Просмотр содержимого документа
«?мір, сен ма?ан ?ымбатсы?! »
Өмір , сен маған қымбатсың !
Мақсаты :
-өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.
- адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту .
- балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .
көрнекілік : “ Өмір - қымбат сый ”.
“...Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар .”
“ Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда .”
“ ...Өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .”
деген нақыл , мағаналы сөздер жазылды .
Бірінші біз іс – шарамызды бастамас бұрын Ереже қабылдап алайық.
Ереже : -біз тыныштықты сақтаймыз ;
- бір – бірімізді тыңдаймыз ;
- өз ойларымызбен бөлісеміз;
- сезімдерімізді сыйлаймыз ;
- бір – бірімізді мазақ етпейміз ;
- уақытымызды үнемдеп , қысқа да нұсқа жауап береміз;
- тәртіппен , өз кезегімізбен сөйлейміз ;
- мектеп ережесін бұзбаймыз ;
Психолог сөзі : - Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...
Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың ,
ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек ,айтады – ғой,
“Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады , саған жарық дүние көрсетті , сені өсірді , сенің ыстығыңа күйді , суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады , тәрбиелеп өсірді .
Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.
Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда ! Біреуге ренжіп ,біреуді кінәлап , мін
тағу дұрыс емес . Өмірдегі қайғыны , қиындықты сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.
Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады .
Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.
Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық .
“ Ойлануға арналған балықтар ” жаттығуы. ( сұрақ – жауап түрінде )
- Өмір дегеніміз не , қалай түсінесің ?
- Өмір сүру жақсы ма ,әлде жаман ба ?
- Сен бақыттысың ба ?
- Сені не қобалжытады , сондай кездерің болады ма?
- Өз - өзіне қол жұмсау ерлік пе ,әлде әлсіздік пе ?
- Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса , сен не істейсің ?
- Сенің мінезіңнің жаман , жақсы жақтары қандай ?
- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің ?
Психолог сөзі : Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екен ұқтыңдар.
Мазасыз жаман , жағымсыз , мағынасыз ойлар адамды психикалық , тәндік жарақатқа шалдықтырып , тіпті өлімге әкеліп соғады .
Өздерің ойлаңдаршы ? Сонда не өзгереді ? Одан сен не ұтасың ?
Оның кімге пайдасы , кімге зияны тиеді ? ...
Ештеңе де өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш пайдасы жоқ , керісін -
ше өзіңе жақын адамдарыңа зияныңды тигізесің .
Әрине дұшпаныңа күлкі , достарыңа , ең қымбат адамыңа , ата – анаңа,
бауырларыңа орны толмас қайғы , қасірет әкелесіңодан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәдсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек.Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп,не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы , шыдамды,төзімді болуды үйрен .
Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа . Ерте ме , кеш пе ол дүниеге
бәрі- бір барарымыз анық , сондықтан асықпа.Сол өлшеулі уақытқа дейін
бәріне төзуіміз керек.
Мысалы : Дінде “ Алла саған өмір берді , сол Алланың бұйрығымен өмір- іңді Алла ғана алады .” делінген. Өз -өзіне қол жұмсау кешірілмес үлкен күнә болып есептелінеді Міне сондықтан ондай ойлардан аулақ болайық.
Әрі қарй ой бөлісу , пікірлесу үш тағы жаттығу өткіземіз.
“ Сөйлемді жалғастыр ” жаттығуы .( жазылған сөйлемді өз сөзімен толық-
тырып жазып , ой қорту .)
- Жақсы өмір - бұл .....
- Баққытты адам - ол ......
Психолог сөзі : Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .
Өмір - өзен ағып жатыр , тынбайды ,
Өмір болмас қасіретсіз , мұң қайғы ,
Сондықтан да , өз - өзіңе абай бол ,
Өмір сені сонда ғана шыңдайды . - деп ақындар жырлағандай , Өмір - арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиын-
дықтарға , кедергілерге кездесуің мүмкін .Ал енді біреулерге қиындықтар
кездеспеуі де мүмкін . Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық , көреал-
маушылық танытпа ,өз мақсатың үшін күресе біл .Өзіңнің күшті жақта-
рыңды көрсет , әлсіздік , шарасыздық танытпа . Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің . / “Екі бақа” аңызы мысалға келтіріледі ./
Ал сен біреуге ренжіп неге оп оңай өле салуың керек , бақа ғұрлы жоқ-
сың ба ? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті .
Адам өзін - өзі тәрбиелеуі , алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа
жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет .
Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе ? осыны тренинг жаттығу жүргізу арқылы тексеріп , дәлелдеп көрейік .
“ Егер сен ағаш болсң ” тренинг . балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін таңдаулары керек , неге таңдағандарын айтып түсіндірулері қажет.
жапырақ - ол көктейді , гүлдейді;
діңгек - барлық ауыртпашылықты , жпуапкершілікті көтереді ;
тамыр – ол арқылы бүкіл ағаш қоректенеді ;
Келесітренинг “ Менің мақсатым .” Сендер әрбіреуің бір – бір үйдің гүлісіңдер , сондықтан өз мақсаттарыңды берілген гүлдерге жазып осы ағашқа ілулерің керек .
Психолог сөзі : Осы мақсатымызға , арманымызға жету үшін не істеуіміз керек.? Ол үшін ең бастысы денсаулығымызды сақтауымыз керек.
Өмір арпалыс , күрес .Бұл табиғат заңдылықтары .Өмірде мойымағандар
тарихта аттарын қалдырып кеткен , ел есінде сақталған адамдар .
Сондықтан осындай адамдарды өздеріңе үлгі тұтыңдар .
Қане кімде осындай үлгі тұтар адамдарың бар ? ( қысқаша өнегелі өмірлерін айтып беру .)
Адам өзіне - өзі ,өз ісіне сенімді болуы керек , олай болса келесі жаттығуымызды жасайық .
“ Өзіндік бағалау маршы ” жаттығуы .
мақсаты: өзіне деген сенімділігін дамыту .
Психолог сөзі : Қымбатты балалар !
Өмір – көпір , от үстіне салынған ,
Діңгектері зәндем отқа малынған .
Қоқу білме , аяқтарың таймасын ,
Ойнап отпен , шарпу көрме жалыннан ! дей келе сендерге мынадай психологиялық кеңес беремін , етеріңе ұстаңдар .
Психологиялық кеңес : қызықты өмір сүру үшін ... - ай сайын жаңа кітап оқы , оқығандарыңды көңіліңе тоқы ,
- икемің бар іспен айналыс , мыс. (ән айту , би билеу , шеберлік істер )
- әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс ,
- ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің ,
- ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр.
- әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан
өзгеше ойлап , тәлім алуға тырыс ,
- әр күні кешке “ мен бүгін не істедім?” деп өзіңе есеп беріп үйрен ,
- күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады .
Енді осы бүгінгі іс – шарамыздың соңында “ Өкпені еріту ” және