Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар жиналысы: "Ерте ж?ктілікті? ерте?і ?андай?"»
МЕКТЕКПІШІЛІКАТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ:«ЕРТЕЖҮКТІЛІКТІҢЕРТЕҢІ ҚАНДАЙ???»Баяндаманы дайындағанпедагог-психолог Разакова А.Т.2016ж, сәуір
ЕРТЕЖҮКТІЛІК ДЕГЕН НЕ?Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатынжүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып,гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.
ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұлжыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы.Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді.
ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы балалармен жиі әңгімелесу керек.Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.
ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ НӘТИЖЕСІ
Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады.Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.
«Ерте жүктілік оқушылар көзімен...»
АТА-АНАЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ҰСЫНЫСТАР
Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн.
Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі.
Балаңызды патшадай көріп төріңізге шығарсаңыз да, төбеңізге шығармаңыз. «Ата-анасынан тыйым көрмеген бала тағдырдан таяқ жейді» деген сөз де бар.
Баланың кіммен кездесіп, кіммен ДОСТАСЫП жүргенін, бос уақытын қалай өткізетінін біліп отырған жөн.