kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Презентация на тему: Психологтың жаңа инновациялық технологиямен жұмыс барысы. Мультимедиялық үстелмен жұмыс.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психологтың жаңа инновациялық технологиямен жұмыс барысы. Мультимедиялық үстелмен жұмыс. (Планшетпен жұмыс). Негізгі ережелер, дидактикалық ойын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Презентация на тему: Психологтың жаңа инновациялық технологиямен жұмыс барысы. Мультимедиялық үстелмен жұмыс.»

Тақырыбы: Психологтың жана инновациялық технологиямен жұмыс бағыты. Мультимедиялық үстелмен жұмыс. (Планшет)


Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.

Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді, көзі ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқу, жазу, сызуға ойын арқылы үйрету басты назарында болатыны анық.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».

Инновациялық үдерістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асыру.«Технология» ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - білім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. «Технология» сөзі көптеген ұғымды білдіреді, олар:

  • Белгілі бір маңызды әрекетте, өнерде, шеберлікте мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс (В.Даль сөздігі).

  • Белгілі заттың бейнесін өзгерту үшін қолданынатын өнер, біліктілік, әдіс-тәсілдер (В.М. Шепель).

  • Белгілі затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын білім мен әдіс-тәсілдер жүйесі (И.Г. Зайнышев).

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашыл орта құру үшін инновациялық технологияларды енгізу болып табылады.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

1 кезең – оқып үйрену;

2 кезең – меңгеру;

3 кезең - тәжірибеге енгізу;

4 кезең – дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

  • Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

Тәрбиеленушілердің сабаққа қатыспаушылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми- әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

  • Жаңа оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы балаларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;

Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  • Баланың танымдық күшінқалыптастыру және дамыту;

  • Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • Әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

  • Баланың оқу үрдісін сезінуі.

Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.

Менің іс тәжірибемде 3-4 жастағы балалармен мультимедиялық үстелде (планшет) дидактикалық ойындарды ойнату арқылы ой-өрісін, саусақ моторикасын, танымын, зейін, сезіну, қабылдауын дамыту.

Планшетті қолдануда негізгі ережелері:

  • Жас ерекшелігіне сай қолдану:

2 кіші топ, ортаңғы топ, ересек топтар, 3 жастан бастап

  • Қолдану уақытын белгілеу: 8 мин-15 мин дейін.

Мультимедиялық үстел дидактикалық ойындары: «Көлеңкесін тап», «Бүтінін тап», «Шахмат», «Сурет әлемі» т.б


Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.

Дайындаған: педагог-психолог Аргынбекова М.Д.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Аргынбекова Маржан Дуйсенбековна

Дата: 02.02.2020

Номер свидетельства: 538164


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства