Либералды отбасылы? т?рбиелеу стилі – ?ада?алаушылы? де?гейі т?мен, біра? ?арым – ?атынасы жа?сы. Осындай отбасында ата – аналарды? р?лі кішігірім, олар бала?а т?рбие бере алмайды немесе бергісі келмейді. Баланы? барлы? іс – ?рекеттеріне к?з ж?ма ?арайды, шектеулер мен ескертулер айтпайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбиені? е? тамаша мектебі – Отбасы!»
Тәрбиенің ең тамаша мектебі – Отбасы!
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.
Отбасылық тәрбиелеу стильдері мен олардың бала тұлғасының дамуына ықпалы
11. Либералды тәрбиелеу стилі
22. Индифферентті отбасылық тәрбиелеу стилі.
( бостан – босқа)
( немқұрайлы)
14. Авторитарлы отбасылық тәрбиелеу стилі.
( басқару)
13. Гиперқамқорлық
15. Ретсіз отбасылық тәрбиелеу.
( тұрақтылықсыз басқару)
16. Демократиялық отбасылық тәрбиелеу стилі.
( үйлесімді қатынас, серіктестік)
1. Либералды отбасылық тәрбиелеу стилі – қадағалаушылық деңгейі төмен, бірақ қарым – қатынасы жақсы. Осындай отбасында ата – аналардың рөлі кішігірім, олар балаға тәрбие бере алмайды немесе бергісі келмейді. Баланың барлық іс – әрекеттеріне көз жұма қарайды, шектеулер мен ескертулер айтпайды. Бұндай тәрбие алған балалар болшақта басқалардың қызығушылықтарын ескермейді, өзінде сенімсіздік пен қорқыныш сезімдерін сезінеді.
2. Индефферентті отбасылық тәрбиелеу стилі – қадағалаушылық деңгейі төмен, қарым – қатынастары суық. Бұндай ата – аналар балаларына немқұрайлықпен қарайды. Баласы не істеседе мән бермейді. Өздерінің жеке іс – мәселелерімен айналысып жүреді. Баланың ішкі жан дүниесін ойламайды, мектепке барды ма?, тамақ ішті ме?, сабағын орындады ма? білім алды ма? т.б. деген ойларды ойламайды. Бала аман болса болды деп жүреді, өзінің ойынша ата – аналық қызметімді атқарып жүрмін деп ойлайды.
3. Гиперқамқорлық – баланың барлық қажеттіліктерін ата – ана орындайды. Қамқорлығымен баланы уайымнан, қиындықтардан, еңбектен және шаруадан аман сақтайды. Бұндай тәрбие алған балалар болашақта қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді. Қоршаған ортадан үнемі жанашырлық пен қолдауды күтеді.
4. Авторитарлы отбасылық тәрбиелеу стилі – қадағалаушылық деңгейі жоғары, қарым – қатынастары суық. Оның себебі: ақталмаған үміттер, баланы эмоционалды қабылдамау. Ата – аналары осындай тәрбие алғандықтан балаларын солай тәрбиелейді. Бұндай тәрбие алған балалар – қатыгез, екіжүзді, өтірікші, дөрекі, жеккөрушілік қасиеті басым болады. Нәтижесінде балалар пассивті, агрессивті және басқарылмайтын болады.
5. Ретсіз – Тәрбиенің бір қалыпты болмауы, балаға нақты, анықталған, талап қоюдың жоқтығы немесе ата – ана тарапынан келіспеушіліктердің болуынан. Күтпеген жерден тап басатын ата – аналардың қылықтары баланы бірқалыптылықтан шығарады, жоғары мазасыздануға ұрындырып, өзіне сенімсіздікті, кейбір жағдайда агрессияны, әлеуметтік дезадаптацияны тудырады. Баланың бойында жауапкершілік, өзін бақылаушылық қасиеттері дамымайды.
6. Демократиялық – бұл тәрбиелеу стилі жылы қатынасты және жоғары қадағалаушылықты білдіреді. Ата – ана мен бала арасындағы сенімді және сыйлы қарым – қатынас орнаған. Ата – ана балаларымен ашық, балаларымен жиі әңгімелеседі, баланың қызуғушылықтарын сұрайды, қызықтырады.. Ата – ана баланың пікірін тыңдайды. Бұндай тәрбие алған балалар ақылды, сабырлы, ерік-күш жігері күшті, өзін бақылайды, сенімді, қоршаған ортада өзін еркін сезінеді, тез тіл табысады, лидерлік қасиеті жоғары.
Үй жұмысын орындайды
Анаммен – 11 оқушы
Әкеммен – 1 оқушы
Тәтеммен – 2 оқушы
Ағаммен – 4 оқушы
Балаңызды тәрбиелеуге қанша уақыт бөлесіз?
Бейнеролик
Сіз қандай ата-анасыз?
1.Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
2.Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
5.Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7.Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8.Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?