Жоспар: Өзін –өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негізі. Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мәңгілік жалыпадамзаттық құндылықтар Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі: Мұғалімнің жоғары рухы Ата – аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде Педагогтің стилі Мұғалімнің үш түрі Мұғалімдерге арналған екі ереже Жолдауды жеткізу Мұғалімнің басты қасиеттері Семинардың барысы: Өзін –өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негізі. Сара Алпысқызы: “ Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – Өзін-өзі тануға” негізгі рухани жол болып табылады. Әбу Насыр әл-Фараби: Жаңа туылған нәрестенің ақыл-ойы, миы таза болады, қайырымдылық пен зұлымдықтың ешқайсысын таңдай алмайды, қайырымдылық адамның өмір сүру үдерісінде жиналады. Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады, тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенің де таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады. Ақпарат бес сезім мүшелері арқылы оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді. З. Фрейд бірінші рет бейсаналық (санадан тыс) бөлігін ажырата отырып, адам санасының құрылымын жасады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана саласынан шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание) деп атады. К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғарғы сана) бар екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын кеңейтті. Тренинг: «Құтыдағы су» Егер стакандағы лас суды түгел төгіп тастауға болмаса, оны қалай тазартуға болады? Сананы тазарту: Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданған жөн. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді түйсінуге арналған тікелей әдіс. Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыз. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де оданда жақсысын жасауға шешім қабылдаңыз. Ашу-ызыңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.Ашулана бастасаңыз: Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз. Жақсы компания, орта табыңыз. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз. Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз. Ажырата ойлауды дамытыңыз. Ертедегі даналар: «Әлемде тыныштық болсын және де ол менен басталсын!» деген екен. Ойын «Капитан» Еден жуу – 2 адам Құтқарамыз – 3 адам Тамақ ішеміз – 4 адам Кемеге мінеміз – 5 адам Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мәңгілік жалыпадамзаттық құндылықтар Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады. Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік. Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы). Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.) Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар. Мысал: «Құндылықтар терегі» Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі Ы.Алтынсарин: «Мұғалім –білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан да қымбат». Ш.Амонашвили: «Мұғалімді ойшыл, шығармашыл, еркін етіп тәрбиелеу керек. Мұғалімдерді балағаттаудың орнына оларды ұлықтау қажет. Олар өмір суретшілері ғой. Бүгінгі мұғалімдер ХХІ ғасырдың ортасын салып жатыр». Адольф Дистервег: « Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да». Егер оның өз оқушысын туған әке-шешесі сияқты сүйген болса, ол барлық кітапты оқып шыққан, бірақ не ісін, не оқушыларды жақсы көрмейтін мұғалімнен артық. Егер мұғалім өз ісіне және балаларға деген сүйіспеншілігін біріктірген болса, ол – КЕМЕЛ МҰҒАЛІМ». Лев Толстой «Баланы қалай сүю керек?» «Балалар жоқ – адамдар бар. Бірақ түсінік ауқымы басқа, тәжірибелік қоры басқа, қызығушылығы да, сезіну де басқа». «Ең өрескел қателік – педагогиканың адам туралы емес, бала туралы ғылым деп санайтыны. Бала сезімінің аясы үлкендерден асып түседі, яки тежелу өтелмеген. Интеллект аясында аз дегенде, оларға тең, тек тәжірибе жетіспейді». Үлкендер балаларға ашуланбауы керек, өйткені бұл баланы түземейді, керісінше бұзады. Дрессировкамен, қысыммен, қиянатпен қол жеткізгеннің барлығы да осал, күмәнді және сенімсіз. Жағымсыз тосынсыйды қаламайтын және болуы мүмкін іске жауапкершілік ала алмайтын тәрбиеші – тиран. Педагогтің стилі Авторитарлық стиль Либаральдық стиль Гуманды стиль Мұғалімнің үш түрі Шағымданушы Түсіндіруші Қанаттандырушы Мұғалімдерге арналған екі ереже. 1)Басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында, 2)одан кейін барып басқалардан талап ет. Жолдауды жеткізу Ән: Ұстазым Әні: Ө.Байділдаев Сөзі: М.Әлімбаев Ғалым да, кенші де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең. Ұстазым! Ақылшы дос, ой-арманым, саған осы аяулы әнім. Күтеді біздерді үміт алдан, Ұстазым, мен сені ұмыта алман. Үйретем деп өмірдің парасатын, Ағарды ғой біз үшін қара шашың… Ұстазым! Ақылшы дос, ой-арманым, Арналсын саған осы аяулы әнім. | Талдау |