?детте “К?шбасшы с?зі” ?зіне т?н ?з ойларына сенімді, ?немі ортада ж?ретін, айналасында?ыларды тарта білетін жар?ын адам деген ??ыммен байланыстырылады. ?йтсе де к?шбасшылы?ты? к?зге к?рінер т?сы ?ана. Шынды?ына келгенде, к?шбасшылар ?р т?рлі болады ж?не олар сырт к?зге т?сетіндей бола бермейді. Компаниялар?а, елге ж?не халы??а к?шбасшылар ?ажет. Біра? оларды ?айдан аламыз? Жауап т?сінікті сия?ты: оларды ?з ортамыздан, бас?а жерден ала алмаймыз. К?не, к?шбасшылы? ?асиеттерді ?зімізден іздестіріп к?рейік.
“К?шбасшылы?” феноменін зерттеу А?Ш-та басталды. Авторлар ?р т?рлі теориялар?а с?йене отырып, к?шбасшылы? туралы аны?тамаларын ?сынды.
К?шбасшы-топ м?шелеріні? ?адір-?асиетін т?сінетін ж?не олар?а ?серете отырып, осы ?зара байланыста к?рсете алатын топ м?шесі.
(Р.Л.Кричевский
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? к?шбасшылы? ?абілетін дамыту тренингі»
Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту
тренингі
Мақсаты:Оқушыларды көшбасшының әр түрлі ерекшеліктерімен, көшбасшыға тән басты қасиеттермен таныстыру.
1. Таныстыру жаттығуы:
Нұсқау:Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бұл жаттығуда қатысушы өз аты мен бірге қасиетін айтады. Мысалы: Мен ақылды Айманмын, т.с.с
2. Қауымдастық жаттығуы:
Бүгінгі тренингіміздің басты тақырыбы көшбасшылық тақырыбы “Көшбасшы деген кім?”
Мақсаты : Қатысушыларға көшбасшылық тақырыбында ойлауға және әрі қарай өрбітуге мүмкіндік беру.
Нұсқау:ватман қағаздағы жазылған
“ Көшбасшы деген кім?” сұрағына жауап беру.
Жаттықтырушының мәліметі
Әдетте “Көшбасшы сөзі” өзіне тән өз ойларына сенімді, үнемі ортада жүретін, айналасындағыларды тарта білетін жарқын адам деген ұғыммен байланыстырылады. Әйтсе де көшбасшылықтың көзге көрінер тұсы ғана. Шындығына келгенде, көшбасшылар әр түрлі болады және олар сырт көзге түсетіндей бола бермейді. Компанияларға, елге және халыққа көшбасшылар қажет. Бірақ оларды қайдан аламыз? Жауап түсінікті сияқты: оларды өз ортамыздан, басқа жерден ала алмаймыз. Кәне, көшбасшылық қасиеттерді өзімізден іздестіріп көрейік.
“Көшбасшылық” феноменін зерттеу АҚШ-та басталды. Авторлар әр түрлі теорияларға сүйене отырып, көшбасшылық туралы анықтамаларын ұсынды.
Көшбасшы - топ мүшелерінің қадір-қасиетін түсінетін және оларға әсерете отырып, осы өзара байланыста көрсете алатын топ мүшесі .
(Р.Л.Кричевский)
Көшбасшы- топ мүшелері оны бүкіл топтың қалауларын, мүдделерін және алған бағыттарын шешуде жауапты шешім қабылдауға құқығы бар деп сенетін топ мүшесі.
(Л.И.Уманский)
Көшбасшы-жүргізушінің жеке тұлға ретінде бүкіл топтың міндеттері мен бағыттарын шешуде ыңғайлы шешім қабылдауына әсерін тигізуі.
(С.Чернышов)
Сергіту жаттығуы.
“Бір-бірімізбен түсінісейік немесе
аяқ киім фабрикасына саяхат”
Мақсаты:Қатысушылардың ой-пікірінің бір жерден шығуы; алдына қойған мақсатына жету жолында ұжымдық бірлескен жұмыс жасау; яғни тиімді команда құра білу.
Нұсқау:тапсырма өте оңай, қатысушылар аяқ киімдерінің өлшемдеріне қарай сапқа тұру керек. Бірақ тапсырманы орындау барысында сөйлеуге болмайды, ыммен, іс-қимылмен түсінісу керек.