыз. Бұл білінбей кетті. Сіз өтірік айтуды үйретіп жатқан жоқсыз, бірақ күнделікті іс-әрекетпен көрінбей кетіп жатыр. Осыларды көріп тұрған бала да "былай өтірік айтсам, құтылып кетемін" деген сана қалыптасады. Автоматты түрде қабылдай береді. Ал бір күндері сол өтірігі жүзеге аспай, әшкере болып, құрбы-құрдастарымен, ата-анасымен сәл ғана реніш пайда болса, тұрақсыз бала өз-өзіне қол жұмсауы әбден мүмкін. Сол үшін түймедей нәрсеге мән беріп қарау да маңызды. Және де барлық қарғыс үйде жатыр. "Ой, оңбаған, сен адам болмайсың", «Көгермегір, сен көгермейсің»"Жексұрын, бәріне кінәлі сен" деген сөздер ата-ана аузынан шығады. Отбасында өсетін, өнетін бала осы сөздерден кейін қалай ер жетпек. Сол себепті баланы бастан тәрбиелеу үшін, алдымен ауыздағы сөзді түзеу керек. Жақсы сөз айтып, тәлімді-тәрбие беру керек басынан. Қазіргі заманның балалары – ерекше ақылды, жылдам, еркіндікке құмар балалар. Мүмкін сондықтан да олар көп нәрсені талап етеді.

Бүгінгі күннің балалары мультфильм, балаларға арналған қызықты бағдарламаларды көрмейді. Олардың көк жәшіктен көретіндері атыс-шабыс, қырып-жою. Теледидарлар да сол бағыттағы көркем фильмдерді таңертеңнен кешке дейін көрсетеді. Қайсысын қарасаң да жаман істерге бағыттаудың барлығын да баланың көзіне көрсетіп, санасына құйып беруде. Өз-өзіне қол жұмсауды да көрсетіп жатыр. Соны көргеннен кейін суицид қалай орын алмайды біздің қоғамда. Өз-өзіне қол жұмсаушылықтың орын алуына қоғам да кінәлі, оның үстіне қадағаламаған ата-ана тәрбиесі де маңызды рөл атқарады. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" демей ме. Сондықтан өз өмірін қиюға жол бермес үшін тәрбиені тал бесіктен бастаған жөн. Суицидтің болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. 100 пайыз кепілдік беру мүлдем жоқ қазіргі таңда. Қазір аудан төңірегінде өз-өзіне қол жұмсаушылық орын алып жатса, оны ата-анадан көрмейді. Бірден мектеп қызметкерлерін немесе бала білім алатын оқу орнының басшыларына кінә артуға дайын тұрады. Шын мәніне келгенде, өзіне қол салған жанның тікелей қамқоршысы ата-анасы емес пе. Ата-анадан жақсы тәрбие алған бала артық қылықтар жасамайтыны айдан анық. Өткеннен тағы мысал келтірмесек болмайды. Балалық шақта «Әкең келе жатыр, әкеңе айтамын» десе отырарға жер таппай жүгіріп кететін едік. Осындай ұғым бар-тын. Ал, сол ұғымды қазір айтып көр. Керісінше, әкесі «шешеңе айтып қоямын» деп қорқытады. Осыдан кейін үйдегі тәрбиенің құнын білуге болады. 

Менің ойымша суицидтің көп орын алуы ата-ана мен балалардың арасындағы достық қарым-қатынастың болмауы. Ата-аналардың көбісі баласымен сырласпайды. Маған оқушылар келіп тұрады, Бірақ соның шамамен 60 пайызы ата-анасымен сырласқысы келетінін, бірақ сырласа алмайтынын, ата-анасының мұндайға үйренбегендігін айтады. Әсіресе, қазіргі таңда өз-өзіне қол салу қыздар арасында кең өріс алған. Оның үстіне теледидардан көрсетіліп жатқан түрлі бағдарламалар осыған ұйытқы болуда. Сүйгендеріне қосыла алмаған жандар соңғы хаттарын жазып, өздеріне қол салып, дарға асылып жатқанын көрген жастардың сол жағдайды өз бастарынан кешкенде қайталамасына кім кепілдік бере алады. Болмаса аяғы ауыр болып қалған қыздар іштерінен тынып, ешкімге сыр білдірмей “осыдан артық жол жоқ” деп түрлі жолдармен тыныс алуларын тоқтатуда. Біреудің артынан сөз сөйлеу, сын айту да бір адам өміріне зиян келтіреді. Қысқасы, өзіне-өзі қол салу шариғатқа да, рухани тұрғыдан да, заңға да қайшы әрекет. Сондықтан баланың түр-сипатына, материалдық тоқтығына емес, ішкі жан дүниесіне өте қатты көңіл бөлейік  ата-аналар.


Серікбаева Алима Оралбайқызы

«Жаушықұм» мектеп-лицейі

Педагог-психолог


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама. ?з-?зіне ?ол ж?мсаушылы?ты? алдын алу –ата-ана т?рбиесінен басталады.

Автор: Серикбаева Алима Оралбаевна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195917


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства