kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Агрессивті балалармен ж?ргізілетін т?зету ж?мыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Баланы? бойында?ы агрессивті мінезді? ?ылыми т?жырымдамасымен танысу т?рлерін тал?ылау. Ой б?лісу, проблемалы? с?ра?тарды орта?а салып тал?ылау, о?ушыларды? агрессиялы? мінез-??лы? ?деттерін же?у ?дістерімен танысу. Психокоррекциялы? ж?мыстар ар?ылы баланы? сенімділігін арттыру.

?олданылатын к?рнекіліктер: ойыншы? аю, си?ырлы тая?ша, ?асиетті ?орапша.

Міндеттері:

1.Бала?а эмоциональды жа?ымды к??іл-к?йді ж?не топта?ы ?ауіпсіздікті ?йымдастыру.          

2.Т?зетуді талап ететін, эмоциональды мінез-??лы? ерекшеліктер ке?істігін аны?тау.                       

3.?зіні? мінез-??лы? эмоциональды сезіне білу.

Кіріспе:

Агресивтік м?селесі ?азіргі та?да ?зекті м?селе болып отыр. Болаша?та ?з ма?ызын жо?алтпайды. Себебі баланы? ?міріні? ал?аш?ы жолдары баланы? физикалы? ж?не ?негелі ?суіні? ма?ызды  кезе?і болып табылады. Сонымен ?атар, оны? ?алай ?андай жа?дайда ?сіп жетілгені баланы? болаша?ында ма?ызды роль ат?арады. Агрессия (латынны? «agressio» - тиісу, ?стама деген с?зінен) шы??ан. Агрессия ?рине кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасында?ы ?рт?рлі ?арым-?атынастар, ?ор?ытып ?ркітуден пайда болады. Мысалы: ауасы ауыр, темекіні? иісі бар б?лмедегі агрессиялы? ?рекет, ауасы таза б?лмелерге ?ара?анда к?штірек болады. Айталы? «д?рыс» адамдарды? арасында  бас?алар?а ?ара?анда ашуланша?, ?зін-?зі ?стай алмайтындар агрессивті к?рінеді. Жеке агрессивті болып к?рінетіндерге мыналар жатады: ?ыз?анша?, к?ре алмайтын, шыдамсыз т.с.с. болып келеді. ?сер етуші факторлар: отбасында?ы жайсызды?, т?рмысты? т?мендігі, ?ке-шешені? ажырасуы, ішкілікке салыну.т.б. Соны? салдарынан да?дарыс?а тап болады. Проблеманы ашып к?руден г?рі ?ндемей ?алуды ж?н к?реді. ?орша?ан орта?а, болаша??а деген сенімді жо?алтады. Агрессивті балалармен т?зету ж?мыстарын ма?сатты т?рде 4 ба?ытта ж?ргізу ?ажет.

1. Агрессивті балаларды ашу-ызасын ?олайлы формада к?рсету ?дісіне ?йрету.                     

2.?рт?рлі ситуацияларда балаларды ?зіне ие болуы ?дістеріне ?йрету.                          

3.М?мкін бол?ан конфликті жа?дайларда ?арым-?атынас жа?дайын ??деу.          

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Агрессивті балалармен ж?ргізілетін т?зету ж?мыстары »

Агрессивті балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары


Мақсаты: Баланың бойындағы агрессивті мінездің ғылыми тұжырымдамасымен танысу түрлерін талқылау. Ой бөлісу, проблемалық сұрақтарды ортаға салып талқылау, оқушылардың агрессиялық мінез-құлық әдеттерін жеңу әдістерімен танысу. Психокоррекциялық жұмыстар арқылы баланың сенімділігін арттыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: ойыншық аю, сиқырлы таяқша, қасиетті қорапша.

Міндеттері:

1.Балаға эмоциональды жағымды көңіл-күйді және топтағы қауіпсіздікті ұйымдастыру.

2.Түзетуді талап ететін, эмоциональды мінез-құлық ерекшеліктер кеңістігін анықтау.

3.Өзінің мінез-құлық эмоциональды сезіне білу.

Кіріспе:

Агресивтік мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Болашақта өз маңызын жоғалтпайды. Себебі баланың өмірінің алғашқы жолдары баланың физикалық және өнегелі өсуінің маңызды кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, оның қалай қандай жағдайда өсіп жетілгені баланың болашағында маңызды роль атқарады. Агрессия (латынның «agressio» - тиісу, ұстама деген сөзінен) шыққан. Агрессия әрине кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынастар, қорқытып үркітуден пайда болады. Мысалы: ауасы ауыр, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессиялық әрекет, ауасы таза бөлмелерге қарағанда күштірек болады. Айталық «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін-өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді. Жеке агрессивті болып көрінетіндерге мыналар жатады: қызғаншақ, көре алмайтын, шыдамсыз т.с.с. болып келеді. Әсер етуші факторлар: отбасындағы жайсыздық, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну.т.б. Соның салдарынан дағдарысқа тап болады. Проблеманы ашып көруден гөрі үндемей қалуды жөн көреді. Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалтады. Агрессивті балалармен түзету жұмыстарын мақсатты түрде 4 бағытта жүргізу қажет.

