Мектепалды даярлық топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар
Мектепалды даярлық топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар
«Түлкінің балалары мен бүркіт» Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту. Ойын барысы Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады. Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар»
Мектепалды даярлық топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар «Түлкінің балалары мен бүркіт» Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту. Ойын барысы Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады. Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.
«Көкөністер» ойыны. Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы: Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді. Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.
«Суретті есіңе сақта» ойыны.
Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.
Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай. Ойынның өтілуі барысы: Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.
«Ұқсас сөздер» ойыны Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту. Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім». Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы. Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.
«Сиқырлы дыбыстар» ойыны Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту. Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады: - «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар. - «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.
«Көбелектер әлемі» жаттығуы Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)
Жаттығудың өтілу барысы:
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.
«Алтын жұмыртқа»
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балаларға үстел - үсті театры арқылы баяндап айту, сұрақ-жауап арқылы балалардың сөйлеуін, тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету.Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне назар аудара отырып, ертегіні түсінуге,қабылдауға,сезінуге жетелеу. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: Ғажайып сәт,психологиялық тренинг,ой - қозғау, түсіндіру, көрсету сұрақ-жауап, ойын жаттығу.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің макеті,үлестірмелі материалдар Сөздік жұмыс: Алтын жұмыртқа, жәй жұмыртқа, тауық, ұрады . Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа материалды игерту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес. Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату, доспыз. Қане бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін, жақсы тілектер айтайықшы.
- Күніміз жарық болсын! - Аспанымыз ашық болсын! - Деніміз сау болсын! - Елімізде тыныштық болсын! Жарайсыңдар, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілі. - Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар, қандай ерекшелігі бар? - Күн жылынып келеді, ағаштар бүршік жарады, құстар қайтып келеді. - Қандай мерекелерді тойладық? - Аналар мерекесін, наурыз тойын тойладық. - Ия, тіршіліктің бәрі оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер? - Торғай, қарға, тауық. - Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады? - Жұмыртқа шығарады. - Ендеше, мен сендерге "Алтын жұмыртқа" ертегісін айтып берейін. Ертегіні үстел - үсті театры арқылы көрсетіп отырып әңгімелеу. - Балалар ертегі не туралы екен? - Алтын жұмыртқа туралы. - Онда тағы қандай кейіпкерлер бар? - Ата, әже, тышқан, тауық Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы. («Шөжелер» әніне қимыл жасайды) - Балалар жұмыртқаның пішіні қандай? - Пішіні сопақша - Түсі қандай? - Түсі ақ.
Осы кезде тауықтың дауысы естіледі. - Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі? Топқа қыт-қыттап тауық кіреді. - Қыт – қыт - қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі балалар! - Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе? - Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме? - Ия, көмектесеміз.
«Бөлігін тап» ойыны. Балалар бөліктерін тауып құрастырады. - Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым. - Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып «Балапандар» ойынын ойнайық. Күтілетін нәтиже:
Білуі:Ертегі мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін мағыналы түсіне біледі. Меңгеруі: Тілдің дыбыстық мәдениетін, тіл байлығын, тіл белсенділігін меңгереді. Жасай алуы.Бөліктерден бүтін жасай алады.