kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата - аналарға, оқушыларға және педагог мамандарға арналған көмек

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналарға психологиялық кеңес»

Ата-анаға психологиялық кеңес.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың,жеке ерекшелігін,психикалық процестрін ескере отырып,жарасымды жетілген ұрпақты тәрбилеу .Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді

-Отбасында баланың өсіп жетілінуіне ,денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту, бекіту.Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

-Еңбек сүйгіштікке,  еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті  өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы,үй шарушылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне- өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.

-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

-Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.

-Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

-Баланың  ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.

Бақылау, тексеру, бағалау.

-Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т.б. баулу.

-Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсада болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берілген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіпті жоғары оқу орындарымен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Мұндай надандылықтың адамдарға тарттыратын азабыда аз емес. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып,азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.



Психологиялық көмектің бағыттары.



Бала атаулының бойында біртіндеп қалыптасатын невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімі де сорақы лыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанда білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартысына енді келген сәбилер үшін, бұл аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе үлкендер тарапынан болатын дөкерде дөрекі қылықтар толып жатыр.



Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары-осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.



Екінші бағыт-тез арада ата-аналар мен балалар тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмекті айтуға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасы жөнінде түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын-кітаптардан, кинофильмдерден-тереңдей талдап көрсету арқылы. Ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.



Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң және жедел күресу керек. Әрине, бұл жағдай ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.



Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек:



бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру 

(мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың» деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, бұдан былай оған сөйлеудің де, ойнаудың да қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.



Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне терісте зілді баға беру мен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, «Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың» деудің әсерімен, баланың жан дүниесін әбден жаралауға болады. Сондықтан да, баланың іс-әрекетін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қаблетін тұтылдыру мен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да каяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігіненде жиреніп кетуі мүмкін. Ол алдындағы армандарын да сенімдерін де жоғалта бастайды.



Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жағдайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.

Психологиялық түзету.



Адам баласы өзінің тіршілік ғұмыры ұзақ па, әлде қысқа ма бәрі бір, оның биологиялық және психикалық қуат күшінің аса мол қоры, сонау нәресте кезінен бастап жинақталуға тиісті. Ондай мол қуат бала болмысында, еркін де жасқанбай жігерлі өскенде ғана жетілмек. Ата-ананың қайырымы да, төзімді тәрбиелерінің арқасында, баланың көңіл-күйі мен түйсік сезімдерінің қанағаттануы ғана емес, сонымен қоса оның интелектісінің де еркін дамуына мүмкіндік алады. Түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика калыптасатыны белгілі. Жоғарыда айтылғандай, сәби шағынан психикасы қатты дөрекіліктерге ұшырап, үлкен зардап шексе, ондай балалардың психикасын орнына келтірудің өзі өте үлкен қиындықтарға соқтырады. Тіпті ондай балалардың көпшілігі неврологиялық клиникаларда жатып емделеді. Жалпы, мұндай балаларға психологиялық түзету жасаудың жолы, қанша ауыр болғанмен де, әр түрлі әдістерді қолданып көмекке келмеуге болмайды.



Сонда, ең әуелі мұндай жағдайда не істеу керек?



Бәрінен бұрын баланы жайына қалдырған жөн.



Әрине мұндай кеңес, ата-ананың көңілін алақұйын етіп, не істерін түсінбей абдыратары да тіпті көңілдері қалғандай өкпе-наздарын да айтқызбақ. Бірақ, басқа шара жоқ. Егер, тән құрлысы жарақаттанса, оны тыныштандырып жатқызуды ата-ананың өзі де біледі. Осы тәрізді жан дүниесі жарақаттанған балаға да керегі тек белгілі уақытқа дейін тыныштық екенін түсінуіміз керек. Үлкендер жағы өзінің қателіктерін дереу мойындаумен қоса, мұндай сәттегі тәрбие берудің әдістерін үйренгенше, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Міне, осы қателігін өзгертуі-психологиялық өзгертудің пәрменді бір тетігі болып табылады. Әрине, мұндай бет бұрыс ата-анамен тәрбиеге қатысы бар үлкендерге де оңай емес. Бірақ баланың келешегі үшін ешқандай мәймөнкесіз, дереу ұстамдылық пен мейрімділікке ауысу қажет. Ендігі жерде, бала мен ата-анасының түсініскен достық қатынастары ғана істің жайын анғарта алады. Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Әйтпесе, көсеудің екінші жағын басып қалған тәрізді, тағы да маңдайыңа аяусыз соққы тиюы ғажап емес. Сондықтан, бала тәрбиесіне жас қосылған ата-аналар кәдімгідей ақ дайындалмай болмайды. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қаблетіңе қарай емес, таныстауына қажет ауадай міндетті түрде иеленуің керек.



























Психикалық зардап шеккен балаға психологиялық түзетулер жасаудың кейбір жолдары:



1.Баланың міндетті түрде тәрбиелеу керек. Ал, жаңа көз қараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы өздерін тексеруі қажет. Баланың келешегіне қажетті ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді.



2.Егер үлкендер жағы, өзін-өзі баланың ыңғайына қарай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярымен бас тартқаны жөн.



3.Ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл баланың келешегін сындыру мен құрту деген сөз.



4.Үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндемеймін деу, барып тұрған надандық.



