- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Тренинг ережелерімен таныстыру.
Бір-бірін сыйлау.
Ұзақ уақыт сөйлемеу.
Көңілді болу.
Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Әдепті - Әмина Үлпілдеген -Темірлан
Жағымды –Сабина Мейірімді – Уарысжан
Нұрдай –Еркежан Оқымысты- Досхан
Ынталы –Елдос Ажарлы – Расул
Жайдарлы - Айдын
Айбатты Асаналы
Ғажайып – Тимур
ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.
Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.
.
Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Шын досты қалай білуге болады?
«Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
ДОС
Көмектеседі
Ұқыпты
Адал
Білімді
Мейірімді
Қайырымды
Шыншыл
IV. Мәтінмен жұмыс. Екі дос (Ел аузынан)
Қамқоршы
Жанашыр
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
Екі жауынгер қалай дос болыпты?
Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?
Қосбасшы оны қалай сынамақ болды?
Қолбасшының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?
Бұлар қалай достасты?
V. «Достық.Бірлік.» үйін салу.
Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал-мәтелдер
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
VI. Тыныштық сәті.
Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)
Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.
VII. Дәйек сөз.
Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған
мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде
психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз
кластастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.
Кіммен дос болғың келеді?
Партада кіммен бірге отырғың келеді?
Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
IX. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.
X. Қорытынды.
«Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.