kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторлық бағдарлама "Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Авторлық бағдарлама "Оқушыларды ҰБТ-ға пихологиялық тұрғыдан дайындау"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторлық бағдарлама "Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау"»

Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Котяев ауылы













Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау






Дайындаған: Нурсеитова Мадина Маратпековна



















Котяев ауылы 2020




БАҒДАРЛАМА

элективті, қолданбалы курс

мектеп және оқушы компонентерін ұлттық біріңғай тестілеу алдында психологиялық жан-жақты зерттей отырып дайындауға, оқытуға арналған

 

11-сыныптарға арналған

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

 


















Түсініктеме хат мазмұны

  «Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау»элективті курсы оқушылардың өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі бағалауға, өзінің қабілеті мен таным деңгейін қалыптастырады. Стреске қарсы тұруына, сенімділікке, күш-жігерлілікке тәрбиелейді.

Психодиагностикалық, психокоррекциялық, психопофилактикалық бағытта зерттеу жұмыстары қаншалықты кең болса, олардың әдістері де соншалықты көп. Мысалы: мұғалім оқушылармен кейбір диагностикалық зерттеулерді, коррекциялық (түзету) жұмыстарды жүргізе алады. Осы психологиялық бағыттарды оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде кеңінен қолдануға болады. Сынып жетекшісі оқушының мінез - құлқын, әсіресе темпераментін анықтау керек. Арнайы берілген балалардың темпераменттік шкалалары бойынша әр оқушының ата-аналарының жауабына қарай оның темпераментін анықтауға болады. ҰБТ-ты тапсыру оқушы үшін үлкен стрес. Сондықта сынып жетекшісі алдын ала әр оқушының, Э.Ховардтың тестерін пайдаланып, стреске төзімділігін анықтап, ақыл-кеңес беруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Л. Вассерман, С. Спилбергер сияқты ғалымдардың тестерін пайдаланып, оқушының жүйке жүйесінің тозу, өзін - өзі бағалау деңгейін анықтайды. Әрине бұл тесттер оқу жылы ішінде кем дегенде үш рет жүргізіліп, мониторинг жасау арқылы әр оқушыға пайдалы кеңес беру үшін пайдаланылады.


Бағдарламаның мақсаты:

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезеңіне оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру

Бағдарламаның міндеттері:

1.    Стреске қарсы тұруын арттыру;

2.    Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру;

3.    Эмоциялық ерік сферасын дамыту;

4.    Эмпатия сезімін дамыту;

5.    Ішкі резевтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту;

6.    Іс әрекетін талдағанда, өз жауапкершілігін сезінуге көмектесі;

7.    Конструктивті өзара әрекет дағдысына оқыту.


Бағдарламаның өзектілігі:

 

     Маңыздылығы: 

ҰБТ-ға әзірлік уақытында түлектердің өздерін ұстау әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру, өздік бақылауды, өз-өздеріне сенімділікті арттыру.Жүктемегні көтере білуге машықтандыру. Күйзелу, абыржу, үрейлендіру сияқты стрестік жағдайлардың алдын-алу.

      Қажеттілігі:

      Бағдарламаның негізгі қажеттілігі қазіргі қоғамдық үдерісте бәсекеге қабілетті, логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған оқушылар даярлап шығару.








Р/с

Тақырып аттары

Сабақ саны

Түрі

Нәтижесі

1

Мектеп бітіруші түлектердің мәліметтерін жинақтау

1

Мәлемет жинақтау

Оқушылар туралы мәлімет алынады

2

Оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерделеп, ата-аналар жиналысын өткізу.

3

Жиналыс

Оқушылардың әлеуметтік жағдайы сараланды.

3

Оқушылардын жеке басының қасиеттерін және мінез -құлқын анықтау

2

Зерттеу

Жеке басының қасиеттерін зерттейді.

4

Оқушылардың таңдау пәндерін және пәнге деген қызығушылығын анықтау


1

Сауалнама

Пәнге деген қызыушылығы артады

5

11- сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, психологиялық-педагогикалық мінездеме

2

мінездеме

Оқушылардың темперамент типтері анықтайды.

6

Э.Ховардтың тестерін пайдаланып, стреске төзімділігін анықтау.


2

тест

Стреске төзімділігін анықтайды.

7

Оқушылар мен ата-аналарға психологиялық кеңестер беру


1

кеңес

ҰБТ – ға дайындалудың тиімді жолдарын меңгереді


8

«Мамандық-өмір таңдауы» сыр-сұхбат оқушылар мен ата-аналарға .


2

Сыр-сұхбат

Мамандыққа деген қызығушылығы артады.


9

«Мен және менің мамандығым» эссе жазу

1

Эссе

Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады.

10

Депрессиялық деңгейдi анықтауға арналған тест.

2

Тест

Депрессиялық деңгейін анықтайды.

11

«Өзіңе сен! Сен ҰБТ-да жеңіске жетесің!»


1

Тренинг

Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, өзін-өзі реттеуін, өзі-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділгін арттыруын жүзеге асырады.


12

«Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»

2

Сауалнама

Стресті бағындыра алды.

13

«Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді»


1

Тренинг

Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

14

Өз мәселеңді дұрыс шеше аласыз ба?



2

сауалнама

Баланың деңгейін анықтау

15

С. Спилбергер тестерін пайдаланып, оқушының жүйке жүйесінің тозу, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау.

2

тест

Оқушының жүйке жүйесінің тозу, өзін-өзі бағалау деңгейін анықталды.

16

З. Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті.

2

тест

Мазасыздық деңгейін анықталды.

17

«ҰБТ және Мен»

1

Тренинг

Оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттырады.

18

«ҰБТ-дан жүрексінбе, жас түлек» тақырыбында мақала баспасөз беттеріне жариялау.

1

Мақала, кеңес

19

Психологиялық жаттығулар ұйымдастыру .

1

Жаттығу


20

«Баланың мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі»


1

Тренинг

Отбасында баланың өсіп жетілінуіне , денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту , бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

-Еңбек сүйгіштікке,  еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті  өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шарушылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне - өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.



21

«Сенім – менің серігім»

1

Тренинг

ҰБТ – ге деген оқушылардың бойында сенімділік қалыптасады


22

Емтихан алдындағы мінез-құлықтарын бақылап, психологиялық кеңестер беру.


1

Кеңестер

ҰБТ – ге деген қорқыныш пен іштей қобалжудан арылуға мүмкіндік береді

23

Мекетеп психологы тарапынан қолдау хат

1

Қолдау көрсету







Темпераментті анықтау

1 Мен өз ойымды кез-келген жерде:

А) Асықпаймын, ойланып барып айтамын;

Ә) Айтуға жасқанамын немесе ұяламын;

Б) Ашық, бүкпесіз айтып, қалаған уақытта сұрақ қоя аламын;

В) Жан сала түсіндіруге тырысамын, түсіндіре алмасам қиналамын.

2. Мен көпшілік ортада:

А) Өзімді-өзім көтеріңкі, көңілді сезінемін;

Ә) Өзімді бірқалыпты, байсалды ұстаймын;

Б) Тыныш қана көзге түспей отырамын немесе мүлде көпшіліктен

аулақ болуға тырысамын;

В Тынымсызданып кетемін, бірақ өзімді топтың лидерімін деп санаймын.

3. Бастаған істі:

а). Тез бітіруге тырысамын, уақытынан бұрын аяқтағанды ұнатамын;

ә). Асықпай, соңына дейін тиянақты орындаймын;

б). Өзіме сенімсіздік білдірсем, аяқтай алмаймын;

в). Басшылық жасап, бағыттап отырмаса, тез суып, тастап кетуім мүмкін.

4. Әр нәрсеге:

а). Қызықсам ішімде сақтаймын, бірақ көпке дейін әсерімді жоғалта алмай жүремін;

ә). Қызықсам да тез ұмытамын, келесі де басқа нәрсеге көңілім ауады;

б). Қызығамын, в). Көрсеқызарлығым жоқ.

5. Өзгеге жағдайымды түсіндіргенде:

а). Аптықпай, асып-саспай сөйлеймін;

ә). Жылдам, ым-ишаралармен, анық, түсінікті етіп жеткіземін. Паузалар мен интонацияларды сақтап сөйлеймін;

б). Тез, қызу, айналамдағылардың назарын бірден аудара сөйлегенді жақсы көремін;

в). Тиісті жағдайда ғана ақырын сөйлеймін, немесе ештеңе айтпай, ішіме сақтауым да мүмкін.

3. Бастаған істі:

а). Тез бітіруге тырысамын, уақытынан бұрын аяқтағанды ұнатамын;

ә). Асықпай, соңына дейін тиянақты орындаймын;

б). Өзіме сенімсіздік білдірсем, аяқтай алмаймын;

в). Басшылық жасап, бағыттап отырмаса, тез суып, тастап кетуім мүмкін.

4. Әр нәрсеге:

а). Қызықсам ішімде сақтаймын, бірақ көпке дейін әсерімді жоғалта алмай жүремін;

ә). Қызықсам да тез ұмытамын, келесі де басқа нәрсеге көңілім ауады;

б). Қызығамын, в). Көрсеқызарлығым жоқ.

5. Өзгеге жағдайымды түсіндіргенде:

а). Аптықпай, асып-саспай сөйлеймін;

ә). Жылдам, ым-ишаралармен, анық, түсінікті етіп жеткіземін. Паузалар мен интонацияларды сақтап сөйлеймін;

б). Тез, қызу, айналамдағылардың назарын бірден аудара сөйлегенді жақсы көремін;

в). Тиісті жағдайда ғана ақырын сөйлеймін, немесе ештеңе айтпай, ішіме сақтауым да мүмкін.

6. Мен болған оқиғаға:

а). Сабырлы қараймын, ұстамдымын;

ә). Ашуландырса, жылап қаламын, ренжітсе, көпке дейін ұмыта ұмыта алмай жүремін;

б). Тез ашуланамын, бірақ тез сабырға келемін;

в). Ашулануға тұрмайтын нәрсе деп қараймын.

  1. Менің қозғалыс жағдайым:

А). Батыл, шапшаң қимылдаймын;

Ә). Кейде шапшаң, кейде орташа қимылдаймын;

Б). Баяу қимылдаймын;

В). Баппен қимылдағанды ұнатамын.

8. Ойымдағы орындалмаған жағдайда:

А). Жолым болмады деп қатты қынжыламын;

Ә). Ештеңе етпес, бүгін болмаса ертең болар;

Б). Салқынқанды қараймын;

В). Ашуымды өзгеден алуым мүмкін, немесе шыдамсызданып кетемін.


Кілті:

сұрақтар

сангвиник

флегматик

Холерик

Меланхолик

1

Б

А

В

Ә

2

А

Ә

В

Б

3

В

Ә

А

Б

4

Б

В

Ә

А

5

Ә

А

Б

В

6

В

А

Б

Ә

7

Ә

В

А

Б

8

Ә

Б

В

А

























Холерик- Тез қимылдайтын,аумалы-төкпелі, ұшқары қасиет, тұрақсыз,ұстамсыз,ашуланшақ, шыдамсыз, адаммен қарым қатынастарда тіке қатты кетеді, бірбеткей,жұмысты салдыр-салақтау істейді,қолын сермелеп бет-әлпетімен бейнелеп,тез жалынды сөз сөйлей алады,шапшаң,қимылы жылдам,тез өзгеруге бейім

Сангвиник- Сабырлы,жылдам,,көңілді,қуанышты,,іскер,және қуатты,,өз мүмкіншілігін қайта қарап, бағалап түзете біледі,жаңалықты тез түйсініп қабылдай біледі,жаңа жағдайларға тез үйренісіп,жылдам бейімделіп кетеді,жаңа істі тез қолға алады да қызықсыз болса одан тез айниды,әрқашанда сергек,жұмысқа қабілетті,,кейде асығыс шешім қабылдай салады,,кейде жасап жатқан жұмысын ұмытып кетеді.

Флегматик-Күшті, салмақты, сабырлы, тым байыпты, тітіркендіруге тиімді жауап қайтара алатын, іске тындырымды, жұмысын жүйелі жасай біледі, аз сөзді, боссөзділікті ұнатпайды, парасатты, өзін күте біледі, байыппен түсіндіре алады, төзімді,бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді, өз күш қуатын босқа шашпайды, қандай жағдайда болсын қалыптасқан күн тәртібін жұмыс ретін қатаң сақтайды, жаңа жағдайларға баяу бейімделеді, жаңа ортаға баяу бейімделеді

Холерик- Әлсіз, тітіркендіріге баяу жауап қайтаратын қасиет Ұялшақ, жағдайлайларға абыржып не істерін білмейді, өз күшіне өзі сенімсіз,жалғыздыққа тез үйренеді, өзімен-өзі болғанды ұнатады, тез шаршайды, баяу, кейде сыбырлап сөйлейді, сезімге тез беріледі,өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды, тез ренжиді, жасқаншақ,тіл алғыш,өзін қоршаған көпшіліктің өзіне назар аударып көңілін аулағанын ұнатады
















Жасөспірімдердің оқуға деген қызығушылығын анықтайтын сауалнама

Оқушының аты-жөні:______________________________________________

Cыныбы: ____________


Мақсаты: Оқушылардың оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын анықтау.

Мектептегі оқуға деген өзіңнің қызығушылықтарыңды көрсет.Өз таңдауыңның астын сыз.

Менің мектепте оқу себебім:

  1. Қызықты болғандықтан.

  2. Ақылды және парасатты болғым келеді.

  3. Ата-анам талап етеді.

  4. Кейін өмірде өз орныңды таба білуге жеңіл болады.

  5. Қазір барлығы оқиды, сол себепті оқимын.

  6. Мұғалім ұнайды.

  7. Оқу, оқуға түсу-мәртебе.

  8. Сауатты болғым келеді.

  9. Өз Отаныма пайдалы азамат болғым келеді.

  10. Ой-өрісімді кеңейткім келеді.

  11. Жақсы баға алу ұнайды.

  12. Толық және терең білімге қол жеткізгім келеді.

  13. Өз бетімше жұмыс істеуге үйренгім келеді.

  14. Бұл-менің парызым.




































Жеке оқушыға педагогикалық – психологиялық мінездеме

1. Оқушыға жалпы сипаттама


а) Фамилиясы, аты, туған жылы, үйінің адресі, мектебі, сыныбы


ә) Тұрмыс жағдайы, семья құрамы, күн тәртібі, денсаулығы

2. Оқу әрекеті


а) Сабақ үлгерімі, алып жүрген бағалары


ә) Оқушының оқуға, жеке пәндерге қызығуы


б) Оқуды дұрыс ұйымдастыруы, күн тәртібін сақтау, өз бетінше жұмыс істей білу, өзін-өзі бақылау т.б


Сабақта және сабақтан тыс кездегі тәртібі


3. Оқушының психикалық дамуы


а) Оқуға зейінділігі, зейіннің тұрақтылығы, зейіннің бөлінуі


ә) Оқу матеиалдарын есте қалдыру тәсілдері


б) Оқу материалына байланысты оқушының қиялының , фантазиясының дамуы


в) Ой мен сөз жүйелігі, сөздік қоры, ойлау операциясының (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау) дамуы және жүргізілуі


г) Оқушының мінезі, темпераменті, ерік қасиеттері


д) Оқушының құрбыларының арасындағы беделі


4. Оқушының қоғамдық жұмысқа қатынысуы


а) Қандай қоғамдық жұмыстар атқарады?


ә) Үйірме жұмыстарына қатынасы


б) Қоғамдық пайдалы еңбекке қатынасы


5. Еңбегі (сабақ үстіндегі, қоғамдық жұмыста, мектепте, үйде)


а) Жұмысқа көзқарасы


ә) Еңбекке ептілігі, оны қалай орындайды?


б) Еңбектің қандай түрін қалайды?


6.Оқушының жеке басының ерекшеліктері


а) Қызығулары


ә) Қажеттілігі


б) Мұраты ( идеалы)


в) Дүниетанымы


7. Оқушыға психологтың ұсынысы










Э. Ховард бойынша стреске төзімділік


Стрес саған қалай

әсер етеді ?

жәй

кейде

сирек

Мен тез ренжимін

3

2

1

Ұтылғанға шыдай алмаймын

3

2

1

Егер біреу мені ренжітсе ызаланамын, бірақ сезімімді ешкімге көрсетпеймін

3

2

1

Кезекке тұрғанға шыдай алмаймын

3

2

1

Қиналсам да, өзіме жауапкершілікті көп аламын.

3

2

1

Біреуден көмек сұрауға көп жағдайда қиналамын

3

2

1

Өз-өзімді басу үшін дәріге көп жүгіремін

3

2

1

Мәселені шешу үшін сенімді жолдастарыма шағынамын

1

2

3

Қателік жасасам кешірім сұрау маған қиын

3

2

1

Қателік жасасам, өзімді кінәлап, қатты уайымдаймын

3

2

1

Егер менің намысыма тиетіндер болса мен оларға жауап беруге тырысамын

1

2

3

Достарымнан алғанымнан гөрі бергенім көп деп есептеймін

3

2

1

Демалу үшін мен уақыт бөлемін және одан шын қуаныш аламын

1

2

3

Мен күнделікті дене шынықтыру жаттығуларына уақыт табамын

1

2

3

Енді бәрін қос та, қандай топқа жататыныңды қара:

І топ: 15-25 ұпай: сен стреске шамалы ұшырайсың

ІІ топ: 26-36 ұпай: сен стреске орташа ұшырайсың

ІІІ топ: 36-45 ұпай: сен стреске жиі ұшырайсың.



















«ЖАСӨСПІРІМНІҢ ҰБТ ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ КЕЗІНДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР


БІРІНШІ ЕРЕЖЕ: Тек ата-ана ғана баланың режимін бақылап, бала ағзасына шамадан тыс күш түспеуіне жол бермеуі тиіс.

Көптеген балалар ҰБТ дайындалу кезеңінде «асыра саналылық» танытып, күндіз де, түнде де дайындалады. Әдеттегі күн тәртібін, дағдылы гигиена ережелерін бұзады. Мұндай шектен тысқарылықты ынталандырмау керек. Шамадан тыс күш жұмсау, жасөспірімнің денсаулығына зиянды.

ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналарға баланың дайындалуына үйдегілердің (әпке-қарындастары, аға-інілері, ата-әжелері) кедергі келтірмеуі үшін, сабақ оқуға арналған ыңғайлы орын ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Жасөспірімді бос әңгімегеге, бірлесіп сериал көру мен осы сияқты міндетті емес әрекеттерге тартып алаңдатуға болмайды.

ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналар баланың тамақтануына айрықша назар аударуы тиіс: қарқынды ақыл-ой күші уақытында оған құнарлы, әр түрлі тағамдар мен теңгерімделген дәрумендер кешені керек. Балық, ірімшік, жаңғақтар, кепкен өрік сияқты өнімдер бас миының жұмысын ынталандырады және оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді.

ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ: Қатты шаршау, сабақ пен демалыспен кезектестірілмеген кезде болады. Ата-аналар әдеттегі 40-45 минут (мектептегі сабақтың ұзақтығы) сабақтан кейін, әдеттегі 10 минуттан кем емес үзіліс жасау керек екендігін айтып отырулары тиіс. Осы үзіліс ішінде жеңіл-желпі тамақтанып, терезеден сыртқы табиғат көрінісіне қарап, шағын жаттығу жасап немесе душқа (себезгі) түсіп алуға болады.

БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ: Емтихан қарсаңында баланың «қадалып» дайындалу (егер мұндай болатын болса) әрекетінің алдын алу керек. Білімді «өңдеп шығуға» жетпейтін әйгілі «емтихан алдындағы түн», шын мәнінде қиял. Сондықтан емтихан алдындағы түнде ата-аналар баланы тыныштандырып, ұйқысы қанатындай етіп, оған толыққанды демалуын қамтамасыз етулері керек.

АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ:Баланың ата-анасының эмоционалдық көңіл-күйін мұқият аңғарып, сезінетіндігін ұмытпау керек. Егер ересектер өзін-өзі ұстай алмай, қобалжу мен үрей тудыратын болса, онда балаға ата-анасының осындай құрылымсыз көңіл-күйі «жұғып», ең жауапты сәтте эмоционалдық күйзеліске ұшырауы мүмкін.

ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналар өздерінің талаптары мен балаларының мүмкіндіктерінің қаншалықты арақатыстылығы туралы ойланулары тиіс. Баланы оның мүмкіндігі үшін қол жетімсіз шыңды «алуға» бағыттамау керек. Одан да балаға жоғары баға алу мүмкіндігі бар пәндерді анықтауға көмектесіңіз.

СЕГІЗІНШІ ЕРЕЖЕ: Егер бала көп күш-жігер жұмсап, тырысатын болса, мақтаудан аянып қалмаңыз. Тіпті ҰБТ жоғары бағамен аяқталмаған болса да, бала өз ата-анасы үшін оның іждағаты мен табысты болуға деген ниеті маңызды екенін білуі тиіс. Өз балаңыздың табысын, басқа балалардың табыстарымен салыстырмаңыз! Оның жеке жеңістеріне, кешегіге қарағанда, бүгінгі істерін жақсы істегеніне назар аударған жөн. Ең жоғарғы балдарға тым масаттанып, төмен балдарға қатты ренжуге болмайды.



Міне осындай сегіз ереже. Мен оларды естеріңізде сақтап қалғандарыңызға сенімдімін!
















Сабақтың тақырыбы:Мамандық -өмір таңдауы

Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу; қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, Қазаұстаның 20 жылдығының эмблемасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың нақыл сөзі, тақырыпқа сәйкес әзірленген слайд.
Барысы.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар! Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Мамандық – өмір таңдауы», ол пікірсайыс түрінде өтеді. Алдымен мынадай тренинг ұйымдастырып жіберейік. Әр оқушы орнынан тұрып өз тілектерін айтады, яғни осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері сыныбымызға, сыныбымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз.
Тренинг. 
Жүргізуші: Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгін сабақта бізер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз.
1-оқушы: мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл кеңестер алуға болады.
2-оқушы: Автор «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұнын кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. 
3-оқушы: Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады. Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. 
4-оқушы: мамандық таңдау – белгілі бір еңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісінің бүге-шігесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем қабілет және мінез қажет.
5-оқушы: сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар. Міне, адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады. 
6-оқушы: Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындеқтарға кездеседі. 
Жүргізуші: Осы мақсатта біз «мамандық - өмір таңдауы» пікірсайысымызы бастайық. Пікірсайысымыз 7 кезеңнен тұрады,
1. «Менен сұрақ, сенен жауап».
2. «Тізбекті үзбе» ойыны.
3. «Мен мамандық әлеміндемін».
4. «Ең жақсы» ойыны.
5. «Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары»
6. «Жағдаятық сұрақтар»
7. «Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны.
1. «Менен сұрақ, сенен жауап».
1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба? 
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде?
4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласын ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
2. «Тізбекті үзбе» ойыны.
Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды. Мысалы: мұғалім – медбике.
3. «Мен мамандық әлеміндемін». 
Психологтар әр мамандыққа қандай құрал жақын екендігін анықтайды, мамандықты таңдайтын құрал түрі үшеу болуы мүмкін. Бұндай әр түрлі бағалау берілген мамандық үшін қандай еңбек құралы екінші болып саналатындығына байланысты, бізге бір топ ішінегі мамандықтарды да айыруға мүмкінік береді. 
7-оқушы: «Адам – табиғат». Кәсіптер: тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, химиялық бактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебер, т.б.
Бұл ауыл шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен, медицинамен, ғылыми (биология, география) зерттеулермен байланысты мамандықтар.
8-оқушы: «Адам – техника». Кәсіптер: үңгуші, ағаш шебері, инженер механик, сәулетші, электромонтаждаушы, құрылысшы, техник-металлург, радиомеханик, компьютер құраушы, телекоммуникациялар жөніндегі маман және т.б.
Әрине, бұл жерде жұмысшылардың еңбектері техникаға ғана емес, сонымен қатар кәсіби зейіннің жетекші пәніне (техникалық нысандар мен олардың қасиеттеріне) бағытталған.
9-оқушы: «Адам –адам». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы адамдар болып табылады. 
Кәсіптер: дәрігер, мұғалім, психолог, шаштаразшы, менеджер, экскурсия жетекшісі, көркем ұжымның жетекшісі және т.б.
10 – оқушы: «Адам – белгілік жүйелер». Кәсіптер: аудармашы, сызушы, инженер, топограф, машинист-хатшы, бағдарламашы және т.б.
Осы типтегі ммандықтарға келесі жұмыс түрлері жатады: құжаттармен байланысты тіркеу жұмысын жасау, іс жүргізу, мәтіндерге талдау жасау немесе оларды өзгерту, қайта кодтау; еңбек құралы сандар, топтық арақатынастар болып табылатын мамандықтар.
11 – оқушы: «Адам – шығармашылық бейне». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы – шығармашылық бейне, оны құру әдістері. Кәсіптер: әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қасаушы, әдеби қызметкер. 
«Мамандықты жасыр жаттығуы».
Әр команда бір мамандықты бейнелейді, келесі топ жасырылған мамандықты табады.
4. «Ең жақсы ойыны».
Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ............................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ...............................(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ...........................(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ........................(сот, бухгалтер).
Ең салмақты .......................(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ...............(биснесмен).
қ медициналық университеті Алматы.
Жүргізуші:
6. «Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
7. «Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.
Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, програмист, эколог, заңгер.
Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.

Мен және менің мамандығым

Эссе

Ұстаздықтың көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,- деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Мен ұстаздық мамандықты таңдап, сол киелі мамандықтың иесі болғанымды мақтан тұтамын.Себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама  алғысым шексіз. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Оқу бітірген соң мен №9 орта мектепте өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болып қызмет жасадым.Одан соң өз мамандығым бойынша педагог-психолог қызметіне ауыстым.

Мен бұл мамандықты неге таңдадым? Ол жан-жақты зерттейді. Мен-дем беруші,бағыт көрсетуші,құтқарушы псхологпын.Менің басты бағытым,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қарауды балалардың санасына жеткізу.Балаларды алға ұмтылуға,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін,жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру!

Бұл мамандық барлық мамандықтан ерекше саналады.Өйткені күні бойы көптеген адамдардың басынан өткергендерін,олардың қиындықтарын,қуаныштарын тыңдап,оларға ақыл кеңес бере отырып,қолдау көрсету керек. Сондықтан да бұл мамандықты әр адам әр қалай түсінеді.
Мен үшін психолог мамандығы не? Ол кең мағыналы.
Мен – дем берушімін.
Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем беріп,олардың жан-дүниесіне үңіліп,олардың бүгіп,ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын.Мен оқушылардың,балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болса да шығып,өздерін жаңа қырдан танып,өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып,өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа,артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына,жастық шақтарын босқа өткізбей,өмірден дұрыс жол таңдап,тек қана алға ұмтылуларын қалаймын.Осы жерде ұлылардың «Өзіңді біл,таны,аш ,сол кезде әлемді де біліп ,аша аласың» сонымен қатар «Жаныңды ұсақ уайым,болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтаңыз» деген нақыл сөзді айтқым келеді.
Мен -жол көрсетушімін.
Біз кей уақытта өзімізді жалғыз қалғандай сезінеміз. Сондай кездерде ойымызды алыстағы адамдарға жүгіртіп,соларды іздейміз.Бірақ менің мақсатым бала тек қана өзінің жанындағы адамды іздеп тауып,сол адаммен өзінің көңіл-күйін,ішкі сезімін,жандүниесімен бөлісіп,өзін босқа кінәлай бермей,сол адамнан қолдау тапса деймін.
Мен психологты құтқарушымен салыстырамын. Мен өтінішті күтпеймін.Өйткені мына әлемде көптеген адамдар жайдан-жай көмек сұрай алмайды.Менің мамандығымның жауы басқа адамның қайғысына бейжай қарау.Қандай жағдай болмасын,мен ойланбастан сол адамға әрқашанда көмек көрсетуге дайын тұрамын.
Мен –мұғаліммін.
Мен күнделікті ұсақ-түйек шаруаға күш жұмсауға үйретіп,өзіңнің ішкі дүниеңдегі ғажайыпты көре білуге үйретемін.Әлем айна сияқты, әр күн сайын өз бейнеңді көріп тұрасың, өз мойныңа жауапкершілікті ала білуге,берген уәдеңде тұруды үйретемін.Менің өзіме деген сенімімді жоғалтқандай сезінген кездерімде, жұмысқа деген құлшынысым азайғанда мен «Алланың адамға берген ең үлкен сыйы, оның өмірі» екенін есіме аламын.
Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліске ұшыраса да,өмірге деген сенімін,құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай қиын жағдай болса да бар күш-жігерін жинап,алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп,жүрегінде де,жандүниесінде де тыныштық орнайтынына,барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек.С.Торайғыровтың «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу» дегім келеді.
Менің өмірдегі басты мақсатым - балалар өмірге еш қорқынышсыз,зұлымдықсыз қарап,олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық,жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін Осы бағытта жаңа педагог-психолог жұмысымды жандандырып, бар күш-жігеріммен ұжымыма, шәкірттеріме адал қызмет етіп, жамандыққа жол бермей, жақсылықтың туын желбіретіп қызу еңбек етсем деген жоспарым да бар.


Депрессиялық деңгейдi анықтауға арналған тест.

Нұсқаулық: «Келтiрiлген пiкiрлердiң әр қайсысын ұқыпты оқыңыз және сәйкес келетiн әрiптi қойыңыз. Сұрақ туралы көп ойланбаңыз».

А – ешқашан немесе өте сирек. Б – кейбiр кезде В – жиi Г – үнемi немесе әрқашан

1. Мен жабырқануды сеземiн


2. Мен таңертең өзiмдi ең жақсы сезiнемiн


3. Менде жылау немесе жас дайын мерзiмi болады


4. Менiң түнгi ұйқым нашар


5. Менiң тәбетiм күнделiктi жағдайдан нашар емес


6. Мен құрдастарыммен қарым-қатынасқа сүйсiнемiн


7. Мен дене салмағымның түскенiн байқаймын


8. Менi қатты ауру мазалайды


9. Күнделiктi жағдайға қарағанда жүректiң соғуы жылдамдайды


10. Ешбiр себепсiз-ақ мен тез шаршаймын


11. Менiң ойымның саралығы күнделiктi жағдайда


12. Мен мазаланамын және соған қарай бiр жерде отыра алмаймын


13. Қолымнан келетiн нәрсенi мен ебiн тауып iстеймiн


14. Менiң болашақта үмiтiм бар


15. Мен күнделiктi жағдайға қарағанда өте ашуланшақпын


16 Мен шешiмдi жеңiл қабылдаймын


17. Мен өзiмнiң бiреуге пайдалығымды және қажеттiлiгiмдi сезiнемiн


18. Мен жан-жақты, жеткiлiктi, толыққанды өмiр сүрудемiн


19. Мен өлсем, онда бөтен адамдарға жеңiл болатынын сезiнемiн


20. Менi өткен қуаныштар кәзiргi кезге дейiн қуантады


Депрессиялық шкала

Депрессиялық деңгей осы формула арқылы есептеледi:

ДД = ПР + ОБР мұнда:

ПР – сұрақтардың қосындысы: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 13, 15, 19.

ОБР – сұрақтардың қосындысы: 2, 5, 6, 11, 12, 14, 16, 17, 18, 20.

Жауапқа берiлген ұпай: А – 1 ұпай Б – 2 ұпай В – 3 ұпай Г – 4 ұпай

ДД : 50 ұпайдан төмен – диагностикалық күйi депрессиясыз

50-59 ұпай арасында - женiл ситуативтi немесе невротикалық депрессия

60-69 ұпай арасында - субдепрессивтi күйi

70 ұпайдан жоғары - нағыз депрессилық күйдың диагностикасын көрсетеді







Тақырыбы: «Өзіңе сен! Сен ҰБТ – да жеңіске жетесің!»

Мақсаты: - ҰБТ – ға әзірлік уақытында түлектердің өздерін ұстау әдіс – тәсілдерін ұйымдастыру, өздік бақылауды , өз – өздеріне сенімділікті арттыру, жүктемені көтере білуге машықтандыру;

ҰБТ – ға деген жағымсыз ойлардан, қорқыныш, үрей секілді ахуалдардан арылу және топтың өзара татулығын күшейту, жағымды эмоциялық көңіл – күй тудыруға жағдай жасау;

Психологиялық жаттығулар арқылы көңіл – күйлерін көтеру.

Міндеті:

  • Стеске қарсылықты күшейту;

  • Бітірушілерге ҰБТ жайлы эмоция мен сезіміне байланысты ақпараттың таралуы;

  • Әр тұлғамен ерекше қарым – қатынас орнату, әр топ қатысушыларының психологиялық ішкі қор мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін – өзі бақылауды дамыту.

Әдісі: экспримент, ойындар, суреттер.

Көрнекілігі: бейне слайд, ақ парақтар, түрлі – түсті қарындаштар, үлестірмелер, жұлдызшалар, геометриялық фигуралар, доп, ақ ватман, шарлар, майшам т.б

Ұйымдастыру бөлімі:

1.Психолог сөзі:Бүгін біздің сабағымызда «Өзіңе сен! Сен ҰБТ – да жеңіске жетесің!» тақырыбында психологиялық тренинг - сабағы.Жас түлектер өздеріңіз білесіңдер, оқу жылы бойы ҰБТ – ға дайындаламыз, бірақ ҰБТ жақындағанда әрқайсымызда тебіреніс, қобалжу, қорқыныш сезімдері кездеседі. Сіздерге әр байқау сынағы алдында топтық кеңестер, жеке кеңестер өткізілуде, дегенмен бүгінгі тренинг сағатымыз сіздерге ҰБТ алдында психологиялық көңіл – күй сыйлау, сіздерді қолдау, қиындықты жеңе білуге топ болып жұптана жұмыс істеу мақсатында өткізгелі тұрмыз.Ойындарымызға еркін қатысып, көңілді өткізсек деген сенімді ойдамын.

2.«Келіңіз көңіл сергісін!»жаттығуы.

Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір – бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау: Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де,менің айтқанымды орындайсыңдар.Мен «бір – біріңе!» деп айтқанда, сіздерге өздеріңе жұп тауып алуларың керек.Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір – біріңе қол беріп, бір – біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер. Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар.

Талдау: Өздеріңнің көңіл күйлеріңмен бөлісіңдер?

Бұл ойын неге бағытталған?

3.«Экспримент» жаттығуы.

Мақсаты: стрестік жағдайда өзін ұстауға үйрету.

Өткізу техникасы: әр топқа бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндерден жазылған қағаз үлестіріледі және мәтін оқу тапсырмасы беріледі.

Нұсқау: 30 секун ішінде үзіндіні оқу керек.