5.Тек қана мейірім мен сүйіспеншілік, екі жақтыда адамдық сипатқа жеткізетінін ұққан жөн.



6.Психологиялық түзету жүргізетін кезеңнің бәрін де басынан бастап, тек қана төзімділік керек! Тәрбиелік іс-әрекет үстінде-сабырды ілтипат, салқынқандылық, ұстамдылық қажет.



7.Баланың саналы түсінігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де мазмұнды болғаны дұрыс. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғаны мен, тым асыра мадақтаудың да орнын алмауын қадағалау керек есте болсын. Артық айтқан мақтау сөз, ешқашанда жақсылық әпермейді.



Бұдан да басқа көптеген тәсілдердің болуы мүмкін. Біз жас ұрпақ тәрбиесінде белең алып отырған психикалық зардапты түзетудің кейбір жолдарын ғана айттық.



Психогигиена өмір талабы.



Қазіргі тұрмыс тіршілігімізде, әсіресе тұрмыстық жағдай да, эмоциялық дауылдар мен әлеуметтік және педагогикалық кереғарлықтар тым көбейіп кетті. Осыдан келіп, баланың психикалық зардап шегушілігіне ұшыраудамыз.



Мұндай жұлын-жүйкенің тозуы мен жан дүниенің жарақаттануын ескермесе болмайды. Ол үшін ең әуелі үлкендердің де, кішілердіңде өзара қарым-қатынастарындағы үндестікке ұмтылып, оны сауықтыру мен тәрбиелеу жолдарының пәрменді тәсілдерін қарастыру ауадай қажет. Бұл әлеументтік те, мемлекеттік те, аса үлен жұмыс?! Ескі тәртіппен көз жұмбаққа салуға келмейді. Қоғамдағы осындай жан-дүниенің зардабынан көмекке келер ілім-жалпы гигиенаның бір бұтағы болып жетілген-психогигиена. Психогигиенаның күнделікті өмірде кең тараған түрі-адамдардың қарым-қатынасындағы психогигиенаны ерекше атап айтқан жөн. Қарым-қатынастағы психогигиена-үлкен мен кішінің, еркек пен әйелдің, ата-анамен баланың, туыс пен туғанның, көрші мен ауылдастың, т.с.с айта берсе толып жатыр, осы айтылған қарым-қатынастардың өмірдегі көрністері сан алуан сапада кездесе береді. Көптеген жағымсыз жағдайларда да, осы қарым-қатынастардың адамшылық қасиеттерді сақтамауынан туып жатады. Ендеше, адамдардың қарым-қатынастарындағы психогигиенаны сақтау ережелері де-психологиялық көмектің бір түрі болып есептелінеді. Оның ең негізгі бабы- - «Бүлдірмеу!» болып табылады.



Бірінші ережесі-бүкіл өзінің болмысын мен құндылығыңды-осы «бүлдірмеуге!» бағындыру.



Екінші ережесі-бірінші ережесінің жалғасы тәрізді, осы «бүлдірмеу» бабын тарата отырып адамдардың санасындағы өзін-өзі тежеу қабілеттерін жетілдіру.



Үшінші ережесі-егер «бүлдірмеу» бабы бұзыла қалған күнде, одан тараған жайсыздықтарды жоюға әсер ету.



Міне бала тәрбиесінде имандылық тәрбиелерімен қоса, міндетті түрде психогигиенаның осы үш түрлі ережелерінің баптары да, саналы түрде баланың психологиясында орнығуы мен жетілуін қамтамасыз ету керек. Бұлар сәби мінездеріне не ерте қалыптасса, соғұрлым оның санасындағы адамгершілік деңгейі биік болмақ. Сонда ғана ол өз уақытының елеулі азаматына айналуы хақ.



Әйтсе де, мұндай тәрбиелер балаға тек уағыз арқылы сіңбейтіндігін ескере отырып, қоғамдағы естияр адамдардың, соның ішінде, ата-аналар мен тәрбиешілердің, бүкіл ел жұртқа белгілі зиялы қауымның күнделікті тіршіліктегі адамдық парасаттары ерекше байқалуы керек. Алдыңғы буыннан үлгі алған ұрпағымыз мадақтауға тұрарлық адами қасиеттерге ие болатынына сенеміз.



Іштей қарама-қайшылық.



Адамның жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады.



Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Мұндай сәтте ол мақсатты ой, елеулі қайырымдылық жасау қаперіне кірмейді. Қайта қолындағысын лақтырып айналасындағысын сындырып,шамасы жеткенді талқандап жіберуге ұмтылады. Осы тұста жанындағы адамдардың бәріне тіл тигізуден таянбайды.



Ал, адамның көңіл-күйі екінші бір жайсыз жағдайда болғанда да, мәселен қызғану мен көре алмаушылықтың күйіне ауысқанда да, жанындағылардың бәріне сенімсіздікпен қарап, өзінен-өзі секемденіп сергелдені мол іштей қарама-қайшылыққа ұрынады. Бұндай жайсыз жағдайлар, адамды физиологиялық афектілік күйге де түсіреді. Ол мұндай күйде не істеп не қойғанын байқамай қалады.



Сондықтан адам атаулы ол үлкен бе, жоқ әлде кіші ме бәрі бір, өзара қарым-қатынастарда ұстамды да, мейірімді болуға ұмтылу қажет. Адамды ашуландырып көңіл-күйін бұзу қаншалықты оңай болса, ал оны жадырата қайта жақсы жағдайға түсіру, соншалықты қиын екен естен шығармаған жөн.



Әр адам осындай әділетсіздіктің бар екенін іштей түсініп, оған саналы түрде қарсы шаралар жасауды ұмытпаса, түптің-түбінде үлкен жетістіктерге жетіп, өзінің адамдық күш қуатын сезіне бастайды. Бірте-бірте ол жаман көңіл-күйдің құлы болудан да құтыла алады. Өзінің барлық іс-әрекеттерін ашудан бұрын ақылға жеңдіретіндей жағдайға ауысады. Міне, дер кезінде жүргізілген психогигиенаның құдыреті мол, шарапаты да осы болса керек. Бүкіл ел болып мәдениетті тіршіліктің негіздеріне ұмтылса ғана өміріміз өркенді де көңілді болмақ. Керек десеңіз қоғамға қажет бақыт жолы да осы.


Мектептегі психологиялық қызметтің атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Психолог қызметін теориялық  негіздеу

Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі – баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.

Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тәртібі осы ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемелерінің директоры бекітеді.

1.1,5,10  сынып  оқушыларының үйренісу кезеңін бақылау

2.“Өмірдің  өзі  күрес” сәтсіз отбасы балалрымен және ата-аналарымен әңгіме

3.“Өмір сүру-бақыт”  суицидтің алын-алу, мүмкіншілігі шектеулі балалармен әңгіме

4.Бітіруші сынып  оқушыларына  мазасыздықты жеңу жолдары  туралы кеңес беру

5.  «Ата-ананың  міндеттері-ең жауапты қызмет ”  әңгіме

6.“Суицид белгілері қандай болады”  сәтсіз отбасы  ата-аналарына  лекция

7.“Өзің таңдаған өмір”  қадағалауды қажет ететін  балалармен   жеке әңгіме 

8.Мазасыздықты жеңу жолдары  мүмкіншілігі  шектеулі  оқушының  пән мұғалімдеріне кеңес

9.Қолайсыз  отбасы ата-аналармен  жеке әңгіме

10.Мектеп   бітірушілерге  өмір туралы

11.“Ата-ана махаббаты”     мүмкіншілігі шектеулі  балалардың ерік күшін дамыту  жайлы ата-анаға кеңес

12.“Компьютер  және оның  зияны  жөнінде ”  компьютерге  тәуелділіктің алдын алу  7-8 сынып

13.“Өз құқығыңды білесің бе?”  жасөспірімдерге кеңес  (мектеп инспекторы)

14.“Бала мазасыздана бастаса “  мүмкіншілгі шектеулі балалардың  ата-аналарына көмек

15.“Өмірің өз қолыңда”  мүмкіншілігі шектеулі балалардың ерік  күшін дамыту

16.“Қамқоршы әлем”  жартылай жетім  балаларға  мейірімділік  жайлы түсінік беру











АТА-АНАҒА ПСИХОЛОГИЛЫҚ КЕҢЕС

Бала тәрбиелеудің он ережесі.
 

1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр. 

2.Балаңды қорға!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға. 

3.Балаңа жақсы үлгі бол!Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды. 

4.Балаңмен ойна!Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел. 

5.Балаңмен бірге еңбектен!Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-қызмет түрлеріне қатысуға тиіс. 

6.Баланың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қой! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады. 

7.Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет!Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында ...,ұжымда...және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау). 

8.Баланы тіл алғыш етіп үйрет!Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және оның іс-қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек. 

9.Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күт! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңнан келгенше көмектес, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап ет. 

10.Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді.





































АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Ата-аналарға психологиялық кеңес 

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз. 
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз. 
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар. 
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. 
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз. 

Ата – аналарға кеңес 

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз. 
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса. 
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету. 
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз. 
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз. 
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз. 
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз. 
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз. 
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз. 
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз. 
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз. 
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз. 
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.


«СІЗ ҚАНДАЙ АТА – АНАСЫЗ?» (ата-аналарға арналған сауалнама)

НҰСҚАУ: «Төмендегі сұрақтарға үш түрлі жауап нұсқасымен жауап беріңіз: «иә» – 3 ұпай; «кейде» – 2 ұпай; «келіспеймін» – 1 ұпай. Бір жауапты таңдап, сұраққа шын көңілден жауап беріңіз».
1. Кез келген өз ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2. Баланың жасын ескермей, онымен ақылдаса аласыз ба? 
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктерді мойындайсыз ба? 
4. Қателігіңіз үшін баладан кешірім сұрайсыз ба? 
5. Баланың жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, игере аласыз ба?
6. Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба? 
7. Бір сәтке мейірімді адам деп сізге сенуге бола ма? 
8. Балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба? 
9. Балаға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдені орындайсыз ба? 
10. Бала жүрегін жарақаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін атамауға тырысасыз ба? 
11. Балаға өзі қалаған ісін жасауға, өзін еркін ұстауға бір күндік мүмкіндік бересіз бе? 
12. Басқа бала сіздің балаңызды ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба? 
13. Баланың көз жасының, еркелігінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?



 
Келесі кезекте барлық ұпай санын қосыңыз.
0-16 ұпай. Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен мәселе. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін мұғалімнің көмегіне сүйеніңіз. 
16-30 ұпай. Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде ретпен және бір қалыпты мақсатпен қолдануыңыз керек. Кейде қатал, кейде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілік жөнінде ойлану керек.
30-39 ұпай. Бала сіздің өміріңіз үшін ең қымбат болғаны. Сіз балаңызды тек қана түсініп қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысыңыз.





















Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады:
1.    Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқып-
тылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру.
2.    5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін анасына,әкесіне айтып береді. Сол шыншылдығымен ашықтығын пайдаланып баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш.
3.    9-11 сыныптарда әрбір қыз бала және ер бала ата-анасын, туыстарын, 
ұстазын сыйлап қадірлей білуді үйренсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін мейірімді ана, әке шығары сөзсіз. 

Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, қялшақтық,үлкенге қықзмет көрсету, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы.

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ .................................................................................................. 3 
І. Негізгі бөлім 
Психологиялық кеңес беру бағытының ерекшелігі 
1.1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы ...........................4 
1.2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары ........................................5 
1.3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары .............................................. 6 

І І. бөлім 
2.1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері......... 7 
2.2 Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары ......... 8 

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 11 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................ 12 
ҚОСЫМША ................................................................................................. 13 
Ата аналарға өткізілетін психологиялық кеңес беру тәсілдері 

Кіріспе 
Психологиялық қызмет білім беру ұйымдарында өз іс - әрекетін ҚР-ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік актіге сәйкес іске асырады. Психологтың қызмет жұмысы Қазақстандық және халықаралық актілердің қатаң бақылауымен және бала дамуын қамтамасыз ететін заңдармен, психологтың этикалық кодексімен негізделеді. 
Психологияны өмір тәжірибесінде кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді. 
Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау XIX ғасырдың аяғынан бері зерттелінуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметтің көптеген қыр сырлары әлі толық анықталмаған . 
Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. 
Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағынын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмыстарының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес т.с.с. 
Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады. 
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әнгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзің қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі керек екенідігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Астана қаласындағы орналасқан «Отбасылық Институтында» оқып, көптеген іс-тәжірибе алып, мектептегі ата-аналарға жүргізілген жұмыстарыма, Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» ІІ том кітабына сүйене отырып жазылған 
«Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы» тақырыбындағы баяндаманы жазып әріптестеріммен бөліскім келді. 
Зерттеу базасы: І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі Созақ ауданы 

1.1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы 
Психологиялық қызмет өз іс – әрекетін психологиялық зерттеу, психопрофилактикалық, коррекциялық, дамытушылық және кеңес беру бағытында жүзеге асады. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекциялық және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. 
Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы – жоспарланған әнгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемеларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. 
Әнгімелесу кеңес беру, психокоррекция жән психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым – қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған. 
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатты талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптекрін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық менгерген және оларды емін еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек. Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы - кең және көп қырлы тақырып. Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс – психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің ролі туралы ойланатын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткіліксіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болады. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенін де түсіне бастайды. Клиент өзіне психологиялық көмек көрсетілуі керек екендігін түсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Осы тәжірибелік психологияның пайдалану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қаралған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады. 
Ұрпақ тәрбиесi - ұлт болашағы 
Адамның адамшылдығы – ақыл, 
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, 
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. 
Абай 

1.2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары 
Көптеген психолог мамандар үшін ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологтың этикалық кодексі: 
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл. 
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа. 
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті. 
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады. 
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе. 
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба. 
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл. 
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма. 
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін. 
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан! 
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл! 
Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А.Бодалев, В.В.Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған: 
• қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу; 
• клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану; 
• кеңес беруге тыйым салу; 
• кеңес берудің анонимділігі; 
• жеке және кәсіби қатынастарды шектеу; 
• клиентті кеңес беру процесіне кірістіру; 
• психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру; 
• кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру. 

1.3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары 
Кеңес беруде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі. Солардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиентпен жүргізілетін вербальдық қатынас, дәлірек айтқанда – кеңес беру әнгімесі болып табылады. Әнгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруді нағыз өнер деп айтуға болады. 
Клиентпен әнгімелесу 
Арнайы тапсырма беру әдіс – тәсілдері 
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері 
Психолог – кеңесшінің кәсіптік бағдарға он е р е ж е с і 
o Кәсіби кеңес кезінде өзіндік бағаны дамытуға және жеке тұлғаның барлық оңтайлы ( жақсы) қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықталудың объективті дамуына көмектесу керек. 
o Кеңес беру кезінде “ сенімділік” жағдай туғызу және кеңесті әдепті, өнегелі түрде айтылуы керек. Жеке адамды – қоғамның қажеттілігі мен талаптарына сай бағыттау керек. 
o Психолог әрбір оқушының жеке адам екенін, оның өзіндік жеке ерекшеліктері, қабілеті, мінез – құлық ерекшеліктері бар екенін ескере отырып, оқушының барлық көрсеткіштік мүмкіндіктерін дамыту керек. 
o Психолог жалпылап жүйелі түрде жауап ала алатындай етіп сұрақ қояды; ал кеңесші – жауапкершілігін сезіне отырып беруі керек. 
o Психолог – жеке адамның барлық комплекстік негіздеріне сүйене отырып, қорытынды жасайды. 
Консультация жүргізудің әдептік принциптері: 
1. Конфеденциалдықты қамтамасыз ет. 
2. Өзіңе шек қойып ұғуды ұмытпа. 
3. Клиенттің саған қарай қарағанын керек етсең, солай оған да қара. 
Кәсіптік психограмма 
Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіпті білуі 
- Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы 
- Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы 
- Жетекші болуға қабілеттілігі 
- Әдептілігі, сыпайылығы 
- Дұрыс ақыл-ойымен басқаруы 
- Жарқын жүзділігі 
- Шыдамдылық, төзімділік 
- Үлкен жауапкершілікті сезуі 
- Әр түрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі 
- Еңбек іс-әрекетіне ынтасы 
-- Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркінділігі 
- Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі 
- Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілігі 
- Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі , есте сақтауы 
- Өзгелерді оқытуға қабілеттілігі 
- Ауруларға қамқорлық жасай білуі 
- Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білуі 

