Просмотр содержимого документа
«ДПТ балалар?а арнал?ан т?зету- дамыту ж?мысыны? ба?дарламасы»
ПДТ балаларға арналған психологиялық түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы
ПДТ диагнозының пайда болуы келесі себептерге
байланысты болуы мүмкін:
А )Баланың туылуы кезіндегі ақаулықтар, басынан өткен аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, психологиялық дамуының тежелуі, малярия, тұмау, сары ауру, іштегі улану секілді аурулардан т.б. себептерден пайда болуы;
В)ПДТ негізгі бұзылуы - интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері.Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауының төмен болуы;
Г) Әлеуметтік-психологиялық бейімделмеу, негізі бақылаусыздық, әлеуметтік және жекелік құндылықтың жағымсыз жағы, қоршаған ортаның кері әсерінің болуы;
Д)Экологиялық жағдай- баланың психологиялық және физиологиялық дамуына кері әсер етуі.
№
Психологиялық түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы
1
А) Оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек беру.
Б)Оқушылардың өз ішкі әлемдерін тануға мүмкіндік беру.
В) Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін түзету және дамыту
2
Жұмыс түрі
Әдістер
А) Сыныпта психологиялық жағымды қарым - қатынас орнату.
Б)Оқушылардың топ ішіндегі анықталған қарым-қатынасын әрі қарай дамыту.
В)Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және тексеру
3
Уақыты
Әңгімелесу
Сауалнама «Мен қандаймын?»
«10 сөз» әдістемесі
4
А)Оқушылардың отбасына деген қарым-қатынасын, мейірімділігін арттыру.
Б)Зейін процестеріне байланысты жаттығулар арқылы оқушылардың зейін шоғырлануын түзету және дамыту.
Дж.Морено «Социометрия» әдісі
Тренинг «Тату отбасы»
А.Л.Венгер «Үлгі мен ереже»әдістемесі
Жыл бойы Қыркүйек Қазан
Қараша
Желтоқсан
А)Оқушылардың пішін мен көлем түсті қабылдауын қалыптастыру және дамыту.
Б) Бейнефильм көрсету арқылы оқушылардың өмірге көзқарасын өзгерту
5
«Үй, ағаш, адам»Дж.Буктың әдістемесі
«Мюстерберг» әдістемесі «Көрші» жаттығуы
А) Сергіту жаттығулары мен дамыту ойындары арқылы балалардың эмоциялық-танымдық қызметтерін қалыптастыру және дамыту Б)Психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін сөздік қорын арттыру
6
Қаңтар
Ақпан
«Төртіншісі артық»әдістемесі
А.З.Зак «Анаграмма» әдістемесі
Бейнефильм «Құмыра»
Қорытынды (түзету-дамыту жұмыстары бойынша ПДТ балалармен жүргізілген жұмыстың қорытындысы)
Наурыз
«Кеспе сурет» әдістемесі
«Күнбағыс» тренинг-жаттығуы
Ш.Е.Рысмаханбетова "Қисынсыздықтар" әдістемесі
Сәуір
Диаграмма
Мамыр
Әдістеме «Мен қандаймын?»Мақсаты: тұлғаның өзін-өзі бағалауы анықтау. Аты-жөні_______________________________ сыныбы______________
№
1
Жеке адам қасиеттері
Жақсы
Иә
2
Қайырымды
Жоқ
3
Ақылды
Кей кезде
4
Білмеймін
5
Ұқыпты
6
Тіл алғыш
7
Қамқор
Әдепті
8
9
Қабілетті
10
Еңбек сүйгіш
Адал
Мақсаты: баланың сөздерді есте сақтауын анықтау.
Зерттеуді жүргізу барысы : 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс. Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.
Бірінші жаттығуды жүргізу үшін психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: "Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тындап, есте сақтап қалуға тырысындар. Meн оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар".
Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: "Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сендер ол сөздерді тағыда қайталап айтасындар. Бірінші қайталаған сөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар".
Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:
"Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тындандар". Бесінші рет қайтала ғ анда: "М е н б ұ л сөздерді соңғы рет оқимын, сендер олардың барлы ғ ын түгел кайталау ғ а тырысы ң дар" — деп анықтау арқылы жүргізіледі. Б ұ л тәсілдің к ө мегімен балардың шығармашылық қабілетін дамытып, тіл байлығын терендетуге болады.
Тапсырманы орындату барысында келесі көрсеткіштер бағаланады.
Дыбыстардың д ұ рыс айтылуы.
Дикциясының анықтығы.
Дауысының м ә нерлілігі.
Сөздік қоры.
Сөзді орнымен нақты қ ол дана білуі.
Ұ ғымдарды түсіндіретін лексикондағы с ө здің б ары .
Сөйлеуде грамматикалық қате нің болмауы.
Әртүрлі.грамматикалық формаларды қолдануы.
II.Әр түрлі сөйлемдерді дұрыс құра білуі.
Сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс анықтай білуі.
Сөйлемде аяқталған ойды айта білуі.
Әр түрлі сипаттағы сұрақтарға жауап беруі.
Қысқа әңгіме құра білуі.
Құбылыстарды, әрекеттерді, фактілерді бір-бірімен байланыстыруы.
«Социометрия» Дж. Морено әдісі
Мақсаты: оқушының сыныппен қарым-қатынас деңгейін анықтау;
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалнама үлестіріледі.
1.Кіммен бір партада отырғың келеді?
2.Кіммен бірге сабақтан соң үйге қайтқың келеді?
3. Кімді туылған күніңе шақырғың келеді?
«Таңдау» матрицасындағы» мағмұматтар өңдеп болғаннан соң, «Социограмма» жасалады.
Социограмма
Социограмма толтырылғанда ұлдар мен қыздарды бөлек белгілеуге де болады.
Нәтижесі: Сараптама нәтижесі бойынша оқшауланған (елеусіз немесе шеттеп қалған) оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Лидер
Социограмма толтырылғанда ұлдар мен қыздарды бөлек белгілеуге де болады.
Тренинг-жаттығу «Тату отбасы»
Мақсаты : қол, бет мимика арқылы сыныптағы көңіл –күйді жеткізу.
Жаттығу барасы : балалар дөңгеленіп отырады.Әр қайсысы белгілі бір іспен шұғылданады: бірі ермексаздан шарик, екіншісі тақтайға шеге қағып отырады, тағы біреуі сурет салып отырады т.б. Балалар іс –әрекетті шынайы етіп мимика арқылы көрсетеді. Жәй әуен қойылып тұрады.
Сұрақтар: - Қандай әсер алдыңыздар?
Қаншалықты қиын болды?
Ш.Е.Рысмаханбетованың "Қисынсыздықтар" әдістемесі
Мақсаты:баланың еске сақтау қабілетін зерттеу, логикалық ойлауының көрініс беруін, сөздік қорының, грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және өмірде кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатынасын түсінуін зерттеу.
Оқушыға сурет көрсетілгеннен соң оған келесі нұсқау беріледі. Суретте жануарлардың қисынсыз жағдайда болған сәттері көретілген (мысық ағаш басында құс сияқты ұяда отыр, кит иттің үйінде, ақ қайында алма гүлі ашылған және алмұрт пен ананас пісіп тұр, терезе алдындағы гүл, үйді қоршаған штакетник орындарынан адасып кеткен). Шартты мерзім өткеннен соң психолог суретті алып қояды да баланың сурет бойынша айтқан әңгімесін тыңдайды. Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап шығып, содан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсетуі керек. Бала үндемей отырса, психолог оған келесі сұрақтарды ретімен беріп, оны әңгімеге тартуы керек:
Саған сурет ұнады ма? Бала тек басын изеп жауап берсе оған келесі сұрақтар койылады:
Бұл суретте саған не ұнады? Егер бала сурет фрагменттерін ғана атаса келесі сұрақ беріледі:
Суретте не салынған? Бала жауабының мазмұнына байланысты косымша келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:
Тағы не бар еді?
Сурет қызық па?
Күлкілі нәрсе салынған жерлері бар ма?
Өмірде осындай жағдайлар кездеседі ме?
Орындары ауысып кеткен суреттер бар ма?
Егер бала бірден жағдайды дұрыс түсініп, орындары ауысып кеткен жануарларды атап шықса, онда қосымша сұрақ қоюдың ешқандай қажеті жоқ.
Орындау уақыты : 3 минут.
Бағалау шкаласы:
9-10 балл — бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәрсе ақиқатқа сай келмейтіндігін қанағаттанарлықтай түсіндіргенде қойылады және зерттелініп жатқан қасиеттер өте жақсы дамығын деп бағаланады.
7-8 балл — бала суреттегі қисынсыздыктардың барлығын атап беріп, олардың ақиқатка сай келмейтіндігін түсіндірсе, бірақ оларды айтып беруге қиналса қойылады. Бұл баға баланың еске сақтау қабілеті жақсы дамығанын, логикасы барлығын, дегенмен оның тіл байлығы немесе сөйлеу техникасы онша қалыптаспағанын көрсетеді. Баланың жалпы дамуы жақсы деп бағаланады.
5-6 балл ~ бала қисынсыздықтарды түгел байқаған, бірақ айтып беру барысында 4-5 қисынсыздықты толық көрсетіп, калғандарын еске түсіруге және ақиқатта қандай болатынын түсіндіруге қиналса койылады. Баланың жалпы дамуы орта деп бағаланады.
3-4 балл - бала қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп, олардың дұрыс орны қандай екенін әңгімелеп беруге қиналып, қоршаған ортадағы жан-жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толык түсінбейтіндігін көрсеткені. Бұл жағдайда баланың даму денгейі төмен екені анық байқалып тұр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып кетуі қиын деп бағаланады.
1-2 балл - бала тек сұрактар қойып жетелеу барасында қисынсыздықтарды еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе, немесе басын изеп отырса, оның даму деңгейі өте төмен деп бағаланады.