kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бала біздің жанымызда» тренингтік сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәлеметсіздер ме, қымбатты әріптестер! Бүгінгі біздің «Бала біздің жанымызда!» тақырыбындағы тренингтік сабағымыз балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдеріне үйрету мақсатында жүргізілгелі отыр. Тренингімізді бастамас бұрын, ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Шаңырақ құру

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық

«Орын ауыстыру» ойыны

Мақсаты: жұмысқа деген қарым-қатынас құру.

Ойын барысы: жүргізуші қатысушыларға басқа орынға тұруын сұрайды:

  • Кім бүгін жұмысқа таңертең ерте келді?
  • Кім кеше «Жаңалықтар» телебағдарламасын көрді?
  • Кімнің көңіл-күйі көтеріңкі?
  • Кім қаңтар айында ашық сабақ жүргізді?
  • Кім тәтті жегенді жақсы көреді?
  • Кім ұйықтағанды жақсы көреді?
  • Өткен «мазасыздық» туралы семинар кімнің есінде қалды?
  • Кім бүгінгі тренингтік сабақтан жаңа нәрсе үйренгісі келеді?

 

II. Негізгі бөлім

Ересек адам мазасыз баламен әңгімелескен кезінде, ең алдымен, өз эмоцияларын басқарып үйренуі, эмоциялық қысымды азайта білуі керек.

«Өз эмоциямызды қалай басқарамыз» шағын лекциясы

Негативті эмоциялар бізге жұмыс істеуге немесе жұмысты жалғастыруға, ойымызды жинақтауға кедергі келтіреді. Сол эмоциялар болған кездегі жағдайда өз-өзіңізге қалай көмектесе аласыз?

  • Сіз түсініп, жанашырлық танытатын адамдарға айтып, өз эмоцияңызды шығарып тастауға болады.
  • Егер де сіз жалғыз болсаңыз, жастықты соққылап немесе дымқыл орамалды қысуға болады – бұл босаңсуға көмектеседі, өйткені әдетте, негативті эмоциялар болған кезде энергияның көп бөлігі иық бұлшықеттерінде, қолдың жоғарғы бөлігі мен саусақтарда жиналады.
  • Кез келген кенеттен болатын дыбыс шығару – қысым тамақ бөлігінде «қамалып қалуы» мүмкін.
  • Үш-төрт рет қатарынан қысқа дем алып, дәл сонша рет қысқа демді шығару арқылы тыныс алу тәсілін пайдалануға болады.

 

«Қарым-қатынас  барьерлері» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға «Айша енді менімен ойнағысы келмейді. Ол бүгін басқа қызбен күліп, ойнады, ал маған тіпті қараған да жоқ» - деп айтқан қыздың шағымына олар не деп жауап беретіндігін жазуын ұсынады.

Мынандай жауаптар болды:

  •  

Сіздің баланы дұрыс тыңдап жатқандығыңызды білдіретін белгілер мыналар болып табылады:   

  1. Баланың жағымсыз уайымдауы жоғалады немесе өте күшті әлсірейді. Қуанышымен бөліссе екі еселенеді, қайғысымен бөліссе екі есе азаяды;
  2. Үлкен адам оны тыңдауға дайын екендігін білген бала өзі туралы көбірек айта бастайды, айтатын тақырыбы өзгеріп, дами түседі. Кейде бір әңгімеде кенеттен көптеген мәселелер мен реніштердің бар екендігі анықталады.
  3. Бала өз мәселесін шешу үшін өзі алға жылжиды. Қорытынды: осыны тыңдай білу:
  1. Көздердің байланысы:
  2. Көңіл-күйі бұзылған балаға сұрақтар қоймау, сіздің жауабыңыз – бекітуші форма;
  3. Үзіліс сақтау;
  4. Сезімдерін көрсетіп баламен не болғандығын қайталап айту.

Құрметті тәрбиешілер! Сіздерге осы айтылған тыңдай білу тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолданып көру мүмкіндігі бар.

«Жағдаятты ойнау» жаттығуы

Жүргізуші жұптарға (топтарға) бөлінген қатысушыларға болжамды жағдаяттары бар карточкалар таратады және де оларды талқылап, ойнауын сұрайды.

  1. «Анасы 4 жасар Мадинаны ұйықтауға жатқызып жатыр, қызы онымен отыра тұруын өтінеді: Анашым, енді кішкене, енді біраз отыра тұршы».
  2. «Анасы қызымен балабақшадағы топтың суретін қарап отыр. Қызы тәрбиешісін көрсетті (суретте оның беті сырылып қалыпты): Оны көргім келмейді!»
  3. «Анасы Алиханды ұйықтауға жатқызып жатыр. Бала қырсығып жатыр: «Ұйықтамаймын, ұйқым келген жоқ! (үзіліс). Әкем қашан келеді? Мен күтіп шаршадым!» (Әкем ұзақ іссапарға кетті және де жақын арада келмейді)».

Жағдаятты ойнап болған соң жүргізуші: «Жаттығуды орындау оңай болды ма?» деп сұрайды.

Белсенді тыңдау – бұл баламен жақсы байланыс орнату жолы, сіз оны сөзсіз, оның барлық бас тартулары, қиыншылықтарымен, уайымдауларымен қабылдайтындығыңызды көрсету тәсілі екендігі туралы қорытынды шығарады.

«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы (жалғасы)

  • «Құрметті педагогтар. Балаға жасаған қатаң ескертуіңізді есіңізге түсіріп, сол туралы айтып беріңіз». Тәрбиешілердің әңгімесі (талқылау).

Жүргізуші: Балалар қарым-қатынастың мұндай стиліне қандай жауап қайтарады? (қатысушылардың жауабы).

  • Мұндай қарым-қатынас баланы тығырыққа тіреуі мүмкін және де зиянды, өйткені бала:
  • ол нені дұрыс жасамағандығын білмеуі мүмкін;
  • сіздің оны жақсы көретіндігіңізге күмәндана бастауы мүмкін;
  • оның іс-әрекеті сізді неліктен ызаландыратынын түсінбеуі мүмкін;
  • қырсығып, өзін бұрынғысынша ұстауы мүмкін, өйткені ол да ызаланып, сізге жағатындай жағдайда емес екендігін сезінеді;
  • тұйықталып, қарым-қатынастан қашып, өзіне деген сенімділігін жоғалтуы мүмкін.

Мұндай жағдайды болдырмау үшін және де біруақытта оның мінез-құлқын жақсарту үшін «Мен – пікірін айтуды (высказывание)» қолдану керек және де «Сен – пікірін айтудан» аулақ болу керек.

«Сен – пікірін айту» - бұл біреуге ол туралы ақпарат, оның мінез-құлқын, іс-әрекетін  және басқасын айту тәсілі, онда басқа адам туралы біздің айтқанымыздың дұрыстығы мен дұрыс еместігі туралы пікір қалады. Ол сіз сөйлесіп тұрған адамның көзқарасы мен сіздің көзқарасыңыздың арасында айырмашылық бар екендігін көрсетеді. Әдетте «Сен – пікірін айту» тәсілі бір адамға қатысты айтылған кезде, өте жылдам сол адамның ашуын немесе қоғаныш рекциясын туғызуы мүмкін. Әңгімелесуші өзінің айтқанын дұрыс деп есептейтіндігі соншалық, өзіне «Сен – пікірін айтуды» қолданатындығы ашуын келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда жиі қандай да бір мәселемен байланысты емес, «Мен – пікірін айтуды» қолданған адамға қатысты қақтығыс туындауы мүмкін.

«Мен – пікірін айту» - бұл қандай да бір адамға өзіңіздің қажеттіліктеріңіз, сезімдеріңіз немесе бағалауларыңызды айтып отырған адамға ешбір қорлаусыз немесе оның айтқаны қате деусіз айту тәсілі. Сіз басқа адамға оның не айту керектігі немесе оның не істеу керектігі туралы емес, өзіңіздің нені қалап, сізге ненің қажет екендігін немесе өзіңіздің не ойлайтындығыңызды айтасыз. Сіз өз қызығушылығыңызды айтып, басқа адамға қысым келтірмейсіз. Осылай, басқа адамның айтқаны немесе істегені қате болмай, кінәланбайды және оған ешкім шабуылдамайды. Ол өзін қабырғаға тақалғандай сезінбейді, онда қорғану қажеттілігі туындамайды, сәйкесінше, қақтығыс туғызып, оны өршіту қажеттілігі болмайды. «Мен – пікірін айтудың» көмегімен адамның жеке қасиеттері емес, оның іс-әрекеті талқыланады.

«Мен – пікірін айту» шарттары

  1. іс-әрекеті немесе мінез-құлқын суреттеу
  2. сіздің соған деген қатынасыңызды айту
  3. ол сізді неліктен мазалайтындығын түсіндіру

«Мен – пікірін айту» формуласы

1. Қашан. (сізді қанағаттандыратын адамның мінез-құлқына нейтралды баға беру);

2. Мен сезінемін. (сезімді, эмоцияны атау);

3. Өйткені. (іс-әрекет сізге не үшін мәселелі болып тұрғандығы, ол сізге қалай әсер ететіндігін түсіндіру)

«Жағдаятты ойнау» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға жағдаятты шешу үшін үш топқа бөлінулерін сұрайды.

Құрал-жабдықтар: жағдаяттар жазылған карточкалар

Тапсырма: Оқығаннан кейін, жағдаятты талдау, соған қатысты «Сен – пікірін айту» және «Мен – пікірін айтуды» жазу. Тапсырманы орындауға. минут беріледі. Содан кейін жағдаят оқылып, пікірлері қолдануы талқыланады.

1 жағдаят

«Сіз қызыңызды нешінші рет үстел басына тамақ ішуге шақырдыңыз. Ол: «Қазір» - дейді де өз ісін жалғастыра береді. Сіз ашулана бастайсыз».

2 жағдаят

«Сізде досыңызбен (құрбыңызбен) сөйлесетін маңызды әңгіме бар. Балаңыз қайта-қайта әңгімені үзе береді».

3 жағдаят

«Сіз үйге шаршаңқы болып келдіңіз. Сіздің жеткіншек ұлыңыз достарын алып келіпті, үйде музыка, көңіл көтеріп жатыр. Үстелде олардың шай ішкендерінің белгісі бар. Сізде ашу мен реніштің аралас сезімі бар».  

Рефлексия: Тапсырманы орындаған кезде қандай сезімде болдыңыз? Қандай қиындық болды? Сізге не кедергі болды немесе сізге не көмектесті?

 

«Біздің балалар» видеоролик көрсету

Видео бойынша ой қорыту.

  •  

                  «Кірпі билейді» (видео)

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру

Қатысушылардың барлығы ортаға шығып билейді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бала біздің жанымызда» тренингтік сабағы»

«Ақбота» балабақшасы» КМҚК








«Бала біздің жанымызда»


(педагогтарға арналған

тренингтік сабақ)























Педагог-психолог: Калиева М.Е.



Глубокое к.

ақпан, 2017 ж.

«Бала біздің жанымызда» тренингтік сабағы


Мақсаты: тәрбиешілерді балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдеріне үйрету.


Тренингтік сабақ жоспары:

Сәлемдесу

Шаттық шеңбері

«Орын ауыстыру» ойыны

  1. Негізгі бөлім:

«Өз эмоциямызды қалай басқарамыз» шағын лекциясы

«Қарым-қатынас кедергілері» жаттығуы

«Бірден жауап беру» шағын лекциясы

«Қолдар» ойыны

«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы

«Жағдаятты ойнау» жаттығуы

«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы (жалғасы)

«Жағдаятты ойнау» жаттығуы

«Біздің балалар» видеоролик көрсету

3. Қорытынды:

«Кірпі билейді» (видео)

Сабақ мазмұны

  1. Кіріспе

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме, қымбатты әріптестер! Бүгінгі біздің «Бала біздің жанымызда!» тақырыбындағы тренингтік сабағымыз балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдеріне үйрету мақсатында жүргізілгелі отыр. Тренингімізді бастамас бұрын, ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Шаңырақ құру

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық

«Орын ауыстыру» ойыны

Мақсаты: жұмысқа деген қарым-қатынас құру.

Ойын барысы: жүргізуші қатысушыларға басқа орынға тұруын сұрайды:

  • Кім бүгін жұмысқа таңертең ерте келді?

  • Кім кеше «Жаңалықтар» телебағдарламасын көрді?

  • Кімнің көңіл-күйі көтеріңкі?

  • Кім қаңтар айында ашық сабақ жүргізді?

  • Кім тәтті жегенді жақсы көреді?

  • Кім ұйықтағанды жақсы көреді?

  • Өткен «мазасыздық» туралы семинар кімнің есінде қалды?

  • Кім бүгінгі тренингтік сабақтан жаңа нәрсе үйренгісі келеді?


II. Негізгі бөлім

Ересек адам мазасыз баламен әңгімелескен кезінде, ең алдымен, өз эмоцияларын басқарып үйренуі, эмоциялық қысымды азайта білуі керек.

«Өз эмоциямызды қалай басқарамыз» шағын лекциясы

Негативті эмоциялар бізге жұмыс істеуге немесе жұмысты жалғастыруға, ойымызды жинақтауға кедергі келтіреді. Сол эмоциялар болған кездегі жағдайда өз-өзіңізге қалай көмектесе аласыз?

  • Сіз түсініп, жанашырлық танытатын адамдарға айтып, өз эмоцияңызды шығарып тастауға болады.

  • Егер де сіз жалғыз болсаңыз, жастықты соққылап немесе дымқыл орамалды қысуға болады – бұл босаңсуға көмектеседі, өйткені әдетте, негативті эмоциялар болған кезде энергияның көп бөлігі иық бұлшықеттерінде, қолдың жоғарғы бөлігі мен саусақтарда жиналады.

  • Кез келген кенеттен болатын дыбыс шығару – қысым тамақ бөлігінде «қамалып қалуы» мүмкін.

  • Үш-төрт рет қатарынан қысқа дем алып, дәл сонша рет қысқа демді шығару арқылы тыныс алу тәсілін пайдалануға болады.


«Қарым-қатынас барьерлері» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға «Айша енді менімен ойнағысы келмейді. Ол бүгін басқа қызбен күліп, ойнады, ал маған тіпті қараған да жоқ» - деп айтқан қыздың шағымына олар не деп жауап беретіндігін жазуын ұсынады.

Мынандай жауаптар болды:

  • Сен оларға өзің бірінші болып барып көр, мүмкін олар сені қабылдайды.

  • Мүмкін, сен өзің кінәлісің.

  • Әрине, өте өкінішті. Бірақ, мүмкін, Айшаға сол қызбен қызықтырақ шығар. Өз достығыңды оған міндеттемей, өзіңе басқа құрбы тауып алғаның дұрыс.

  • Ал сен Айшаға өзіңнің жаңа қуыршағыңды ойнауға беріп көр.

  • Не істерімді білмеймін. Оларға бір нәрсе сыйлап көр.

  • Ондай жағдай өмірде болып тұрады. Қатты уайымдамауға тырыс.

  • Сендердің араларыңда ұрыс-керіс болған жоқ па?

  • Уайымдауды қой. Оданша ойнайық.

Бір де бір жауап сәтті болған жоқ. Олар бірден айтылған жауаптар.


«Бірден айтылған жауаптар» шағын лекциясы

(автоматические ответы)

Бірден айтылатын жауаптардың барлығы 12 типі бар.

  1. Бұйрықтар, командалар: «Дәл қазір қой!», «Алып кет (алып таста)» және т.б.

  2. Ескертулер, алдын ала ескертулер, қорқытулар: «Егер де сен жылауыңды қоймасаң, мен кетіп қаламын".

  3. Мораль, адамгершілік туралы уағыз айту: «Сен өзіңді дұрыс ұстауға міндеттісің».

  4. Кеңестер, дайын шешімдер: «Ал сен, ... осылай айт».

  5. Дәлелдер, логикалық қорытынды, нотация, «лекциялар»: «Тамақ ішер алдында, қол жууды білетін уақыт болды ғой».

  6. Сын, сөгіс, кінәлаулар: «Бұл неге ұқсайды!», «Тағы да барлығын дұрыс істеген жоқсың!»

  7. Мақтау. Мақтау кезінде әрқашан да бағалау элементтері болады, сондықтан да бала жақын арада – мақтау бар жерде, сөгіс те болатындығын түсіне бастайды, не болмаса мақтауға тәуелді болып, оны күтіп, іздеп жүретін болады.

  8. Күлу, мазақ қылу: «Басың істемейді», «Жындысың ба?», «Аңқау болмасаңшы».

  9. Болжамдар, талдаулар (интпретация): «Мұның барлығы, сен ... болғандықтан екендігін білем».

  10. Сұрастыру, іздестіру, анықтау: «Жоқ, сен бәрібір де айтшы».

  11. Сөз жүзінде жанашырлық таныту, сендіру: «назар аудармай-ақ қой».

  12. Қалжыңдап, әңгімеден қашу.

Не істеуге болады? Баламен қалай дұрыс қарым-қатынас жасауға болады? Ол үшін белсенді тыңдау деген «қарым-қатынастың алтын ережесі» бар.

«Қолдар» ойыны

Мақсаты: психологиялық-эмоциялық қысымды азайту.

Қатысушылар жұппен жұмыс жасайды. Жүргізуші: қолдармен танысып, қолдармен ұрсысып, қолдармен татуласуды ұсынады.

«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы

Баламен жақсы қарым-қатынас орнату оңай бола бермейді, бірақ онсыз баланы қолдай алмаймыз. Тәрбиеші, үлкен және тәжірибелі адамдар болған соң, біз балалармен жиі нұсқаушы дауыспен сөйлесеміз. Сондықтан да олар бізді «естімей» үйренді. Тиімді қарым-қатынас жасаудың маңызды шарты тыңдай білу болып табылады. Осы өмірде сізді біреу мұқият тыңдаған кездегі жағдайды есіңізге алып көріңіз де, келесідей сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сізді мұқият тыңдап тұрғандығын, қандай белгілерінен білдіңіз?

  2. Сізді мұқият тыңдаған кезде, өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  3. Сіз әңгімеңізді ары қарай жалғастыру үшін, әңгімелесушіңіз не істеді?

Тренингке қатысушылардың жауаптары.

Жүргізуші: Барлық жағдайда, баланың көңіл-күйі жоқ болып, ренжіп, бір сәтсіз жағдай болғанда, оған өте ауыр тигенде, ұялғанда, қорыққанда, оған дөрекілік және әділетсіздік танытқан кезде, тіпті ол өте қатты шаршаған кезде – ең бірінші – сіз оның уайымын түсініп, оны ести алатындығыңызды түсіндіре білу. Егер де балаңызда эмоциялық мәселе болса, оны белсенді түрде тыңдау керек. Баланы белсенді түрде тыңдау – әңгіме кезінде оның сізге айтқандарын, оның сезімдерін түсінетіндей етіп қайтару дегенді білдіреді.

Оны қалай істейміз?

Біріншіден, егер де сіз баланы тыңдағыңыз келсе, міндетті түрде оған қарап отырыңыз. Оның және сіздің көздеріңіз бір деңгейде болуы өте маңызды.

Екіншіден, егер де сіз көңіл-күйі бұзылған баламен әңгімелесіп отырсаңыз, оған сұрақ қоюдың қажеті жоқ.

Үшіншіден, әңгіме кезінде «үзіліс жасау» өте маңызды. Әрбір сөзіңізден кейін үндемеген жақсы. Бұл уақыт балаға тиесілі екендігін ұмытпаңыз, оны өзіңіздің ойыңыз бен ескертулеріңізбен толтырмаңыз. Үзіліс балаға өз уайымын түсінуге және бір уақытта сіздің оның жанында екендігін толықтай түсінуге көмектеседі. Баланың жауабынан кейін де үндемеген жақсы, мүмкін, ол өзі бір нәрсе қосар. Бала сіздің айтқаныңызды тыңдауға әлі дайын емес екендігін оның сыртқы келбетіне қарап білуге болады. Егер де оның көзі сізге емес, басқа жаққа, «ішке» немесе алысқа қарап тұрса, үндемеуді жалғастырыңыз, оның бойында қазір өте маңызды және керекті ішкі жұмыс жүріп жатыр.

Төртіншіден, сіздің жауабыңызда, сондай-ақ кейде сіздің баламен не болғанын түсінгендігіңізді қайталау пайдалы, содан кейін оның сезімін көрсету керек. Кейде тәрбиешілерде баланың сөзін тәрбиешілер қайталағанда, мазақтау ретінде қабылдай ма деген күдік пайда болады. Егер де дәл сондай мағынадағы басқа сөздерді қолданса, мұндай жағдайдан құтылуға болады.

Сіздің баланы дұрыс тыңдап жатқандығыңызды білдіретін белгілер мыналар болып табылады:

  1. Баланың жағымсыз уайымдауы жоғалады немесе өте күшті әлсірейді. Қуанышымен бөліссе екі еселенеді, қайғысымен бөліссе екі есе азаяды;

  2. Үлкен адам оны тыңдауға дайын екендігін білген бала өзі туралы көбірек айта бастайды, айтатын тақырыбы өзгеріп, дами түседі. Кейде бір әңгімеде кенеттен көптеген мәселелер мен реніштердің бар екендігі анықталады.

  3. Бала өз мәселесін шешу үшін өзі алға жылжиды. Қорытынды: осыны тыңдай білу:

  1. Көздердің байланысы:

  2. Көңіл-күйі бұзылған балаға сұрақтар қоймау, сіздің жауабыңыз – бекітуші форма;

  3. Үзіліс сақтау;

  4. Сезімдерін көрсетіп баламен не болғандығын қайталап айту.

Құрметті тәрбиешілер! Сіздерге осы айтылған тыңдай білу тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолданып көру мүмкіндігі бар.

«Жағдаятты ойнау» жаттығуы

Жүргізуші жұптарға (топтарға) бөлінген қатысушыларға болжамды жағдаяттары бар карточкалар таратады және де оларды талқылап, ойнауын сұрайды.

  1. «Анасы 4 жасар Мадинаны ұйықтауға жатқызып жатыр, қызы онымен отыра тұруын өтінеді: Анашым, енді кішкене, енді біраз отыра тұршы».

  2. «Анасы қызымен балабақшадағы топтың суретін қарап отыр. Қызы тәрбиешісін көрсетті (суретте оның беті сырылып қалыпты): Оны көргім келмейді!»

  3. «Анасы Алиханды ұйықтауға жатқызып жатыр. Бала қырсығып жатыр: «Ұйықтамаймын, ұйқым келген жоқ! (үзіліс). Әкем қашан келеді? Мен күтіп шаршадым!» (Әкем ұзақ іссапарға кетті және де жақын арада келмейді)».

Жағдаятты ойнап болған соң жүргізуші: «Жаттығуды орындау оңай болды ма?» деп сұрайды.

Белсенді тыңдау – бұл баламен жақсы байланыс орнату жолы, сіз оны сөзсіз, оның барлық бас тартулары, қиыншылықтарымен, уайымдауларымен қабылдайтындығыңызды көрсету тәсілі екендігі туралы қорытынды шығарады.

«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы (жалғасы)

  • «Құрметті педагогтар. Балаға жасаған қатаң ескертуіңізді есіңізге түсіріп, сол туралы айтып беріңіз». Тәрбиешілердің әңгімесі (талқылау).

Жүргізуші: Балалар қарым-қатынастың мұндай стиліне қандай жауап қайтарады? (қатысушылардың жауабы).

  • Мұндай қарым-қатынас баланы тығырыққа тіреуі мүмкін және де зиянды, өйткені бала:

  • ол нені дұрыс жасамағандығын білмеуі мүмкін;

  • сіздің оны жақсы көретіндігіңізге күмәндана бастауы мүмкін;

  • оның іс-әрекеті сізді неліктен ызаландыратынын түсінбеуі мүмкін;

  • қырсығып, өзін бұрынғысынша ұстауы мүмкін, өйткені ол да ызаланып, сізге жағатындай жағдайда емес екендігін сезінеді;

  • тұйықталып, қарым-қатынастан қашып, өзіне деген сенімділігін жоғалтуы мүмкін.

Мұндай жағдайды болдырмау үшін және де біруақытта оның мінез-құлқын жақсарту үшін «Мен – пікірін айтуды (высказывание)» қолдану керек және де «Сен – пікірін айтудан» аулақ болу керек.

«Сен – пікірін айту» - бұл біреуге ол туралы ақпарат, оның мінез-құлқын, іс-әрекетін және басқасын айту тәсілі, онда басқа адам туралы біздің айтқанымыздың дұрыстығы мен дұрыс еместігі туралы пікір қалады. Ол сіз сөйлесіп тұрған адамның көзқарасы мен сіздің көзқарасыңыздың арасында айырмашылық бар екендігін көрсетеді. Әдетте «Сен – пікірін айту» тәсілі бір адамға қатысты айтылған кезде, өте жылдам сол адамның ашуын немесе қоғаныш рекциясын туғызуы мүмкін. Әңгімелесуші өзінің айтқанын дұрыс деп есептейтіндігі соншалық, өзіне «Сен – пікірін айтуды» қолданатындығы ашуын келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда жиі қандай да бір мәселемен байланысты емес, «Мен – пікірін айтуды» қолданған адамға қатысты қақтығыс туындауы мүмкін.

«Мен – пікірін айту» - бұл қандай да бір адамға өзіңіздің қажеттіліктеріңіз, сезімдеріңіз немесе бағалауларыңызды айтып отырған адамға ешбір қорлаусыз немесе оның айтқаны қате деусіз айту тәсілі. Сіз басқа адамға оның не айту керектігі немесе оның не істеу керектігі туралы емес, өзіңіздің нені қалап, сізге ненің қажет екендігін немесе өзіңіздің не ойлайтындығыңызды айтасыз. Сіз өз қызығушылығыңызды айтып, басқа адамға қысым келтірмейсіз. Осылай, басқа адамның айтқаны немесе істегені қате болмай, кінәланбайды және оған ешкім шабуылдамайды. Ол өзін қабырғаға тақалғандай сезінбейді, онда қорғану қажеттілігі туындамайды, сәйкесінше, қақтығыс туғызып, оны өршіту қажеттілігі болмайды. «Мен – пікірін айтудың» көмегімен адамның жеке қасиеттері емес, оның іс-әрекеті талқыланады.

«Мен – пікірін айту» шарттары

  1. іс-әрекеті немесе мінез-құлқын суреттеу

  2. сіздің соған деген қатынасыңызды айту

  3. ол сізді неліктен мазалайтындығын түсіндіру

«Мен – пікірін айту» формуласы

1. Қашан ... (сізді қанағаттандыратын адамның мінез-құлқына нейтралды баға беру);

2. Мен сезінемін ... (сезімді, эмоцияны атау);

3. Өйткені ... (іс-әрекет сізге не үшін мәселелі болып тұрғандығы, ол сізге қалай әсер ететіндігін түсіндіру)



«Жағдаятты ойнау» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға жағдаятты шешу үшін үш топқа бөлінулерін сұрайды.

Құрал-жабдықтар: жағдаяттар жазылған карточкалар

Тапсырма: Оқығаннан кейін, жағдаятты талдау, соған қатысты «Сен – пікірін айту» және «Мен – пікірін айтуды» жазу. Тапсырманы орындауға ... минут беріледі. Содан кейін жағдаят оқылып, пікірлері қолдануы талқыланады.


1 жағдаят

«Сіз қызыңызды нешінші рет үстел басына тамақ ішуге шақырдыңыз. Ол: «Қазір» - дейді де өз ісін жалғастыра береді. Сіз ашулана бастайсыз».

2 жағдаят

«Сізде досыңызбен (құрбыңызбен) сөйлесетін маңызды әңгіме бар. Балаңыз қайта-қайта әңгімені үзе береді».

3 жағдаят

«Сіз үйге шаршаңқы болып келдіңіз. Сіздің жеткіншек ұлыңыз достарын алып келіпті, үйде музыка, көңіл көтеріп жатыр. Үстелде олардың шай ішкендерінің белгісі бар. Сізде ашу мен реніштің аралас сезімі бар».

Рефлексия: Тапсырманы орындаған кезде қандай сезімде болдыңыз? Қандай қиындық болды? Сізге не кедергі болды немесе сізге не көмектесті?


«Біздің балалар» видеоролик көрсету

Видео бойынша ой қорыту.

III.Қорытынды



«Кірпі билейді» (видео)

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру

Қатысушылардың барлығы ортаға шығып билейді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Бала біздің жанымызда» тренингтік сабағы

Автор: Калиева Меруерт Ерлановна

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396822


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства