kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5- сынып о?ушыларыны? п?ндік бейімделуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 – сынып  о?ушыларыны?  п?ндік  о?у?а  бейімдеу

Балада кіші  мектеп  жасынан  орта  мектеп  жасына ?туде психологиялы? ?згерістер  болады. ?йткені  бастауыш  сыныпта  о?ушы тек  бір  ?ана  м??алімге, бір  кабинетке, т?ра?ты ?алып?а  ?йренген. Ал  ол  орта  сынып?а  келген  кезде  бала?а бірнеше  м??алімдер  саба?  береді. Саба?  кестесіні?  ауысуы, жа?а  сыныптастармен, жа?а  м??алімдермен  ?арым – ?атынас  жасау, м?ны?  барлы?ы о?ушыны?  о?у  мотивациясына  ?сер етеді. Балада  мазасызды?  пайда  болады, сенімсіздік  ?алыптасады, бастауышпен  салыстыр?анда  саба?  о?уы  нашарлайды  сыныптастармен, м??алімдермен ?арым – ?атынаста  ?ийынды?  сезеді. Я?ни  баланы?  п?ндік  о?у?а  бейімделу  кезе?і  с?тті  ?ту  ?шін, о?ушыларды?  білімге  деген  ?ызы?ушылы?ын  ояту, олар?а  жа?а  сыныптастармен, м??алімдермен  ?арым – ?атынас  жасау?а  к?мектесу  ?ажет. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5- сынып о?ушыларыны? п?ндік бейімделуі »

5 – сынып оқушыларының пәндік оқуға бейімдеу


Балада кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сыныпта оқушы тек бір ғана мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген. Ал ол орта сыныпқа келген кезде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастармен, жаңа мұғалімдермен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады, бастауышпен салыстырғанда сабақ оқуы нашарлайды сыныптастармен, мұғалімдермен қарым – қатынаста қийындық сезеді. Яғни баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін, оқушылардың білімге деген қызығушылығын ояту, оларға жаңа сыныптастармен, мұғалімдермен қарым – қатынас жасауға көмектесу қажет.

Ол үшін төмендегі шарттарды ескеру қажет деп ойлаймын:

  • 10 – жастағы балалардың жеткіншектік даму кезеңіне түскенін;

  • Оқушылардың оқуға, танымдық дамуға, қарым – қатынастың дауындағы психологиялық даму деңгейінің жоғарлауын;

  • Бейімделу кезеңінде кездескен сәтсіздікті қорытындылау және түзету жұмыстарын жүргізу.

Мектепке бейімделу кезеңі сәтті өту үшін ұйымдастыру жұмыстарында төмендегі кезеңдерді қарастыруға болады:

  • 5 – сынып оқушыларының пәндік бейімделу бағдаламасын мектеп педагогтары мен психологтары жете зерттеу;

  • Әр бір сынып жетекшісінің 5 – сынып оқушыларының бейімделу кезеңіне жасаған бағдарламасы (бұл бағдарлама мектептің жылдық оқу жоспарын негізге ала отырып жасалынады),

  • Оқушылардың пәндік бейімделу кезеңіне жағдай жасау, оқу бағдарламасын 5 – сынып оқушысы талабына сай болуы .

  • Басқа мамандарды (мысалы, дене тәрбиесінің мұғалімі, үйірме меңгерушілері және т.б.) 5 – сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен өтуге көмектесуге жұмылдырады.

Пәндік бейімделу кезеңіне дайындықты 4 – сыныптан бастаймыз. Сонда оқушы орта мектеп жасына келген кезде, пәндік бейімделу кезеңін сәтті өткізуге дайын болып келеді.

5 – сынып оқушыларының местептегі пәндік бейімделу жұмысының негізгі бағыттары төмендегідей:

1. Психологиялық диагностика.

2. Ата – ана, педагогтармен кеңестік жұмыс.

3. Әдістемелік жұмыс.

4. Профилактикалық жұмыс

5. Түзкту – дамытушылық жұмысы.

6. Қорытынды жұмыс.

1. Психологиялық диагностика. Орта мектеп жасына өтудегі психологиялық диагностика, біріншіден баланың жаңа әлеуметтік жағдайға бейімделуге бағытталған. Бұл оқу жылының басында педагогикалық бақылаумен өткізіледі.

5 – сынып оқушыларын зерттеу барысында келесі аспектілерге көңіл бөлу керек:

1. Баланың танымдық іс - әрекетінде көрінетін психологиялық ерекшеліктері:

  • Когнетивті үрдістердің даму деңгейі мен феноменінің педагогикалық талаппен байланысы.

  • Танымдық іс - әрекеттердің жеке ерекшеліктері.

  • Ақыл – ойының қабыілеттілігі мен ақыл – ой әреткетінің өсуі.

2. Жеке – мотивациялық өрісінің ерекшеліктері:

  • Мазасыздық.

3. Оқушының әлемге көзқарасы қарым – қатынас жүйесінің ерекшеліктері:

  • Оқушының сынытастармен эмоционалды қарым – қатынасы.

  • Мектептегі маңызды іс - әрекеттерге қатынасын (ерекше ескеретін нәрсе ол бала біріншіден сыныптастырының өзіне қарым – қатынасын қалай қабылдайды, екіншіден қарым – қатынаста өзінің жеке позициясын, сондай – ақ осы қарым – қатынастардың эмоционалдық жағдайын қабылдауы қалай екенін ескеру қажет).

4. Оқушылардың мектепішілік қарым – қатынасындағы іс - әрекеттердің ерекшеліктері.

2. Ата – ана, педагогтармен кеңестік жұмыс. Педагогтармен жұмыс көбіне семинар түрінде болады. Егер балалардың бірі төмен нәтиже берсе, мектепте қиындықтар сезінсе, онда, ата – анасымен жеке түрде немесе ата – аналар жиналысында айтылады. Сынып жеткшілері мен пән мұғалімдеріне арналған семинарда бейімделу кезеңіндегі алғашқы қийындықтар мен олардың мақсаттары айтылады.

3. Әдістемелік жұмыс. Әдістемелік жұмысты мектеп психологы әкімшілікпен бірлесе отырып жасайды. Сыныптан санына қарай, әр сыныптың өзіндік ерекшлектеріне қарай жүргізіледі.

4. Профилактикалық жұмыс. Психологтың профилактикалық жұмысы қолдауды қажет ететін оқушыға бағытталады. Тренинг түрінде бұл жұмыс өзіндік нәтижесін береді.

5. Түзету – дамытушылық жұмыс. 5 – сынып оқушыларының мектепке бейімделу сәтінде қиындық көрген оқушымен жүргізіледі. Бұл жұмыс жеке немесе топпен жүргізіледі.

6. Қортыынды жұмыс. Қорытынды жұмыс жүргізілген психологиялық жұмыстың маңызына бағытталу қажет. Жұмыстың нәтижелі бағасын және түзету жұмыстарының жоспарын дайындау.

Кіші мектеп жасы (6 - 11)

  • Ішкі іс - әрекет жосапрының пайда болуы

  • Мінез – құлық және іс - әрекет нормаларының тұрақталуы

  • Іс - әрекетке жаңа танымдық қарым – қатынастың дамуы

  • Оқушы позициясының қалыптасуы

  • Қоғамдық бағыттың дамуы

  • Мінездің қалыптаса бастауы

Орта меткеп жасы (11 - 15)

  • Үлкен екенін сезіну

  • өзіндік іс - әрекетке талпыну

  • рефлексияға бейім

  • қарым – қатынасқа түсуге талпыныс

  • еріктік сапалары дами түседі

  • достық қарым – қатынасты жеке жетістік деп бағалау

4 – сынып

1. «Үлкен адам» бейнесі арқылы «Мен» бейнесін қабылдау

  • Өзін - өзі бағалау

  • Эмоциялық көңіл – күй

  • «Мұғалім» бейнесі

2. Теориялық ойлау

  • Ақпараттылық

  • Топтастыру

  • Ұқсастық

  • Артық ұғымды шығру

5 – сынып

  • жағымды «Мен - тұжырымдама» және өзін - өзі бағалауы тұрақты, мектептегі мазасыздық деңгейінің төмендеуін құру қажет

  • баланың оқу мотивациясының тұрақтылығын құру

  • сынып ұжымыны топтық бірлік құру арқылы жасау

  • оқуға психологиялық дайындық деңгейінің жоғары болуы, оқу дағдыларын құру

  • оқушылардың мектеп ережесін меңгеруі

  • әлеуметтік және коммуникативті ептіліктің дамуы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
5- сынып о?ушыларыны? п?ндік бейімделуі

Автор: Аубакирова Айнур Каиргазыновна

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 176135


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства