kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?ты д?рыс та?дау - табысты ?мірді? кілті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Маманды?ты д?рыс та?дау - табысты ?мірді? кілті о?шыларды маманды? та?да кезінде к?мек беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?ты д?рыс та?дау - табысты ?мірді? кілті»

Тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті»


Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.


Сабақтың түрі: дөңгелек үстел


Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, қанатты сөздер, т.б


Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстары, сауалнама, дидактикалық ойындар


Қатысушылар: 9-сынып оқушылары


Дөңгелек үстелдің ережесі:

1. Сыйластық

2. Тыңдай білу

3. Сөзді бөлмеу

4. Белсенділік таныту

5. Шығармашылық

6. Төзімділік

7. Түсіністік қарым-қатынас


Даналық сөздер:

1. Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

2. Байлық-қанағат пен еңбекте

3. Аз жұмысты қиынсынсаң- көп жұмысқа тап боласың.

Азға қанағатқылмасаң-көптен құр қаласың.

4. Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

5. Еңбек етсең қара жерде береді, құр тастамайды.

6. Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талантта, ешбір кемеңгерде шықпайды.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу

Он бес пен жиырма бестің арасында

Бұл жаста аласым көп, бересім де

Алдымда толған мақсат, толған таңдау

Алайын анасын ба, мынасын ба?


«Кім боламын?»

Бұл аса бір күрделі де қиын сауал. Осыған жауап беретін адам кім дегенде алдымен ауызға ілігетіні тағы да сол баланың ата- анасы. Өйткені олар өз перзентінің жай-күйін бесікте жатқан кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі оның бірден- бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез-құлық, қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы.


«Танысу» жаттығуы

Шарты:

Әр оқушы өз есімдерінің алғашқы әріптерінен басталатын сын есімдерімен өздерін таныстырып өтуі қажет.

Мысалы: ақылды- Ақбота, т.б


2. Кіріспе сөз:

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екеншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Мына жалған дүниеде қалың қалтаны, бақуатты өмірді, шіріген байлықты армандамайтын адам кем де кем. Мүлде жоқ демейміз, бірақ, олардың қатарының көп екендігі ақиқат.

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдау тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

Ал оқушылар ары қарай осы мамандық жайында жазылған

А. Бақтыгерееваның жыр шумағымен жалғастырсақ....


Мамандық таңдау

Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.

Балалықпен қоштасар күн туады.

Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп

Юрфакқа түсуге ұмтылады.

Не демекпіз шөліркеп дала жатса

Не болмақшы теңіз, құм араласса?

Жұмыс іздеп уақытша келгендермен

Кешіп жатыр өз күнін балабақша.

Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,

Заң маманы болуды қалап бәрі.

Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ

Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..


«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез- келегеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Ж. Аймауытов.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистиктердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. Адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге болама? «Мамандық- дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.

Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүддесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе құба-құп.

Жалпы мамандық таңдау кезінде бір –бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.

1. Бұл мамандық маған не береді? Осы мамандықты таңдасам, өзімнің қабілетімді түгел жұмсап, өзіді өзім көрсете аламынба?

2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққы, қоғамға қандай пайда келтіре аламын.


3. Пікірталас:

1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?

2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?

3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?

4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?

5) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңыды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды жәнеде өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?

Ата-ананың арманы-баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала- сүйік, жаман бала- күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата-ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды.


4. Кеңестер:

1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін -өзі құрметтей білуі керек.

2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?»

3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)

4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)

5. Кез келген арманды іске асыра біл.

6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.

Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам- қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз. Мамандық таңдауда оның 5 қадамын жоспарлау керек:


1. Арман (тілек)

2. Көз жеткізу (қажеттілік)

3. Жоспарлау

4. Әрекет

5. Игеру


5. «Ең жақсы» ойыны:

Қазір сендерде мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерңн ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.

Ең ақшалы -------------------- (банк қызметкері, экономист)

Ең жауапты ------------------- (сот, бухгалтер)

Ең тәтті ---------------------- (аспаз, кондитер)

Ең салмақты ------------------- (мұғалім, заңгер)

Ең қарым-қатынасы күшті ------------ (бизнесмен)

Ең күлкілі ------------------ (Клоун)

Ең жасыл ------------------ (эколог, географ. бақташы)


6. Егер мамандық иесі болсаң не істер едің..... (ситуациялық шешу)

Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?

Мұғалім. Сабаққа атана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?

Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты, Не істер едіңіз?

Заңгер. Екі бала арасында келіспеушілік болды, екуіде өздерінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Бұл дау-жанжалды заңгер ретінде қалай шешер едіңіз?

Программист. Сізге облыстан тексеруші келіп ехсеl прогаммасымен жұмыс жасап жүргізді. Бірақ бұл кісі сенің қасында қарап тұр, сен жұмыс істей алмай жатырсың. Не істер едің?

Автоэлектрик. Сіз машинамен келе жатырсыз. Кенеттен машинаңыздың ішінен бір жағымсыз иіс шықты. Ал сонда сіз не істер едіңіз?

Қаржыгер. Зейнеткердің зейнетақысы бір номер қателесіп, келесі адамға түсіп кетті. Сондағы сіздің әрекетіңіз?

Кәсіпкер. Сіз кәсіпкерсіз. Жаңа жылға орай сіз көп отшашулар әкелдіңіз. Бірақ тұтынушылардың ешқайсысы оны алмады. Сізге оның ақшасын толтыру қажет. Сіздің сондағы әрекетіңіз?




7. Шағын викторина.

1. Кім бірінші: ер ме, әйел ме тоқыма тоқыған? (ер)

2. Адамды жұмысқа алу үшін толтыратын құжат қалай аталады? (контракт)

3. 14 кәсіпорын ашқан орыс патшасы кім? (Петр І)

4. А. П. Чехов мамандығы бойынша кім болған? (дәрігер)

5. Ақшаңыздың санын қалай екі еселеуге болады? (айнадан қарағанда)

6. Қай адам бір қолын көтеріп автомобильді тоқтата алады?(май инспекторы)

7. Кімнің алдында адам бас киімін шешеді? (бастық)



8. Кестені толтыр.


Мамандық

Адамның қасиеті

Әлеуметтік жұмысшы

Коммуникативтік

Психолог

өзге адамның эмоциясын сезіну

Медбике

Жанашырлық

Менеджер

Еңбекке қабілеттілік

Бизнесмен

Пысықтық

Зерттеуші

Тапқырлық

Мұғалім

еңбекқор



9. Жұмбақтар сайысы.

Айдында жүзеді,

Тірі күміс сүзеді. (Балықшы)


Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)


Өнерге тән жаратқан,

Көкірегі кең аспан.

Барша жұртты қаратқан,

Бейнегер кім тым асқан. (Қылқалам шебері)


Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа (Футболшылар)


Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшілікті тыңдайды. (Журналист)


Кең байтақ туған жеріме,

Кетпесін деп жат із өтіп.

Тыныштық тілеп еліме,

Отанды кім тұр күзетіп. (Жауынгер)


Арқан байлап беліне,

Шымырлықпен бекіне.

Өрмелейтін қай өрен,

Шыңның шырқау шегіне? (Альпинист)



Төл өсіріп момақан,

Уыз ішкен қоймалжың.

Білсең айтшы балақан,

Еңбегі зейнет қай малшы? (Қойшы)


Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы.

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)


Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашаып тұрады. (Электрші)


Күміс қанат, сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)


Өрнектеп сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігеді? (Тігінші)


Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)


Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын.

Қай жерде қай дақыл,

Өнім берер бай дақыл


Зерттеп дәйім жүретін,

Кім бәрін білетін? (Агроном)


Көрінбейді өзі,

Естіледі сөзі. (Радио дикторы)


Жалтылдап қалағы,

Салатын кім қаланы? (Кірпіш қалаушы)


Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)


Оның тіккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемілеп баптайды. (Етікші)


Ортасында сан халық,

Белдескенде жан салып.

Жерге тимей жотасы,

Атанған күш атасы,

Айбаттыны кім дейді,

Қайраттыны кім дейді? (балуан)


Көкке ұшқан шарықтап,

Шаңырақтың бауынан.

Ұстап үстем қалықтап. (Парашютист)


Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)


Құрып қойып өрмегін,

Ұршықтарын ойнатып.

Сәнді мата өрнегін,

Жасайтын кім жайнатып.? (Тоқымашы)


Екі шекпен күмбірлеп,

Көңіл сазын сапырады.

Тұлпар шабыс дүмбірлеп,

Желпіндіріп отырады. (Күйші)


Білім дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Мұғалім)


10. «Мамандықты тап » ойыны

Қатысушыларға кеспе қағаздарға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысуы керек. Қалғандары сол мамандықты табу керек.

(Хатшы, Мұғалім, Кітапханашы, Бухгалтер, Банк қызметкері, Сатушы, Дәнекерлеуші, Әнші, Журналист, Дәрігер, Заңгер, Суретші, Шаштараз)






11. Мына пішіндердің бірін таңда:











Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған.Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздкген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқанынан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.


12. Суретті тест

Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Күннің суреті ----------- жақсы, көңілді

Бұлттың суреті --------- орташа

Жаңбыр --------------төмен


Қорытынды: Әбунасыр Әл Фараби: «...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесекте содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,-деген.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан.































Көрермендерге көркем фильмнің әсері бөлек. Соғыс жылдарындағы қиын уақытта ауыл тұрмысын, бала Сұлтанның дүниеге келер сәтін әдемі көрініс сол кездегі қарапайым қазақ отбасының тұрмыс-тіршілігін, тәлім-тәрбиесін көрсетеді. Райымбек бабаның мазарының басына түнеп, құдайдан бала тілеген ата-ана көп ұзамай ұлды болады. Әр қазақтың отбасында кездесетін ұлттық менталитет десе де болғандай, тұңғыш бала әжесінің баласына айналады. Әже тәрбиесі бала Сұлтан үшін рухани мұражай бола алғаны анық. Қалта толы асық, әжесінің күмістен жасалған ұлттық жәдігерлерін жайып қойып, баласына қызық ертегі айтып беретіні, сондай-ақ, әкесі Әбіштің баланы кішкентайынан-ақ ат құлағында ойнауға үйретуі, мерген абыз Асан атаның қансонарға бірге алып шығуы, ат жарысқа қатысуы, қыстыгүні омбылаған қармен көрші ауылға неше шақырым жаяу жүріп таңсәріде мектепке қатынап оқуы, жас күнінен ата-анасымен бірге өгізге жеккен соқамен жер жыртып, гектар жерге қызылша егіп, оны өткізіп, жалақы есебінде 25 келі қант алған бейнетті күндер сол уақыттағы ауыл өмірінің бейнесін, сол уақыт ұрпағының өмірін айшықтай түседі. Тау етегінде өскен бала өз қиялымен тастан қала салып ойнайды. Көрермен бала қиялымен тау тастарынан, дала гүлдерімен салынған қаланың бүгінгі Астана екенін бірден-ақ түсінеді. Бала кезден аспанға ғашық болған, ұшқыш болуды арман еткен Сұлтанның қалаған мамандығына оқуға түсіп тұрып, ата-ананың, үлкендердің ақылымен, туған жерде еңбек етуге бел байлағаны көрсетіледі. Кадр сыртында балалық шақтың естелігін баяндаған Сұлтанның сөзімен айтқанда:


“Асқақ арманға жетелеген балалық шақтың аспаны қанша уақыт өтсе дәл солай, баланың көңіліндей кіршіксіз таза, жігіттің арманындай асқақ болып қала береді…”


Кино Үшқоңыр жайлауында, Шамалған ауылында және Қаскелең қаласында түсірілген.


Фильмнің режиссері – Рүстем Әбдірашев, туындының сценарий авторы Шахимардан Құсайынов, Рүстем Әбдірашев. Президенттің әжесінің ролін есімі елге белгілі, халық әртісі Б.Төлегенова, Президенттің балалық шағын кішкентай бала Елжас Әлпиев ойнайды. Фильм түсіру барысында кішкентай баланың ролін ойнайтын баланы табу оңайға түспепті. Бір айта кетерлігі, Астана қаласында флиьмнің премьерасын тамашалаған Елбасы фильм ғана емес, өзінің бала кезіндегісінен аумайтын баланың ұнағанын атап айтқан. Президенттің жасөспірім кезін Әбілмансұр Серіков, ал жастық шағын Нұрлан Әлімжанов сомдайды. Президенттің анасының жастық шағын Алмагүл Әлішева, қартайған шағын Наталья Орынбасарова, ал әкесінің жас кезін Ержан Жарылқасымұлы, ал егде тарта бастаған кезін Нұржұман Ыхтымбаев бейнелейді.


Фильмнің соңы Н.Назарбаевтың 17 жасымен аяқталады. Яғни, балалық шағы мен жасөспірім кезеңі. Фильмнің режиссиері Р.Әбдіраштың айтуынша, фильмді жалғастыру жоспарлануда екен, бірақ ол өзінше тарих болмақ…


Президенттің балалық шағынан түсірілген фильм сол уақыт ұрпақтарына өз балалық шағын еске түсіретіндей, бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұрпағы үшін бере тағылымы мол екені сөзсіз.











Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау


Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.

Тег:

мамандық туралы, мамандық таңдау, маман, мамандық түрлері, мамандық и











Ең табысты мамандықтар


Мына жалған дүниеде қалың қалтаны, бақуатты өмірді, шіріген байлықты армандамайтын адам кем де кем. Мүлде жоқ демейміз, бірақ, олардың қатарының көп екендігі ақиқат.

Тег:

мамандықтар, ең табысты мамандықтар, мамандық таңдау, мамандық туралы, ақша, Байлық






Айдында жүзедi,

Тiрi күмiс сүзедi. (Балықшы)


Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртiбiн нұсқаған.

Өмiрiңдi күзеткен,

Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері)


Өнерге тән жаратқан,

Көкiрегi кең аспан.

Барша жұртты қаратқан,

Бейнегер кiм тым асқан? (Қылқалам шеберi)


Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенiн,

Жылытқан кiм суретiн? (Бейнегер)


Жасыл желек көгалда,

Бiрде артқа,

Бiрде алға,

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бiр шарға. (Футболшылар)


Өңкей сығай екi топта,

Таласып жүр бiр допқа. (Футболшылар)


Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшiлiктi тыңдайды. (Журналист)


Кең байтақ туған жерiме,

Кетпесiн деп жат iз өтiп.

Тыныштық тiлеп елiме,

Отанды кiм тұр күзетiп? (Жауынгер)


Арқан байлап белiне,

Шымырлықпен бекiне.

Өрмелейтiн қай өрен,

Шыңның шырқау шегiне? (Альпинист)


Шың басына өрмелеп,

Күнге ұмтылар дөңгелек. (Альпинист)


Айлар бойы жүзедi,

Жердi көрмей жүредi.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кiм бiледi? (Теңiзшi)


Төл өсiрiп момақан,

Уыз iшкен қоймалжың,

Бiлсең айтшы, балақан,

Еңбегi зейнет кай малшы? (Қойшы)


Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)


Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашып тұрады. (Электршi)


Күмiс қанат, сұңқары,

Көкке еркiн сүңгидi.

Бұлттан да тым әрi,

Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)


Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)


Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)


Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын,

Қай жерде қай дақыл,

Өнiм берер бай дақыл,

Зерттеп дәйiм жүретiн,

Кiм бәрiн бiлетiн? (Агроном)


Көрiнбейдi өзi,

Естiледi сөзi. (Радио дикторы)


Жалтылдап қалағы,

Салатын кiм қаланы? (Кiрпiш қалаушы)


Қараңғыны қақ жарып,

Жүрген кiм шам жағып? (Монтер)


Бал татыған мәзiр,

Ол бар жерде әзiр. (Аспаз)


Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)


Оның тiккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)


Ортасында сан халық,

Белдескенде жан салып.

Жерге тимей жотасы,

Атанған күш атасы,

Айбаттыны кiм дейдi,

Қайраттыны кiм дейдi? (Балуан)


Көкке ұшқан шарықтап,

Шаңырақтың бауынан.

Ұстап үстем қалықтап. (Парашютист)


Дабылға тез жететiн,

Жалынға сүңгiп кететiн.

Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,

Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)


Құрып қойып өрмегiн,

Ұршықтарын ойнатып.

Сәндi мата өрнегiн,

Жасайтын кiм жайнатып? (Тоқымашы)


Ұзын-ұзын жолдар бар,

Үйрек қонар көлдер бар.

Ат үстiнде шокиып,

Отыратын күндер бар. (Өрмек тоқушы)


Отан үшiн жан берiп,

Жоғалтқанмен ол атын.

Жүрегi бар мәңгiлiк,

Халықпен бiрге соғатын. (Белгiсiз солдат)


Екi шекпен күмбiрлеп,

Көңiл сазын сапырады,

Тұлпар шабыс дұмбiрлеп,

Желпiндiрiп отырады. (Күйшi)



Тәрбие сағаты

Арман керек адамға...

(Кездесу кеші)


Кештің мақсаты:

1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.

2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу

3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу


Кіріспе сөз: Мектептен түлеп ұшқалы отырған оқушыларды «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, ата - аналармен және ортамызға келіп отырған әр түрлі маман иелерімен сұхбаттассақ.


Жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын.

Соқса да дауыл, өрт болып өмір,

Қанаттар балғын талмасын –

деп, құрметті қонақтар, бүгінгі “Арман керек адамға…” атты пікірлесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!


Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарын ортадағы белгіленген орындарына жайғасуларын өтінеміз.

1.«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» деп ұстаздар атынан Ілиясов Болат ағайды ортаға шақырамыз.

2. «Баланың бас ұстазы – ата - анасы» демекші ата - аналардың атынан Жолжанова Жаңыл апайды қошеметтеп ортаға шақырамыз.

3. «Бала – біздің болашағымыз» деп, енді ортаға мектеп бітіруші түлектерімізге қош келіпсіздер дейміз.

4. Және сондай – ақ әр түрлі мамандық иелерін шақырып отырмыз, сол кісілерді ортаға шақырамыз.

Ал құрметті қонақтар, кешімізді ары қарай осы мамандық жайында жазылған А. Бақтыгерееваның жыр шумағын тыңдайық.

Мамандық таңдау

Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.

Балалықпен қоштасар күн туады.

Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп

Юрфакқа түсуге ұмтылады.

Не демекпіз шөліркеп дала жатса,

Не болмақшы теңіз, құм араласса?

Жұмыс іздеп уақытша келгендермен

Кешіп жатыр өз күнін балабақша.

Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,

Заң маманы болуды қалап бәрі.

Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ

Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..


Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.


“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” Ж. Аймауытов.


Әрбір түлектің асқар арманы, алдыға қойған мақсаты бар. «Мен кім болам?» деп ойланып, мақсат қойып жүрген шәкірттердің ой - арманын бейнелейтін «мамандықтар» мәселен мыналар:


Енді бізде мамандық таңдауда көптеген қиындықтар мен қателіктер туындап жатады. Соған назар аударсақ.

1. Бірден жоғары квалификациялы мамандық таңдау

2. Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау

3. Мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі

4. Өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау

Және сондай-ақ мамандық таңдауға әсер ететін біршама факторлар бар.

Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Зал ішінде ең мықты мамандар қонаққа келіп отыр. Оларда өз мамандықтары жайлы сөз алады.

Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.


Жүргізуші: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз ата - анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш - жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді.

Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!


Шен - шекпенге жасыңнан

Құмар болма депті Абай

Милары жоқ масылға

Сыңар болма депті Абай

Бүкіл абзал адамның

Баласы бол депті Абай

Атаң менен анаңның

Панасы бол депті Абай

Өсиетін Абайдың

Орындап жүр кім қалай


Жүргізуші: Ұстаздар оқушыға басын иген,

Кей кезде тіпті оған кішірейген.

«Сыйға – сый, сыраға - бал» деген сөздің

Болмаса ережесін бұза білген.

Өйткені, ұстаз – ана, ұстаз – дана.


Мамандық ол ерекше, жеке - дара – пікірлесу кешіміздің алғашқы сұрағын ұстаздар атынан келіп отырған Ілиясов Болат ағайға қойсақ.


Сұрақ:

Жүргізуші: Бітіруші түлектер ағайға қояр сұрақтарыңыз болса, сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші: Сен арқылы үміт - от жанатындай,

Әр секундың мәңгілік сағатындай.

Алдыңдағы ақ парақ - адалдығың,

Ақ халатың аққудың қанатындай –

деп, ақындарымыз жырлағандай қашанда адам жанының арашасы бола білетін, ақ халатты абзал жандар еңбегі ерекше. Бүгінгі кешімізге келіп отырған дәрігер қонағымыз Шолпан апайымызды таныстырып өтейік.


Кешімізге қош келдіңіз! Дәрігер адам жанының бағбаны дейді. Менің ойымша дәрігер күрделі мамандық, осы күрделі жолды қалауыңыздың себебі неде?


Жүргізуші: Рахмет. Түлектер қояр сұрақтарыңыз болса.

Жүргізуші: Ата - ананың арманы – баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала – сүйік, жаман бала - күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата - ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды. Ендеше, келесі сөз кезегін кешіміздің құрметті қонағы болып отырған, біздің белсенді ата - аналарымыздың бірі Жаңыл апай ортамызда отыр екен.


Жүргізуші: Ақылмен толтырып саналарын,

Таудай боп өсті міне балаларың.

Шуағын бар әлемнің сыйлайтұғын,

Қуаныштарың құтты болсын аналарым –

деп, сөз кезегі ата - аналар сіздерде. Мамандық таңдау жөнінде балаңызға қандай ой салдыңыз, балаңыздың таңдаған мамандығына көңіліңіз тола ма?

Апайға қояр сұрақтарыңыз болса.


Жүргізуші: Кеше ғана сәби болсаңдар, бүгінде мектептен ұшып, арман қуғалы отырған түлексіздер, ал келешекте бүгінгі ата - ана, ұстаздармен, дәрігерлермен иықтас болатын өміріміздің мұраттарын жалғастырушы ұлы күшке айналасыздар. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.


Жүргізуші: Келесі сөз кезегін кешімізге келіп отырған маман иелеріне береміз. Әркім өз мамандығы туралы сыр шертсе, және қоятын сұрақтарыңыз болса оқушылар қоя берулеріңізге болады. Бүгінгі кешімізге келіп отырған мамандарға бітіруші түлектер атынан алғыс білдіру үшін ортаға Жәнібекова Тұрсынды шақырамыз.


Құрметті қонақтар! Сіздерге бір тапсырма болайын деп тұр. Кешімізге келіп отырған апай ағайлар 11 - сынып түлектеріне қандай тілектер білдіресіздер, сол ойларыңызды қағаз бетіне түсіріп, естелік ретінде ұсынсаңыздар.


Жүргізуші: Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан.







Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті

Жарияланды 17-10-2012, 11:47 Категориясы: Ұстаздарға

Тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»


Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

Өткізу формасы: дөңгелек үстел

Қатысушылар: 10-11- сынып оқушылары


1.Кіріспе сөз

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.


2. Пікірталас

1) «Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?»

2) Ата-аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?

3) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?

4) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.


3. «Ең жақсы» ойыны

Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.

Ең жасыл------------(эколог, географ, бақташы)

Ең тәтті------------------(аспаз, кондитер)

Ең ақшалы---------------(банк қызметкері,экономист)

Ең күлкілі-------------------(клоун)

Ең жауапты ----------------- (сот, бухгалтер)

Ең салмақты------------------- (мұғалім, заңгер)

Ең қарым-қатынасы күшті------- (бизнесмен)


4. Суретті тест

Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Күннің суреті------- жақсы, көңілді

Бұлттың суреті----- орташа

Жаңбыр------------- төмен


Қорытынды

Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.




Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді.


Барысы:


Қазақстан Республикасы әнұранын айту


“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”


Нұрсұлтан Назарбаев


1-жүргізуші: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтаыменен бірге жапырақ жаясың.

Тұманбай Молдағалиев

2-жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп аталады.

Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ).

1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады.

(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету)




2-жүргізуші: Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету).























1-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.

2-жүргізуші: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері:

(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету)

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.

1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.

1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1-жүргізуші: 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі).

























2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ:

- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;

- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;

- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды;

- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;

- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан;

1-жүргізуші: Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.

Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.

(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі).

Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады.

Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».

Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді».

Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер.

Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.

Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық.

Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы».

Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».

2-жүргізуші: Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.

Әндерімен таныстыру.

Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету)

1-жүргізуші: Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.

• ... Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

• «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».

• Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

• Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

• Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

• Сөз бостандығы шексіз емес.

Ол – табындыратын ғана емес,

Талқандайтын да қуатты күш.

Тәрбиеші: балалар енді Елбасымыздың дәрежесін атайық.

(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады )


Қазақстанның тұңғыш президенті

Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы

Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы

Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы

«Ғасыр адамы»

Экономика ғылымының докторы, академик

Әнұранның авторы, жазушы

Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы

Алымды да, алғыр басшы

Көреген саясаткер


Тәрбиеші: Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамың!

Өркені өссін қазақтың,

Осы – менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы – менің мұратым!

О, Ақорда, Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық,

Осы – менің мақсатым!

Халқым – менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы – менің тілегім.


Қорытынды: Құрметті тәрбиешілер, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабағымызды балалар үйі музыка үйірмесі жетекшісі Беделбек Нұрғалиевтың «Елбасы арманы» әнімен аяқтаймын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Маманды?ты д?рыс та?дау - табысты ?мірді? кілті

Автор: Исахова Гулфарида Тилеукабыловна

Дата: 08.09.2016

Номер свидетельства: 342809


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства