Ту?ан жері? топыра?ы? б?йырмады, — деген ?ле? жолдарын о?и отырып, жетімдікті? ?асіреті мен ?ай?ысын сезінесі?. ?зіні? кім екенін, ?ке-шешесіні? ?сіресе, жеті атасын білмей ?мір с?ру ?андай ?иын? ?аза? ертеден «Жетім к?рсе? жебей ж?р» деген ?ла?атты тере? бойына сі?ірген ?скен халы?. Алайда со??ы уа?ытта іштен шы??ан баласын дала?а тастап, ана атанып ж?ргендер ?аншама? Дана хал?ымыз сан ?асырдан бері «Адамны? ба?ыты — балада» деп, баласыны? ер жетіп азамат болуына бар ?мірін арнап, жи?ан — тергенін балаларыны? жолына, ?олына берген. Кез-келген адам ба?а жетпес ба?ытты ?рпа?ыны? жал?асып, ?сіп-?нуін тілейтіні белгілі. Ал, ?азірігі та?да кейбір жандар ?з ба?ытын байлы?тан, мансап пен ?ызметтен іздейтін сия?ты. Соны? есебінен елімізде ж?уте?деп ?ара к?здерді? саны ед?уір артып, жетімдер ?йі к?беюде.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Туған жерің топырағың бұйырмады, — деген өлең жолдарын оқи отырып, жетімдіктің қасіреті мен қайғысын сезінесің. Өзінің кім екенін, әке-шешесінің әсіресе, жеті атасын білмей өмір сүру қандай қиын? Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген өскен халық. Алайда соңғы уақытта іштен шыққан баласын далаға тастап, ана атанып жүргендер қаншама? Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты — балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған — тергенін балаларының жолына, қолына берген. Кез-келген адам баға жетпес бақытты ұрпағының жалғасып, өсіп-өнуін тілейтіні белгілі. Ал, қазірігі таңда кейбір жандар өз бақытын байлықтан, мансап пен қызметтен іздейтін сияқты. Соның есебінен елімізде жәутеңдеп қара көздердің саны едәуір артып, жетімдер үйі көбеюде. Кейде таң қаласың, кейбір жандар балаға зар болып, күні-түні үмітін үзбей, Алладан жалбарынып тілейді. Енді біреулер Алланың берген сәбиін көрінгеннің қолына тастайды. Тұрмыс жағдайын, тағдыр тауқыметін сылтау етіп, балаларынан бас тартады. Көзі қиып, жүрегі шыдап, шырылдаған сәбиін панасыз қалдырған тасбауыр жандар жер басып қалай жүреді екен? Осындай қатыгездіктің салдарынан бейкүнә нәресте, дүние есігін ашпай жатып, өмір сынымен арпалысып, тағдыр тауқыметін арқалаған бұл балалардың қандай жазығы бар? Балаша қуанып, уайым-қайғысыз күн кешудің орнына, көзін тырналап ашқаннан-ақ асыр салып ойнаудың орнына, терезеге телміріп «менің әке-шешем қайда?» деп уайым жейтіндей кімге не жазып еді сәбилер?! Жанарларын жәутеңдетіп, кім маған жылы сөйлер екен деп әркімге жалпақтатып, тірідей тастап кеткен ата-аналарын іздеумен әуре! Өмірдің осындай аяусыз тұстарын көргенде, пенделерге мейірімділік пен қайырымдылықты бойларына сіңіре гөр деп еріксіз дұға етесің.
Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның мейірлене айтқан «Айналайын, құлыным, ботам, балапаным» деген жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлады емеспе?! Ананың ыстық алақанына ештеңе де тең келмейді. Ал осы аялы алақанды сезбей, ананың ақ сүтін ембеген баладан қандай мейірімділікті, ізгілікті күтеміз.
Ресми деректереге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде. Әйткенмен, он сегізге толып, кәмелеттік жасты толтырғаннан кейін ол баланың болашағы не болмақ? Жетімдер үйінен кеткеннен кейін, бірі жалданып күнделікті нанын тапса, енді біреулер қылмыс жасап, бұзақылықпен айналысады. Сондықтан да, түрмеге түскендердің көпшілігі жетімдер үйінен шыққандар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар болады екен. Әрине, жанашыр жақыны жоқ, бесікте жатып анасының ақ әлдиін, әкесінің тәрбиесін көрмеген бала қандай болмақ?! Бір айта кетерлігі, балалар үйінің болғаны жақсы, бір жағынан жаман. Себебі, көп аналар өз балаларын жетімдер үйіне апарып, «Балалар үйі» барғой, солар қамқор болады деген сеніммен тастап кетіп жатады. Сол себепті де жетім қалған балалардың саны күн санап өсіп келеді. Дана халқымыз «Балалы үй — базар, баласыз үй қу базар» деп, баланың көптеп дүниеге келуін тілеп, ұрпағының көбейіп, шағырағының кеңейгенін жақсылыққа балаған. Шындығында да солай, әр үйдің қуанышын молайтып, ата-ананы бақытқа бөлеп, былдырлаған тілімен, сыңғырлаған күлкісімен үйдің сәнін кіргізіп, тәп-тәтті қылығымен қандай мұңды да жеңілдетіп, көңіліңді көтеретін жас сәбидің бал үніне жететін бақыт жоқ шығар?! Атам қазақ ешқашан жетімін тентіретпей, көрінгеннің қолшоқпарына айналдыруға ешқашан жол бермеген. Ал, мынандай жағдайға қарап тұрып, «жетім көрсең жебей жүр» деген дана халқымыздың данышпандығы қайда кеткен деген ойда қаласың. Еліміздің басына қиын күн туғанда яғни соғыс жылдарында ашылған бірен-сараң балалар үйі, бүгіндері жер-жерден, ауыл-аймақтардан мыңдап ашылды. Тіпті, соңғы кездері соның өзі аздық етуде.
Осылай ата-аналардың балаларынан оңай бас тартып, жетім балалардың көбеюі күн санап келеді. Осындай жағдайларды қарап отырып, қазақ халқының бойын сіңген мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттерін жоғалып, жолдан тайып бара жатыр-ау деп күмәнданамыз! Әрбір адам баласы дүниеге жетім болу үшін келмейді. Сондықтан да қатыгездікке жол бермеген абзал!