АДАМНЫҢӨЗІНӨЗІТӘРБИЕЛЕУІЖАНМЕНТӘНДІШЫНЫҚТЫРУЖАТТЫҚТЫРУ

НекеГЕ ТҰРыпүйБОЛуҮлКенадамГЕРШІЛІКпензорруХАНИ ҚұнДЫЛЫҚТАРдың бірі.

ҚаЗаҚхалҚЫҰЛБАЛАныОНүшіНдеОТАуиеСІДЕген.

ҮмІТТіңҮМІТІНақТААТААнаңДЫҚУАнтуБІЗсіЗДерГе сенеМІз.

ЖАЗДаСтуДЕНТБолыпКЕлесіжылыБІРінШІКУРс аяқтапКЕЗдеСУгекеЛ.

ЕМтиХАНдаАЛАБАжақКИІМдерКимеУГЕТыРЫСыҢызСЕБебіемтиханДаҚАРымҚатЫНасЖАсАЙтынАДАМныңЖағымСЫЗЭМоцияСЫНТуДыРУЫМүмКҮН.

АлЕМТИхаННАнКейІНБӘрінӨЗталҒАМмыңМенКиЕСІҢ.

БІлІМАЛуБаТЫЛдық,оНЫтолықТЫруДАНАЛЫқ,АЛШеберҚолДАна білу ӨнЕр!.

МаманДыҚТАңдаУдаӘРадамӨЗінІҢ,ҚабІЛетІНе,БЕйіМДІлігіНЕСҮйеНУКерЕК.

АДАМболБІліМІТасҚаН,ӨнЕріАСҚанӨзіНеСҮйСІндіРерБасҚаЖанды.

ӨміРІҢболСЫНДЕсеңСеніңМӘндіОЙлаНыпАйнаЛаңаҚАраМәнді.

Талдау: Сіздер тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыздар ма?

  1. тапсырманы орындау үшін не қажет болды?

  2. Тез орындаудың, оқудың құпиясы неде?

  3. Өзін – өзі дамытуды қалай басқаруға болады?

  4. Тез, ұтымды жауап берген топ сынақта да алда болады деген сенімдемін.

4.«Өз болашағын елестету» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың болашаққа деген талпынысын бағдарлау.

Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, іштей 1минут 1 жыл аралығындағы болашақтарыңызды елестетіңіздер.Одан кейін 5 жыл, 10 жылдық болашақтарыңызды елестетіңіздер (жаттығу барысында баяу, жағымды көңіл-күй сыйлайтын әуен қосылып тұру кере). Уақыт аяқталғаннан кейін, көздеріңді ашып, өздеріңнің қалауларың бойынша болашақтарыңның бейнесін суреттеңдер немесе жазыңдар.

Біле жүріңіз! Тест қарсаңында есте сақтау қабілетін, зейінді жақсарту үшін, миды қоректендіруге қажетті тағамдар.(Бейне слайд арқылы түсіріледі).

5. «Майшам» жаттығуы.

Нұсқау: Майшам – ол жарық, шуақ. Сондықтан өмір жолдарыңыз тек жарық болсын, ақ болсын деген ниетпен майшамды бір – бірімізге бере отырып, сәттілік тілейміз.

6.«Жүректен жүрекке» жаттығуы.

Мақсаты: бүгінгі тренингтің өту барысында өзінің алған әсерін білдіріп тілектер немесе ұсыныс, пікірлер жазу.

Қорытынды:

Күн сайын биіктеген әр сатымыз,

Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.

Әрдайым ашық болсын аспанымыз,

Біліммен шыға берсін жақсы атымыз.


«Сіз стресті бағындыра аласыз ба?» тесті

Нұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «иә», «жоқ» «кейде» деп жауап беріңіз.

Иә-2 / Кейде-1 / Жоқ-0

Мен өзімді бақытты сезінемін

0 1 2

Мен өзімді бақытты ете аламын.

0 1 2

Мені шарасыздық сезімі мазалайды.

2 1 0

Мен стрестік ситуациаларда дәрі-дәрмек пен

алгогольдің көмегінсіз өзіме-өзім келе аламын

0 1 2

Егер мен өте қатты стресс алсам,міндетті түрде

маманның көмегіне жүгінер едім

0 1 2

Мен қайғыруға бейіммін.

2 1 0

Мен кейде басқа біреу болгым келеді

2 1 0

Мен кейде баска жерде болгым келеді

2 1 0

Менің көңіл- күйім тез түседі

2 1 0


Тест кілті

0-3 ұпай Сіз өзіңізді ұстай аласыз және сіз бақытты адамсыз

4-7 ұпай Сіз стреспен орташа деңгейде күресе аласыз. Сіздің стрестік жағдайда көмектесетін әдістерді пайдаланғаныңыз жөн.

8 және одан жоғарыұпай. Сізге әзірге өмірдің қиындықтарымен күресу оңай болмайын деп тұр. Егер сіз өзіңіздің рухани қуатыңыз бен дене қуатыңызды сақтағыңыз келсе,онда сізге стресс жағдайда көмектесетін әдістерді тиімді пайдалануды үйрену қажет.








«Көтеріңкі көңіл куй жанға қуат береді» сергіту тренингі


Мақсаты: тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, 
Қажетті құралдар: қағаз, қалам, сиқырлы қорап, 
Өтілу барысы:
1. «Бір-бірімізбен амандасайық»
2. «Кел, танысайық»
3. «Молекула» жаттығуы
4. «Сеніп құлау» жаттығуы
5. «Сурет салайық» жаттығуы
6. «Сиқырлы қобдиша
7. Қорытынды «Алма ағашы»

1.«Бір-бірімізбен амандасайық»
Мақсаты бір –біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
Інұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз. 
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: мұрындарыңызды тигізу арқылы

2. «Танысу»
Мақсаты: топқа өзінің есімін таныстыру және тренингке белсенділігін арттыру.
Жүргізілу барысы: Топ сағат тілімен кезекпен кезек өзінің есіміне бойындағы ең жақсы, мақтаныш тұтатын қасиетін айтып таныстыра бастайды. Мысалы: Қарапайым Жангүлмін. 

3- жаттығу «Молекула»
Жаттығу барысы
Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.
4- жаттығу. «Сеніп құлау» жаттығуы. 
Мақсаты: Сенімділікті және топтың тұтастығын арттыру. 
Бір адам құлайды, қалған адамдар оны тосып алады. Құлаған адам көзін жұмып еркін құлауы қажет. 

5- жаттығу. «Сурет салайық» жаттығуы
Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.
Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз.
Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»
Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған 
6 -жаттығу «Сиқырлы қобдиша» 
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. 
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 

7 жаттығу. Қорытынды: «Алма ағашы»
Тренингке қатысушылар тренингтен алған әсерлерін, жүргізушіге деген тілектерін алмаға жазып, ағашқа іледі.

Өз мәселеңді дұрыс шеше аласыз ба?

  1. Сіздің пікіріңіз бойынша, тағдыр...

    1. сізді айналдырады -5

    2. сізге әділетсіз -2

    3. жақсы -1

  2. Өзіңіздің жаман мәселеңіз туралы айтасыз ба?

    1. жоқ, бұл сізге көмектеспейді -3

    2. әрине, жақсы тыңдаушы болса -1

    3. бәріне бірдей емес, ол туралы ойлау өзіме де қиын - 2

  3. Қайғы, уайымды қалай қарайсыз?

    1. әрқашанда өте ауыр –4

    2. бұл жағдайға байланысты –0

    3. шыдауға тырысамын, өйткені ерте ме, кеш пе мұндай жағдайдың бітетінін білемін –2

  4. Егер сіз мүлдем “ащы суды” татпасаңыз келесі сұраққа көшіңіз. Егер ішсеңіз, не үшін ...

    1. мұнда бар мәселені шешуге мүмкіндік бар -5

    2. бір рет болса да “көңіліңді сергітесіз” –3

    3. жәй ұнайды -1

  5. Егер сізді біреу қатты жазаласа, не істер едіңіз?

    1. үйде отырып, өз-өзімді аяймын –4

    2. жақын жолдасыма барамын –2

    3. көптен бері қол жетпеген қуаныш есебінде қабылдаймын -0

  6. Егер жақын адамыңыз сізді ренжітсе, не істер едіңіз?

    1. үндемеуге тырысамын –3

    2. түсіндіруін талап етемін –0

    3. тыңдаған адамның бәріне де айтамын –1

  7. Бір сәт бақытты сезінсеңіз ойлаймын:

    1. бақытсыздықтың болуы мүмкін емес деп –1

    2. осы сәт тез өтіп кете ме деп қорқамын –3

    3. өмірде көптеген қиындықтар барын да ұмытпау керек –5

  8. Психиатр және психотерапевт туралы не ойлайсыз?

    1. сіз олардың пациенті болғыңыз келмейді –4

    2. олар көптеген адамдарға көмектесер еді - 2

    3. адам өзіне өзі көп көмектесе алады –3

  9. Жақын жолдасыңмен ұрысып қалсаңыз, ашуыңыз басылғаннан кейін не ойлайсыз?

    1. бұрын арамызда не болғанын еске аламын –1

    2. одан өшімді қалай алсам деп ойлаймын –2

    3. оның қырсығына қанша шыдағаным туралы ойлаймын-3

Бәрін қосып, қанша ұпай жинағаныңызды қараңыз:

7-15 ұпай. Сіз барлық қиындықтарға көне білесіз, өзіңізді өте аямайсыз. Сіздің көңіл – күйіңізге таңдануға болады.

16-26 ұпай. Сіз тағдырға ренжисіз, бірақ мәселеріңізді өзіңіз шеше аласыз.

27-36 ұпай. Сіз әлі өзіңіздің мәселелеріңізді шешуді үйреген жоқсыз.













С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы

Бұл әдіс стреске тұлғаның жеке сезгіштігі ретінде алаңдау деңгейін анықтауға және тұлғаның көп жағдайда қорқу, қауіптену жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді.

Сыналушыға ескерту:

Төмендегі сөйлемдерді зейін қоя оқып, оң жағындағы тиісті цифрларды сызыңыз,. Жауап беруге көп ойланбаңыз, себебі дұрыс не бұрыс жауап бәрі-бір жоқ.

Сөйлемдер

ешқа-шанда

кейде

жиі

ұдайы

1

Мен қанағаттанғанымды сезінемін

1

2

3

4

2

Мен тез шаршаймын

1

2

3

4

3

Мен оңай жылап жіберемін

1

2

3

4

4

Мен басқалар сияқты бақытты болғым келеді

1

2

3

4

5

Мен кейде тез шешім қабылдай алмағандықтан жеңіліп қаламын

1

2

3

4

6

Мен өзімді сергек сезінемін

1

2

3

4

7

Мен салмақты, салқын қанды, жинақы сезінемін

1

2

3

4

8

Қиыншылықты күту мені өте алаңдатады

1

2

3

4

9

Мен кейбір ұсақ-түйекке күйзелемін

1

2

3

4

10

Мен өзімді бақытты сезінемін

1

2

3

4

11

Мен бәрін де жүрекке жақын қабылдаймын

1

2

3

4

12

Маған өзіме деген сенімділік жетпейді

1

2

3

4

13

Мен өзімді қауіпсіз жағдайдамын деп сезінемін

1

2

3

4

14

Мен қиыншылықтар мен қысылтаяқ жағдайлардан қашамын

1

2

3

4

15

Менде жабырқау сәттер болады

1

2

3

4

16

Мен риза боламын

1

2

3

4

17

Барлық ұсақ-түйектер мені алаңдатады және ойландырады

1

2

3

4

18

Мен көңілім түңілген нәрсеге көп алаңдаймын. Ол туралы тіпті ұмыта алмаймын

1

2

3

4

19

Мен салмақты адаммын

1

2

3

4

20

Мен өзімнің жұмыстарым туралы ойласам күшті мазаланамын

1

2

3

4

Сұрақтар екі кіші шкаладан тұрады: Тұлғаның қасиеті және эмоциялық жағдайы ретінде алаңдауын өлшеу.

Нәтижелерін есептеу:

2,3,4,5,8,9,11,12,14,15,17,18,20 сұрақтары жауабының сомасынан 1,6,7,10,13,16,19 сұрақтары жауабының сомасын алып таста. Оған 35 санын қос. Егер Спилбергердің шкаласы бойынша көрсеткіштің сомасы 30 ұпайға дейін болса – алаңдаудың төменгі деңгейі; 30 - дан 45 – орташа; 45- тен көп болса – алаңдаудың жоғарғы деңгейі. Алаңдаушылық деңгейі жоғарғы сыналушыға ерекше назар аударған дұрыс, оған психологиялық көмек жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру керек.













З. Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті.

Мақсаты: кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу.

Нұсқау: «Балалар қазір сіздерге мектепте өздеріңді қалай сезінетіндеріңізді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Сұраққа дұрыс және шынайы жауап беруге тырысыңыз, бұл жерде дұрыс немесе бұрыс жақсы немесе жаман жауаптар жоқ. Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты-жөніңізді және класыңызды жазыңыз. Егер сұраққа келіссеңіз «+», егер келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз.

Сауалнама.

1. Барлық класты бір деңгейде ұстап тұру қиынға соға ма?

2. Егер мұғалім сізден өткен материалдан қаншалықты білетіндігіңізді тексеретінін айтса, сіз толқисыз ба?

3. Класта мұғалімге ұнайтындай жұмыс жасау саған қиындық келтіріме?

4. Сен сабаққа жауап бере алмағаныңа мұғалімнің қатты ашуланған кейіпі түсіңе кіретін кезі бола ма?

5. Класта сені әлде кімнің ұрып соққан кезі болды ма?

6. Сен сабақты түсінбейінше мұғалім жаңа материалды түсіндіруге асықпауын жиі қалайсың ба?

7. Тапсырманы орындауда немесе жауап беруде сен қатты толқисың ба?

8. Қарапйым нәрседен қателесемін бе деп, өз ойыңды айтуға батылың жетпейтін кездер бола ма?

9. Сабақ айтуға шақырғанда сенің тізең қалтырай ма?

10. Түрлі ойындар ойнаған кезде сені кластастарың жиі күлкі қылы ма?

11. Сен күтпеген төмен баға алып қалған кездерің болды ма?

12. Сенде екінші жылға қалдырама деген күдік бар ма?

13. Ойынға іріктеу болғанда, мені алмайды деген оймен ойыннан бас тартуға тырысасың ба?

14. Сабақ айтуға шақырғанда сенің бүкіл денең қалтырайтын кез бола ма?

15. Сенің ұнатқан ісіңді кластастарыңнын бірде-біреуі орындағысы келмейтін кездері болды ма?

16. Тапсырманы орындауды бастар алдында қатты толқисың ба?

17. Ата-анаң ойлаған бағаны алу саған қиынға соға ма?

18. Класта жағымсыз жағдайға түсіп қаламын ба, деп кейде қорқасын ба?

19. Сабаққа жауап беруде қателессең, кластастарың күлкі қылған кездері болды ма?

20. Сен өз кластастарыңа ұнайсың ба?

21. Тапсырманы жақсы орындадым ба деп ұайымдайсың ба?

22. Сен класта жасаған жұмысыңнын бәрін есте жақсы сақтағаныңа сенімдісің бе?

23. Мектепте мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай тұрғаның кейде түсіңе жиі ене ме?

24. Сенімен кластағы балалардың көпшілігі дос екені рас па?

25. Сенің жұмысыңнын қортындысы кластастарыңның жұмыс қортындысымен салыстырылатынын білсең, сен ынтамен жұмыс істейсің бе?

26. Сенен бір нәрсе сұрағанда аз толқысам екен деп жиі армандайсың ба?

27. Сыныптастарыммен ерегесіп қаламын ба деп қорқатын кездерің болды ма?

28. Мұғалім сенің сенің сабаққа дайындығыңды тексеретінін айтқанда жүрегіңнің қатты соға бастағанын сезесің бе?

29. Сен жақсы баға алсаң, достарың сені жақсы көрінгісі келеді деп ойлай ма?

30. Кластастарың саған ерекше ынтамен көзқараста болатынын сезесің бе?

31. Сенің көңіліне тиетіндей бірдеңе айтатын кластастарың бар ма?

32. Үлгерімі төмен оқушылар, өзінен достарын алшақтатып алады деп ойлайсың ба?

33. Кластастарыңның көпшілігі саған назар аудармайтынға ұқсай ма?

34. Сырт көзге қызық көрінемін бе деп жиі қысыламысың?

35. Саған деген мұғалімнің көзқарасына ризасың ба?

36. Кластас балалардың аналары сияқты сенің анаң көңілді кеш ұйымдастыруға көмектесе ме?

37. Айналадағы адамдардың сен туралы ойы сені толғандыра ма?

38. Бұрыңғыға қарағанда болашақта жақсы оқитыныңа үміттенесің бе?

39. Өзіңді кластастарың сияқты мектепте жақс ыкиінемін деп санайсың ба?

40. Сабаққа жауап беріп тұрғанда, басқалар мен туралы не ойлайды деп жиі ойланасың ба?

41. Класта ерекше қабілеті жоқ балаларға қарағанда, ерекше қабілеті бар балалар қандай да бір құқықа ие бола ма?

42. Сенің ісің алға басқан кезде кластастарыңның кейбірі сені қызғана ма?

43. Кластастарыңның саған деген көзқарасына ризасың ба?

44. Мұғаліммен жеке қалғанда өзіңді жақсы сезінесің бе?

45. Сенің сыртқы тұлғаңа және жүріс-тұрысыңа кластастарыңның күлкі қылған кезі болды ма?

46. Мектептегі өз жұмысыңды орындауда, басқа балаларға қарағанда мазасызданамын деп ойлайсың ба?

47. Сен сабаққа жауап бере алмаған кезде жылағың келіп тұрғанын сезесің бе?

48. Сен кешке ұйқыға жатқанда ертең мектепте не болады екен деп мазасызданған кезің бола ма?

49. Қиын тапсырманы орындау үстінде бұрын жақсы білетін нәрсеңді мүлдем ұмытатыныңды кей-кезде сезінесің бе?

50. Тапсырманы орындау үстінде қолың қалтырай ма?

51. Мұғалім класқа тапсырма беріп жатқанда, сен өзіңнің күйгелектене бастағаныңды сезінесің бе?

52. Мектепте сенің біліміңді тексеремін деп қорқыта ма?

53. Мұғалім класқа тапсырма беріп жатқанда, сен оны дұрыс орындай алмайтын шығармын деген үрей қорқынышыңды сезінесің бе?

54. Сен орындай алмаған нәрсені кластастарың орындағанын түсіңде көретін кез болды ма?

55. Мұғалім сабақты түсіндіріп жатқанда сенің ойыңша кластастарың саған қарағанда жақсы түсінетін сияқты ма?

56. Мектепке келе жатқан жолда мұғалім бақылау жұмысын беретін айтса қатты мазасызданасың ба?

57. Сен тапсырманы нашар орындаған шығармын деп сезінесің бе?

58. Мұғалім тақтаға тапсырма орындауға шақырғанда сенің қолың ақырын қалтырай ма?

Қортындылау және өңдеу.

Тест кілтіне сәйкес жауаптар өңдеуге бөлінеді. Мысалы сұраққа бала «иә» деп жауап берсе, кілтте бұл сұрақта «-» белгісіне байланысты, баланың жауабы жоқ болады. Кілтке сәйкес келмеген жауаптардан мазасыздықтың бар екені көрінеді.

Өндеуі төменгідей:

1) Тестің барлық түріне сәйкес емес жалпы сандар егер олар 50% -дан жоғары болса, онда баланың мазасыздық қалпы «жоғары» деп алуға болады, егер тест сұрақтарының жалпы саны 75% -дан көп болса, онда «ең жоғары» мазасыздық күй болғаны.

2) Сәйкес келген сандардың әрқайсысын мазасыздықтың тобына бөлеміз.

Мазасыздықтың деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады.

Мектептегі ішкі эмоционалдық жағдай мазасыздықтың синдромдары (факторлар) мен санына байланысты талданады.

Факторлар

Сұрақтар №

Мектептегі жалпы мазасыздық. Мектептегі әртүрлі эмоционалдық күйлер.

2,4,7,12,16,21,23,26,28,46,47,48,49,

50,51,52,53,54,55,56,57,58,

Σ=22

Әлеуметтік стресті уайымдау.

5,10,15,20,24,30,33,36,39,42,44

Σ=11

Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілері. Жоғарғы нәтижеге жетудегі қажеттіліктен өте алмау.

1,3,6,11,17,19,25,29,32,35,38,41,43,

Σ=13

Үрейдің көрінісі. Өз мүмкіндіктерін ашпау, тұйықтық, өзін басқаша сезіну.

27,31,34,37,40,45,

Σ=6

Білімді тексеру үстіндегі үрей.

2,7,12,16,21,26,

Σ=6

Айналасы күткен нәтижеден үрейлену.

3,8,13,17,22,

Σ=5

Физиологиялық тұрғыдан қарсыласудың төменгі табалдырығы. Қорқыныш ортақ факторларға мазасыздықпен қарау.

9,14,18,23,28,

Σ=5

Мұғаліммен қарым-қатынастағы үрейлену мәселесі. Балалардың оқу үлгерім мәселесі.

2,6,11,32,35,41,44,47,

Σ=8


«ҰБТ және мен» тренинг

         Мақсаты: Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне қажетті оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыру.

         Әдістер: ойын әдістері, топтық пікірталас.

         Міндеттер:

1.     Стреске қарсы тұруын арттыру.

2.     Сенімділік мінез-құлық дағдысын арттыру.

3.     Эмоциялық ерік-сферасын дамыту.

4.     Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру.

5.     Ішкі резервтерін тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.

         Қажетті құралдар: ватман, түрлі бейнелеу құралдары, түсті қағаздар.

1.     «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.

Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.

Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.

Талдау:

Жаттығу сіздерге ұнады ма?

Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?

Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?

Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?

Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?

Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?

2.     «Шынын айтсам» жаттығуы.

Мақсаты: қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден арылту, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.

Қажетті құралдар:аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.

Нұсқау:Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.

3.     «Бір-біріңе жақында» жаттығуы.

Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау:Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер. Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар.

Талдау: Өздеріңнің көңіл күйлеріңмен бөлісіңдер?

Бұл ойын неге бағытталған?

4.     «Стресті жеңу үшін не істеу қажет»  мини дәріс.

Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Витаминдерді шамадан тыс пайдаланбаған жөн.

Екіншіден:денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден:психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.

Төртіншіден:үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасыңның, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық  тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңдар. Ата-аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағайларың мен апайларыңа және басқа жақын-туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңдар.

5.     «Біздің топтың жүрегі».

Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.

Нұсқау:Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.

6.     «Менімен бірге қайтала» жаттығуы.

Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Видеороликтен көрген қимылдарды қайталап, би жаттығуларын жасайды.

Талдау:

Сендердің көңіл-күйлерің қалай?

Кімге өзінің қимылы қайтып келді?

Ол өзгерді ме, әлде сол қалпында қалды ма?

Қай қимыл бірінші болғанын көрсетіңдер?

Қорытынды.

Оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауында ата-ананың алатын орны 

Мектеп, жанұя, қоршаған орта жасөспірімді болашақ қоғамның мүшесі ретінде қалыптастырады. Өскелең ұрпақтың болашақ еңбек жолына дайындығы негізінен отбасы тәрбиесіне байланысты. А.Д.Сазановтың айтуы бойынша еңбек ету-зорлық түрінде емес, творчестволық мағынаға ие болуы керек, және мұндай еңбекке әрбір жанұя өз баласын дайындауы қажет.

Творчестволық еңбек-ол адам өз жұмысын жақсы көргенде, одан қуаныш тапқанда және өз еңбегінің қажеттілігімен,пайдасын көргенде, сондай-ақ еңбек адамды тұлға ретінде көрсететін негіз болғанда, өз қабілетін аша алғанда орын алады.

А.Д.Сазанов: оқушыны еңбекке тәрбиелеуде тек жұмысқа дайындық қана алмайды,ол еңбек тәрбие алады, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады-деп есептеген. Жұмыстан қашатын, басқалардың жұмыс істеп жатқанына қаннен қаперсіз қарап тұратын,басқалардың еңбегінің жемісін жегенді ұнататын адамды А.Д.Сазанов нағыз тәрбиесіз адам деп есептеген. Керісінше, ортақ еңбек, ұжымдық жұмыс бір-біріне көмек көрсету-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру.

Еңбек еткен адам тек дене тәрбиесі дамуын ғана емес, сондай-ақ психикалық, рухани тәрбие алады деп есептейді А.Д.Сазанов.

Сондай-ақ А.Д.Сазанов ата-аналардың назарын еңбекке баулу, қоғамға пайдалылығымен қатар адамдардың жеке өміріне де әсер ететіндігіне аударған.

Бірақ жанұяда еңбекке тәрбиелеуде квалификация берілмейді. Жастар квалификацияны мектепте, зауытта, ұжымда, курста ала алады. Алайда ата-ана жанұялық тәрбие квалификация алуға еш байланысы жоқ деп есептеуі керек. Керісінше жанұялық тәрбие адамның болашақ квалификациясында негізгі орын алады.

Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және  дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі  сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына  да әсер етеді.

Отбасы  қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:

әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.

Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және  дене  жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ  өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы,  сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз  маңыздылығын жоя бастады, ал  уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне  психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл  тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың  отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік  тәжірибесін айқындайды.

А.Д.Сазанов: “Жанұяда дұрыс еңбек тәрбиесін алған бала болашақта өзінің арнайы дайындығында да үлкен жетістікпен әкетеді. Ал жанұясында ешбір еңбек тәрбиесін алмаған бала болашақта еш квалификация лһала алмайды, еңбек жолында жолы болмайды, олардан нашар жұмысшы кадрлар шығады”-деп жазады.

Бұл ұлы кеңес педагогының идеялары бүгінгі күніде актуалды. Еңбекке тәрбиелеу жанұяда ерте жастан басталып, ойын түрінде болуы керек. Бала өзінің ойынщықтарының таза болуына, әрі реттеліп тұруына, өзінің ойнайтын жерінің тазалығына жауап беретінін түсінуі керек. Өсе келе жұмыстары қиындай түседі. Бірақ балаға өте көп жұмыс тапсыруға болмайды. Оларға берілетін жұмыс баланы әліне сәйкескелуі керек.

Баланың еңбек сүйгіштігі, тәрбиелілігі, еңбекке жауапкершілігі, т.с.с. барлығы жанұя мүшелерінің еңбекке деген қарым-қатынасына байланысты қалыптасады.

Егер жанұяның әрбір мүшесі өз жұмысына жауапкершілікпен қараса, бар күшін сүйікті жұмысына арнаса, адал еңбек етсе, оны көріп өскен баланың бойында әрине еңбекке деген дұрыс қарым-қатынас, адамдар еңбегіне силастық қалыптасады. Әрине, тек өзінің жақсы іс-әрекетімен ата-ана тәрбиеде қажет еткенде ғана баланың бойында еңбекке қызығушылық орнайды. Ата-аналар жүйелі түрде баланың жастық ерекшелігін ескере отырып оны тек жұмыс істеуге ғана емес, сондай-ақ ойлау еңбегіне де тәрбиелеу керек. Әке мен апа-жасөспірімнің ең жақын адамдары, ол ең бірінші ата-анадан кеңес сұрайды, өзінің болашақ еқбек жолын таңдағанда әрине бұл кеңестің дұрыс болғандығы қажет.

Ата-ананың өз мамандығына деген қарым-қатынасы блаға әсер етеді. Кейде аата-аналар балаға дұрыс еңбек тәрбиесін бере алмайды, оны болашақ еңбек жолына дайындай алмайды. Бұл жерде мектеп негізгі орын алуы қажет. Ата-ананы баласының болашақ мамандығын таңдауға дайындау-ұстаз бен ата-ана жұмысының негізгі кезеңі. Әрине бұл жұмыс пен мектептің іс-әрекеті аяқталмайды.

Ұстаздың жанұямен жұмыс істеуі үшін оның оқушы жанұясымен жақын таныстығы керек. Осы мақсатта әртүрлі әдістер қолданылады, алғашқыда әрине әңгімелесу бақылау, сауалнама жүргізу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Бірақ жанұяны зерттеудің негізгі жолы-осы жанұяны көру. Бұл жанұя туралы түсінік береді, жанұяда қандай көмек қажеттігі туралы, ата-ананың балаға еңбек тәрбиесіне ісері туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Педагог оқушының үйіне барғанда өз алдына қоятын мақсаты: ата-ананы баласының кәсіби қызығушылығын бақылауға және қажет кезде бағдар беруге үйрету: жасөспірім қандай әдибеттер оқу қажеттілігі жайлы, оған пайдалы жұмыстармен айналысу т.с.с. кеңестерберу. Сондай-ақ ата-анаға кәсіби бағдар беретін оқулықтар оқуға бағдар беру.

Баланың жанұясында болып, ата-анамен баласы туралы әңгімелесіп, мұғалім ата-анамен жақын қарым-қатынас орнатады, және олардың назарын баласының болашақ мамандығын таңдауға бөледі.

Кейбір жанұяда ата-аналарының өз мамандығына деген қарым-қатынасы баланың қызығушылығын оятып, болашақта осы мамандықты таңдауға да әкеледі. Сондықтан ата-аналар балаларына өз еңбегі туралы оның қоғамдағы орны туралы жұмысынан алатын рахаты туралы жиі әңгімелесуі қажет. Бірақ балаға міндетті түрде белгілі бір мамандық таңдауға итермелеуге болмайды. Ата-ана баланың мүмкіндігін, икемділігін анықтауға көмектесіп, оны еңбек жолын таңдауда дұрыс беруі керек.

Сенім-менің серігім тренинг

Мақсаты: Оқушылардың адамдармен,бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық,эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру.

Міндеттері:

-«Сенім» ұғымының мәнін ашу;

-Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

-Өзіне,өзгеге,қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд,шарлар, ұлағатты сөздер, жаттығуларға керекті материалдар.

Жүру барысы: Ереже

  • Белсенді қатысу

  • Тыныштық сақтау

  • Бірін-бірі тыңдау

  • Ойын ашық айту

  • Бір-бірін сынамау

  • Ынтымақтылық

І «Менің есімім»

Әркім кезекпен өз атын атап,есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады.

ІІ Ой шақыру

(шарда «сенім» деген сөз жазылған,сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауа

бын алу)

-«Сенім» деген сөзді қалай түсінесің?

-Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

-Қандай адам сенімге ие болады?

-Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

-Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

ІІІ Негізгі бөлім

Сенім-тек жақын адамдарға ғана емес,қоғамдағы деңгейде,әлемдік шеңберде де көрініс алады. Адамның өз-өзіне,өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне өзі сену адамның өз құндылығын түсініп,мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу- ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашан да ден қоюға болады. Сенімді болу-ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау.Сенімді кісі жанымызда болғанда да біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз.Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және адал, дәл уақытында орындайды.

  • Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.

  • Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

ІV Психологялық кеңес:

Егер өмірде өз-өзіңе сенімді болғың келсе,қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен-өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл.

V Жаттығу “Эксперимент”

Мақсаты: Өзін-өзі ұстауға үйрету.

  • Әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз үйлестіріледі және мәтінді оқу тапсырмасы беріледі.

  • Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 қатар үзіндіні оқу керексіз:

 

  • ЖОСпарҒАСӘйкесТІІС-шараЛАРАТҚАрылды

  • ОТансүйГІШТІКкеТӘУЕЛсізДІКтіқұрметТЕУГеөзеЛІНІҢБелсенДІАЗАМатыболУҒАтәрбиеЛЕУМАҚСАтымеНТАНЫМдыҚКОНФЕРЕнцияӨЗДЕңгейІНДЕӨтті

  • СынЫПЖЕТЕКШілерәРСЫНЫПтатаЛДАПТҮсіндіРУНАСИХАттаужұмЫСТАРынжүРГІЗді

Анализ:

  • Тапсырманы орындау оңай болды ма?

  • Тапсырманы тез орындау үшін сізге қандай қасиет көмектесті?

  • Өз-өзін ұстауды дамыту үшін не істеу керек?

VІ Шығармашылық жұмыс

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазу

С- сенімді,сыпайы,...

Е- ерен,ерекше,...

Н- намысшыл, нәзік, нағыз ер,...

І- ілтипатты,...

М- мәдениетті, момын,...

Дәйексөз.

Жақын адамдардың, достарыңның,жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу-әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

VІІ Жаттығу: «Сілкіп таста»

Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату

  • Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.

  • Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “ҰБТ-ға жақсы дайындала алмаймын”, “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген сияқты.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер.
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер.

Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.

Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

  • Мен ақылдымын.

  • Менің жаным тыныш

  • Мен қиындықтан қорықпаймын.

  • Мен жаспын, қандай әдемімін.

  • Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.

  • Маған сенімділік күш береді.

  • Мен дайынмын.

















ҰБТ қарсаңындағы мектеп психологы тарапынан қолдау Хат

«Ақ тілек»

Біздің қымбатты да сүйікті оқушымыз!Біз саған хат жазып отырмыз.Сен ҰБТ-ні өте жақсы тапсыруды армандайтын, Қазақстанның беделді жоғары оқу орнында оқуды қалайтын мектеп бітірушісің. Қазір сенде қорқыныш бар Ол –«мен ҰБТ тапсыра алмай, сіздердің үміттеріңізді ақтай алмаймын ба,»- деген қорқыныш. Біз үшін қорқатын еш нәрсе жоқ. «Сен мықтысың,білімдісің. Сондықтан ҰБТ –ны жақсы тапсырасың! Ал егер төмен баға алсаң, біз сені жақсы көретін, саған көмектесетін,сені түсінетін адамың екенімізді ұмытпа! Алайда сен міндетті түрде тапсырасың!» Осы сөздерді есте сақтап,жүрегіңе қалдыр. Өз күшіңді сезінудің өзі күш беретінін, ұмытпа. Сендерге қолдау көрсетіп, сенетін, сыйлайтын, жақсы көретін ұстаздарың, ата-аналарың.

Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес.

  • Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

  • Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.

  • Алдын ала: «Тапсыра алмасам не болады ?»-деп уайымдамаңыз

  • Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.

  • Емтихан үстінде ішкі дауысыңызға ерік беріп: Мен тапсыра алмаймын . Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті- деген ойларға батпаңыз.

Адам тек өзіне,өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен,қуанышпен өткізу өз қолыңда.

ІХ «Мен саған сенемін» жаттығуы

Енді әдемі күлкімізбен, нық сенімділікпен бір-бірімізге сенім білдірейік.

Мен өзіме сенемін (қолын жүрегінің тұсына қояды)

Мен саған сенемін (қолын көрші баланың иығына қояды)

Сен де өзіңе сенесің (қолын көрші баланың иығына қояды)

Және мен де өзіме сенемін (қолын жүрегінің тұсына қояды)

Х Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ?
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Авторлық бағдарлама "Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау"

Автор: Нурсеитова Мадина Маратпековна

Дата: 23.01.2020

Номер свидетельства: 537118


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства