ЗАМАНАУИ МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІ? БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА Ж?НЕ Т?РБИЕСІНЕ КЕРІ ?СЕРІ
ЗАМАНАУИ МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІ? БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА Ж?НЕ Т?РБИЕСІНЕ КЕРІ ?СЕРІ
Шынымен де б?гінгі бала т?рбиесінде теледидарды? алар орны б?лек. Б?гінде ?р ?илы а?паратты? технологиялар баланы? к?тушісіне айналды. Мойындау керек, тілі былдырлап, енді ?ана ?ылы? шы?арып келе жат?ан б?лдіршін к?н?за??а к?к ж?шікке телміріп, сансыз мультфильмнен к?з алмайды. ?йткенмен, сан т?рлі мультфильмдерді? пайдасынан г?рі зияны к?п екен.
"Ел болам десе?, бесігі?ді т?зе" деген еш?ашан ескірмейтін бір с?з бар. ?лы М?хтар ?уезовтан ?ал?ан дейтін осы с?зді? аясына ?лт ерте?іне, балалар т?рбиесіне ?атысты барлы? пайдалы іс-шаралар кіреді. Соларды? бірегейлеріні? басында б?гінде мультфильм т?р десек, ?ателеспейміз.
Неге? ?йткені, отбасында бала-ша?асы, немере-ш?бересі бар ата-аналар ?те жа?сы білулері керек, кішкентай б?лдіршіндерді? ?олдары ойыншы?та болса, к?здері теледидарда. Теледидар жас жеткіншекке эмоционалды? т?р?ыдан, я?ни бірде ?атты ?уануына, енді бірде ?обалжуына, мазасыздануына, ?рейленуіне тікелей ?сер ете алады. Б??ан ?оса со??ы он-бес жылды? к?лемінде елімізді? а?парат ке?істігінде ?р т?рлі шетелдік басылымдарды?, телеарналарды? к?бейіп кеткені та?ы бар. ?сіресе, Батыстан кейінгі кезде Ресейде де к?птеп шы?арылып жат?ан ?атыгездікке толы фильмдер, ма?ынасы т?сініксіз мультфильмдер, ай?ай-шу?а толы музыка жеткіншектер санасына, денсаулы?ына, т?рбиесіне теріс ?сер ететіні с?зсіз.
Жо?арыда айтыл?ан м?селелерді? ?ай-?айсы да енді ?ана ?алыптасып, дамып келе жат?ан мемлекет ?шін к?кейтесті м?селесі болып табылады. ?йткені, жетпіс жылдан кейін т?уелсіздікті? ар?асында ана тілімізге, ?лтты? д?ст?рімізбен салт-санамыз?а жан-жа?ты м?н бере баста?анда, жа?андануды? кері ?серінен немесе балалар?а уа?ытында д?рыс ба?ыт бермеуден оны ?айта жо?алтып алу ?ауіпі бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ЗАМАНАУИ МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІ? БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА Ж?НЕ Т?РБИЕСІНЕ КЕРІ ?СЕРІ»
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы КММ «Амандық орта мектебі »
Заманауи мультфильмдердің бала
психологиясына және тәрбиесіне кері әсері
(Психология бағыты)
Амандық орта мектебінің мектеппсихологі:ҚажыбаеваАзина Тілекқызы
Біздің жұмысымыздың мақсаты:
Отанға деген сүйіспеншілікті, яғни патриоттық ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету.
Елдің болашағы, ертеңі - балалар, сондықтан қазіргі қоғамға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру.
Балдай тәтті қылығымен әрбір үйдің қуанышы болған кішкентай бүлдіршіндеріміздің әдепті, білімді, иманды болып өсуі үшін ерекше көңіл бөлуге үйрету.
Отандық мультфильмдерді заман көшінен қалдырмай, қазақстандық мультипликаторлар жасаған дүниелерді бүлдіршіндерімізге ұсыну.
Міндеттері:
Елдің болашағы ертеңі - балалар, сондықтан қазірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру үшін оларға арналған бағдарламалардың сапасы мен санын арттырып және оның тұрақты жолға қойылуын қадағалау қажет.
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып балаларына арналған мультфильмдерді көптеп шығару және ол ана тілінде болуы маңыздылығын ата-аналарға түсіндіру.
Баланы ерте жастан теледидар көру мәдениетіне үйрету маңызды шаралардың бірі, баланың қандай ақпарат құралдарынан нені көріп, тыңдап, оқып жүргенін қадағалап отыру, олардың белгілі бір уақытта ғана теледидарды көруін тәртіпке енгізу, осыны бала бойына қалыптастыру.
Балаларды заман ағымына сай өте белсенді етіп тәрбиелейтін әдіс-тәсілдер қажет. Ол үшін баланың өмірге деген қызығушылығын оятып, өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыратындай технологияларды қолдану.
Экранның тәуелсіздігімізді алып, даму сатысын бастан өткізіп жатқан еліміздің тілі мен дініне, әдеп-ғұрып, салт-дәстүріне, болашағымызға кері әсері тимейтіндей етіп тәрбиелеу.
Заманауи мультфильмдердің бала
тәрбиесіне кері әсері
Біріншіден, олар сол мультфильмдердегі кейіпкерлердің терминдерімен сөйлеуге ұмтылады. Және өздеріне қызық көрінгендіктен сол әрекеттерін дұрыс деп ойлайды.
Екіншіден, бала ағзасына пайдалы болып табылатын таза ауада серуендеу, спортпен айналысу сияқты қажетті шараларды кері ысырып қойып, бос уақытының барлығын теледидардың алдында өткізеді. Демек, қазіргі балалар таза ауадағы ойын мен спортты теледидардағы түрі ұсқынсыз мультфильм кейіпкерлеріне ауыстырды деп есептеуге болады.
Үшіншіден,теледидарды тапжылмай көру -баланың денсаулығына міндетті түрде кері әсер етеді.
Телемания бірнеше зиянды
салдарларға әкеліп соғады
Көз көруінің әлсіреуі:көгілдір экран алдында көп отыратын баланың көз көруі нашарлайды;
Гиподинамия, арқа омыртқасының қисаюы;
Денелік белсенділіктің болмауы, аз қимылдайтын өмір сүру келбеті дененің артық массасын жинақтауына әкеледі;
Неврологиялық проблемалар (ұйқының бұзылуы, қорқақтық, ерекше ашулаңшақ):мысалы, егер, 13 жастағы бала теледидар алдында күніне 3 сағаттан артық отырса, ұйқысының бұзылғандығын байқайды, ол есейген кезінде де сақталып қалуы мүмкін;
Зорлық-зомбылықтың кең етек алғандығы, көптеген теледидарлар қазір ондай хабарларды барынша көрсетуге «тырысады»оральдық принциптерінің өзгеріп, балалық басқыншылыққа жол салады; экрандағы зорлық көріністерін бала өз миында сол қалпында, өмірдегідей талқылайды; бірақ, уақыт өте бере бала осыған үйрене бастайды және зорлық-зомбылыққа ересек өмірдің қалыпты жағдайы ретінде қарай бастайды.
Европа елдері мен жақын шетелдерде қандайіс-шаралар жасалған?
Барлық Европа елдерінде дерлік күндізгі уақыттарда зорлық пен эротика көріністерін теледидардан көрсетуге тыйым салынған.
Мысалы, Германияда,16 жасқа толмаған балалардың адамгершілік қасиеттері мен
психикасын сақтау үшін мұндай хабарларды таңертеңгі сағат 6-дан кешкі сағат 23-ке
дейін көрсетуге тыйым салынған.
Латвияның 1995 ж. қабылдаған «Телерадиохабар туралы» заңының 18-бабында: сағат 7-ден 22-ге дейін дене және психологиялық (көріністі және сөз түрінде) зорлық, қан шығатын және қорқынышты көріністерді, сонымен бірге, наркотиктер пайдаланылатын көріністерді көрсетуге тыйым салынады.
Грузияда осындай тыйым телеарналарға сағат 7-ден 24-ке дейін салынған. Ондағы мақсат-18-ге толмаған грузин азаматтарын, олардың көздері мен құлақтарына арналмаған қандай да болмасын хабарлар мен фильмдерден сақтау.
Украинада 2003 ж. қабылданған «Қоғамдық моральды сақтау жөнінде» заң бар. Оның өнімдерді шығару және таратуға тыйым салу жөніндегі 2-ші бабында, егер де: «ұлттық және религиялық құндылықтарды жоюды, бүлдіруді, қадірлемеуді насихаттайтын; адамдарды кемітетін, мүгедек және қартайған адамдарға қиянат жасалатын; нашақорлық, таксикомания, алкоголизм, темекі шегу және басқа да жағымсыз қылықтарды насихаттайтын көріністер мен хабарларды көрсетуге тыйым салынады» - деп жазылған.
Жапон елінде барлық телеарналардың жұмысына талдау жасап отырады. Егер де, қандай да болмасын бір арна балалар уақытында балалар көруге болмайтын фильм немесе бір көрініс көрсететін болса, онда ол арнаға өте көп мөлшерде айыппұл салынып, арна ойсырау жағдайына түседі.
Зерттеу апробациясының нәтижелері:
Төкежан Ақсауле
Штанке Никита
ТЕЛЕМАНИЯ
Қазіргі уақытта теледидардан көптеген зорлық-зомбылық көріністер көрсетіліп, қанын өзен суындай «ағып» жатады. Күніне балаларымыз орта есеппен 17 өлім, 37 мейірімсіздік көріністер көреді екен. Мұндай эпизодтардың қандай сөздермен көрсетілетінін болжау қиын емес. Және бұл көріністер таңертең де, күндіз де көрсетіле береді. Мұндай хабарлар балалардың дүниетанымының, логикасы мен психикасының қалыптасуына теріс әсер ететіні сөзсіз.
Балалар корқынышты киноларды көргенді ұнатады-ол үрейді бастан кешіруге эмоционалдық тұрғыда байланғандықтың белгісі болып табылады. Телехабарды көргеннен кейінгі бір сағаттан соң, бала телеэкраннан берілген бөтен эмоцияға «берілген» болып шығады.
6 жасқа дейінгі балалар барлық ақпаратты сол қалпында, сынамай қабылдайды. Оларға қайсы дұрыс, қайсысы теріс екенін айыру әлі қиын. Сондықтан, көгілдір экранда болып жатқан дүниенің бәрін олар таза дүние ретінде қабылдайды. Ал көргендерін ойындарына, өзінің нақты әрекеттеріне ауыстырады.
Сезім ағзаларының физиологиясы бойынша американдық мамандар телеман-балалардың «ойлау қабілетінің толық жойылғандығымен» зардап шегетінін дәлелденген. Оларға еш нәрсені ойластыру, қиялдау, көрсетудің керегі жоқ, олар үшін барлығын теледидар атқарады. Телеманияны нашақорлықпен салыстыру да кездейсоқтық емес. Осы тәуелділіктердің белгілеріне ұқсас келеді. Телеманиядан құтылу өте қиын. Бірақ оны істеу қажет.
ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА
ДӘРІГЕРДІҢ КЕҢЕСІ
Экраны үлкен телевизорды 2-3 метрдей қашықтықта отырып көрген дұрыс.
Телевизорды жатып көруге болмайды.
-к өз көруінің әлсіреунің әлсіреуі:көгілдір экран алдында
көп отыратын баланың көз көруі нашарлайды;
-гиподинамия, арқа омыртқасының қисаюы;
-денелік белсенділіктің болмауы, аз қимылдайтын өмір
сүру келбеті дененің артық массасын жинақтауына әкеледі;
-неврологиялық проблемалар (ұйқының бұзылуы, қорқақтық, ерекше ашушаңдық):
Мысалы, егер, 13 жастағы бала теледидар алдында күніне 3 сағаттан артық
отырса, ұйқысының бұзылғандығын байқайды, ол есейген кезінде де сақталып
қалуы мүмкін;
-зорлық-зомбылықтың кең етек алғандығы, көптеген теледидарлар
қазір ондай хабарларды барынша көрсетуге «тырысады», ол. Өз кезегінде,
моральдық принциптерінің өзгеріп, балалық басқыншылыққа жол салады;
Экрандағы зорлық көріністерін бала өз миында сол қалпында, өмірдегідей
талқылайды; бірақ, уақыт өте бере бала осыған үйрене бастайды және
зорлық-зомбылыққа ересек өмірдің қалыпты жағдайы ретінде қарай бастайды.
Теледидарды іске қосқанда, бала гипноздың астында болғандай болады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме?
Бүлдіршіндерді бүлдіретін мультфильм
Таңқалдыру-29 %
Қастандық -37 %
Меланхолия-13 %
Музыкасы -12 %
Сценарий -9 %
Баланың жақсысы-қызық, жаманы...
Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен таныр болсақ, біздің қоғам психологиясы әлсіз қиындыққа төтеп бере алмайтын, шыдамсыз, ашушаң, жігерсіз ұрпақты тәрбиелеуде. «Бесіктен белі шықпай жатып» өз-өзіне қол жұмсаптын, үлкенге қол көтеріп, кішіге әлімжеттік жасайтын, ділімізге жат дөрекілікті көрсететін жасөспірімдердің көбеюі осының дәлелі болса керек. Үстіміздегі жылдың 5 айында еліміз бойынша өз-өзіне қол жұмсаудың 86 фактісі тіркесе, өңіріміз-суицид көп тіркелген 8 облыстың бірі. Жеткен «жетістігіміз» осындай....
«Жұрттан Ыбырай туады, бізден сұмырай туады» деп қара аспанды басымызға төндіріп, түңілгеннен бұрысымыз дұрыс болмасы анық. Дүниенің малын қуғаннан гөрі, өз ұрпағымызға көбірек көңі бөлсек, бұл мәселе туындамас та еді. Ұлдың ұят тірлігіне, қыздың жат қылығына қынжылар болсақ, оған қоғам мен мектеп емес, өздерінен қашып жүрген жұмысбасты ата-ана кінәлі.
Осындай мультфильмдердің балаға тигізген теріс әсерлерін айтатын болсақ. Мысалы, Жапонияда «Пакемон», құбыжықтар деген мультфилімнің бір сериясының көрсетілімінен кейін қояншық ауруы ұстаған625бала ауруханаға түскен. Осынай «Пакемонды» мультфильімді біздің бауырларымыз күнде көреді десек те болады. Негізінен бала туа сала бұзық болмайды. Ол көргенін қайталайды, естігенін еліктеп жасайды. Экрандағы атыс-шабыс, ұрыс-керіс, қатігездіктен бала психологиясы бұзылмағанда қайтеді.
Ата-аналарға: осы мәселенің шешімін біздер отандық кітаптарға, қазақ ертегілер мен ойындарға алмастырса нәтижесі оң шешімін табатыны сөзсіз.
Баланың болашағы ата-аналар сіздердің өз қолдарыңызда!
Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестер
Ардақты әжелер, аналар! Ұрпағымызға ұлағатты өнеге сыйлар ертегіміздің орының өгейсітпей, өміріміздің жалғасы болған ұрпақтарымызға әдемі ертегі айтып беруден жалықпаңыздар!
Балаға ертегілер оқуға болады;
Балаға сурет салғызуға, боятуға болады;
Баламен ойнау арқылы тәрбиелеуге болады;
Серуендеу, үйірмелерге қатыстыру
Ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңестер
Балаңыздың теледидар алдында қанша уақыт өткізетіндігін үнемі бақылаңыз. Педиатрлардың пікірінше, теледидар бала өміріне 3 жастан бастап қана ену керек. Оның үстіне оны 15 минут қана қарау керек.
Теледидарды электрондық бала ретінде пайдаланбауға тырысыңыз. Балаға теледидарға байланысты емес іспен айналысуды ойлап табуға болады:конструктор ойыны, сурет салу, пазлдарды құрастыру. Баланың айналысуы өзінің таңдауында болады. Ол міндетті түрде ата-ананың қатысуымен болмайды. Тек қана баланың айналысуы өзінің таңдауында болады. Ол міндетті түрде ата-ананың қатысуымен болмайды. Тек қана баланың айналысқан ісіне қызығушылық танытып, бірер көмек көрсетіп жіберу жеткілікті.
Мектеп жасындағы балаға мектепке барар алдында теледидар көруге тыйым салыңыз. Себебі бала ерте көрген хабарлардан қозып, жұмыс уақытына көңіл қоюы қиынға түседі.
Баланың сүйікті ісін мадақтаңыз:жапсыру, сурет салу, кесте тігу-баланы қызықтыратын істер өте көп. Әрине, ата-аналардың біраз уақытты талап етеді, бірақ баланы өздігінен айналысуға үйретуге болады. Ең бастысы оның таңдаған ісіне қолдау көрсету керек.
Кітаптар оқыңыз. Оқуға деген махаббатты ата-аналар ғана үйрете алады. Қызықты әдебиетті таңдап алыңыз, баламен бірге кітап оқыңыз. Теледидар кейіпкерлерінен гөрі, кітап кейіпкерлерімен кездесу маңызды болсын. Сенің, ол негізінде болатын нәрсе! Бастысы кітаптарды таңдап, үй кітапханасын дұрыс құру керек.
Ең басты және маңызды ереже-баланың өміріне деген риясыз қызығушылық. Егер ата-аналар баланың жақсы достары ретінде танылса, теледидар екінші орынға ауысады.
Түйін:
Әрине, баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты кеңестер мол.
«Жұрттан Ыбырай туады, бізден сұмырай туады» деп қара аспанды басымызға төндіріп, түңілгеннен бұрысымыз дұрыс болмасы анық. Дүниенің малын қуғаннан гөрі, өз ұрпағымызға көбірек көңі бөлсек, бұл мәселе туындамас та еді. Ұлдың ұят тірлігіне, қыздың жат қылығына қынжылар болсақ, оған қоғам мен мектеп емес, өздерінен қашып жүрген жұмысбасты ата-ана кінәлі.
Дегенмен, ата-аналар оларды тәрбие барысына жүйелі қолданбайды.
Балаға ата-ананың көңілі керек, оларды жақсы жаққа бұрып, бағыт-бағдар беріп отырмаса, кейін сан соғып қалуға да болады. Сондықтан да жұмысты бір уақыт қоя тұрып, баланың тәрбиесіне, бала бос уақытын қалай өткізіп жатқанына ден қойған дұрыс.