Та?ырыбы: «Мен ?мірді та?даймын» Семинар- тренинг
Ма?саты: ?зін-?зі тану, т?л?алы? даму т?сілдерін таба білу, к??іл-к?йді ж?не эмоцияны реттеу; байланыс ж?не ?зара ?рекеттесу м?мкіндігін ?амтамасыз ету.
1. «Танысу» жатты?уы
Жатты?у барысы:
Ж?ргізуші: Е? алдымен таныспас б?рын жартылай екіге б?лініп ше?бер жасал?ан орынды??а отырайы?. ?олымда?ы допты о?ушы?а беріп есімдерін атат?ыза отырып ?з бойында?ы ?ш ?асиетін кезекпен айтады.
Просмотр содержимого документа
«"Мен ?мірді с?йемін"»
«Мен өмірді таңдаймын»
тренинг
Өткізген: Нурмагамбетова Эльмира Қазбекқызы
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын» Семинар- тренинг
Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
«Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы:
Жұргізуші: Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.
Өміршендік ережесі.
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген-Мен
2. Күш деген-Мен
3. Махаббат деген-Мен
4. Кешірім деген-Мен
5. Құдірет деген-Мен
6. Жасөспірім деген-Мен
7.Жастық шақ деген-Мен
8. Денсаулық деген-Мен
9. Адалдық деген-Мен
10. Жарқындылық деген-Мен
11. Бар ғажайып деген-Мен
Хормен:Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
«Мейірімділік алаңы» жаттығуы
Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.
Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.
Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.
«Менің көңіл күйім қандай?»
Балалар өз көңіл күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады. (Көңілді, көңілсіз, ренжеулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл күйлерін баяндайды.
«Ақиқат орындығы»
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.
Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Карточкадағы сөйлемдер
-Ең үлкен қорқыныш –бұл...
-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
-Мен ренжимін, егер...
-Мен ұмытпаймын, егер...
-Маған көңілсіз, егер...
-Егер маған дауыс көтерсе, мен...
-Мен қарсыласқанда...
-Егер мен сенімсіз болсам...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз. «Менің таңбам»
Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартсында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба –негізгі қалқан болып табылған. Қалқан –қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, екіншіден-өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.).Үшіншіден- ең үлкен жетістігім. Төртіншіден-сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншіден-өзің туралы естігің келетін үш сөз.
Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:
-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;
-жалғыздықты сезінгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
-өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы да қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
-өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
-өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.
Нұсқау: Мына суретте ит бейнеленген. Оның бақыты үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не? Иттің қасында барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның көңіл-күйін қалай көтересіз.
Бұл итке тура келмейді-ау, бұл оған керек емес деген ойлар сізге кедергі келтірмесін. Не қаласаңыздар, соны салыңыздар.
«Іздеуді жалғастыр!»
Ойылар шеңбер бойымен отырады. Бір ойыншыны бөлмеден шығуды қалаймын. Қалған оқушылар бір затты тығады. Содан кейін бәрі «Жалғастыр, Жалғастыр, Жалғастыр!» деп өлеңдетіп айтады. Бөлмеден шыққан ойыншы қайтадан бөлмеге келеді де тығып қойған затты іздей бастайды. Егер де ойыншы зат тығылған жерден алысқа кетсе бәрі өлеңді қатты айтады, ал егер де жақындаса бәрі ақырын айтады. Тығылған нәрсе табылғанша ойынды жалғастырамыз.
«Саңырау телефон»
Барлық балалар шеңбер бойында отырады. Бірінші отырған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтамын. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін айтады, ең соңғы қалған оқушы естігенін дауыстап айтады. Мысалы, Мен өмірге келгеніме қуанамын, мен болашақта мықты маман боламын, ата-анамның борышын ақтаймын т.б және өз пікірлерін ортаға салады.
«Күн шуағы»
Балалар «Мен өмірді таңдаймын» деп отырып өмірге деген құлшыныстарыңды біздің мектеп оқушыларына үндеу жолдайық. Әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің тұсына ілейік.
Күн-денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскедеріңе байланысты. Бұл сөз жоғары пафоспен айтылса да, шындығын да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар.
«Сыйлық» жаттығуы
Мақсаты: Оқушыларды өмірге деген ынтасын арттыра отырып адамдарға, қоғамға керектігін сезіндіру (ата-анасына, туыстарына, достарына т.б.).
Әр бала өзінің кімге керектігін айтады.
өзі жақсы көретін адамға қимыл мен ым арқылы қасында отырған оқушыға сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі затты алып алғыс білдіре отырып қабылдайды.
Қорытынды:: Құрметті қонақтар! Өмірде ақ пен қараның қатар жүретіні бәрімізге мәлім. Менің мақсатымосы шағын көрініс арқылы адалдықтың, ақтық пен пәктіктің әрқашан да жеңіп шығатынын сіздерге жеткізу.
Ақ пен қара бейнесін көрсету шағын көрініс. Соңында Ақ киінген оқушы қараларды жеңіп шығып отырған оқушыларға, мұғалімдерге тыңдаушыларға жылулық, бақыт, денсаулық мейірім, күлкі т.б сыйлайды.