Просмотр содержимого документа
«Агрессиялы мінез-??лы??а арнал?ан саба? »
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің педагог-психологы Нуржанова Сапура Пирбаевна
Агрессиялы мінез-құлыққа арналған сабақ.
Мақсаты: Сыныпта жағымды қарым-қатынас орнату. Бір-бірін сыйлауға дағдыландыру. Рухани қуатымен дене қуатын сақтауға, агрессиялық жағдайда көмектесетін әдістерді тиімді пайдалануға бағыттау.
Балаларды шеңберге шақырып, барлық жаттығуларды орындап болған соң тұрған қалпында топқа бөліп, яғни қыс, жаз, көктем, күз мезгілдері бойынша бөліп отырғызу.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы тақырыптың мағынасын ашып алу.
Агрессия сөзін қалай түсінесіңдер?
Қандай кездерде адамда агрессиялылық пайда болады?
Оқушылардың пікірі тыңдалады.
Нақты мәліметтермен таныстыру.
Күнделікті өмірде агрессия дегеніміз: «Жағымсыз қатынас туғызатын ашық түрдегі өшпенділік, ал агрессивті бұл күш салу, зиян келтіру əре-кеті ретінде түсіндіріледі». Жалпы «агрессия» термині күш салу, күш жұмсаумен байланысты əрекеттерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. « Агрессия» сөзі «aggredi» деген латын сөзінен пайда болған, оның аудармасы шабуыл жасау немесе тиісу деген мағынаны береді, дәлірек айтқанда адамдарға қарсы бағытталған мінез-құлық агрессия деп аталады. Агрессия түсінігіне формасы мен нəтижесі бойынша əр түрлі əрекеттер біріктіріледі, соның ішінде орынсыз əзіл-қалжың, өсек, нұқсан келтіру ойларынан бастап, кісі өліміне дейін. Өшпенділік неғұрлым тар мағынада алынады, белгілі бір объектіге бағытталады. Əдетте өшпенділік жəне агрессивтілік үйлесімде болады, бірақ адамдар өшпнділік
сипатындағы қарым-қатынаста бола отырып, агрессивтілік көрсетпеуі мүмкін.
Агрессияны анықтаудағы маңызды мəселе бұл осы терминнің əр түрлі əрекеттер мағынасында болуы.
К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған .
А. Басс бойынша агрессия- бұл басқа адамдарға нұқсан келтіретін жəне үрей туғызатын кез-келген əрекет.
А. Берковицтің айтуы бойынша агрессия өзіне реніш пен намыстануды да кіргізеді .
Д. Зильманн бойынша агрессия-бұл басқа адамға дене жəне физиологиялық нұқсан келтіру əрекеті.
Л. Блендер агрессияны объектіге жақындау немесе одан алыстау деп түсіндірсе, Ф. Аллан оны сыртқы күштерге төтеп беруге мүмкіндік беретін адамның ішкі күші дейді.
Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз.
Х. Дельгадоның тұжырымдауы бойынша адамдардың агрессиясы- бұл мінез-құлық реакциясы, ол қоғам мен адамға зиян, шығын келтіру жəне күш көрсетумен сипатталады .
Э. Фромм агрессияны адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру деп түсіндіреді .
Шетелдік жəне отандық көптеген зерттеушілер агрессия мəселесін əр жақты зерттеп қарастырған, бірақ бір ортақ көзқарасқа келген жоқ. Себебі бұл мəселе өте күрделі жəне жан-жақты. Сондықтан мына аспектілер қарастырылуда: агрессияның туындауына биологиялық жəне əлеуметтік орта əсері, оны меңгеру жəне бекіту механизмдері, агрессивті əрекеттің жекелей жəне жыныстық жас кезеңдік ерекшеліктері, агрессияның алдын алу тəсілдері.
Субъектің агрессивті мінез-құлқы — жеке тұлға агрессивтілігінің салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады. Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процесіндегі оқып-үйретумен қатар, әлеуметтік жауапкершілік нормалары және агрессия актілері үшін жаза қолдану тәрізді аса маңызды мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдар тұту ретінде де айқындалады. Бұл жерде жағдаяттық өзгермелілік (айналадағылардың ниет-пиғылдарын өзіндік қабыддау, қайтарма байланыс алу мүмкіндігі, қару-жарақтың арандатушылық ықпалы, т.б.) маңызды рөл атқарады.. Агрессияның кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т.б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де ықтимал. Агрессив-тіліктін, өзін-өзі бақылауынқалыптастыруда және агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың иесі деп танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың психологиялық процестерінің маңызы зор.
2. Музыка сүйемелдеуімен еркін тақырыпта сурет салғызу.
3. «Ашулы шарлар» тренингі.
Ортаға төрт оқушыны шақырып, бір-бірден шарларды үрлету. Шарлардың аузын байлауды ұсынамын. Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімі екендігін айтып өтемін. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек. Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңдар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыңдар? Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті. Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауаны шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді. – Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін білуіміз қажет.
4. Агрессияны басу тәсілі.
Оқушыларға түрлі-түсті қарандаштар мен А4 парағын үлестіріп беріп, менің нұсқауым бойынша кезекпен бір-біріне ауыстыра отырып сурет салады.
5. «Қоқыс шелекке хат» жаттығуы.
Нұсқау:
Ақ параққа өздеріңнің іштеріңде болған ашу, ыза, кек, реніштеріңді толығымен ашып жазып шығыңдар. Оған не айтқан болар едің? Жазып болған соң қатты шимайлап шығыңдар, енді ұмаждаңдар, қағазды ұсақ бөлшектерге бөліп, жыртып тастаңдар да мына қоқыс шелекке салыңдар.Балалар сіздердің іштеріңдегі ашу, ыза, кек сезімдерің осы қағаздармен қоса қоқыс шелекке кетті деп есептеңдер.