О?ушылар?а психологиялы? серіктестікті жасау ?шін мектеп психологтары, сынып жетекшілері, п?н м??алімдері ж?не ата-аналарымен бірлесе ж?мыс жасау ?шін к?мек к?рсету жолдарын тауып ?ана ?оймай, сол жатты?уларды балалармен бірге орындау. Емтихан болсын, тест болсын, сына? болсын б?л- ?стаздар, о?ушылар, ата-аналар ?шін стресс болып келеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?БТ алдында?ы дайынды? ж?ргізуді? психологиялы? аспектілері »
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебі
Мектеп психологі:
Баекеева Нұргүл Насреддинқызы
Шиелі кенті
«Күшіне сенген адам ғана мақсатынажете алады»
Л.Фейервах
Қазіргі заманның талаптары тек ересектердің психикасына емес, сонымен қатар балалардың психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Стрестік жағдайларға кейде ересектер төтеп бере алмаса, онда психикасы толық құрылмаған балалар жайлы не айта аламыз? Соңғы кездері мектепте емтихан, сынақ, тест күнделікті үйреншікті нәрсеге айналған. Оқушылар бастауыш буыннан бастап, мектеп бітіргенше әртүрлі сынақтардан өтеді. Осындай сынақтардың бірі ол – ҰБТ болып табылады.
Бұл сыннан 11 сыныптар өтеді. Сондықтан да мектеп психологтары өз алдарына бұл проблеманы ерекше қойып отыр. Оқушыларға психологиялық серіктестікті жасау үшін, мектеп психологтары: сынып жетекшілер, пән ұстаздары және ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау үшін көмек көрсету жолдарын тауып қана қоймай, сол жаттығуларды балалармен орындауды мақсат етіп қояды.
Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын бұл – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді.
Стресс кезінде адам ағзасындағы физиологиялық процесстер
Стресс кезінде адам ағзасы су тапшылығына тап болады. Бұл нерв процесстерініңэлектрохимиялық реакциялардыңнегізінде өтуіне байланысты, ал бұл процестердің өтуіне судың болуы керек.Судың тапшылығы нерв процестерінің жылдамдығын төмендетеді.Сондықтан, емтихан, сынақ алдында немесе барысында бірнеше жұтым су ішу керек. Антистресстік мақсатында суды 20 минут тамақ ішер алдында немесе 30 минут тамақтан соң ішеді.
Ең тиімді минералді су болып табылады, себебі бұның құрамында калий және натрий иондары бар, олар электрохимиялық реакцияларда қатысады. Сонымен қатар жай су мен жасыл шай ішуге болады. Басқа сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп.
Ми бөліктерінің жұмысы
Стресстік ситуацияға түскен оқушылардың екінші проблемасы болып саналатын – бұл екі ми бөліктерінің (сол жақ және оң жақ) жұмыс үндестігінің бұзылуы. Егер екеуінің біреуі, оң жақ бөлік-образдық немесе сол жақ бөлік-логикалық басым болса, онда адамның алдында тұрған міндеттер мен проблемаларды оптималды шешудегі қабілеті төмендейді. Бірақ бұл үндестікті қалыпқа келтіру немесе оған жақындату қолымыздан келеді. Барлығымызға белгілі, оң жақ ми бөлігі дененің сол жағына жауапты, ал сол жақ ми бөлігі дененің оң жағына жауапты. Бұл байланыс екі бағытта жұмыс жасайды, сондықтан да дененің екі бөлігінің координациясы мидің екі бөлігінің кординациясына әкеледі.