Отбасы – отанымыздың ошағы. 
Отбасында адам бойындағы асыл 
қасиеттер жарқырай көрініп, 
қалыптасады. Отанға деген ыстық 
сезім - жақындарына, туған - 
туысқандарына деген 
сүйіспеншіліктен басталады. 
Н.Ә.Назарбаев 

2.1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері 
Отбасына кәсіптік әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар – психиатрлар мен психотерапевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделің психоанализ негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. 
1. Психодинамикалық көзқарас М.Боуен, М,Ульрих 
2. Бихевиористік көзқарас Д.Тиболт, Г.Кеңлей 
3. Гуманистік көзқарас К.Роджерс 
4. Психологиялық кеңес берудің моделі В.Кемплер 
5. Құрылымдық моделі С.Минухин 
6. Кеңес беру моделінің стратегиясы Дж.Галлей 
Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады: 
1. Байланыс орнату; 
2. Проблемаларды анықтау; 
3. Іс-әрекет фазасы; 
4. Шешім қабылдау фазасы; 
5. Кері байланыс фазасы; 

Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары 
Психолог клиентпен белгіленген бір уақытта кездесіп, оның проблемалары бойынша және кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады. 
Психолог кеңес алушының құқығы н құрметтейді, кәсіби қарым-қатынас жасау шараларын шамасы келетіндерімен шектейді. Психолог клиенттің өзінің мәселері бойынша шешім қабылдауға қабілетті екеніне сезінеді. 
Психолог клиентке үлкен сенім артатынын сөзбен немесе басқа да бір әдіспен жеткізеді, оны эмоцияналды түрде қолдайды және өзінің тілектестік сезімін білдіруі арқылы оған өзінің қиындықтарын айтқызады. 
Психолог кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен тындап, оның проблемаларын обьективті анықтау үшін кеңес алушының «ізімен жүріп», терең және жан жақты түсініп алады. 
Психолог клиент алдында тұрған проблемалар туралы қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды, ол кеңес алушыға ыңғайлы жағдай туғызуға ғана асығады. 
Психолог клиенттің әр қадамына ырзашылығын білдіріп, оны өзімен бірге қосылып проблеманы шешу жолында қызмет жасауға шақырады. 
Психолог клиентке барлық мәселені жан-жақты талдап, оның себептерін толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады. 

Тиімсіз отбасылық кеңес берудің көрсеткіштері 
Психолог пен клиент кездесулері уақытында өтпейді. 
Психолог клиентпен айтарлықтай байланыс орнатпайды. 
Психолог кеңес алушыны «көрмейді», «естімейді» және «сезбейді». Ол өзінің айтқандарына ғана көніл аударады. Кейде клиенттің «аузын ашқызбай» тек өзі сөйлейді. Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал ескертулер жасап, оның қылықтарын жамандыққа жориды. Кеңес алушыны әшкерлеуге тырысады немесе моральдық талаптарға жүгіндіреді. 
Кеңес алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді. 
Кеңес алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта клиентті шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас тартуға мәжбүр етеді. 
Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. Диагнозды нақты қояды және емдеудің нақты жолдарын ұсынады. 
Сонымен отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оның жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады. 

2.2 Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары: 
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру; 
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу; 
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету; 
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру. 
5) білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата – аналарына кеңестер беріледі. 
6) Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесі бойынша 
7) Психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс – шаралар жөнінде 
8) Ата – аналарға балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша 
9) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынас бойынша 
10) Сұраныс бойынша баланың арнайы қабілетіне жеке тұлғалық ерекшелігіне, интеллектуалдық дамуына диагностика жүргізу және ата- аналарға бағыт беру және т.б. 

Психологиялық кеңес – диагностикалық негізде туындайды. 
1. Кәсіби кеңес кезінде міндетті түрде мамандыққа қажетті көрсетулер және кері көрсетулер, сонымен қатар осы процедураны орындау үшін болжаудың (диагностиканың) әр түрлі әдістері болу керек. 
2. Кәсіби кеңес кезінде өзін - өзі бағалауды дамыту және жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін көрсету, өзін - өзі обьективті анықтауға көмек көрсету. 
3. Барлық ұсыныстарды нақты әрі әдепті түрде беру, кеңесті сенімді жағдайда өткізу. Қоғам талаптарын ескере отырып жеке тұлғаның күшін нақты іске бағыттау қажет. 
4. Психолог әрбір оқушының қабілеті мен мінез ерекшеліктері бар жеке тұлға екеніне көз жеткізе отырып, оқушының потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатындықтарын сенімді болу керек. 
5. Психолог жауаптарын жүйелеп қорытындылай келе, нақты сұрақтар қоя алады, осының негізінде кеңестер береді. 
6. Психолог жауаптарында жеке тұлғаны кешенді зерттеу негізінде (өмірбаяны, басынан өткен оқиғалар, анкета сұрақтарына жауабы, 
бақылау көрсетулері, дәрігерлік диагноз, психодиагностика қорытындылары) қорытынды жасайды. 
7. Жеке тұлғаға кеңес бергенде соңғы мәліметтеріне баса назар аудару керек. 
8. Кеңесші өзіне қажетті тәжірибелерді жан – жақты зерттеуі керек, оқушының кемшіліктерін, мінезінің жайсыз жақтарын түсіндіріп оларды түзету жолдарын көрсету қажет. 
9. Оқушының интеллектуальды және эмоциональды ортасына ықпал жасап, әрдайым оның психологиялық жағдайын ескеру керек. Оның мақсаты - әңгімелесушінің сөзін түсіне отырып, түсінікте болу. 
Осы негізде ата – аналар мен педагогтарға кеңес береді, педагогикалық – психологиялық насихат, психокоррекциялық жұмыс жүргізіледі 
Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты міндеттерді шешеді: 
1.Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді. 
2.Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі. 
3.Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғарылауына септігін тигізеді. 
4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж.т.б.) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді. 
5.Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне сәйкестендіріп, психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады. 
Психологиялық қызметті жүргізуші психолог-мамандардың құқықтары: 
1. Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын анықтауға құқылы. 
2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп, жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы. 
3. Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда әкімшіліктің бұйрығынан бас тартуға құқылы. 
4. Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған комиссиялар мен түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы. 
5. Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге тапсырыстар беруге құқылы. 
6. Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық диогностика мен түзету жұмыстарының жаңа әдістерін өз тәжірибесінде қолдануға, олардың тиімділіктерін анықтауға құқылы. 
7. Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға құқылы. 
8. Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік бағдар беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы. 


Қорытынды 

Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. 
Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отбасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір–бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады. Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты : психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни кенеттен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға көмек көрсету. 
Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады. Бұл біздің жатырда пайда болғаннан бастап өміріміз, яғни, анамыздың жүкті кезінде өзін қалай сезінгені, нәресте кезімізде бізді қалай күтті, бізді оқытқанмен өсіп жатқандағы тіл мен дыбыстар”. 
Сонымен қатар баланың өзіне сенімсіздігі, сәтсіздікке ұшырауы ата-ананың ұстанымының дәлелсіздігіне байланысты бала өмірінде неше түрлі қиындықтар мен проблемалар орын алуына негізделген болуы мүмкін. Бірақ кеңес алуға келген клиент ата-ана болғандықта, кеңес берушінің басты назары оның жеке күйзелістерін шешуіне көмектесуге, бала үшін күйзелуі қаншалықты дұрыс екенін анықтауға бағытталуы керек. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 Бұйрығы. 
2. Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» IIII - бөлім 
3.Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал 
4. С.Нұржанова Жалпы және балалар психологиясы 
5. Мектептегі Психология в школе журналдары 

12 
Қосымша 

Мысал түрде берілген кеңес тақырыптары Лекция 

“ Мектепке жас мұғалімдердің бейімделуі”. 
“ Мектепке бірінші сынып оқушыларының оқуға бейімделу спецификасы”. 
“ Сабақта танымдық қызығушылықты дамыту тәсілдері”. 
“ Оқушының үлгермеушіліктен арылту жолдары”. 
“ Тұлғаның қалыптасуына жанұя тәрбиесіндегі қолайсыз жағдайлардың әсері”. 
“ Жасөспірімнің эмоциялық сферада өзгеруі”. 
“ Жанұя тәрбиесінің стилі – тұлға деформациясының себебі”. 
“ Бала тәрбиесіне өзіндік бағаның әсері”. 
“ Өтпелі жастың ерекшелігі”. 
“ Оқушының кәсіптік таңдауына көмек көрсету”. 
“ Сыныптың ықшам климаты және тұлғаның қалыптасуына оның әсері”. 
“ Жанұяда даудың шығуына объективті және субъективті себептері”. 
“ Конфликтілік жағдайларда мінез – құлықтың стратегиясы”. 
“ Бала бойындағы ішкі қысымды ығыстыруға көмек. 
“ Психогимнастика элементтерімен танысу”. 
“ Конфликтіні шешудің ойын әдістері”. 
“ Жасөспірімдердің жыныстық – ролдік қатынастары”. 
“ Бастауыш сынып оқушыларының зеректігін дамыту”. 
“ Ата – аналардың әлеуметтік қылықтарға жатпайтын мінез – құлығы тұлға дамуының ауытқу себебі”. 
“ Оқушылардың білімін бағалаудың тәрбиелік және оқыту қызметі”. 
“ Оқушыларға кәсіби кеңес”. 
“ Мектепке оқушыларды қалай дайындау керек” 


«Отбасылық социограмма» телімелі тесті 
Мақсаты : Жағдайды « қазір осы жерде» бірер минутта анықтауға болатын жедел диагностика. Субьекті отбасы коммуникациясына қалай түседі, тұлғааралық қатынастағы хал-ақуалы, оны тура және жанама түрінде анықтауға, мүмкіндік береді.Бұл әдіс түрі, суретті телімелі әдіске жатады Эдістеменің өтілуі: Зерттелушіге жауап беру іс-қағазы берілді, онда шеңбер сызылған диаметрі 110 мм тұрады. Нұсқауды түсіндіру. Қағазда бірнеше шеңбер сызылған. Сол шеңберге алдымен өзіңді « Мен» және отбасы мүшелерін дөңгелекпен белгілеңіз. Әр дөңгелекке аттарын жазып қойыңыз. Отбасы мүшелері бір-бірімен кеңеспей жеке дара толтыруды өтіну. 
Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы өмірмен салыстыру. Отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады. 
Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына салынса, өзіндік бағалауы төмен. Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім –кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға жауап аламыз. Шеңбердің ішінде орналасуы басқамен салыстыр ғанда үлкен шеңберде болса, зерттелуші көз-қарасында ол маңызды адам қатарына жатады. Төртінші белгіде бір бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар береді. Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді. 
Кесте-2 
Нәтиже көрсеткіштері 
Бақылау тобы 
Ата-ана бала Эксперимент тобы 
Ата-ана бала 
өзіндік бағалауы жоғары 5- 35% 4 -28% 6-42% 4-26 % 
өзіндік бағалауы төмен 2- 12% 5 -32% 4-24% 5-30 % 
Отбасында маңызды орын алады 5-35% 3- 20% 2 -16% 2-18 % 
Отбасында бірге қатынас жоқ 3-18% 3-20% 3%-18 4-26% 

Ата-ана роліндігі баламен қатынасын да өз алдына бөлек қарастырдық: 
«Отбасылық серия» телімелі әдісі үш вариантта «Менің идеалды отбасым», « Менің шынайы отбасым» және «Менің қажет ететін отбасым» сурет арқылы (арт терапия) деңгейінде анықтауды негізге алдық. Анықтауға ыңғайлы және артынша жұмыс жүргізуге мүмкіндігін тигізеді. 
Қажеттілік базасын анықтау әдістемесінің масаты құрсақ дамуынан бастап, 3 жасқа дейінгі толық дамуда қажеттіліктің қалай қанағаттанғанын анықтауға мүмкіндік береді. 
Сыналушыларға: 4 түрлі сурет салуды ұсындық: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар, ыдыс аяқ . 
Сурет мазмұнының психологиялық талдануы: Өсімдік- тірі болса, өмір сүруге құлшыныс; ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады. 
Қару жарақ –қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы мінез-құлқымен елді өзінен алыстатады. Ал қылыш болса- тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ дәу болса- агрессияның басымдығын білдіреді. 
Зергерлік бұйымдар – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді. 
Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын түрлерін салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басып жүзеге асырылмауда. 

Мақсаты: Ата-анаға баланың психологиялық жағдайын түсіндіру, жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлін таныту. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата – аналардың ҰБТ-ға деген көзқарасын анықтап, қорқынышын сейілту, психологиялық қолдау көрсету.

Түрі: Конференция

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. «Есімдер аллитерациясы» тренинг.

ІІІ. «ҰБТ ата – ана көзімен» тақырыбында постер қоғау.

ІҮ. Жағдаяттар.

Ү. «Байқампаздық» тренинг.

ҮІ. Ата – аналарға психологиялық кеңес

ҮІІ. Арман терегі. Қорытынды.

І. Ұйымдастыру бөлімі

— Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, әріптестер! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. «Ата-ана махаббаты» атты психологиялық тренинг түрінде өткізіліп отырған ата-аналар конференциясына қош келдіңіздер.

Баланы жастан бақпасаң

Жамандықтан қақпасаң

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек – дегендей баланың ыстық суығына күйінбейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар сірә. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өседі, бойын түзейді. Мектепте балаға білім, тәрбие беретін тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

Кешімізді бастамас бұрын сиқырлы қобдиша ішінен сурет бөлшектерін алуыңызды сұраймын. Қолымыздағы сурет бөлшектерін біріктіру арқылы 4 топқа бөлінеміз. Бірінші топ қарындаш суреті, екінші топ жапырақтар, үшінші топ гүлдер, төртінші топ кітаптар суретін құрастыру керек. Осылайша топқа бөлініп алдық.

ІІ. « Есімдер аллитерациясы» жаттығуы

Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінінң есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айту керек. Әр отбасы мүшесінің сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып құрметтеп қояды.

Талдау:

— Сіздің есіміңізді, жақсы қасиеттеріңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

— Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл күйде отырсыз?

ІІІ. «ҰБТ ата-ана көзімен» тақырыбында постер қорғау

4-топқа ватман қағаздары және түрлі түсті маркерлер беріледі. Әр топқа өз ойларын ақылдаса отырып қағазға түсіру сұралады. Топқа ойларын ортаға салуға 7 минут уақыт беріледі. Болған топ қол шапалақтайды. 4 топтың өкілдері шығып постерлерін қорғайды.

ІҮ. Жағдаяттар.

1-топқа жағдаят

— Балаңыз байқау сынағында математика сабағынан орындаған жұмысын көрсетіп, Қараңызшы, мен «5» алдым»- дейді. Сіздің жауабыңыз?

Алдымен бала келбетін көрсетейік:

Бала:

— қуанады, мақтанады, көңіл-күйі көтеріледі.

Ал, ата-ана жауабы:

— «5» алдым дейсің бе? Саған біреу көмектесті ме?

— Мен айтпадым ба, талаптанған сайын жақсы деген баға аласың деп.

— Ниет қойсаң қолыңнан бәрі келеді.

— Осы жолы саған ризамын балам…

— Жарайсың! Мен сен үшін өте қуаныштымын.

— Менің жапырағымды жайқалтар тамырымсың. 

Ал, керісінше, бала «2 алғанда ата-ана мен бала келбетін салыстырсақ  

Бала:

— қорқады, жылайды, көңіл-күйі түседі.

 

 

 

Ата-ана:

— Неге оқымайсың? Ақылсызсың! Мені ұятқа қалдырасың! Ештеңе сатып әпермеймін! Қолыңнан ештеңе келмейді,- деп айтамыз көбіміз.

Бірақ:

 

 

 

 

— Балаға көмектесу керек. Мақтау керек – Мақтамаймыз. Сену керек – Сенбейміз. Уақытымыз жоқ деп ерінеміз. Мұғаліммен байланыста болмаймыз.

— Ал, осы «Бірақты» жойсақ, бала екісін де жояды, талаптану деңгейі де көтеріледі.

— Әрбір баланың іс-әрекеті, мінезі, тәрбиесі, отбасындағы ата-анасының жағымды өнегелі істерінен қалыптасады. Яғни, баланың бас ұстазы -ана ана!

2-топқа жағдаят

ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата-анасы мен өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындаған еңбегінің еш кеткенін қаламайды. Оның үстіне ата-анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата-анасы ретінде балаға қандай көмек көрсетесіз? Оның төмен ұпай жинаған себебі?

3-топқа жағдаят

Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екенін нақты білесіз. Тәжірибелі, ересек, жанашыр адам ретінде сіз балаңызға қалай кеңес берередіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

4-топқа жағдаят

Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, уй шаруасын тындырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға өзіңіздің тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

Әрбір топ өз жағдаяттарының шешімін тауып, өз ойларын ортаға салды.

Ү. «Байқампаздық» жаттығуы

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіне байқампаздығын анықтау.

Шарты: Екі ата-ана бір-біріне арқаларын түйістіріп отырады. Ата-аналарға сұрақтар қою арқылы байқампаздықтарын анықтайды. Мысалы, көйлегінің түсі қандай? Қандай сырға таққан? және т.б.

ҮІ. Ата-аналарға психологиялық кеңес

Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын – бұл оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Егер емтиханды сынақ ретінде емес, оны тәжірибе алу, зейін мен ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау деп есептесе, онда жағымсыз эмоциялар мен стрестер өзі-ақ жоғалады.

Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

— Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз.

— Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын.

— Балаңыздың бөлмесіне сары немесе күлгін түстерді енгізу керек. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі болса да болады.

— Тесттік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағат беріңіз.

— Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай, мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін жоғарылатыңыз.

— Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. ми жұмысын белсендіреді.

— ҰБТ-ның алдында толыққанды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет.

— ҰБТ қорытындысынан кейін балаңызды сынға алмаңыз және оған ашу байқатпаңыз.

Тестке бір күн қалғанда

— Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айтпаңыз.

— Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыздар.

— Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.

— Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.

— Таза ауада достарымен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.

— Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.

— Балаңыз дың ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Тест күні

Тест күні балаңыздан ерте тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.

Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.

Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

Тест күнгі тамақтану үлгісі

— Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтанбауға да болмайды.

— Қатты қобалжығандықтан, балаңыздың тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса да болмайды.

— Жеңіл көкөністен жасалған тамақтар жеген дұрыс.

Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?

Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау, ашулану, тұйықталу сияқты әртурлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз. Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесі дайын болғанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілік білдіріңіз.

ҮІІ. Арман терегі

«Арман терегі» бейнеленген плакат ілінеді. Әрбір ата-ана өз баласына деген жылы лебізін, арман, тілектерін стикерге жазып, «Арман терегіне» іледі.

Қорытынды:

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Қорытынды: отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты- өз баласын үлкен әріппен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз-еліміздің ертеңгі болашағы.

Қазақ халқы

Бір тал ағаш өсірсең,

Еңбегіңнің жанғаны.

Абзал адам өсірсең,

Басыңа бақ қонғаны- деп бағалаған.

Олай болса, сабағамыздың соңында Ж.Ж.Руссоның: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген сөзін ескере отырып, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейікжәне біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық дегім келеді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-аналарға психологиялық кеңес

Автор: Акимжанова Арайлым Кенжебаевна

Дата: 24.06.2020

Номер свидетельства: 553986


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства