Біз адамдар арасында ?мір с?реміз. Жан-жа?ымыз?а м??ият ?араса?, айналамызда к?йбе? тірлік ж?ріп жатыр. Адамдар е?бек етуде, ж?мыс?а бара жатады, ж?мыстан ?айтып жатады. Демалады, ?она??а барады, ал?а ?ой?ан ма?саттарына жетіп, бас?а бір ма?саттар ?ойып жатады. Кейбіреулер болса ?ай?ы м??ды бастарынан ?ткеріп жатады. Ал кейбіреулер не ?шін ?мір с?ріп ж?ргендерін, ?иынды?тардан ?алай ??тылу керектігін білмей ?мірден т??іліп жатады.
Біз адамдар арасында ?мір с?реміз. Жан-жа?ымыз?а м??ият ?араса?, айналамызда к?йбе? тірлік ж?ріп жатыр. Адамдар е?бек етуде, ж?мыс?а бара жатады, ж?мыстан ?айтып жатады. Демалады, ?она??а барады, ал?а ?ой?ан ма?саттарына жетіп, бас?а бір ма?саттар ?ойып жатады. Кейбіреулер болса ?ай?ы м??ды бастарынан ?ткеріп жатады. Ал кейбіреулер не ?шін ?мір с?ріп ж?ргендерін, ?иынды?тардан ?алай ??тылу керектігін білмей ?мірден т??іліп жатады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Біз ?мірді с?йеміз! »
Оқушыларға өмір сырын түсіну,өмір сүру жолдары туралы ұғым беру; қауіпті әрекеттердің себеп-салдарынан қорғанудың сан түрлі әрекеттеріне басшылық жасаудың жолдарын үйрету; жасөспірімдер арасындағы болып жатқан суицид оқиғаларының алдын алу .
Біз адамдар арасында өмір сүреміз. Жан-жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тірлік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір-біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен. Ендеше, балалар, мен сендерді тренингке шақырамын.
Тыңдау әдебін сақтау.
Өз пікірін ашық білдіру.
Ашық көңілдіболу.
Белсенділік таныту.
Сыйластықта болу.
“Мен” принципін ұстану.
“Мұнда және қазір” болу.
Қатысушыларорындарынан тұрып, класс ішіндежүріп бір-бірініңқолдарын қысу арқылыамандасады.
Мақсаты:жағымды көңіл-күй, ұйымшылдықты
арттыру, эмпатия сезімін дамыту.
Уақыты:5 минут.
Нұсқау:Балалар, мен сіздерден бір-білеріңізге сәлемдемелеріңізді жазып, үстелдің үстіне қоюларыңызды сұраймын. Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз оны естелік ретінде өзіңізде қалдырасыз .
Сәлемдеме жазу қиынболды ма?
Сәлемдемені оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Тренинг сабағын жалғастыруға дайынсыздар ма?
Бүгінгі күнде өздеріңізге белгілі, қоғамда шешімін таппай келе жатқан проблемалар өте көп. СПИД ауруы, нашақорлық, ішімдік, шылым шегу- қоғамымыздың айықпас дертіне айналды, оны барлығымыз жақсы білеміз. Енді соңғы 4-5 жыл көлемінде тағы бір проблема туындады, қоғамға айықпас дерт болып жабысып, күн өткен сайын шешімі қиындап келеді. Ғылыми атауы “Суицид” адамның– өзіне-өзі қол жұмсауы.
Суицид – ішкі эмоцияналдық қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өзіне өзі қол жұмсау себебінен соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырылады. Психологиялық сөздікте суицид – ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндіріледі. Өкінішке орай, біздің елде өзіне өзі қол жұмсайтын оқиғалар, әсіресе, жастар мен жасөспірімдер арасында көбейіп кетті. Негізінен зерттеулерге сенсек, бозбалалар бойжеткендерге қарағанда өзін өзі өлтіруге 5-6 есе бейім болады екен. Соңғы бес жылда, Біздің мемлекетімізде кәмелетке толмағандар арасында өзін өлімге қиғандар саны 14157-ге жетіп отыр. Өзіне өзі қол жұмсау, яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде, көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденген. «Сәуір – ең қатігез ай» - деген американ ақыны Томас Эллиот. Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен – 120% жоғары болатын көрінеді.
Белгілі психолог У.Джеймс суицидті «интелектінің дамуындағы ауру» деп атаған. Бұл кеселге шалдыққандардан ішкі эмоционалды жағдайдың бұзылуы, үйлесімсіздігі, қоршаған ортаға деген көңілсіздік, кекшіл, жылдам ашуланғыш, қобалжу, негізсіз қорқу, стресс, депрессия, аффект жағдайлар мен жеткіншек жағдайындағы дағдарысқа ұшырайды. Сондай-ақ болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі байқалады екен.
Өмір онсыз да күрмелуге келмейтін жіптей қысқа. Сондықтан өлімді аңсамау керектігін түсінейік. Мың күнгі тамұқтан, бір күнгі жарықтың қымбат екенін естен шығармайық.
Алдыңызда жарықтар бейнеленген сурет тұр. Суретті өз қалауыңызша бояу, сызу, басқа бөлшектер қосу арқылы аяқтаңыз.
*Егер сіз жарықтарды айналдыра қоршасаңыз, онда сіздің дәл қазіргі уақыттағы жағдайыңыз мәз емес. Сіздің стресті бастан кешіруіңіз мүмкін, сіз өте қобалжып, біреуге өкпелеп жүрсіз. Сізде жағымсыз эмоциялар толы.
*Егер сіз бір немесе бірнеше жарықтың ішін боясаңыз, онда сіздің бір нәрсе мазаңызды алуда, дегенмен сіздің жағдайыңыз бірқалыпты, сіз өз проблемаңызды басқалардың көмегінсіз шеше аласыз.
*Егер сіз жаңа жарықтар қосып салсаңыз, онда сіз өз эмоцияңызды басқара аласыз.
*Егер сіз жарықтардың арасына бір заттың суретін салсаңыз, онда сіз қиын сәтте мойымайтын, өмірсүйгіш адамсыз. Сіз мұңаймайсыз. Эмоционалды дені сау адамсыз.
*Егер сіз жарықтың үстіне немесе арасына адамның немесе жануардың суретін салсаңыз, Сіздің жағдайыңыз нашар, дегенмен сіз өз проблемаңызды ойламауға, жаман ойлардан аулақ жүруге тырысасыз.
*Егер сіз жарықтардың шетін бір-біріне қоссаңыз, Сіз шындыққа тіке қарай алмайсыз, сіз жұрттың бәріне өз проблемаңыздың жоқ екендігін айтасыз, бірақ бұған өзіңіз сенбейсіз.
*Егер сіз жарығыңызды шаршының ішіне орналастырсаңыз, онда Сіз өзіңізге сын көзбен қарауға бейімсіз, сіздің эмоцияңыз үнемі ақылыңызға бағынады.
*Егер сіздің салған суретіңіз дөңгелек тәрізді болса, онда Сіз өз эмоцияларыңызды басқаларға көрсету арқылы жеңесіз.
Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3 рет деміңізді шығарыңыз. Терең тыныс алыңыз. Өзіңізді сарқырыманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз... Өзіңіздің маңдайыңыз, аузыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз... Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы, сергек сезінуіңізге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің бойыңыздағы ауыртпалық пен жағымсыз эмоцияларды алып кеткендей болады.
Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыз- дың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда...
Ал енді, сіздің бойыңызды тазартқан сарқырамаға өз алғысыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, терең тыныс алыңыз. Көзіңізді ашыңыз.
Мақсаты:Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Уақыты:5 минут.
Нұсқау:Төменде берілген сұрақтарға жауап
таңдап алып, дәлелдеңдер.
Үлгілі отбасы құру үшін.
Білім алу үшін.
Қоғамға және өз ортасына
пайда келтіру үшін.
Үлкен дәулетке қол жеткізу
үшін.
Өзін өзгелерге таныту үшін.
Жоғары атаққа ие болу.
Материалдық дербестік және мол
дәулетке жету.
Тату және берік отбасын құру.
Адал достары көп болу.
Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу .
Еңбекқор, адал, әділ болу.
Қабілетті, дарынды болу.
Өзін және өз мүмкіндіктерін
жақсы білу.
Өз-өзіне сенімді болу.
Адамдармен тіл табыса білу.
Ожегов сөздігінде:
«Өмір – организмде болатын құбылыстардың жиынтығы, материя болмысының ерекше формасы».
Даль сөздігінде:
«Өмір - өмір сүру, тіршілік ету; жеке тұлғаның қалыптасуы».
Кузнецов сөздігінде:
«Өмір – белгілі бір этапта дамитын өлі табиғаттан негізгі айырмасы, зат алмасу болатын материя болмысының ерекше формасы».
Осы анықтамалардың қайсысы сендерге жақынырақ?
Шарты:Қатысушылар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келіп, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойынға қатысушылардың әрқайсысына адамгершілік құндылықтары мен адами
сапаларды бір-бірден таратып береді. (Мейірімділік,
достық, махаббат, бақыт, адалдық, имандылық,
ұстамдылық).
Ойын жүргізуші қолындағы таяғын
шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да,
таяқты қоя береді. Аталған құндылыққа,
қасиетке жататын немесе ұқсас атауы бар
ойыншылар таяқты жерге құлатпай
ортада ұстап қалулары тиіс. Ал таяқты
құлатып алса, ойыннан шығады.
Соңында қалған ойыншы жеңімпаз
аталады.
Балалар, әрқайсысың қолдарыңдағы гүлдің күлтесіне өмірдегі ең қажетті құндылықтарды жазыңдар. Оқып шығып гүлді құрастырыңдар .
Мақсаты:Стресс кезіндегі сенімділікті қалыптастыру.
Уақыты:5 минут.
Нұсқау: Сыртқы және ішкі топ болып екіге болініңіздер. Екі сыртқы және ішкі шеңбер жасаңыздар. Ішкі және сыртқы топ қатысушылары жұбын тауып, менің белгі беруіммен кезекпен өз жетістіктері жайлы айтып, саусақтарыңмен есептеп, жетістік айтқан сайын “Сен жарайсың! Бір! Сен жарайсың! Екі!” деп ары қарай жалғастырады. Сіз өзіңіз жайлы жаман ойласаңыз да, жақсы пікір айтуға тырысыңыз. Егер де кім де кім өзін ыңғайсыз сезінсе, онда осы жаттығуды орындау барысында “Мен өзімді жақсы көремін, мен өмірді жақсы көремін, мен қайталанбас дарамын!”-десін. Менің белгім бойынша ішкі шеңбердің қатысушылары орнында қалып, сыртқы шеңбердегілер солға қарай жылжып, жұптарын өзгертеді. Ойын осы тәртіппен жалғасады.
Өзіңіз туралы көп есіңізге түсті ме?
Өзіңізге кейде “Мен жақсы жасадым” деп айтасыз ба?
Қателік жіберсеңіз өзіңізге не дейсіз?
Не үшін өзіңіз туралы жақсы айту маңызды?
Өз жұбыңыздан нені үйрендіңіз?
Егер көңіл-күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болсаңыз, күш қажет ететін жұмыс істеңіз:
Бақшада жұмыс істеңіз;
Арықтарды тазалаңыз;
Үй жиһаздарын ауыстырыңыз;
Үйдегі ескі ыдыстарды сындырыңыз;
Қала сыртына шығып айқайлаңыз.
Бұндай адекватты емес әрекеттер адамды стресстен құтқаруға көмектеседі.
Адамның бұл өмірдегі міндеті – «эгоның» яғни адам бойындағы «мендіктің» шын бет-бейнесін тану, өзінің пенделігін сезіну арқылы шынайы құдірет пен байлық иесіне бет бұрып, дүниедегі барлық нәрсенің жаратушы иелігіндеекеніне кәміл сену.
Жаратушымыз Аллатағала адамдардың өмірге келу сәтісияқты, өмірден өтумерзімінде алдын ала белгілеп қойған.Сондықтан құдайдыңтілегінен бұрын өзіне өзі қол жұмсапөмірден өту үлкенкүнә болып есептеледі екен. Сондықтанда, балалар, Алланыңберген өмірін мәнді де мағыналы,жақсылықтарғатолы етіп сүруіміз шарт деп ойлаймын.
Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережесін айтайық.