Мақсаты:Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.Күтілетін нәтиже:тренинг соңында ата-аналар баласының мамандық таңдау кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық таңдап, сол мамандықтың қыр - сырын ұғынуы, ең бастысы қателеспеудің жолын таңдау керектігін түсіндіру.
Тренинг ережесі:
-бір-бірін тыңдау
-уақыт үнемдеу
-белсенділік таныту
-достық қарым-қатынас
Тренинг жоспары:
І. Топқа бөлу
ІІ.Кіріспе.
ІІІ. Ойын жаттығу “Геометрия және мінез”
ІV.Саулнама “Отбасы қарым-қатынас”
V. Қорытынды.
І.Топқа бөлу.Екі түсті жүрекше тарату арқылы ата-аналарды екі топқа бөлеміз.
ІІ.Кіріспе.
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата - анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін - өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін - өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл - ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның да көмегі керек. Сондықтан бүгін «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?» атты тақырыпта тренинг – сабағын сіздермен бірге ұйымдастырып отырмын.
ІІІ. Геометриялық ойын жаттығу.
«Геометрия және мінез»
5 түрлі геометриялық фигуралар тақтаға н/е ортаға қойылады. Ата-аналар өзінің мен мына фигурамын деп таңдап алады. Алып болған соң сол фигураны таңдаған топ интерпритациясын оқиды. Осы фигура бойынша өздерінің мінездері қаншалықты сәйкес келетіндігін айтып шығады.
Сауалнама
«Отбасы қарым-қатынас»
(ата-аналарға)
Сауалнаманы толтыра отырып, сәйкес келетін графаға «+» белгісін қой
№
сұрақтар
1
Жауаптар
Сіздің отбасыңызда баламен түсіністік бар деп есептейсің бе?
2
иә
жоқ
Жеке өмірі туралы балаңызбен шын жүректен сөйлесесізбе?
3
кейде
Сіздің жұмысыңызға ол қызыға ма?
4
Балаңыздың достарын білесіз бе?
5
Олар сіздің үйде бола ма?
6
Балаңыз үй жұмысына сізбен бірге араласа ма?
7
8
Сіздің балаңызбен ортақ қызығушылығы немесе бір ісі бар ма?
Балалық мерекелерде балаңыз сіздің олармен бірге болғаныңызды қалай ма әлде ересексіз болғанын қалай ма?
11
Сіз балаңыздың оқығанын кітабын бірге талқылайсыз ба?
12
Теледидар передачалармен киноларды ше?
13
Сіз балаңызбен бірге серуендейсіз бе?
14
Сіз балаңызбен концертте, көрмелерде бірге боласыз ба?
15
Еңбек демалысыңызды олармен бірге өткізгеніңізді қалайсыз әлде қаламайсыз ба?
Қорытынды: Ж. Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Осымен бүгінгі тренинг - сабағымыз өз шегіне жетті, қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға, рахмет!