kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ажырасу проблеммасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ата-ананың басты міндеті-баланың алдында өзі бақытты болуы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ажырасу проблеммасы»

Ата-ананың бала алдындағы міндеттерінің бірі-өздерінің бақытты болулары. Егер ата-ананың өмірінде қиындықтар болса: жекелік, отбасылық немесе әлеуметтік - онда балалар мұндай ата-ананың кеңестерін аз тыңдайды. Әрине, баланың немесе жеткіншектің логикасын түсінуге болады: менің анам немесе әкем маған қалай өмір сүру керектігін айтады, олар өздері мұндай өмір сүруден ешқандай жақсылыққа жеткен жоқ. Неліктен мен олардың тәжірибесіне сүйену керекпін-олар сияқты ашушаң, бақытсыз болу

үшін бе ?Сондай-ақ, егер ата-аналары өмірде бақытты, күшті және өздеріне сенімді болса, егер олар өмірге оптимизммен қараса , мұндай ата-ананың балалары әлдеқайда тұрақты, қорғалған, өмір сәтсіздіктеріне төтеп бере алатындай адам болып өседі. Осылайша, баланың бақыты ата-ананың бақытынан басталады.

Ал бұзылған отбасын сақтау арқылы балаға бақыт беру мүмкін емес. Психикалық денсаулық және тәрбие аймағында жұмыс істейтін көптеген мамандардың пікірінше, ерлі-зайыптылар арасындағы күрделі қақтығыс балаларда және отбасындағы қақтығыс балаларда және отбасындағы үлкендерде невроз бен психоз түрлерінің дамуына ықпал етеді. Отбасындағы кез келген қақтығыс - бала үшін үлкен стресс, себебі, отбасы баланың әрекет тәсілдеріне және тұлға ретінде қалыптасады, өз қайғысын бөлісе алатын адамдар тобын табады.

Ерте балалық шақта ата-ана және отбасының басқа мүшелері, бала психикасының дамуына ықпал ететін мекен ету ортасын жасайды. Қақтығысушы, проблемалы отбасында бала мінезінің патологиялық түрде дамуы әбден мүмкін. Жүргізілген зерттеулер бойынша, шамамен балалардың 50/50 ата-анасының ажырасуын бастарынан ешбір психологиялық қиындықсыз, салмақты өткізеді. Бала үшін күнде қақтығысатын және бір-бірімен қарым-қатынасқа түспейтін ата-анамен өмір сүргенше, қиын қарым-қатынасты үзу үшін дені сау, күшті ата-ананың бірімен өмір сүрген жақсы.

Бірақ, бұған қарамастан ата-ананың ажырасуы бала үшін жарақат, себебі ол ата-анасының біреуін жоғалтумен және оның өміріндегі күделі өзгерістермен байланысты. Бұл шындық, оны өзгерту мүмкін емес. Дегенмен, оны жұмсартып, стрессті қайғылы уайымға айналдыруға болады.

Еш нәрсеге қарамастан бала үшін отбасын сақтап қалу мүмкін бе? Мұның бәрі бұрынғы қарым - қатынасқа, ерлі-зайыптылардың арасында не болғанына байланысты. Айырылысушы ата-ана әрекетінің бірнеше нұсқалары бар:

Бірінші нұсқа-отбасында дағдарыс басталды, бірақ ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас қалыпты және бұл жазылмайтын ауруға қарағанда уақытша кідірісті білдіреді. Сондай-ақ, үлкендер санасыз түрде өздерінің қарым-қатынасының құндылығын сезінеді. Осы кезде отбасын бұзатын күштерге оны сақтай алатын күштер қарсы тұрады. Біріктіруші факторлар арасында-орта балалары, үйі, достары....Ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап қалуға мүмкіндіктері бар, бірақ қарым-қатынасты өзгерту керек.

Екінші нұсқа- ерлі-зайыптылар ажырасады, бірақ көршілер ретінде бір пәтерде өмір сүреді. Мұндай шешім бала қызығушылығын ескеретін саналы таңдауға қарағанда, амалсыз шара. Адамдар бір-бірімен бірге өмір сүре алмау себебінен ажырасатын болғандықтан, ажырасудан кейін бір-біріне деген реніш, ашу ұзақ уақыт сақталады. Бірге өмір сүру нұсқасын қолдау үшін, өз эмоцияларымен бір нәрсе істеу керек, ал бұл адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан ажырасудың мұндай түрлері аз кездеседі, себебі бір пәтерде ауыстыру әлдеқайда оңай. Алайда, кейбір жағдайларда ажырасқаннан кейін көршілес өмір сүру, отбасының ерекше бір түріне айналады. Олар бостандық алып өз беттерінше өмір сүреді. Ажырасу жауапкершіліктен босатты, бірақ олар бір-бірімен байланысты жоғалтқан жоқ: күн сайын кіріседі, бірге балаларын тәрбиелейді, ортақ достарын күтеді.

Үшінші нұсқа- ата-аналар ең жақсысы ажырасу екенін түсінеді, бірақ «балаға психологиялық тұрғыдан» әсер етпес үшін отбасын сақтауға талпынады. Яғни, өз өмірлерін «отбасы»деп алатын қойылымды ойнау үшін әлем театр сахнасына айналдырады, ал баланы көркем рөліне шақырады. Мұндай әрекет моделі барлық қатысушыларға, үлкенге де, кішіге де кері ықпал етеді. Балалар үйде не болып жатқанын әрдайым біледі. Оларды алдау мүмкін емес.

Статистиканың көрсетуінше, толық емес отбасындағы балалар мектепті тастайды немесе кәмелетке толмай өздері ата-ана болады. Егер балалар екінші ата-анасымен үнемі кездесіп тұрса немесе «жаңа әке», «жаңа ана»пайда болса жағдай жақсармайды. Егер отбасында жеткіншек болғанда ата-аналары ажырасса, онда проблема көп болады. Себебі, өтпелі кезең проблемасына жеткіншектің әлі де қатаймаған психикасына зиян келтіретін психологиялық мәселелер қосылады.Әкесі немесе анасы қайтыс болған балалардың психикасы жақсы жағдайда болады, себебі, олар өздерін тастанды, керексіз сезінбейді.

Ажырасқаннан кейін 90% жағдайда бала анасымен қалады, ал әйел отбасындағы кірістің төмендеуінен қиналады. Дегенмен қазір көптеген әйелдер жақсы ақша табады және өз баласын асырауға қабілетті. Бірақ бұл олардан үлкен күш қуатты талап етеді. Мұндай аналардың баласымен әңгімелесуге уақыттары қалмайды және тәрбиесін анасының немесе күтушісінің мойнына артады. Ажырасқан әйелдер өз баласын қолдауға және қорғауға рухани күштері мен уақыттары жете бермейді. Ал мұндай балалар қолдау мен сүйіспеншілікті қажет етеді. Себебі, айырылысқан ата-ананың балалары толы отбасында тәрбиеленген балаларға қарағанда әлдеқайда эмоционалды тәуелді.

Егер ата-ананың бір отбасынан кетсе де, әдетте бала кеткен әкеге-өзін керек емеспін деп сезінеді. Біздің елімізде бала анасымен қалатын болғандықтан, әкесі келіп кетушіге айналады. Көптеген әкелер туған ұлын немесе қызымен байланысты сақтап қалуға талпынғанмен, біртіндеп олардың қарым-қатынастары суып және бөлектене береді. Әйелдер ажырасуды «бәрін қайтадан бастауға» берілген мүмкіндік ретінде санайды, бірақ бала үшін бұл жазылмас жараға айналады.

Олар ажырасуды соңына дейін сирек қабылдайды. Бірақ, кейбір жағдайда ажырасу барлық отбасы мүшелеріне жайлы болады. Егер зорлықтан, дөрекіліктен, анжалдың салдарынан өмір сүру мүмкін емес болса,онда мұндай отбасын ешкімнің сақтап қалғысы келмейді. Ажырасу уақытында алынған баланың жарақатыуақытша болады, өз өміріне көңілі толған әйел әлдеқайда бақытты және психикалық жоспарда дені сау баланы өсіре алады ,-деген ғалымдардың көзқарасы әлі де пікірталас түрінде қалып отыр.

Ажырасуға баланың реакциясы депрессия немесе өмірінің өзгергендігін толық мойындамауымен көрінуі мүмкін. Кейбір балаларда ата-анасынан татуластыру идеясы басым болады және олар ұзақ жылдар бойы осы нәтижесіз талпыныстарды жалғастырулары мүмкін. Кең тараған реакция ашу-ыза болып табылады.

Ажырасу бойынша балада кінә сезімнің дамуы қорқынышты тудырады. Бірақ өзін жауапкер ретінде сезінбейтін балалар да, ауыр мазасыздықты сезінеді. Көптеген балалар әкесін жоғалтқаннан кейін, енді анасын жоғалтудан қорқа бастайды. Саналы қорқыныш бірінші кезекте махаббат мәңгілік емес деген ашылыммен байланысты. Көптеген ата-ана балаға ажырасуларын былай түсіндіреді: «Анаң мен әкең бір-бірін түсінбейді, олар бірін-бірі жақсы көрмейді, олар көп ұрысады»мынандай қорытынды шығаруы мүмкін: «Егер анам әкемді жақсы көрмесе және ол үшін кетіп бара жатса, онда ертең мені не жақсы көрмей тастап кетуі мүмкін ,...» .Мұндай ойлар - олар саналы немесе санасыз болса да ажырасудан кейін бала әрекетнің өзгеруіне себепші болады. Кейде олар жағымды жағынан көрінуі мүмкін. Бала өзін тастап кетпес үшін сұраныстарын және агрессиясын ысырып, қақтығыстан қашқақтайтын болады.

Бір бала мұңлы, екіншісінің мұңын ашу ыза қысады, үшіншісін ар-ұяты мазалайды, төртіншісі тастап кетуі мүмкін деп, қ орқыныштың әкесін ойлаудан қалады. Әрқайысының эмоциясы өзі бойынша көрінеді.

Егер бала анасына да, әкесіне де бұрынғыдай үлкен маңызға ие екендігіне сене бастаса, онда ажырасу бойынша жағымсыз мазасызданулар біртіндеп жоғала бастайды. Ал егер ана ажырасу себебін бала мұқият түсіндіруге тырысса, оған зиян келтірмей, керісінше көмектескенін айтса, бұл баланың жаңа өмірге бейімделуіне көмек болады. Ана баланың уайымдарын қабылдап, оны жұбатуға, тыныштандыруға рухани күш және уақыт табатынын білдірсе , бұл балаға ең басты көмек.

Басты мақсат-көңіл көтеруді қамтамассыз ететін, келіп-кетіп жүрген әкесін «жақсы жігіт», ал анасын «жаман» деп есептеуге дейін барады. Себебі анасы көптеген шектеулер қояды. Егер анасы бұрын жұмыс істемеген болса, ажырасқаннан кейін жұмыс істей бастаса, балада ашу-ыза, депрессия кең тараған реакция болып табылады.

Бала ажырасу қиындығын басынан жеңіл өткізу үшін, оның әкесімен де, анасымен де максималды жақсы қарым-қатынасы сақталу керек. Бұл ең алдымен ата-анаға байланысты: егер олар жағдайды ушықтырмай, бірін-бірі кінәләмай, баланы бірін-біріне қарсы қоймаса және онымен неғұрлым ашық болса, онда бала бұл жағдайды соғұрлым оңай бейімделеді. Өкінішке орай , көбінесе ата-ана баласын артық уайымдаулардан қорғау үшін ажырасу фактісін соңғы кезеңдерге дейін жасырады.

Ата-анасын уайымдатып жүрген жайттар туралы мәліметтің болмауы, тіптен кішкентай баланың өзінде де, болып жатқан жағдайлар әлдеқайда қорқынышты болып көрінуі мүмкін. Балалар көбінесе оқиғаларды ата-анасының реакциясына қарай қабылдайды. Мәселен, егер анасы болып жатқан жағайларды қорқынышты трагедия ретінде қабылдаса, бала да өзін солай сезінеді. Сондықтан, ана баласының психикасына кері әсер етпес үшін, оқиғаларға бір ғана жағымсыздықпен қарамағаны жөн.

Ажырасудан кейін ата-ананың екеуімен де баланың байланысын ұйымдастыру ерекше тапсырма болып табылады. Әрине, егер әкесі үнемі балаларына келіп, олармен бірге кыдырып тұрса-бұл керемет. Сонымен қатар, баланың кетіп қалған әкесімен біраз уақыт бірге тұру мүмкіндігі болса, мысалы, демалыстарын бірге өткізу, бұл өте жақсы болады.

Ажырасқан ата-ананың бала тәрбиелеуіне үлестері тең болса, бұл ол үшін жақсы.






































Ажырасудың бала психологиясына

тигізетін әсері






Беткайнар ауылы

2015/2016 ж.ж.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Ажырасу проблеммасы

Автор: Коштаева Баян Танжарыковна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455386


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства