Рухани байлық ең үлкен бақыт, Адамды адам етіп тұрған сол ғана! М.Кемел
Өмір стресі. Стресті басқару дағдылары
Мақсаты : Стресті басқару дағдыларын қалыптастыру ҰБТ-ға дайындық кезінде ата-аналар, ұстаздардың оқушыларға қандай көмек көрсету әдістерімен кеңестерін туралы ақпарат беру.
Міндеттері «Стресс,конструктивті,конструктивті емес» әрекеттер ұғымдарын меңгерту,адамдардың эмоциялары. Стресс жағдаяттарда тиімді жолмен шығу дағдыларын қалыптастыру. Өзін-өзі бақылау,игеру дағдыларын дамытуға ықпал жасау. Босаңсу тәсілдерінің бірімен таныстыру.
“ Стресс деген не?” Стресс сөзі ағылшын тілінен «кернеу,қысым»деген мағынада аударылған.Стресс кез-келген сыртқыәсерге адам тәнінің жауап қайтаруы болып табылады.Яғни стресс-тосын жағдайда қанға қажетті гармондарды жедел іске қосу,басқа да көптеген физиологиялық үдерістерді қайта құру арқылы тәннің сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.
Стрестің оқушы тұлғасына әсері -өзіне деген сенімділігі жойылады -өзін-өзі ұстай алмайды -өз ойын еркін жеткізе алмайды -үнемі қорқыныш,үрей,жаман ойда болады.
Стрестен арылу тәсілдері
Релаксация (босаңсу)
Спорт сабақтары
Контраст душы
Үй жұмыстарымен айналысу
Саусақпен сурет салу.Кляксалар
Газетті мыжып лақтыру
Сүйікті әніңді қатты дауыстап айту.
Бірде жәй бірде қатты айғайлау
Музыкаға билеу, бірде жәй, бірде қарқынды билеу
Жанып тұрған балауызға қарау
Орманда, аулада немесе далада серуендеу және айғайлау
Тестке 1-күн қалғанда 1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз. 2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз. 3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз. 4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз. 5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді. 6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз. 7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз. Тест күні 1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз. 2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз. 3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.
Тест күнгі тамақтану үлгісі: 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтанбауға да болмайды. 2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды. 3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз? Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау, ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз. Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар. 1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы 2. Есте сақтаудың төмендеуі 3. Сұрақты соңына дейін оқымауы 4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы 5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау 6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық 7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу 8. Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді. 9. Жүрек айну, іш ауру
Ата-аналарға ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша көмек-кепілдемелер . Ата-аналарға кеңес: ҰБТ-ға дайындалуда оқушыға қалай көмектесуге болады? · Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз. · Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.
Сеніммен мына сөздерді балаңызға қолдау ретінде қайталаңыз
-Сен ақылдысың.
-Сенің қиындықтан қорықпайтыныңа сенемін.
-Сенің қолыңнан бәрі келеді.
-Сен бәрін де дұрыс жасай аласың.
-Сен ғажапсың!
-Мен сені жақсы көремін
-Сен менің бақытымсың, қуанышымсың!
Тыңдағандарыңызға рахмет