1. Агрессивті балаларды ашу-ызасын қолайлы формада көрсету әдісіне үйрету.

2.Әртүрлі ситуацияларда балаларды өзіне ие болуы әдістеріне үйрету.

3.Мүмкін болған конфликті жағдайларда қарым-қатынас жағдайын өңдеу.

4.Эмпатия, адамдарға деген сенім т.с.с. қасиеттерін қалыптастыру.

Агресивті балалармен жүргізіліп жүрген түзету дамыту жұмыстарым:

  1. Таныстыру.

Мақсаты: Эмпатия сезімін қалыптастыру. Жеке тұлғаның арасында өзара түсінушілікке себін тигізу. Басқалардың сезімін түсінуге және сезінуді тәрбиелеу.

«Аю, аю мен қандаймын, айтшы?» жаттығуы Мақсаты: Оқушыларға жеке тұлғаның күшті жақтары туралы түсінік беру. Мінездегі сенімділік дағдыларын қалыптастыру. Агрессия күйіне қарсы кері қарым-қатынасты қалыптастыру. Жұмсақ матадан тігілген ойыншық аюдан қатысушы балалар кезектесіп сұрайды: Аю, аю мен қандаймын айтшы?-деп. Сөйтіп аюдың қалтасынан жазу алып оқиды. Мен «бақытты» екенмін дейді қалған оқушылар қошемет көрсетіп қол шапалақтайды. Келесі бала да аюдан «мен қандаймын, айтшы», деп сұрайды. Аюдың қалтасынан қағаз алып оқып «мен көңілді» екенмін дейді қалғандары қошемет көрсетеді. Ойын жалғаса береді. Болғаннан кейін қағаздарына аттарын жазады. Сөйтіп қайтадан қағаздарды дорбаға салып жинап аламыз.

«Сиқырлы таяқша» жаттығуы.

Мақсаты: Эмпатия сезімін қалыптастыру,адамдардың арасында өзара түсінушілікке себін тигізеді, өзге адамдардың жақсы қасиеттерін көре білуге уйрету, ілтипатын білдіру. Дорбадағы жазуларды араластырып жіберіп, бәрі қағаз алып, қағазын ішінен оқиды. Кімнің аты сәйкес келді, сол кісіні сиқырлы таяқшамен емдейді, жақсы сөздер айтады басқа адамның жақсылығын көре аласыңдарма және қаншалықты бір-біріне қайырымды қарым-қатынас жасай алатындарыңды тексеріңдер. Қолыңдағы қағаздағы кісіге қарап, оған мінезінің жағымды жақтары бар ұнамды сөздерді айт. Ол кісі ол сөздер үшін саған ілтипатын білдірсін. Сабақты талдау. «Комплимент» айту қиын болды ма? Керісінше комплимент естігенде өзіңді жақсы сезіндіңба?-деген сұрақ арқылы пікір алмасу.

Видеоролик «Ваза».

Кеңес беру.

Баламен сөйлесуге әрдайым дайын болыңыз. Жасөспіріммен диалог түрінде сөйлесіңіз, диалогта ересек адам мен жасөспірім көзқарасы тең дәрежеде болады.

Баланы қыспаққа алмаңыз, оған өз көзқарасыңызды таңбаңыз. Бірақ әрқашан жанында болыңыз және онымен әңгімелескенде әрқашан ашық болыңыз. Бала үндемей ме, ақтарылып сөйлеспей ме? Ренжімеңіз. Бірақ егер жасөспірім бірдеңемен бөліскісі келсе, оны ықыласпен тыңдаңыз, сұрақтар қойыңыз, қолдау білдіріңіз.

* Балаға дауыс көтермей байсалды сөйлесіңіз, төзім мен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз.

* Сыпайы болыңыз, жағымсыз эмоцияларға ерік бермеңіз, баланы балағаттамаңыз, ол мұны ұмытпайды. Үйіп-төгіп ақылды кеңестер беру, ұрысу, қорқыту және т.с.с әрқашан оңай. Бірақ бұл әрекетіңізден бұдан былай балаңыз сізге ешқандай сырын сеніп айтпайтын болады. Сондықтан баланы өзіңіздің ересек досыңызды тыңдағандай тыңдаңыз.

* Баламен сөйлесудің мәнісі дәл, нақты мәселені ғана қозғайтындай болуы керек. Бұл жағдайда баланың жеке тұлғасына сын жаудыруға («сен сондайсың, сен ондайсың») болмайды. Сіз «айналма қорғаныс», өз абыройын, өз «Менін» қорғау түріндегі тойтарысқа тап боласыз. Жанжалды жағдайларды шешкен кезде, баланың тек нақты әрекеттеріне ғана баға беріңіз. Ол сізге жеке тұлға ретінде емес, оның мінез-құлқы ғана ұнамайтындығын білуі тиіс.

«Айдаhар, Ханшайым, Батыр жаттығуы. Мақсаты: Баланың бойында жинақталып қалған ашу-ызаны шығаруды үйрену.

Балалар! Қазір біз мейірімді, ашулы, күшті кейіпкерлердің ролін көрсетеміз. Мен айдаhар дегенде бәріңіз бірдей бір мезетте ауызды ашып, қолды көтеріп,саусағының арасын ашып а-а-а-а деп тұра қалу керек. Мен Ханшайым дегенде қолдарын алға,алақанын жайып сызылып тұра қалу керек. Мен батыр дегенде қолын жұдырықтап қолын да шоқпарын ұстап тұра қалу керек. Бірнеше қайталату керек.Енді бір-екі деп айтқызып жіберіп, топқа бөліп екіге бөліп жіберіп екі топ сыбырласып бір мезетте, менің шапалағымды ести салысымен өздерінің сыбырласқаны бойынша ролге енеді.

1 топ батыр- ханшайым жеңеді,

2 топ айдаhар-батыр жеңеді,

3 топ ханшайым-айдаһар жеңеді

4 топ.... солай кете береді.

«Қол ұстасу» ойыны.

Мақсаты: Топқа тұлғаралық қарым-қатынастарды анықтау. Қатынас қабілетін дамыту. Эмоциональды жағымды көңіл-күйді және топтағы қауіпсіздікті ұйымдастыру. Қатысушылар екі қатарға қол ұстасып тұрады, бір оқушы екі қатар оқушылардың ортасымен жүріп ұнатқан оқушының қолынан ұстап алып ортамен жүріп ең алдыңғы қатарға жұбымен тұра қалады. Ал қалған сыңары алдына келіп ортамен жүріп ол да қалаған досын алып ең алдына келіп тұра қалады солай ойын жалғаса береді.

«Алфавит» жаттығуы

Мақсаты: өз-өзінің құшынысындағы жетістікке жетуге үйрету, ынтымақтастықты нығайту.

А) Әріпті психолог көрсетіп тұрады, ал оқушылар әріпті дауыстап айта отырып әріптің стрелкасына қарап оңға оң қолын көтереді, солға сол қалын көтереді, екі жаққа стрелка екі қолын көтереді бірдей бір мезетте жасау керек.

Б) Енді орнынан тұрып аяқпен жасалады.

Талдау: Жаттығу ұнадыма? Қандай әсер адыңыздар.

Тақырыппен жұмыс: Ойлаңыздаршы, адамға өмірде агрессия керек пе? Пікір алысудың барысында адамның өміріндегі эмоцияларды еске түсіру.Енді «Жылан туралы аңызды» тыңдап көрейікші. Сонау жылдары өмірде улы жылан өмір сүріпті,оның уынан бәрі қорқатын және оған жақындамайтын.ешкім жыланмен қарым-қатынас жасамағандықтан ол ылғи да жағызболатын. Бір күні жылан удан құтылудың жолын ойлап оны бір үңгірге тастап жіберіпті. Мұны көрген бүркіт оны барлық аңдарға әңгімелеп айтады. Енді жыланнан қорықпайтын болған аңдарға батылдық бітіп, олар жыланды таспен атып өтіреді.

  • Бұл аңыздан қандай нәтиже шығаруға болады?

*Адамға агрессия не үшін қажет?

*Қандай жағдайларда?

Қорытындысында оқушылар адамға агрессия өзін қорғау үшін керек деген пікірге келеді.Агрессия кейде адамның арын және дауының алдында өзін қорғау үшін керек деген пікірге келеді Агрессия кейде адамның арын және жауының алдында өзін қорғау үшін керек. Менің жауабым:

Конструктивті агрессия-өзіне және басқаларға бостандық пен тәуелділік алу үшін керек.

Деструктивті агрессия- бұл зорлық зомбылық, жеккөрініш. Біреулерді төмендету арқылы өзінің бағасын көтеру.Ойланыңдаршы, сендердің агрессияларың қандай түрде байқалады? Сендер оны қалай көрсетпеуге тырысасыңдар?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Агрессивті балалармен ж?ргізілетін т?зету ж?мыстары

Автор: Исабек К?лзия М?сабек?ызы

Дата: 30.04.2015

Номер свидетельства: 207297


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства