Ма?саты: Жеке т?л?аны? эмоциялы? к??іл к?йін т?сіну, вербалды емес ?арым-?атынасты орнату.
Ж?ргізілуі: Топ екіге б?лінеді. Екі топ екі автобуст?а отыр?андай сап?а т?рып, ?арама-?арсы жа??а ?оз?алады. Ж?ргізуші «сіздер ?лкен ?ала?а келді?іздер, сіздер мінген автобус ба?даршам?а келіп то?та?анда сіз автобусты? терезесінен екінші автобуста отыр?ан таныстарынызды к?ріп ?алды?ыз. Б?л ?лкен с?ттілік, сіз осы уа?ытты пайдаланып о?ан жедел т?рде жа?дайы?ызды айтып жеткізуі?із керек. Біра? сіз оны ?нсіз т?рде понтомикамен к?рсетуі?із керек. Сізде уа?ыт аз. Сізде уа?ыт аз, сол уа?ытты? ішінде сіз танысыныз?а айт?аны?ызды айт?аны?ызды т?сіндіріп ?лгеруі?із керек. Олда сізбен с?йлемей ?арым-?атынас жасау керек» дейді Балалар ?з с?здері? понтомимикамен толы? жеткізе білулері керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Автобус” тренингі (Ресурсты? орталы?ты? о?ушыларымен ?ткізілген) »
“Автобус” тренингі
(Ресурстық орталықтың оқушыларымен өткізілген)
Мақсаты: Жеке тұлғаның эмоциялық көңіл күйін түсіну, вербалды емес қарым-қатынасты орнату.
Жүргізілуі: Топ екіге бөлінеді. Екі топ екі автобустқа отырғандай сапқа тұрып, қарама-қарсы жаққа қозғалады. Жүргізуші «сіздер үлкен қалаға келдіңіздер, сіздер мінген автобус бағдаршамға келіп тоқтағанда сіз автобустың терезесінен екінші автобуста отырған таныстарынызды көріп қалдыңыз. Бұл үлкен сәттілік, сіз осы уақытты пайдаланып оған жедел түрде жағдайыңызды айтып жеткізуіңіз керек. Бірақ сіз оны үнсіз түрде понтомикамен көрсетуіңіз керек. Сізде уақыт аз. Сізде уақыт аз, сол уақыттың ішінде сіз танысынызға айтқаныңызды айтқаныңызды түсіндіріп үлгеруіңіз керек. Олда сізбен сөйлемей қарым-қатынас жасау керек» дейді Балалар өз сөздерің понтомимикамен толық жеткізе білулері керек.
“Еркін бала” тренингі
Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмауға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар би терапиясын дамытуға көмектеседі.
Уақыты: 30 минут.
Жүргізілуі: Балалар үлкен шеңбер жасап отырады.Олардың арасынан бір бала ортаға шығып билейді.Оның қимылы қиын болмауы болуы керек. Жүргізуші бір минуттан соң ол баланы отырғызады да, оның орнына, яғни ортаға басқа қатысушыны шығады.Осылайша әр бала өз еркіммен ортаға шығып, 1-2 минут болсада, өзінің биін билеп ойын жалғаса береді.Ойын соңында бәрі бірге шығып, би билеп көңіл көтеруге болады.
Тақырыбы: «Төрт құбылыс » тренингі
Мақсаты:
Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасындағы жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты: 10-15 минут
Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші «Су» дегенде балалар қолдарын алдарына созады, «ауа» дегенде қолдарын жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер »дегенде қолдарын түсіреді. Кім жатасса сол ойыннан шыға береді.
Күні: 12.01.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
Тақырыбы: «Алақан » тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір –бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату.
Уақыты: 10-15 минут
Көрнекілігі: ақ парақ, қарандаш
Жүргізілуі: Әр топ мүшесі өзінің алақаның ақ парақты түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды, көршісіне береді, ол көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесіннің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесінің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып береді.
Тақырыбы: «Төрт құбылыс » тренингі
Мақсаты:
Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасындағы жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты: 10-15 минут
Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші «Су» дегенде балалар қолдарын алдарына созады, «ауа» дегенде қолдарын жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер »дегенде қолдарын түсіреді. Кім жатасса сол ойыннан шыға береді.
Күні: 13.01.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
Тақырыбы: «Көңілді шеңбер» тренингі
Мақсаты:
Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасындағы жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты: 10-15 минут
Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап тұрады да, бір-біріне мұқият қарап алады. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың біреуіне әр түрлі заттар қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілірік, бант). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді деп сұрау керек. Ең зейінді балаға сыйлық береді
Тақырыбы: «Сиқырлы қапшық» тренингі
Мақсаты:
Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасындағы жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты: 10-15 минут
Жүргізілуі: Жүргізуші балаларды шеңбер жасап отырғызып, өзі олардың жанындағы кішкентай үстелдің жанына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Оның ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар бар. Жүргізуші балаларды кезектестіріп шақырып, қапшықтың сыртынан сипалап бірдей екі затты тауып алуды сұрайды. Қапшықтың сыртынан сипап тұрып екі доп, екі машина т.б заттарды тауып алып, кейін бала олардың не екенін сипаттап айтып береді. Жүргізуші баланың айқайының дұрыс екендігін тексеру үшін тапқан затты қапшықтың сыртына шығады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Күні: 15.04.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
“Автобус” тренингі
Мақсаты: Жеке тұлғаның эмоциялық көңіл күйін түсіну, вербалды емес қарым-қатынасты орнату.
Жүргізілуі: Топ екіге бөлінеді. Екі топ екі автобустқа отырғандай сапқа тұрып, қарама-қарсы жаққа қозғалады. Жүргізуші «сіздер үлкен қалаға келдіңіздер, сіздер мінген автобус бағдаршамға келіп тоқтағанда сіз автобустың терезесінен екінші автобуста отырған таныстарынызды көріп қалдыңыз. Бұл үлкен сәттілік, сіз осы уақытты пайдаланып оған жедел түрде жағдайыңызды айтып жеткізуіңіз керек. Бірақ сіз оны үнсіз түрде понтомикамен көрсетуіңіз керек. Сізде уақыт аз. Сізде уақыт аз, сол уақыттың ішінде сіз танысынызға айтқаныңызды айтқаныңызды түсіндіріп үлгеруіңіз керек. Олда сізбен сөйлемей қарым-қатынас жасау керек» дейді Балалар өз сөздерің понтомимикамен толық жеткізе білулері керек.
“Еркін бала” тренингі
Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмауға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар би терапиясын дамытуға көмектеседі.
Уақыты: 30 минут.
Жүргізілуі: Балалар үлкен шеңбер жасап отырады.Олардың арасынан бір бала ортаға шығып билейді.Оның қимылы қиын болмауы болуы керек. Жүргізуші бір минуттан соң ол баланы отырғызады да, оның орнына, яғни ортаға басқа қатысушыны шығады.Осылайша әр бала өз еркіммен ортаға шығып, 1-2 минут болсада, өзінің биін билеп ойын жалғаса береді.Ойын соңында бәрі бірге шығып, би билеп көңіл көтеруге болады.
Күні: 15.01.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
“Құлақ – мұрын” тренингі
Мақсаты:Балада қабылдау процесінің қалай дамығанын анықтау.
Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “құлақ” деп қолымен мұрынын, ал “мұрын” деп құлағын ұстайды. Ал балалар шатастырып алмай “құлақ” дегенде құлағын, “мұрын” дегенде мұрынын ұстау керек.Шатастырған балаларды ойыннан шығара береді.Соңғы қалған адам жеңімпаз атанады.
“Қасиеттер жәрмеңкесі” тренингі
Мақсаты: Қатысушылардың сенімділігін арттыру, өзіндік сын тосқауылдарын жою.
Жүргізілуі:Балалар шеңберге тұрады. Қатысушылар «сатамын» және «сатып аламын» деген жазулары бар қағаздар алады. «Сатамын» деген қағазға жағымсыз қасиеттерін, ал «сатып аламын » қағазына өзіне жетіспейтін жағымды қасиеттерін жазады.
Күні: 17.04.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
«Орындық» тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым-қатынасты орнату .
Жүргізілуі: Оқушылар екі командаға бөлінеді. Ары қарай олар туған айлары бойынша бір қатарға тұрулары керек. Оқушыларға сөйлеуге тыйым салынады. Мимика мен қимыл арқылы байланысуға болады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңіске жетеді.
«Кім жылдам» тренингі
Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасауға баулу. Топ бірлігін қалыптастыру. Шапшандық , еркіндікке тәрбиелеу.
Жүргізілуі: Оқушылар бір-бірімен қарама –қарсы ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Белгі бойынша сыртқы топ оңға қарай бір адым жылжып отырады. Әр жылжыған сайын қарсысына тұрған әріптесінің қасиетіне байланысты бір мадақтау сөз айту керек: «Мен сен сияқты шыдамды болғым келеді», «Сенің жайдары мінезің маған ұнайды» т.б
Күні: 17.01.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
«Көңілді өзіме аударамын» тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақынырақ араласуы және жеке тұлға арасында жағымды қарым-қатынасты орнату, шапшандыққа, көңілді, белсенді болуға тәрбиелеу.
Жүргізілуі: Балалар үлкен шеңбер жасап отырады. Олардың арасынан бір бала ортаға шығып билейді. Оның қимылы қиын болмауы керек. Жүргізуші бір минуттан соң ол баланы отырғызады да, оның орнына , яғни ортаға басқа қатысушыны шығарады. Осылайша әр бала өзін е көңілін аудартады, 1-2минут болсада, өзінің биін билеп ойын жалғаса береді. Ойын соңында бәрі бірге шығып, би билеп көңіл көтеруге болады.
“Антоним” тренингі
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін арттыру, ренішті жеңу қабілетін дамыту, топ ішіндегі жағымды эмоционалды байланыс орнату .
Жүргізілуі: Қазір біз сенім не жағдайдың атын бір- бірімізді доп лақтырамыз. Допты ұстап алған адам жаңа айтылған атауға антоним айтып өзгеге лақтырады. Мысалы: мен допты Жанарға лақтырып «реніш » деп айтамын. Ол «қуаныш » деп айтады да, басқа атауды айтып өзгеге лақтырады. Осылайша жалғаса береді.
Күні: 20.04.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
“Сенің болашығың” тренингі
Мақсаты: Қатысушылардың өзіндік танымын, өз болашағына деген сенімін қалыптастыру.
Жүргізілуі: Дәстүрлі амандасуымызды біз бүгін «Сенің болашағың» девизиямен жүргіземіз. Бір –бірімізге амандаса тұрып, болашаққа кішкене болжам жасауымыз қажет. Мысалы, «Салем, Айнұр менің ойымша сен ...............». Сізге кезекпен топтың әр мүшесіне келіп, оның болашағы жайында тілек білдіруіңіз керек.
“Ол қандай ” тренингі
Мақсаты: Топтың бірін-бірі анық тануына, өзін-өзі айқындауын, топта жағымды қарым-қатынас іскерлігін дамыту.
Жүргізілуі: Қатысушылар дөңгелене отырады. Содан соң топ арасынан бір адамды сынып сыртына шығарады. Ал қалғандары топ ішінде бір адамды таңдап, оған қысқаша мінездеме береді. Мінездеме беруде-оның қабілеттерін, қызығушылықтарын, тұлғалық ерекшеліктерін айтуымыз қажет. Содан соң сынып сыртындағы адамды шақырып, «ол қандай» деген сұрақ қоя отырып, кезекпен мінездемемізді оқимыз. Ал, ол кісіні тауып шарт болып келеді.
Күні: 20.01.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
“Жағымды сөздер айту” тренингі
Мақсаты: Өзіндік ашылуын, өзіндік танымын жақсарту. «Менін» анықтап бекіту, жағдайды талдау білігін қалыптастыру.
Жүргізілуі: Келіңіздер, барлығымыз бір-бірімізге жақын тұрып, шеңбер жасайық. Қолымызды шеңбердің ортасына созайық. Менің нұсқауым бойынша барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз, бірақ та жанымыздағы адамның қолынан ұстауға болмайды. Ал, бастайық : бір, екі, үш. Енді бір-бірімізге жағымды сөздер айтамыз.
“Өз жұбыңды тап ” тренингі
Мақсаты: Қатысушылардың өзіндік танымын, өз болашағына деген сенімін қалыптастыру.
Жүргізілуі: Топқа жануарлардың аттары жазылған (1жануарлардың аты 2 рет қайталанады) карточка үйлестіріледі. Топ орындарынан тұрып, жүргізуші «баста» дегенде қатысушылар карточкада жазылған жануардыңдаусын салып, келесі жұбын тауып алғанша, тып-тыныш тұруы керек.
Күні: 22.04.15 Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г. Бектілеуова
“Жануарлар эмоциясы” тренингі
Мақсаты: Топтың қарым-қатынас шеберлігін арттыруға , жағымды эмоцияны қалыптастыруға арналған.
Жүргізілуі: Қазір қолымыздағы ақ бет қағазға бір жануар атын және эмоция түрін жазып, ортаға жинаймыз. Жиналған қағаздарды таңдап үш минут ойланып ортаға көрсетеміз, қалғанымыз мұқият тыңдап қандай жануар мен эмоцияны бейнелегенін айтамыз.
«Менің әсерім » Аты жөні:-----------------------------------
Мақсаты: Өзін-өзі бағалауды көтеру, эмпатияны дамыту
Жүргізілуі: Мен әрқайсыңыздың өзіңізді бір нәрсе үшін мадақтауыңызды сұраймын. Қазір өзіңді-өзіңмадақтауға мүмкіндік туғалы отыр. Сондықтан басталық. Мен бастайын, «мен өзімді еңбекқорлығым үшін және ашықтығым үшін мадақтаймын»
Талдау:
Өзіңді мадақтау қиын болды ма?
Қандай сезімде болдыңыз?
“Келесі кездескенше” тренингі
Мақсаты: Өзара түсінушілік пен сенімді арттыру; қатысушылармен кері байланыс жасау.
Құрал: жұмсақ ойыншық
Жүргізілуі: Менің қолымда сиқырлы қуыршақ. Ол жарық, жылу, қуаныш, бүгінгі күн бақытын әкеледі. Сіз бір-біріңізге сиқырлы қуыршақты жалғай отырып, бүгінгі тренинг жөнінде әсерлеріңізді бөлісесіз және қатысушыларға өз тілегіңізді білдіресіз. Біздің бүгінгі тренингіміз аяқтала келді. Келесі кездескенше сау болыңыз деп тараймыз.