Стрестің негативтіәсерінтөмендететін жаттығулар
Келесі жаттығу стрестің негативті әсерін күшейтетін “оттегі тапшылығын” төмендетеді. Бұл әдіс «энергетикалық есінеу» деп аталады. Есінеудің жиілігін, ми жұмыс жасаудың белсенділігіне байланысты етіп жасау керек, яғни ми жұмысы күрделенсе, жиірек есінеу дұрыс. Емтихан барысында есінеу өте пайдалы. Есінеуді қалай дұрыс жасау керек? Есінеу кезінде екі қолмен шеңбер ретімен, төменгі және үстінгі жақты қосатын, құлақтын жанындағы сіңірлерді уқалау керек. Ағзаны оттегі тапшылығынан қорғау үшін, бұл жаттығуды 3 – 5 рет есінеу жеткілікті.
Ас-мәзірі
Емтихан, тестілеу, сынақтар кезінде оқушылардың денсаулықтарына мұқият қарау керек. Бұл күрделі кезеңде, балаңызға дұрыс тамақтану керек, себебі тамақ арқылы мидың іс-әрекетін белсендіруге болады. Алдымен ең бастысы не жеу керек және қандай мөлшерде жеу керек екендігін білу керек.
Ми қабығында қандай өзгерістер байқалады?
Мида үздіксіз 100 миллиард жүйке жасушалары жұмыс істейді,сонымен қатар олар тағы 10 000 басқа жасушалармен тығыз байланыста. Әр секунд сайын олар бір-бірлерімен ақпаратпен ауысып жатады, миллион сигналдар береді. Осындай күрделі механизм ешбір кедергісіз жұмыс жасау үшін, оларға көп мөлшерде энергия керек екен. Күнде тамақ арқылы қабылданатын барлық энергиядан ми өзіне 20% алады. Сонымен мидың қалай жұмыс жасауына, нені жеп қабылдаймыз байланысты екен.
20%
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін
•Сәбізмидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез-келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жаттар алдында бір тәрелке езілген, ұнтақталған маймен араластырылған сәбіз жеу керек.
•Ананас- музыкалық және театрлық жұлдыздардың сүйікті тағамы. Көлемді мәтін мен ноталық белгілерді есте сақтап қалу үшін, витамин С қажет, бұл витамин керекті мөлшерде осы жемістің құрамында бар,сонымен қатар ананастың құрамында калорийлер аз(100г.-да 56 ккал). Күніне ананас шырынының бір стаканын ішсе жеткілікті.
•Авакадо– аз уақытта есте сақтау қабілетінің энергиялық көзі, себебі оның құрамында жоғары мөлшерде майлы қышқылдар бар. Жемістің жартысын жесең жеткілікті.
•Майлы балықтыңқұрамында, жүйке жұмысының дұрыс жұмыс жасауына керекті Омега-3 бар. Сонымен қатар балықта мидің анықтығын сақтайтын йод бар.
•Асқабақшемішкелерінің құрамында цинк бар, ол мидің жылдамдығын ұлғайтып, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Зейінді бір жерде жинақтау үшін
•Пиязмидің, мөлшерден тыс, шаршауда және психикалық шаршаған кезде көмектеседі. Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Мөлшері, күнде бір пияздың жартысынан кем емес.
•Қара жүзім-допамин гормонының деңгейін көтереді, бұл есте сақтау қабілетті жақсартып, ми жұмысын ынталандырады. Таңертең 1 стакан шырын, ал кешке жүзімнің бір талын жесеңдер әртүрлі ми қатырғыштарды оңай шеше аласыңдар.
•Мейіз– құрамында бордың қосындысы бар, бұл есте сақтау қабілетті белсендіреді.
•Грек жаңғағы-құрамында лецитин бар, бұл мидің жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетті белсендіреді. Күніне 5 жаңғақ жеу керек, бұл С витаминінің тәуліктік нормасы.
Ата-аналарға ұсынылатын кеңестер:
Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
•Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;
•Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
•Балаңызды ҰБТ-ға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
•Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
•Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай!!! мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;
•Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с. б ас миының жұмысын белсендіреді;
•ҰБТ-ның алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
•ҰБТ-дан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ-мен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет!
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады.
Өз ойымды қорыта келе, Ата-ана үшін баланың бақытын көру, ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!!!